📚Электронды кітаптар


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
Dalanews экосистемасына кіреді
Стоимость рекламного поста 25 000 тенге
📍Реклама @dalareklanabot

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


Forward from: DALA INSIDE
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Депутат Бапи: Дариғаны дәріптеп жүргендерді анықтау керек!..

Депутат Бапи атышулы Дариға Назарбаева мен "Ескі Қазақстанды" аңсап жүргендерді тексеруді талап етті деп жазады DALA INSIDE.

Мәжіліс депутаты әлеуметтік желілерде Дариға Назарбаеваны дәріптейтін бейнематериалдарды байқап, бұл әрекетті бұрынғы саяси режимді насихаттауға бағытталған манипуляция деп атады.

"Әлемжелі арқылы түрлі манипуляциялар жасалып, 🏛 Жаңа Қазақстанды екіге жаруға, қоғамда шиеленіс тудырып, кек алу ниетін қоздырып, ескі тәртіпті қайтаруға деген құлшыныс байқалады.

Реваншистік топтар интернетте "билік отставкаға кетеді", "мерзімінен бұрын сайлау өтеді", "депутаттар ар-намыстарынан айырылды" деген жалған трендтерді таратуда.

Бұл ма, бұл қоғамдық санаға әсер ету арқылы Жаңа Қазақстанның бірлігін шайқауға бағытталған технологияның бір бөлігі.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына осындай арандатушылықтардың түп-тамырын анықтап, осы әрекеттің артында тұрған топтар жайлы толық мәлімет беруді сұраймын", – деді депутат.

https://t.me/dalainside


Forward from: Ақша менталитеті
👠Қош бол, мәһір! ҚМДБ осындай жаңа пәтуа шығарды...

Қазақстанда қалыңдықтың мәһір сұрауына тыйым салынды

"Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады", делінген ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің шешімінде.

Айта кетсек, Қазақстанда үйленгенде күйеу жігіт қалыңдыққа қалыңмал апарады.

Әр өңірде оның сомасы әртүрлі: 500 мың теңгеден басталып 3 млн теңгеге дейін барады. Одан бөлек мешітке неке қиюға барғанда қалыңдық күйеу жігіттен мәһір де сұрайды.

Оның сомасы да нақты белгіленбеген, қалыңдықтың тәрбиесі мен мәдениетіне қарай ол арада жай сағаттан бастап, тіпті пәтер, көлікке дейін қамтылып жатады. Соңғы кездері бұл ретте қалыңдықтардың қалауы, көбінесе Айфонға (құны 600 мыңнан бастап 1 млн теңгеден асады) түсіп жүр.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/aqsha_mental


Forward from: DALA INSIDE
🪙 Қазақстан биткоин қорын құру туралы ойлана бастады

Бұл идея жабық есік жағдайында, Астанада шешім қабылдайтын азшылық арасында талқыланып көрген. «Дональд Трамптың сайлауалды бағдарламасында биткоинның стратегиялық қорын құру туралы уәде бар болатын. Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін, біздікілер де биткоинның болашағына кәдімгідей сене бастады» дейді, дереккөз.

«Тек тараптар бір нәрседен тартынып отыр. Ол жауапкершілік мәселесі. Мемлекеттік қаржыны биткоинға құйып жіберіп, ертең оның құны құлдырап кетсе кім жауап береді? Ешбір қаржылық орган, ешбір басшы өзіне мұндай жауапкершілік алғысы жоқ», - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Бірақ биткоин өсіп кетіп, осыдан Қазақстан үлкен пайда тауып, өзінің бюджеттік дефицит проблемасын шешіп алу шансы кәдімгідей маза бермей отыр. Дональд Трамп АҚШ-та «Биткоин туралы заң» (Bitcoin Act) қабылдаймыз деп нық сеніммен айтқан болатын. Ол ұсынып отырған заң жобасы бойынша АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі биткоин сатып алып, оны алтын немесе шетел валюталары сияқты резервтік актив ретінде сақтауға міндеттеледі. Бұл ұсыныс биткоинді стратегиялық резервтік активке айналдырады, ал АҚШ үкіметі биткоинның жалпы ұсынысының 5%-ына дейін иеленбек. Әлемде 19,7 миллион биткоин бар екенін ескерсек, онда ФРС 985 мың биткоин ұстап отырмақ. Қазір биткоинның бағасы 91 468 доллар, демек АҚШ-тың биткоин қорында 90 миллиард долларға парапар BTC жатуы мүмкін.

