Біздің жастық,студенттік шағымыз өліара кезеңге тап келді. Тоқсаныншы жылдардың басы ғой. Барлығын түсінеміз. Бірақ,жақсы,әдемі киінгің келеді. Киім қат. Ақшаға таппайсың. Бір қараға бір етік айырбастайды. Саудагерлер.
Теңге ауысатын жыл ғой. Бірінші вокзал жақта тұрдым. Ағамның үйінде. Вокзалдың ішін бір аралап шығамыз. Шағын дүңгіршектер бар. Бірде қарап жүріп былғары костюмге көңілім кетті. Жалғыз дана. Түсі қара. Жылтырап тұр. Әдемілеп іліп қойған. Бағасы жүз мың рубль. Есім кетті... Ол кезде почтаға барып, заказ беріп сөйлесеміз. Ағама хабарластым. Әлгі пиджакты айттым. Есті баламын ғой,былай. Оның алдындағы қыста бір қараға қыстығын әперген. "Кел, дайындап қоямын"деді. Сенбі, жексенбі әлгі жер істемейді. Үмітім зор. Үлгеремін. Таңертең пойызбен барып,кешкі пойызбен қайттым. Қалтамда жүз мың рубль. Күн жексенбі -ау. Дүкен жабық. Дүйсенбі жұмысқа келсем "ақша ауысып жатыр,паспортпен кассаға барыңыздар"деді. Әлгі дүкен сол бойы ашпады...