KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Қазақстан Ақтау маңында құлаған ұшақтың "қара жәшігін" Бразилияға жіберді

Көлік министрлігінің мәліметінше, Авиациялық оқиғаны тергеу комиссиясы Бразилияға ұшып кетті.

"Борттық өздігінен жазғыштар Бразилияның авиациялық апаттарды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жеткізіледі", - делінген хабарда.

t.me/kaznurkz


Қазақстандықтар қаңтарда 11 күн демалады

Жаңа жыл мерекесіне орай биыл ел тұрғындары 1-4 қаңтар аралығында демалады.

Ал қаңтардағы жұмыс күні 5 қаңтар жексенбіге ауыстырылған.

Сонымен қатар Рождество мерекесі 7 қаңтарға сейсенбіге сәйкес келіп, қазақстандықтар тағы бір күн демалады.

t.me/kaznurkz


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

t.me/kaznurkz


✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын», Маңғыстау облысы ТЖД Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі Серікболат Оңғар Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының орталық меңгерушісі Бақытжан Қойбеков пен Ақтау халықаралық әуежайы медициналық бекетінің меңгерушісі Ирина Кочергина «Құрмет» ордендерімен марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының фельдшері Тимур Қисаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оспан Оразбеков, «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалындағы «Вышка» диспетчерлік бекетінің диспетчері Ярослав Толстиков, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтау электр желілер ауданының шебері Нұралы Шопанов марапатталды.

Ақтау халықаралық әуежайының қызмет бастығының орынбасары Бекболат Жұмағұлов, ҚР Әділет министрлігі «Сот сараптамалары орталығы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Эльдар Оразалиев «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері атанды.

Сонымен қатар 51 адамға Президенттің Алғысы жарияланды.


⚡️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады

✔️Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.

t.me/kaznurkz


Оңтүстік Кореяда бортында 181 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Jeju Air әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы Оңтүстік Кореяның Муан әуежайына қону кезінде апатқа ұшырады. Бортта 181 адам болған.

Екі адам құтқарылды. Апат салдарынан ұшақ айтарлықтай шығынға ұшырады. Бангкоктан қайтып келе жатқан ұшақтың бортында барлығы 181 адам, оның ішінде 6 экипаж мүшесі болған. Екі Таиланд азаматын қоспағанда, жолаушылардың көпшілігі Оңтүстік Корея азаматтары.
Билік өртті ауыздықтап, апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін де тергеу басталды. t.me/kaznurkz


Ақтаудағы ұшақ апаты: Путин қайғылы жайтқа байланысты Ильхам Әлиевтен кешірім сұрады

Ресей тарапының бастамасымен Владимир Путин Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесіп, Қазақстанда болған ұшақ апаты үшін кешірім сұраған.

"Владимир Путин қайғылы жайт Ресей әуе кеңістігінде болғанына байланысты кешірім сұрады және қаза болғандардың отбасыларына тағы да қайғыра көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Әңгіме барысында кестеге сай ұшқан Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекеттенгені айтылды. Бұл кезде Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық жауынгерлік ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс берді", - делінген Кремль таратқан хабарламада.


Сондай-ақ Ресейдің Тергеу комитеті Қылмыстық кодекстің 263-бабы бойынша (Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу) қылмыстық іс қозғағаны мәлім болды.

t.me/kaznurkz


Тоқаев Ақтау маңындағы апатқа байланысты кеңес өткізіп, үкіметтік комиссияға бірқатар тапсырма берді

Президент Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты.

"Апаттың салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Біз бұған жол берген жоқпыз. Адам өмірін сақтап қалдық. Құтқару жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қажетті ақпараттың барлығы жұртшылыққа уақытылы беріліп тұрды. Азаматтарымыз алғашқы минуттан бастап зардап шеккендерге көмек қолын созды. Халқымыз жанашырлық, ұйымшылдық және шынайы тілеулестік қасиетін көрсетті. Жұрт кезекке тұрып, қан тапсырды. Құтқарушылардың, дәрігерлердің және волонтерлердің адал қызметіне күллі әлем куә болды. Әсіресе, көршілес әрі серіктес елдер – Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан азаматтары айрықша алғыс білдіріп жатыр", - деді ол.


