Футбол – бұл өмір!


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


Жарнама: @futbigarna

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


😥 «Қалалықтар» ес жия алмай келеді

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ. 17-тур:

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Астон Вилла» 2-1 «Ман Сити» 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

⚽️ Голдар: 16' Дюран, 65' Роджерс, 90+3' Фоден.


«Барса» ғана қалыпты

🇪🇸 Антуан Гризман Ла Лигада кезіккен 30 қарсыласының 29-ының қақпасынан саңылау тапқан екен.

👀 Франциялық футболшыға тек «Барсаға» гол соғу бұйырмай келеді.

🏆 Бүгін каталондық клуб Ла Лиганың 18-туры аясында «Атлетиконы» қабылдайды.

Сәтсіз сериясын тоқтата ма?


😋 Пеп Гвардиола АПЛ чемпиондығынан үміт үзгенін айтты:

"Бізде мүмкіндік бар деп есептемеймін. Себебі тұрақты құрамды жоғалттық.

Бәлкім, бір ғажайып орын алып, чемпион атанармыз? Олда мүмкін.

Егер сіз АПЛ чемпиондығына қол созсаңыз немесе ЧЛ финалына шығуды көздесеңіз командаңызға тұрақтылық қажет. Бізде осыған дейін барлығы жақсы болған, ал қазір олай емес",– дейді «Ман Сити» бас бапкері.


Талиска мансабын Түркияда жалғастырмақ

🇹🇷 Жозе Моуриньо баптайтын «Фенербахче» «Әл-Наср» вингерін қатарына қосу бойынша белсенді әрекет етіп жатыр екен.

🤝 Трансфер қаңтар айына жоспарланып отыр.

🇧🇷 Бразилиялық футболшы Түркияға қайта оралуға келісім беріпті. Ол бұған дейін 2016-2018ж аралығында «Бешикташта» өнер көрсеткен.

🗞️ Fabrizio Romano


💻 BetVictor суперкомпьютері АПЛ осы маусымына болжам жасады

1️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ливерпуль» – 92 ұпай
2️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» – 88 ұпай
3️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Арсенал» – 80
4️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ман Сити» – 74
5️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Астон Вилла» – 63
6️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ньюкасл» – 61
7️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Тоттенхэм» – 60
8️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Брайтон» – 57
9️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Борнмут» – 55
🔟 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Ноттингем Ф» – 53.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «МЮ» 13-ші орынға жайғасқан екен. Суперкомпьютер «қызылдарды» небәрі 45 ұпай еншілейді деп топшылап отыр.

Қай тұсын өзгертер едіңіз?


Марио Гила Мадридке қайта оралуы мүмкін

🚀 «Реал» алдағы жазда «Лацио» сапында өнер көрсетіп жүрген экс-ойыншысын қайтарып алуды жоспарлап отыр.

🤝 Мадридтің клубы 24 жастағы қорғаушыны «Лациоға» 50% құқығымен сатқан екен. Демек қайтарып алу тармағына сәйкес ойыншы құнының 50%-ын ғана төлейді.

💰 Гиланың қазір нарықтағы құны 28млн еуроны құрайды. «Реал» оны 2022 жылы 6млн еуроға сатыпты.

🗞️ AS


«МЮ» Тео Эрнандеске қызығушылық білдіруде

📺 Dazn мәліметінше «қызыл сойқандар» франциялық қорғаушыны негізгі мақсаттарының бірі санап отыр.

❓ Әзірге ойыншының өкілдерімен ешқандай байланыс болмаған, дегенмен алдағы күндері жағдай өзгеруі мүмкін екен.

📝 Теоның «Миланмен» келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген.


🏆 Ресми: Жоржиньо – «Қайрат» ойыншысы атанды

✍️ «Сары-қаралар» португалиялық форвардпен 2026 жылдың соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

🇵🇹 Жоржиньо «Брага» түлегі. Өз отанында «Селейруш», «Мерелиненсе», «Фафе», «Санжуаненсе» және «Певидем» клубтарында өнер көрсетті.

🔥 Соңғы екі маусым люксембургтік «Дифферданжда» тер төгіп, 51 матчта 45 гол соғып, 15 ассист жасаған.


Ресми: Деле Алли «Эвертонмен» қош айтысты

📲 Ағылшындық футболшы инста парақшасында қоштасу жазбасын қалдырып, клубқа өз алғысын білдірді.

🇮🇹 Енді қаңтардан бастап «Комоның» базасында жаттығу жұмыстарын бастайды.

🔥 Өзінің бабында екенін көрсете алса, Сеск Фабрегастың командасында өнер көрсетуі мүмкін.


🇪🇺 Конференция лигасының 1/16 финалдық жұптары анықталды

📆 Қос кездесуден тұратын текетірес 13-20 ақпан күндеріне жоспарланған.

🔼 Жеңімпаздар 1/8 финалға қадам басады.

