Футбол – бұл өмір!


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Жарнама: @futbigarna

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Брентфорд» АПЛ-де үш матч қатарынан бірінші минутта гол соққан алғашқы команда атанды

🆚 «Вест Хэм» – 38 секунд
🆚 «Тоттенхэм» – 23 секунд
🆚 «Ман Сити» – 22 секунд.


Коул Палмер рекорд тіркеді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» ойыншысы «Брайтонға» қарсы матчтың бірінші таймында покер жасады.

🔥 Осылайша ол бірінші таймда төрт гол соққан Премьер-лига тарихындағы алғашқы футболшы атанды.


«Ман Сити» ұпай жоғалтты

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 6-тур:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ньюкасл» 1-1 «Ман Сити» 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

⚽️ Голдар: 35' Гвардиол, 57' Гордон (пен).


Эдуардо Камавинга оралды

🚀 «Реал» ойыншысы тізесіндегі жарақатына байланысты ағымдағы маусымда бірде-бір матчқа қатыса алмаған еді.

🔥 Жарақатынан айығып, жеке жаттығуда белсенділік танытқан футболшы қатарға қосылды. Анчелотти жартылай қорғаушының толық дайын екендігін айтты.

🆚 Еске салсақ 30 қыркүйекке қараған түні Ла Лиганың 8-туры аясында Мадрид дербиі өтеді.


⚽️ Джейми Вардидің ең көп гол соққан командалары:

🔹«Арсенал» – 11
🔹«Уотфорд» – 11
🔹«Ливерпуль» – 10
🔹«Ман Сити» – 9
🔹«Тоттенхэм» – 9

📆 Бүгін түлкілер АПЛ-нің 6-тур аясында «Арсеналмен» кездеседі.

Джәкең кезекті голын соға ала ма?


🔥 Оралхан Өміртаевтің «БАТЭ» сапындағы соңғы 5 матчы:

🆚 «Шахтер Солигорск» ⚽️
🆚 «Ислочь» ❌
🆚 «Витебск» ⚽️
🆚 «Днепр Могилев» ❌
🆚 «Торпедо БелАЗ» ⚽️

🇰🇿 Отандасымыз бұған дейін «Слуцк» жейдесінде өнер көрсетіп, 13 матчта 4 гол және 1 нәтижелі пасымен көзге түскен еді.

2k 0 0 5 107

FIFA Эмилиано Мартинесті екі матчқа шеттетті

❗️Аргентиналық қақпашы Америка кубогын тойлату барысында жасаған жөнсіз әрекеті мен Колумбияға (2-1) қарсы өткен матчта оператордың жұмысына кедергі келтіргені үшін осындай жазаға ілікті.

❌ Осылайша Мартинес келесі айда өтетін ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің екі матчына қатыспайды:

11.10. 🆚 Венесуэла
16.10. 🆚 Боливия.


Тьяго Алкантара «Барсаға» оралады

🔥 Экс-футболшы бұған дейін Ханси Фликтің штабында қызмет атқарған еді.

✈️ Кейінірек салық міндеттемесіне байланысты Барселонадан кетіп, 2024 жылдың қалған бөлігін Англияда өткізуге мәжбүр болды.

💼 Енді Тьяго 2025 жылдың қаңтар айынан бастап, «Барселонадағы» жұмысын қайта жалғастыра алады.

📁 Ал оған дейін сыртқы кеңесші міндетін атқарады. Сәйкесінше Тьяго қашықта жүрседе, жеке пікірі сұралып, клуб ішіндегі кейбір шешімдерге әсер ете алады.


Тео Эрнандес Мальдинидің рекордын қайталады

🇮🇹 «Милан» қорғаушысы Италия чемпионатының 6-турында «Лечче» (3-0) қақпасынан саңылау тапты. Бұл оның "А" Сериясында соққан 29-шы голы болды.

🔥 Тео бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұрған Паоло Мальдиниді (29 гол) қуып жетті.

🔝 Ал келесі голы арқылы рекордты жаңартып, «Миланның» "А" Сериясында ең көп гол соққан қорғаушысы атанады.


Рональд Араухо желтоқсан айында қатарға қосылуы мүмкін

🇪🇸 «Барселона» ойыншысы шілде айында санына ота жасатып, кемінде 4 айды өткізіп алатындығы айтылған еді.