Президент үкіметке апат салдарын жоюға атсалысқан адамдардың ерлігі мен еңбегін лайықты атап өту, ерекше көзге түскен азаматтарды мемлекеттік наградаға ұсыну жөнінде тапсырма берді.

t.me/kaznurkz


Зеленский Ақтау маңындағы трагедияға Ресей жауапты екенін мәлімдеді

Зеленскийдің мәлімдемесі X әлеуметтік желісінде жариялады.

"Azerbaijan Airlines рейсінің апатқа ұшырауына қатысты егжей-тегжейлі ақпараттар шығып жатыр. Президент Әлиевке және Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Әрбір адамның өмірі құнды және ақиқатты анықтау үшін әр адамның өлімі мұқият тексеруге лайық.

Апат орнындағы айқын визуалды дәлелдер қайғылы жайтқа Ресей жауапты екенін нұсқап отырғанын көріп отырмыз. Егер Ресей MH17-мен болған жағдайдағыдай (2014 жылы Донецк облысында болған әуе апаты – ред. ескертпесі) жалған ақпарат таратуды шешсе, шындықты анықтау және жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін Мәскеуге барлық халықаралық қысымды біріктіруіміз керек", - делінген Зеленскийдің мәлімдемесінде.


Фото: Pier Marco Tacca / Getty Images

t.me/kaznurkz


🥊 4 миллион теңге: бокстан Азия чемпионатының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы табысталды

Қазақстан бокс федерациясы 2024 жылы өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының және жастар арасындағы әлем чемпионатының нәтижесі бойынша марапаттау рәсімін өткізді.

📌 Толығырақ
сайтымыздан оқи аласыз

t.me/kaznurkz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ақтаудағы апат: Ресей авиациясы басшысы мәлімдеме жасады

Ресей авиациясының басшысы Дмитрий Ядров 25 желтоқсанда Embraer жолаушылар ұшағының Маңғыстауда апатқа ұшырауына қатысты мәлімдеме жасады.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Ядров Қазақстанға құлаған жолаушы ұшағы Грозный әуежайына "Ковер" режиміне байланысты қона алмағанын, Шешенстан астанасы әуе кеңістігінде мұндай режим Украина шабуылына байланысты енгізілгенін мәлімдеді.

t.me/kaznurkz


Ақтауға Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді

Көлік министрлігі мәліметінше, Бразилиядан Ақтау қаласына Чикаго Конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес Embraer әуе кемесін өндіруші зауыттан арнайы өкілдер келді. Тергеп-тексеру жөніндегі Комиссия авиациялық оқиға орнына барып, алдағы жұмыстарды айқындады.

Сондай-ақ алдағы күндері елімізге CENIPA өкілдері (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы) келеді деп күтілуде.

t.me/kaznurkz


Назарбаевтың баспасөз хатшысы Сара Назарбаева бақилық болды деген мәліметті жоққа шығарды

Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаева қайтыс болды деген мәліметті жоққа шығарды.

"Отандық бірқатар ақпарат құралы журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалдарына былай деп жауап беремін: Интернетте оның қазасы туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазды Айдос Үкібай желідегі парақшасында.

t.me/kaznurkz


Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды", - делінген Ақорда хабарламасында.

t.me/kaznurkz


Ұшақ апаты: тасымалдаушы қаза тапқандардың отбасына қандай өтемақы берілетінін айтты

Azerbaijan Airlines әуе компаниясы Ақтау маңында болған ұшақ апаты салдарынан зардап шеккен отбасыларға қаржылай өтемақы береді.

Azerbaijan airlines Instagram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Embraer 190 ұшағының бортында болған жолаушыларға (әрбір зардап шеккен адамға) 20 мың манат (6 млн теңгеден астам) көлемінде өтемақы төленеді.

