Forward from: DALA INSIDE
⚽ Марат Омаров қазақ футболын көркейте алады
Мемлекет те осыған сеніп отыр. Қазір Қазақстан футбол федерациясын басқаруға екі кандидат ұсынылды дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Басты үміткер - Бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы Марат Омаров. Ол кезінде кәдімгідей кәсіби деңгейде футбол ойнаған. Федерация басшылығына экс-қақпашы Давид Лория да таласып отыр. Осы екі тұлға тандем құрып, Омаров президент, Лория вице болып, футболды көтеруге қауқары бар.
Экс-төраға Әділет Бәрменқұловтың өз адамын қою әрекеті сәтсіз аяқталды. Оған Антикордың бірнеше сұрағы пайда болған сияқты.
Жалпы, қазақ футболының толық тазалауға ұшырайтынын осының алдында жазған едік. Клубтарда тиын жасап жүрген агенттер мен функционерлер жаппай тексеріле бастады. Антикор мен Қаржы мониторингі агенттігі футбол спецификасын түсінетін консультанттар тауып, мәселені аяғына дейін жеткізбек.
ФИФА рейтингінде Қазақстан Тәжікстан мен Суданнан қалып қалғандықтан, құраманы жаңа деңгейге жеткізу бойынша үлкен жоспар қабылданып отыр. Ол үшін Федерацияға лайықты басшы керек. Онымен бірге ортанқол деңгейдегі бапкер шақыру практикасы да тоқтайтын болады.
Бюджет дефициті жағдайында және олигархтар активтерін мемлекетке беріп, артық ақшасыз жүрген кезде Моуриньоларды шақыру қиын соғатын сияқы. Сондықтан "Сол жағалауға" Жұмасқалиев идеясы көбірек ұнап отыр. Бізге тез арада 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты бастау керек.
Черчесовтың құрама басшылығында санаулы күндері қалғаны анық. Бәрменқұлов кеткендіктен, Станислав Саламұлын қорғайтын адам табылмады. Қазақ тілімен қалжыңдасам деп, ресейлік бапкер халық қолдауынан айрылды. Артық сөйлеп, экс-бапкер, әріптесі Магомед Адиевті де ренжітті.
Футбол жаңалықтарынан қалыс қалмаңыз👇
https://t.me/dalainside

"Екі вариант қабылданды. Біріншісі - құрамаға Моуриньо деңгейіндегі әлемдік бапкер алдырып, оның гонорарын Тимур Құлыбаев, Вячеслав Ким сияқты олигархтарға төлету. Екіншісі - құраманы Талғат Байсуфинов, Нұрбол Жұмасқалиев сияқты қазақ мамандарына беру", - дейді, дереккөз.