⚽️ Diario Sport уругвайлық футболшының жағдайын бақылап, желтоқсан немесе қаңтар айында оралады деп болжауда.

⏳ Ал Араухо тарапынан ешқандай асығыстық жоқ, ол жарақатының қайталану қаупі жоқтығына көз жеткізгісі келеді.


🔥 Ширек финал жұптары белгілі болды

🌍 Футзал ӘЧ-2024. 1/4 финал:

29.09. 🇺🇦 Украина - Венесуэла 🇻🇪
29.09. 🇧🇷 Бразилия - Марокко 🇲🇦
30.09. 🇰🇿 Қазақстан - Аргентина 🇦🇷
30.09. 🇫🇷 Франция - Парагвай 🇵🇾

🆚 Жартылай финалға өтсек Франция - Парагвай жұбының жеңімпазымен кездесеміз.


🔥 Ширек финалда Аргентинамен күш сынасамыз

🇦🇷 Аргентина құрамасы Футзалдан өтіп жатқан ӘЧ-нің 1/8 финалында Хорватияны (2-0) жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

🆚 Өткен ӘЧ-нің финалистері мен Қазақстан арасындағы тартысқа толы матч 30 қыркүйек күні Ташкент шаһарында өтеді.


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Давид Рая Премьер-лиганың өткен маусымында:

🏟 32 матч
🧤 46 сейв

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Давид Рая Премьер-лиганың ағымдағы маусымында:

🏟 5 матч
🧤 23 сейв.


5-ақ дауыс қалды, жігіттер 👇

Премиум аккаунттары барлар, Соққыға көмектесіп жіберіңіздер

https://t.me/boost/soqqyjanegoal


«Арсенал» Флориан Вирцті қатарына қосқысы келеді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Зеңбірекшілер 21 жастағы талантқа үміткерлер қатарына қосылды.

🔥 Бұған дейін Вирцке «Ман Сити», «Бавария» және «Реал» қызығушылық білдіріп отырғандығы жайлы айтылған еді.

🗞️ BILD мәліметінше «Байер» трансферден 150млн еуро пайда көргісі келеді.


Энтони Гордон «Ньюкаслмен» келісімшарт мерзімін ұзартады

📝 Қос тарап осы жөнінде келіссөз жүргізіп, бір мәмілеге келді. Жаңа шарт 2030 жылдың жазына дейін жарамды болады.

💰 Гордон бес жылдық шартқа қол қою арқылы «сауысқандар» сапында ең көп жалақы алатын ойыншылар қатарына қосылады.

❌ Бұған дейін «Ливерпуль» мен «Арсенал» 23 жастағы футболшыға көз тіккен болатын, алайда «Ньюкасл» түскен ұсыныстардың барлығын кері қайтарды.


«МЮ» 2028 жылы Премьер-лиганы жеңуді жоспарлап отыр

🗣 Мұны «Олд Траффордтағы» клуб қызметкерлері жиналысында бас директор Омар Беррада айтты.

🔥 Қазіргі уақытта Манчестерлік ұжым «150 жобасы» атауымен жаңа жобаны іске қосты. Басты мақсат – мерейтойлы жылда Премьер-лигада топ жару.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Айта кетсек 2028 жылы МЮ-дің құрылғанына 150 жыл толады.


Forward from: Соққы және гол!
Премиум аккаунты барлар, дауыс беріңіздерші. Қазақстан туын реакцияға қосайық 👇

https://t.me/boost/soqqyjanegoal


Бүгін ширек финалдағы қарсыласымыз анықталады

🌍 ӘЧ-нің 1/8 финалында Аргентина - Хорватия күш сынасады, матчты (20:00-де) Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

🇰🇿 Ал қос құраманың қай жеңгенін Қазақстан күтеді, ширек финал матчы 30-шы қыркүйек күніне жоспарланған.

Кіммен кездесер екенбіз?


Яго Аспас «Сельта» жейдесіндегі 500-ші матчын өткізді

🇪🇸 37 жастағы форвардтың мерейтойлы матчы Ла Лиганың 7-турында «Атлетикоға» (0-1) қарсы өтті:

🏟 500 матч
⚽  207 гол
🅰️  81 нәтижелі пас

🏟️ Осылайша ол мұндай жетістікке жеткен клуб тарихындағы екінші футболшы атанды. Рекорд 533 матч өткізген Родригес Манолоға тиесілі.

20 last posts shown.