Оған қоса қаза тапқандардың отбасыларына 40 мың манат (12 млн теңгеден астам) көлемінде өтемақы беріледі.

t.me/kaznurkz


"Ресми нұсқа жоқ": Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатының себебі туралы айтты
Қазақстанның вице-министрі Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының себебі туралы сұрақтарға жауап беріп, оны тергеу көрсететінін тағы қайталап айтты.
Ақтау қаласында өткен брифинг барысында бірқатар журналист Бозымбаевқа ұшақ апатының себептері туралы сұрақ қойды. Вице-министр ешбір нұсқаны растай да, жоққа да шығара алмайтынын жеткізді.
"Ұшақ құспен соқтығысқан ба әлде ішінде жарылыс болды ма, ол қорытынды шыққанда ғана белгілі болады. Біз Әзербайжандағы әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Бізге әлі ешкім нақты нұсқасын айтқан жоқ, ресми түрде біз Ресейден де, Әзербайжаннан да ешқандай нұсқаны алған жоқпыз. Дәл қазір ресми нұсқа жоқ. Сондықтан біз қандай да бір ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмаймыз", - деді Қанат Бозымбаев.


t.me/kaznurkz


Каспий маңындағы ұшақ апаты: бірнеше Әзербайжан азаматының денесі отанына жіберілді
Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан бірнеше Әзербайжан азаматының денесі еліне жөнелтілді. Бұл туралы Ақтауда өткен брифингте Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев хабарлады.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, қазірдің өзінде ұшақта болған Маңғыстау облысының екі тұрғынының денесін алып кеткен.

"Сондай-ақ бүгін төрт адамның денесі Әзербайжанға ұшақпен жөнелтілді", - деп қоса кетті Қанат Бозымбаев.


t.me/kaznurkz


Маңғыстаулықтар зардап шеккен Әзербайжан азаматтарын үйлеріне шығарып салды (фото)

Ұшақ апатынан зардап шеккен 14 Әзербайжан азаматы мен кеше Ақтауға келген Әзербайжан делегациясының 20 мүшесі еліне оралды. Олардың арасында екі бортсерік пен бір бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайы тұрақтанған соң Бакуге аттанды.
Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ақсақалдар, жастар, қоғам өкілдері қатысты.

Маңғыстаулықтар бауырлас еліне жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті.

t.me/kaznurkz


Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіледі

"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісі бойынша асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем туралы шешім қабылданды. Жергілікті құрылым желісі бойынша біз демеушілермен, жұмыс берушілермен өзара іс-әрекет жасаймыз. Әрине, біржолғы көмек көрсетіледі. Қазір мөлшері анықталуда. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдерге келетін болсақ, республикалық бюджет желісі бойынша әрбір отбасы бойынша тиісті төлемдер жүзеге асырылатын болады. Асыраушысынан айырылу бойынша 138 мың теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының желісі бойынша 357 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі", - деді Ақмәди Сарбасов.

Төлемдер туралы премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев та айтты.

"Яғни, әр отбасына ай сайын 500 мың теңгеден астам қаражат алады. Егер ол көп балалы отбасы болса, бір жерде жоғары сома болуы мүмкін. Кепілдендірілген мемлекеттік төлемдер ай сайын беріледі. Біржолғы көмек - 5 млн теңге", - деді ол.


t.me/kaznurkz


Дәрігерлер Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің бірінің жеке басын анықтады

Бүгін Ақтауда өткен брифинг барысында Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов науқастардың, әсіресе, ауыр халде жатқан әйелдің жағдайы туралы айтты.

"Өздеріңіз білетіндей, бізде 29 науқас бар, олардың жағдайы бір тәулік ішінде тұрақтандырылды және бүгін таңертең ресейлік 9 науқас санавиация бортымен одан әрі емделу үшін Мәскеуге эвакуацияланды. Кешке қарай Әзірбайжан азаматтары - 14 науқас - өз еліне эвакуацияланды. Қазір алты науқас емделіп жатыр. Оның үшеуі - Әзірбайжан, үшеуі - Қырғызстан азаматы. Осы алтауының төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, науқастардың бірінің жағдайы ауыр әрі тұрақсыз. Күні бойы оның жеке басын анықтауға, жасын және төлқұжат мәліметтерін білуге мүмкіндік болды. Емдеу жалғасуда", - деді вице-министр.


t.me/kaznurkz

20 last posts shown.