Дайындықсыз үйленбе!


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


• Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін!
📝 Бойдақтардың үйленбестен алдын дайындық жасайтын алаңы.
Кері байланыс: t.me/kerekdaiyndyk_bot

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Жар таңдау - жақсы көріп қана үй болу емес. Жар таңдау - саналы түрде белгілі бір алғышарттардың (критерийлердің) негізінде жүзеге асырылатын процесс. Алғышарттар құндылықтар мен ұстанымдар аясында жасалады.

[Ақан Мергембай ұстаз]


Forward from: Invintel
ШАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Кітапта келесідей кеңес бар:
Нақтылық. Жоғарыдағыдан бөлек қалауларына сай шарттар да болады. «Көркем мінезді» деп айтады. Оның ішіне не кіреді? «Тақуа» болсын дейді, тақуалық деген не? Рәсімдердің орындалуы ма? «Балажан» болсын. Қай жағынан? «Пысық» болсын. Үй шаруасына ма? Туыстармен қарым-қатынас жасауда есе жібермеу ме? Егер өзі қойған шартты ашып түсіндіре алмаса, ол шарт емес, әншейін қалау. Шын мәнінде өзіне керек пе, жоқ па, әлі анықтамағанын білдіреді.

Аз болуы. Шарттың аз болуы оның қадір-қасиетін арттырады. Намазда да солай емес пе? 5 парыз, сосын бекітілген сүннеттер мен анда-санда орындалатын нәпіл намаздар. Кейде жағдайларға байланысты сүннеттерге кешіріммен қаралады. Ал бірақ 5 парыз өзгермейді. Сол секілді қойылатын шарттар да осындай аз, бірақ сүйегі болғаны жөн.

Қисынға келуі. Ұялшақ, бірақ ешкімге есесін жібермейтін. Қатал, бірақ ешкімге зиян келтірмейтін. Үлкен мақсаты бар бизнесмен, бірақ көп уақытын отбасымен өткізетін. Өзінің мнениесі бар, бірақ ақты қара десем қара деуі керек. Жомарт, бірақ туыстарына шашыла бермеу. Адамдармен көп араласпайтын, бірақ қонақжай. «Қалауын тапсаң қар жанар» демекші, белгілі бір деңгейде ортасын ұстап, үйлесімділік таба жатар. Алайда осындай екі полярлы шарттарды максималды ету қиындық тудырады.

Сөйлесу/талқылау. Нақты бекітіп алғасын кандидатпен талқылау керек. Ашылып: той жасаудың орнына бал айына барайық, ауылда тұрам, әке-шешеммен тұрам, ешқандай да кредит болмау керек, әйел жұмыс істемеу керек деген секілді тақырыптар түгел айтылу керек. Мұны алдағы посттарда толықтырармын ин шаа Аллаһ.


Forward from: Invintel
ШАРТТАР. ШАБЛОНДАР

«Дайындықсыз үйленбе» кітабында шарттарды бекітуде приоритет қоюға насихаттайды. Яғни, маңыздылығына қарай.
Діңгек – онсыз кандидатты қарастырмаймын.
Бұтақ – маңызды, бірақ басқа қасиеттеріне қарап көз жұмуға болады.
Жапырақ – болса жақсы, бонус, болмаса түк етпес.

