Кітапханашы күнделігі


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


Мен кітапхананы жердегі жұмаққа ұқсаттым! Борхес

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


Біреудің жақсылығы үшін қуана білу. Біреуді қуанту. Көмектесу. Қолдау. Өзіңізден талап ететін, үйренетін бір дүние болса,осылар болу керек. Қалғаны ретімен болады.
Бір құдіреттің бары аян.
ПыСы: бұрын табаным тимеген елге келдім...
Түн тыныш болсын.


Ағараңдап таң атып келеді. Әл әзірден соң жаңа күн шығады.
Күн райы мың құбылады. Кеше бұ қалада ұйытқып жел соғып тұрды. Үлкендер күннің жаманы кетеді,адамның жаманы қалады деп отыратын. Жаман адам жоқ. Қылық,әдет қой жаман.


Ешкімге жалтақтамай,ештеңеден қорқақтамай сүрген өмір-нағыз өмір.


Кітап күнделікті өмірде керек. Онсыз дүние қараң ғой.


Мұңға батырған махаббатты махаббат демен...


Қанша дүние зерттеліп,қатталып жатыр. Қанша ғылыми жұмыстар қорғалып жатыр. Соның бір әлеуметке пайдасы болса құба-құп. Уақытты сарп еткен дүниенің өтеуі болғаны жақсы.


Кітапхана шара ғана өтетін орын сияқты қабылдайтын көбейді. Ол керек. Бірақ,орнымен.
Қормен жұмыс,оқырманмен жұмыс,ішкі жұмыстар көп емес пе?!
Маған мысалы кітапханадағы оқырман-ғалымдар нені зерттеп жатқаны қызықты. Диссертация қоры қызықты. Сирек қор мен қолжазбалар қызықты. Оқырманмен пікірлескен қызықты.


"Кішкентай Ханзадаға" 82 жыл.
Әр кейіпкердің прототипі бар. Кішкентай Ханзада-автордың өзі. Түлкінің прототипі автордың жақын досы,әйел. Ал роза- жазушының жары дейді дереккөз.


Қиялдау,сол қиялмен көкте жүру балаға ғана тән деп ойламаңыз. Ересектер де қиялдайды.
Баланы тамаққа шақырмас бұрын таудан түсуіне уақыт беріңіз дейді мамандар.
Сіз асықтырып,айқайлап жатқанда ол шыңның басында "отыруы"әбден мүмкін.
Баланың қиялына бірге кіріп көріңіз. Есейіп үлгереді. Шын өмір ол емес,қиялдап,армандауға болмайды деп ересек өмірге асықтырмаңыз.
#Кітапем


Өзіңіздегі эгоизмнің шекарасынан шықпай,таза ой,сау ақылсыз қоғамдық іс қыламын,ортама пайда келтіремін,жақсылық,қайырымдылық жасаймын деуге асықпаңыз.
Жомарттық деген - қолдың емес жүректің кеңдігі. Жомарттық дүниемен ғана өлшенбейді.
Көңілдің,уақыттың,жақсы ойлаудың жомарттығы бөлек.


Түрлі ой иектегенде табиғатпен сырласың келеді. Кейде адам адамнан жалығады. Ол қалыпты дүние.


Әдеби қызметтің жоғарғы қабаттарында анық көзім жеткен нәрсе-нені оқытатыныңды білмей тұрып оқытуға болмайтыны еді,себебі мен олардың әрқайсысының әр нәрсені оқытатын һәм өзара таласу арқылы өздерінің білімсіздіктерін өздерінен жасыратынын көрдім...
#Тәубе
#Толстой


Жақсылықты іздеуде жалғыз,шын мәнінде жалғыз едім.
#Толстой
#Тәубе


Кейде бір мағынасыз дүние оқығың келеді ...


Өз жанын өзі түсінбейтіндердің,естімейтіндердің жанына обал,ә?!


Қат-қат білімі бар адамның сонша санасыздығының себебі не екен?
Ол әшейін кеудесіндегі бос кеңістікті толтыру үшін де оқи беруі мүмкін ғой,әбден...


Кітаптар сөйлесе не болар еді деймін,кейде.


Соңғы кезде "қысыр интеллектуал" терминіне сай келетін адамдарды жиі жолықтыратын болыппын...


Табиғаттағы алай-дүлей мен жандағы алай-дүлейді салыстырып көрдіңіз бе?!
Жанға әсерін. Физикалық күй мен рухани күй. Бастысы- жанның күйі. Оны үнемі сақтауға тырысып бағыңыз. Көпшілік жерде "қымтап" жүріңіз. Жаныңызды. Өз жүрегін аямайтындар сіздікін қайтсін...


Жанымның емі жақсы кітап.

20 last posts shown.