✔️ Ал жалпы кезеңде үздік сегіздікке кірген «Челси», «Витория Гимарайнш», «Фиорентина», «Рапид», «Юргорден», «Лугано», «Легия» және «Серкль Брюгге» сынды командалар тікелей плей-оффқа жолдама алған болатын.


🏆 Ла Лиганың желтоқсан айындағы үздік ойыншысы атағына үміткерлер:

▪️Рафинья – ⚽️⚽️
▪️Джуд Беллингем – ⚽️⚽️⚽️⚽️🅰️🅰️
▪️Ойан Санчет – ⚽️⚽️🅰️
▪️Антуан Гризман – ⚽️⚽️⚽️
▪️Сандро Рамирес – ⚽️⚽️

Кім лайықты?

2.7k 0 0 30 102

Ресми: Марат Омаров – ҚФФ президенті боп сайланды

📊 Бүгін Астанада дауыс беру өтіп, Марат Омаров қалған екі үміткерді айқын басымдықпен басып озды:

1️⃣ Марат Омаров – 34 дауыс
2️⃣ Алтай Даумов – 2
3️⃣ Ербол Қайыров – 0.

🇰🇿 2022 жылдан бері ҚФФ президенті қызметін Әділет Бәрменқұлов атқарған еді.


Конференция лигасының жеңімпазы анық секілді

🇮🇹 «Фиорентина» КЛ-нің өткен маусымында ең көп гол соққан клуб:

⚽️ 13 матч – 25 гол

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челсидің» ағымдағы маусымда алты матчтағы көрсеткіші:

⚽️ 6 матч – 26 гол.

Финалда кіммен кездесуі мүмкін?


🧐 Жоқ жерден шығынға батты...

🗞️ Radio Catalunya мәліметінше «Барса» Nike компаниясымен жаңа келісімге келгенге дейін өз қаражатына 150 мың ойын формасын тіктірген екен. Олардың әрқайсысы шамамен 10 евро тұрады.

🤝 Клуб мұндай қадамға өзге де брендтермен келісімге келу мүмкіндігін ескере отырып барған.

✔️ Енді бұл жейделерді сатылымға шығару үшін Nike келісімі қажет. Егер америкалық компания бұған келісім бермесе, жұмсалған қаражат (1.5млн еуро) қайтарымсыз қалуы мүмкін.


🤔 «Тоттенхэм» үшін трофейдің ауылы алыс емес секілді...

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англия кубогының 1/32 финалында

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Лига кубогының жартылай финалында

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 АПЛ-де 10-шы орында (23 ұпай)

🇪🇺 ЕЛ турнирлік кестесінде 9-шы орында (11 ұпай).

Қайсысына мүмкіндіктері бар?


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Лига кубогының жартылай финалдық жұптары белгілі болды

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Арсенал» – «Ньюкасл» 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Тоттенхэм» – «Ливерпуль» 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

📆 Алғашқы матчтар 6 қаңтарда басталатын аптаның ішінде, қарымта кездесулер 3-9 ақпан аралығына жоспарланған.

Финалға кімдер шығар екен?


🏆 «Астана» Конференция лигасындағы жорығын аяқтады

🇪🇺 Елордалық клуб жалпы кезеңдегі 6 матчта 5 ұпай еншілеп, КЛ турнирлік кестесінде 28-ші орынға тұрақтады.


🔥 Негізгі құрам:

🇪🇺 Конференция лигасы. Жалпы кезең. 6-тур:

🇨🇾 «АПОЭЛ» - «Астана» 🏆

📺 01:00. Qazsport.

💪 Плей-офф үшін тек жеңіс қажет!


«Астана» плей-оффқа шыға ала ма?

🏆 Елордалықтар Конференция лигасы негізгі кезеңінің соңғы турында АПОЭЛ-мен күш сынасады.

⚽️ Никосиядағы ойын 01:00-де басталады және тікелей эфирді QazSport телеарнасынан көре аласыздар.

❤️ Ал FONBET-тегі достарымыз Жаңа жыл қарсаңында iPhone 16 ойнатып жатыр. Сондай-ақ он адамға 50 000 теңгеден фрибет береді! Сыйлық ұтып алу үшін мына сілтеме арқылы өтіп, барлық шартты орындау керек: http://www.fonbet.kz/s/BpokrZ ⬅️


Джуд Беллингем – IFFHS нұсқасы бойынша 2024 жылдың ең үздік плеймейкері атанды:

1️⃣ 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Джуд Беллингем – 133
2️⃣ 🇧🇪 Кевин Де Брюйне – 96
3️⃣ 🇩🇪 Тони Кроос – 78
4️⃣ 🇩🇪 Джамал Мусиала – 54
5️⃣ 🇦🇷 Лионель Месси – 53
6️⃣ 🇪🇸 Дани Ольмо – 48
7️⃣ 🇩🇪 Флориан Вирц – 31
8️⃣ 🇨🇴 Хамес Родригес – 26
9️⃣-🔟 🇹🇷 Хакан Чалханоглу – 13
9️⃣-🔟 🇳🇴 Мартин Эдегор – 13

Сіздің пікіріңіз қандай?

20 last posts shown.