Қазақстан тарапы АҚШ-та осы заң қабылдана ма, әлде оған ФРС пен Конгресс қарсы болып өткізбей тастай ма, соны біле алмай отыр. Оны шынымен де ешкім білмейді. Бірақ, егер Трамп осы заңды өткізе алса, онда BTC бағасы кемінде 3-4 есе шарықтайтыны сөзсіз. Әлемде биткоин лихорадкасы басталады.

Қазақстан қор биржасында теңгенің долларға шаққандағы қазіргі бағамы 498 екенін ескерсек, 1 биткоинның бүгінгі бағасы 45,55 миллион теңге. Егер Қазақстан 100 мың BTC сатып алса, оған 4,55 триллион теңге қажет болады. Ұлттық қорда ондай ақша бар. Ал келесі жылы Трамп АҚШ-та өзі ұсынған заңды Конгресске шығара бастаса, осы күтулерден ақ нарықта биткоин бағасы кемінде 160 мың долларға (79,68 миллион теңге) шарықтауы мүмкін. Онда біздің 100 мың BTC 7,96 триллион теңгеге бағаланып, сол кезде сатсақ 3,4 триллион теңге пайда түседі. Онымен бюджет жыртығын жамауға, немесе Ұлттық қор активтерін толтырып қоюға болады.

Қазір криптолоббистер Дональд Трамптың маңайына топтаса бастады. Криптомиллиардерлердің барлығы Трамп идеясын қос қолын көтеріп қолдауда. Себебі байлықтары еселенетін түсінікті.

Қазақстан осының бәрін бақылап, не істерін білмей отыр. Жақсы пайда табу мүмкіндігі де, мемлекет қаржысын желге шашу қаупі да бар. Жауапкершілік алатын тұлға да табылмайтын сияқты.

DALA INSIDE үшін бұл қызық тақырып. 1-2 жылдан кейін қазақ елі өзіне берілген тарихи мүмкіндікті жіберіп алды ма, жоқ әлде «сақтықта қорлық жоқ» деп асықпағаны дұрыс болды ма деген сұрақтың жауабын алатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар 👇

https://t.me/dalainside


Кітап оқып, iPhone 16 телефонын ұтып алыңыз!🤗📱

Сіз кітап оқығанды жақсы көресіз және жақын арада iPhone 16 телефонын алуды жоспарлап жүрсіз бе?

Ендеше сізге керемет мүмкіндік ұсынамыз.

“Kitapbaygesi” ұйымдастырып жатқан кітап оқу сайысына қатысып, iPhone 16 телефонын ұтып алыңыз👏🏻👏🏻

📚ШАРТ:

1️⃣ 15 беттік кітапты алып, толық оқу;
2️⃣ 26 қараша күні осы 15 беттік кітап негізінде жасалған 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындау;
3️⃣ Сайыс 2 кезеңнен тұрады;
4️⃣ Сайыскер осы 2 кезеңге толық қатысуы қажет;
5️⃣ 2 кезеңде дұрыс әрі жылдам жауап беріп, жоғары ұпай жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

🎁Сайыс жүлделері:

1 орын - iPhone 16📱
2 орын - Планшет📱
3 орын - 40 000 теңге💸
4-5орын - 10 000 теңге💸
6-10 орын - 5 000 теңге💸
11-20 орын - 3 000 теңге💸
21-35 орын - 2 000 теңге💸
36-50 орын - 1 000 теңге💸

📍Сайысқа тіркелу үшін төмендегі ватсап сілтемеге өтіп жазыңыз:

⏩️ https://wa.me/message/F6XQYST2D6SCE1

Немесе +7 776 954 0047 номеріне ватсап әлеуметтік желісі арқылы жазыңыз!

