KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
"Ауыл партиясы" фракциясының депутаттары сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке жолдаған депутаттық сауалды фракциясы мүшесі Қарақат Әбден оқыды.

Депутаттардың айтуынша, мұндай шара әлеуметтік әділдік орнатуға, отбасы құндылығының нығаюына және өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдердің дұрыс жолға түсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

t.me/kaznurkz


Қайырлы таң!

⚡️Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қысқы демалыста қосымша 7 күн демалады

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталады.

Осы орайда 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріліп отыр.

t.me/kaznurkz


Тоқаев "Қазақстанға түрлі лақап ат қоятын" қоғам белсенділері мен депутаттарды сынға алды

Президенттің айтуынша, елдегі шектеулер мен айыппұлдарға қатысты мемлекеттің де, қоғам белсенділерінің де ұстанымы көңілге қонымды болуға тиіс. Ол Қазақстанға түрлі лақап ат қоятындардың әрекетін ақылға сыймайтын нәрсе деп атады.

"Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден "керемет жетістіктерді, табыстарды" тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі "қоғам белсендісі" санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе", - деді Тоқаев.


Фото: t.me/aqorda_resmi

t.me/kaznurkz


Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айыппұлдар мәселесін айналып өтпеді

"Заң мен тәртіп" қағидасы халықтың санасына терең орнығуға тиіс. Ол үшін кез келген құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидасын берік ұстану қажет.

Бұл бағыттағы жұмыстар барлық деңгейде ұйымдастырылуы керек. Мұны, әсіресе, аймақ әкімдері мықтап қолға алғаны жөн.


Бірақ шектеулер мен айыппұлдарға қатысты мемлекеттің де, қоғам белсенділерінің де ұстанымы көңілге қонымды болуға тиіс. Мәжбүрлеу шаралары болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекеттің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қараған жөн.
Бұл орайда диалог арқылы қоғамдық келісімге келу керек. Қалай десек те, мемлекет заң тәртібін қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шаралар өз елін күстәналауға себеп болмауға тиіс", - деді президент.

t.me/kaznurkz


"Тез арада батыл шешімдер қабылдау қажет"

Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүк және жолаушылар терминалдары, логистикалық орталықтары және заманауи сервистері бар толыққанды экожүйе құру міндеті туралы сөз қозғады

"Жүк тасымалының барлық рәсімін жеңілдетіп, авиаотынға қолжетімді баға қою керек. Кейінгі мәселе өте өзекті. Өйткені біздің әуежайлардағы, атап айтқанда, Астана әуежайындағы авиакеросиннің бағасы тым қымбат", - деді ол.

Толығырақ материалдан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


Тоқаев кей жобаларға БЗЖҚ-дан "ұзақ мерзімге" берілетін қаржыны анағұрлым белсенді тартуға рұқсат етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент кей жобаларға БЗЖҚ-дан "ұзақ мерзімге" берілетін қаржыны анағұрлым белсенді тартуға болатынын мәлімдеді.

Толығырақ материалдан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


Тоқаев үкімет пен парламентке екінші АЭС-ті қай аймақта салу қажет екені туралы ұсыныс беруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде энергия тапшылығына байланысты ядролық кластер құру ісін қолға алу керек екенін айтты. Президент үкімет пен парламентке екінші ядролық стансаны қай аймақта салу қажет екені жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

Фото: t.me/aqorda_resmi

t.me/kaznurkz


"Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді": Тоқаев бюджет қаржысын тек аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауды тапсырды

"Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді.

Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет", - деді мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында.


t.me/kaznurkz


⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев:

"Бүгін біз үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық.

Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор.

Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз"


t.me/kaznurkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалатын жиын санаулы сәттен кейін басталады.

Видео: t.me/aqorda_resmi

t.me/kaznurkz


⚡️Тоқаев Лукашенконы президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлескен.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.


t.me/kaznurkz


⚡️Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті

"Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылғы маусымда ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті", - делінген Қазақстан футбол федерациясы таратқан хабарламада.


t.me/kaznurkz


Арман Жұмагелдиевке 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

t.me/kaznurkz


Қаңтар оқиғасы: Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты

Алматыда Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты. Оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

t.me/kaznurkz


Беларусьтің қазіргі басшысы Александр Лукашенко жетінші президенттік мерзімге қайта сайланып жатыр

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазіргі президентке сайлаушылардың 86,82 пайызы дауыс берген. Лукашенконың өзі сайлау басталған күні таңертең дауыс беріп, 4,5 сағатқа созылған баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ол әзірге орнын басар адам жоқ екенін айтқан.

"Біз әзірге осы сайлаумен өмір сүріп жатырмыз, сайлаудан кейін ойланамыз", - деді ол.


t.me/kaznurkz


Қазақстандық журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

"Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен қатар күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды ", - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.


Фото: instagram.com/danapartner

t.me/kaznurkz


"Әкімдерге қысым көрсеткен": Ерлан Қарин өңірлердегі "тым белсенді" азаматтарды тыю үшін билік не істеуге мәжбүр болғанын айтты

Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Жібек жолы" телеарнасына сұхбат беріп, елімізде қабылданған тоғыз заңның біріне тоқталды.

Ол ономастика саласын орталықтандыруға қатысты соңғы заңнамалық өзгерістерді қабылдауға "тым белсенді азаматтардың әкімдерге қысым көрсете бастағаны" себеп болғанын жасырмады.

Толығырақ материалдан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


"Президент қолдады": Ерлан Қарин елде қабылданған тоғыз заңның ішінде қоғамда кереғар пікірлер тудырған заңға тоқталды

Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Жібек жолы" телеарнасына сұхбат берді. Бір сағатқа созылған сұхбатта бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Солардың бірі - Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларды жүзеге асыру мәселесі.

Ерлан Қарин бастамаларды орындау жолында қабылданған заңдарға тоқталып, қоғамда кереғар пікір тудырған заңның не себепті қабылданғанын түсіндірді.

Толығырақ материалдан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


"Әр қызметкерге жартыжылдық жалақы": Маңғыстау облысында үздік деп танылатын ауыл әкімдігіне қомақты жүлде берілмек

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі "Ең үздік ауылды" анықтап, "Үздік ауыл әкімдігі" рейтингін өткізуді тапсырды. Үздік әкімшілік ұжымына жартыжылдық жалақы, ал ауыл басшысының өзіне қызметтік көлік табысталады.

"1 орынға - коммуналдық шаруашылық техникасы беріледі және әкімшілік ұжымы (ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін) 6 лауазымдық жалақымен марапатталады, ауыл әкіміне қызметтік автокөлік беріледі", - делінген әкімдік хабарламасында.


Толығырақ материалдан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеу қорытындысы келесі аптада жариялануы мүмкін

Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев айтты.

"Қазір қара жәшіктен аудиолар қаралып жатыр және басқа да ұшақтың режимдерін қарап, (мамандар - ред.ескертпесі) оларды сәйкестендіріп жатыр. Әрине, ол - біраз жұмыс. Өйткені оны дәлелдеу үшін тексеру жүргізіледі: олардың дауысы ма басқа адамдардың дауысы ма, қай минут, қай секундта не айтқаны, кім қандай бұйрық бергені. Сол мәселені, менің ойымша, келесі аптада бітіретін сияқтымыз. ИКАО талаптарына сәйкес, бір айдың ішінде тергеудің алдын ала қорытындысы жариялануы керек. Біздің Көлік министрлігі тиісті ақпаратты жариялайды", - деді Қанат Бозымбаев.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

t.me/kaznurkz

20 last posts shown.