Кітапта «болуы мүмкін» деген болжаммен мыналар қарастырылған:
1. Ұлты. Қазақ болуы қаншалықты маңызды? Әлде жақсы адам ұлтқа бөлінбей ме?
2. Тілі. Бала априори анасының тілінде сөйлейді. Балаңыз қазақ тілінде сөйлегенін қаласаңыз, анасы да қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алу керек.
3. Діні. Өзі орындамаса да құрметпен қарайды (намаз оқыса, өзгелерді тыныштандырып, күтіп, керегін дайындап беріп дегендей). Өзі рәсімдерді орындайды (Рамаданда ораза ұстайды, хиджаб киеді, 5 уақыт намазы бар). Өмірі дінмен байланған (сақтық жасайды, сүннетпен қоса әдепті де орындауға тырысады).
4. Жасы. Қыздың жасы кіші болса, белгілі бір деңгейде құрмет болуы мүмкін. Физиологиялық тұрғыда әйел адам тез қартаятындықтан, бірнеше жылдан соң әпкесі секілді көрінуі мүмкін. Алайда 10+ жасқа кішісіне үйлену құрметке кепілдік бермейді. Сондай-ақ өзінен жасы үлкен қызға/әйелге үйлену басындыру деген сөз емес. Ер адамға байланысты.
5. Бұрын үйленген/үйленбеген немесе тұрмыста болған/болмаған.
6. Білімі. Универ бітірген ба? Нені оқыған?
7. Жері. Өзі шыққан жері жергілікті менталитетті, салтты түсінеді деген пікір бар. Жаһандану мен қазір көбісін интернет тәрбиелеп жатқандықтан онша-мұнша теңесіп қалды негізі. Кейбір руды дискриминация жасайтындар бар: найман, қоңырат, адай т.б.

Бұл шарттар қазір қалай бар, сонымен санасу керек. Болашақта өзгерер деп үміт етіп, уәделесу де орынсыз. Уәде орындала ма, жоқ па, белгісіз. Иллюзияға алданып қалмаудың алдын алған дұрыс.


Әйел адамның оқып, білім алуы.

Еркектер үшін болашақ таңдайтын жарының міндетті түрде оқыған, заман талабына сай білімі болуы маңызды.
Еркектер қалай отбасын асырау үшін, нәпақа тауып, оларды қорғау үшін әрі физиологиялық күшті, әрі білімі жағынан күшті болуы керек болса, әйелдер де заманға сай білімі болуы шарт.


Бұл жерде ескере кететін ең маңызды мәселе - әйелдер оқыған мамандығының соңына жетіп, сол мамандық үшін өмірінің барлық мақсаттары мен міндеттерін ауыстыруға, сол мамандығына қарай шешім қабылдауға тырыспағаны дұрыс. Мысалы, инженер мамандығы әйел адам үшін өмірінің мақсаты болмауы керек. Өйткені әйел адам үшін одан да маңызды ұлы мамандық - ана болып, өмірге бала әкелу. Оны бағып-қағып, тәрбиелеп, адамзат қатарына адам етіп қосудан ұлы мамандық жоқ әлемде. Себебі адамзат қоғамы үшін мамандық пен жұмыс маңызды болса, ал «ана болу» жауапкершілігі бұлардың барлығынан маңызды. Бұл жерде мұғалім жоқ жерде мұғалім болу, дәрігер болу сынды адам өмірімен тікелей байланысы бар, тек қана сол маманның ғана көмегіне жүгінетін мамандықтарға «ана болу» бақытына кедергі келтірмейтін дәрежеде атқарса мәселе жоқ.
Ал мамандық, жұмыс деп өзінің отбасы мен балаларын, жарын ұмытса, онда мәселе күн сайын ұлғая береді.


Сондықтан әйелдің нәзік жаратылған табиғаты өмірге бала әкелу мен оны бағып, қатарға қосу сынды ұлы міндеттің үстіне құрылған. Демек, бұндай ұлы міндетті ақша табу, карьера жасау, мамандығын ақсатпау т.б жолдарға құрбан еткен кез келген қоғам адамзаттың өркениетті қоғамы ретінде дамуы тоқтайды, жоғалады. Сол себепті қыз бала өмірге келген күннен бастап оның алатын білімі мен көретін тәрбиесі, қоятын мақсаты мен жететін жетістігі - барлығы болашақ ана болуына бағытталады.

Ақша табу, отбасыны асырау, сыртқы шаруаларды басқару, отбасыны қорғау т.б еркектің міндеті болғаны сияқты, отбасының ұйытқысын қалыптастыру, бала тәрбиелеу, еркегінің тапқанын дұрыс жолға жұмсау - әйелдің міндеті.


Қорыта айтқанда, әйел адамның білім алуы, оқуы бай болу, ақша табу, карьера жасау мақсатында емес, болашақ ақылды жар, асыл ана, ибалы келін, өнегелі жұбай болуға бағытталуы тиіс.

[Қазим Мұстахимұлы ағамыз]

#қарындастарға_насихат


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
“Үйлену оңай, үй болу қиын”

Ал біз керісінше үйленуді қиындатып (білім алып, курс оқып, кітаптар оқып) және дайындық жасап, үй болуды оңайлатайық. Ол тек білім алып, оған амал етумен ғана болмақ.

Ақан Мергембай ұстаздың “Дайындықсыз үйленбе” курсынан үзінді.


Forward from: IQUP
Ислам - махаббатқа қарсы емес, керісінше махаббаттың атымен жасалатын күнәға қарсы.


Жар таңдауға көп әсер ететін сыртқы сұлулық па әлде ішкі рухани құндылық па?

Жан сұлулығы тән сұлулығындай бірден көрінбейді.
(с) Аристотель


Кез келген үйленетін жастардан сұрасаңыз барлығының айтары үйленетін адамда маңызды болғаны тән немесе түр сұлулығы емес, жанның сұлулығы деп оңай сөйлегенімен, нақты таңдау жасау мәселесі мен шешім қабылдауға келгенде бәрі де жан сұлулығынан гөрі тән сұлулығына баса мән береді. Статистикаға сүйенсек, жігіттердің 90%-ы қыз таңдағанда сұлулығына мән беретіні анықталған. Тура сондай қыздар да еркектердің әлдеқайда “тартымды, сымбатты, денелі” болғанын қалайды. Демек, бұл - адам жаратылысының табиғи қажеттілігі. Адам баласы кез келген нәрсенің жақсысын, әдемісін қалауы - оның жаратылысына жазылған заң. Сондықтан үйленетін жастар қателессе де басында тән сұлулығына баса мән беретіні шындық.

Пайғамбарымыз ( оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жар таңдауда қажетті 4 нәрсенің (малы, тегі, сұлулығы, иманы) екеуі тән және екеуінің жан сұлулығының ортасында адам баласы үшін таңдау жасалғанда, әрине, Алла елшісі басымдықты жан сұлулығына береді.
Алайда саудагердің жақсы тауарларын көрінетін жерге қойып, сатып алушыларды өзіне шақырғаны секілді Алла Тағала да адам баласының бір-біріне деген махаббаты мен сүйіспеншілігін оятып, бір-бірін таңдасын, ұнатсын деп оларға берген тән сұлулығы сыйлық ретінде қаралады. Дегенмен тән сұлулығы үнемі, яғни, өмірінің соңына дейін солай болып жалғасуы мүмкін емес.

Адам баласы бір-бірімен тілдесіп, танысқаннан кейін, араласқаннан кейін былайғы жерде
қарым-қатынаста басты рөлде адамның сыртқы сұлулығы емес, қайта
жан сұлулығы
басты рөлге шығады.


Демек, тән сұлулығы адамның көзінің қалауын қанағаттандырса, жан сұлулығы адамның ішкі жан дүниесінің қалауын қанағаттандырады.

«Жұбайлар құпиясы» кітабынан.


Қыздың жігіт таңдауда көп қателіктері ұзын бойлы, спортпен айналысқан, күші мығым болу, адамдарды өзіне қарататын әзілқой, аты-шулы, ақшалы, малтабар, ойын күлкіге жақын т.б.

Тіпті басқалармен үнемі керісу, бұлардың барлығы отбасы құрмастан бұрын қызық, маңызды, күлкілі болуы мүмкін. Алайда отбасы құрып, жауапкершілік арқалап, өмірге бала келгеннен кейін отбасында таңдаған жарымыз қаншалықты жақсы отағасы және жақсы әке бола алады, ол басқа мәселе.

#қарындастарға_насихат
#бір_ағамыздан_кеңес


Еркектердің қыз таңдаудағы басты жіберетін қателіктері - түр-тұлғасы, бойының талдырмаш болуы, күлген күлкісі, киіну стилі, отбасылық тегі, құрбыларының алдындағы беделі т.б.Бұлардың барлығы өткінші. Себебі жар болу, өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеп адам ретінде қатарға қосу, ата-анамен, туысқандармен дұрыс қарым-қатынаста болу үшін түр мен келбет маңызды рөл ойнамайды.
Қанша жерден “әлем сұлуына” үйленгеніңмен достарың үйіңе келгенде дұрыстап дастархан жайып, күтіп ала алмаса, ер жігіт үшін тірідей өлгенмен бірдей.


#бір_ағамыздан_кеңес


Махаббатын сақтай алған, бір-біріне деген ілтипаты бітпейтін жарасымды отбасын қалай құрамыз?
Ол үшін отбасы құрмай тұрып, әр адам жеке дайындалу керек. Яғни, отбасылық өмірге дайындалу деген сөз.

Көлік айдау үшін арнайы бірнеше ай бойы оқитынымыз секілді, мектепке бірінші сыныпқа бармай жатып дайындық сыныбына баратын секілді дайындық керек.
Ал отбасылық өмір ше? Ол үшін біз қанша дайындалдық?

Қанша адам дәл сіз секілді кітап бетін ашып отбасы туралы ізденді? Қанша адам арнайы отбасылық семинар, курстарға қатысты? Бар болса, санаулы-ақ болар. Көбісі жоғарыда айтылғандай көз жұмып бағдаршам қызылынан аман өте шығам деп ойлайды. Ал бұл қорқынышты емес пе?
Мүлдем әйел табиғатынан бейхабар жігітке қызыңды беру де қауіпті емес пе? «Қызды күте алмаған күң қылады». Ер адамның кім екендігін, қандай екендігін, онымен қалай қарым-қатынас жасау керегін білмейтін қыз асыл ер азаматтың жігерін құм қылып жібермей ме?


Олай болса, неге дайындық жасайтын санаулы адамдардың қатарына қосылмасқа?! Төрт-ақ жыл оқитын университетке түсу үшін күндіз-түні ұйықтамай тер төккен секілді, неге өлгенге дейін бірге болатын отбасын құру жолында ізденбеске?

«Дайындықсыз үйленбе» кітабынан үзінді.


Тұғырлы отбасы.pdf
3.4Mb
Пайдалы ілім болсын!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Еркекті еркек түсінеді)
Рас айтып жатыр негізі әпке-қарындастарым. Жұбайыңызды шаршата бермей, керісінше тыныштығы бола біліңіз!

Видео Ильяс Амирагаевтың инста парақшасынан алынды.


Қазір көп адам ғашықтықпен үйленеді. Мәселен, отбасын құрмай жүрген қыздар мен жігіттерге үйлен не тұрмысқа шық деп айтсаңыз, әлі дайын емеспін дейді.
Содан кейін дайындалса бір сәрі. Жоқ, сол қалпы жүре береді.

Күндердің күнінде біреуге ғашық болып қалады да, дайын бола қалғандай, бірден отбасын құрып кетеді. Бұл - қатерлі қадам.

(с) Ақан Мергембай ұстаз


Жастардың өмірде көргені аз, тәжірибелері жеткіліксіз болғаннан кейін «той жасасақ болды, бақытты болып кетеміз» деп ойлайды. Олар алғаш танысудан басталған бір-бірін сағынып тұру, ренжітпеу, аялау, сыйлық сыйлау т.б әрекеттер табысқанға дейін, тіпті одан ары жалғаса береді деп ойлайды.
Алайда үй болып, шаңырақ көтерген сәттен бастап, өмірдің қиыншылығы мен жауапкершілігі басталған сәттен бастап кімнің кім екені, шынайы жүзі белгілі болады. Үйлену, отбасы құру деген тек қана ақ көйлек киіп, той жасау еместігін кеш түсінеді кейбір жастар.


Жар таңдау, құдалық, қалың мал, той жасау т.б амалдар осы ұлы мақсаттың іске асуына алғы шарттар ғана. Өкінішке орай, қазіргі заманда екі жастың отбасы құру, болашақ шаңырақ көтеріп, отбасы құру үшін ата-аналары мен тәжірибесі жоқ екі жастан бастап барлығы тек той дайындығы, киім алу, ойын-сауық, думан, қызықтың жетегінде жүріп, екі жастың болашақта болатын қиыншылықтары мен басқа да мәселелерін қыз жақ пен жігіт жақтың көз қарақты, тәжірибелі адамдары бір жерге келіп ақылдасып іс жасау, алдын-ала жастарға болатын сынақтарға қалай шыдауға болатыны туралы кеңес беріп, оны өздерінің қандай әдіс-тәсілдер арқылы жеңіп шыққандарына байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, оларға дұрыс жол көрсету жетіспейді.

(с) Қазим Мұстахимұлы


Ұзын ғұмырлы әрі берекелі отбасы құрудың алғы шарты отбасы құруға дұрыс шешім қабылдаудан басталады. Демек, кез келген мәселені шешудің алғы шарты - қойылған мақсатқа байланысты дұрыс шешім қабылдаудан басталады.
«Адамның адамшылығы істі қалай аяқтағанында емес, қалай бастағанында»

демей ме Абай Құнанбайұлы. Ендеше, өмірге адам әкеліп тәрбиелеуді мақсат еткен отбасыны құруда да басынан қателік жібермей, жар таңдаудан бастап дұрыс бастауға әрекет ету арқылы екі жас өз еркімен қабылдаған шешімдерімен болашақ отбасының іргетасын берік қалайды.

Алайда қазіргі заманда ата-ананың қысымы, араласатын ортасының ықпалы және бірге оқыған құрдастарынан қалмау т.б факторлар болашақ екі жасқа мезгілінен бұрын дайын емес болса да, отбасы құруға ерте шешім қабылдауда.

Отбасы адам баласына әрі физиологиялық әрі рухани қажеттіліктен туатын, әрі қоғамдық-әлеуметтік, мәдени өмір үшін отбасы құру, адам баласының адам ретінде басқа жаратылыс иелерінен айырмашылығын көрсететін ең маңызды міндет болып саналады. Демек, осыншама маңызы бар отбасы құруды тек қана ер мен әйелдің арасындағы жыныстық қажеттілікті қанағаттандыру деп түсінгендер отбасында болатын рухани ләззатты бастамай жатып сөндіргендер болып саналады. Өйткені жыныстық ләззат адам ағзасы үшін белгілі бір қысқа уақытқа, яғни адам баласының ұнату сынды сезіміне берілген уақытша сыйлық болып саналады. Бұл қажеттілік жасалғаннан кейін ерлі-зайыптылар қалған уақытын өткізу үшін, отбасына кері әсертін тигізетін бос нәрселермен айналыса бастайды да, ұрпақ жалғау, бала тәрбиелеу, қартайған ата-анаға қарау, қоғамға пайдалы істермен айналысу сынды адамм құндылықтар далада қалады. Демек «жыныстық қажеттілік» отбасы институтын алға сүйреу үшін қажетті құрал әрі жаратушы тарапынан адам баласына отбасыда болатын қиыншылықтарды сездіру үшін ер мен әйелге берген сыйлық ретінде қарау керек.

Олай болса, отбасында сүйіспеншілік, құрмет, сый-сияпат, бір-біріне көмектесу, қуаныш пен қайғыны бөлісу, шыдамдылық, адалдық т.б адами қасиеттер бар.
Отбасы деген алып кемені жоғарыдағы адами құндылықтарды бір жерге топтастырып, бір арман мен мақсатқа тоғыстырғанда ғана алға жылжытуға болады.


#кітаптан


Алла қаласа, Ақан Мергембай ұстазымыздың отбасына қатысты тағы бір кітабы жарық көргелі отыр екен. Кітап – «Қамқоршы: қызды қияға қондырудың сара жолы» деп аталады. Кітап шықса сатып алып, аға-інілерімізге, әкелерімізге сыйлап, оқып пайдаға асырайық!

https://t.me/mergembaiakan

#жақсыны_көрмекке
#ізгі_істердің_таралуына_ат_салыс




Махаббат деген нәрсенің ішінде бір үлкен құбылыс бар. Оны анық білмесек адасамыз.
Махаббатқа ең негізгі нәрседей өте қатты мән беруге болмайды.

Махаббаттың өзі-ақ адамның бойын баурап,толық билеп алып кетеді. Мысалы,сіз теңізге шомыласыз. Махаббат та теңіз сияқты.Теңіздің ортасына барып шомылмайсыз ғой,шетіне шомыласыз. Анау асау толқындар сізге ерік бермей,өзінің тереңіне алып кетуі мүмкін. Махаббат та сол сияқты. Махаббаттың шетіне шомылсаңыз,соның өзі әлдеқайда жеткілікті. Махаббатқа өзіңізді көзсіз тастай салсаңыз,сіз ертең тұншығып,қай жерінде жүргеніңізді білмей қаласыз.

Иә,махаббат деген теңізге өзіңізді бүтіндей тастай салмаңыз.
Махаббаттың толқынын басыңыздан асырып отырмасаңыз, махаббат кейде сізді қор қылатын жігіттің аяғының астына салып беруі мүмкін.


Махаббат сіздің көзіңізді тұтастай жауып тастап, жаныңызда шырылдап тұрған жақындарыңыздың ақылын естіртпей тастауы мүмкін. Пештегі отқа біртіндеп отын салып,маздатып жаққан сияқты махаббаттың да қызуы пайдалы болуы керек. Отты лаулатып жақсаңыз,қазандағы тамағыңыз күйіп кетеді. Ал бабымен жазып отырсаңыз, қазандағы асыңыз балбырап дәмді болып піседі. Махаббаттың да қызуы қазаныңыздың астына жаққан от секілді мөлшермен болуы қажет.

[Мұхамеджан Тазабек ағамыз]
#қарындастарға_насихат


Әйелдер махаббатта ерлерге қарағанда шынайырақ,бұл ерлерді кемсіту емес сондай-ақ әйелдерді мақтау да емес!
Бұл — жаратылыс жалғасын табуы үшін Алла адамдарға берген табиғи қасиет.


Алла Тағала Адамды (оған Алланың сәлемі болсын) балшықтан жаратты, ал Хауаны Адамның қабырғасынан жаратты.
Егер Хауа Адамның бір бөлігі болса, онда Адам — Хауа үшін бүтін.

Ер адам әйелді қанша сүйсе де, оны өмірінің бір бөлшегі етеді, өйткені басынан ол оның болмысының бір бөлігі болды.

Ал әйел ер адамды сүйсе, оны бүкіл өмірі етеді, өйткені ол ер адамды өзінің бүтін болмысы ретінде қабылдайды.

Ер адам әйелге тәуелді болуды ауыр көреді, себебі ол топырақтан жаратылған тіршілік иесі.

Ал әйел ер адамның қамқорлығында болып, оның материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыруына ешқандай ауырсынбайды. Ол мұны әлсіздік немесе кемшілік деп сезінбейді, өйткені ол — жүрекке жақын жаратылыс.

Шейх Әдһам Шарқауи (хафизаһулла)

https://t.me/akhmedovyerbol парақшасынан алынды


Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Отбасы нәпақасын таба алмаудан қорқып үйленбеген адам бізден емес»

,- деген және осы сөзін үш мәрте қайталаған.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «бізден емес» деген сөзі мына мағынаға сай келеді:
Сүннетіміз және жолымызға ермеген. Өйткені біздің сүннетіміз және жолымыз - үйленіп, бала-шағалы болу”

#кітаптан

20 last posts shown.