Біз сіздерді  күтеміз☺️


Forward from: DALA INSIDE
⚡️ Ерлан Қарин: Ескерткіш орнату эстафетаға айналып барады! Мұны тоқтату керек...

"Ескерткіш орнату жарысқа айналды. Бір ауыл 4 метр ескерткіш қойса, көрші ауыл оны 5 метр қылып, тағы біреуі 8 метрге жеткізеді. Мұндай шектен шығушылықты тоқтату керек.

Ескерткіштер бекітілген талаптарға сай, министрлік деңгейіндегі комиссияның мақұлдауымен ғана орнатылуы тиіс», – деді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Бас тақырып» бағдарламасында.

Толығырақ осы тұста: https://dalanews.kz/kz/article/memlekettik-kenesshi-eskertkishter-jarisin-toqtatu-kerek


📱 Google-дің бізден басқа іздеу жүйелерін «жасырып» қоятын жаман әдеті бар...

Көпшілігінің бар екенін тіпті білмейміз де.

Алайда әлемде кітаптар, ғылым және интеллектуалды ақпараттарға маманданған тамаша іздеу жүйелері өте көп.

Электронды кітаптар сіз білмеген бірегей іздеу жүйелерінің тізімін ұсынады:

www.refseek.com – академиялық ресурстарға арналған іздеу жүйесі. Энциклопедиялар, монографиялар, журналдар сияқты 1 миллиардтан астам дереккөздер қолжетімді.

www.worldcat.org – әлемдегі 20 мың кітапхана мазмұнынан іздеуге мүмкіндік береді. Сирек кездесетін кітаптардың қай кітапханада сақталғанын анықтай аласыз.

https://link.springer.com – 10 миллионнан астам ғылыми құжатқа: кітаптар, мақалалар, зерттеу хаттамаларына қолжетімділік.

www.bioline.org.br – дамушы елдерде шығарылатын 📱биология ғылымына арналған ғылыми журналдардың кітапханасы.

http://repec.org – 102 елдің еріктілері экономика және оған қатысты ғылымдар бойынша 4 миллионға жуық жарияланымды жинақтаған.

www.science.gov – 2200-ден астам ғылыми сайттарды қамтитын АҚШ үкіметінің іздеу жүйесі. 200 миллионнан астам мақалалар индекстелген.

📱 www.pdfdrive.com – PDF форматындағы кітаптарды тегін жүктеу бойынша ең ірі сайт. 225 миллионнан астам атау бар екенін айтады.

www.base-search.net – академиялық зерттеу мәтіндері бойынша ең қуатты іздеу жүйелерінің бірі. 100 миллионнан астам ғылыми құжаттарды индекстейді, олардың 70%-ы тегін.

💬 Бұл іздеу жүйелері сирек кітаптар мен ғылыми дереккөздерге жол ашып, интеллектуалды ізденісіңізді жеңілдетеді.

Айтқандай, бізге тіркеле кетіңіз👇

https://t.me/kitapkz1


Forward from: Ақша менталитеті
⚡️ Шәрли Мангердің өмір ережесі...

Тапқан табысыңыздан аз жұмсаңыз – бұл қаржылық тұрақтылықтың ең қарапайым әрі негізгі ережесі.

Ақылды түрде инвестиция жасаңыз, уытты адамдар мен зиянды әрекеттерден аулақ болыңыз және өмір бойы білім алуға ұмтылыңыз...

💬Осылайша кейінге қалдырылған үлкен қанағат табасыз, себебі сіз саналы түрде осындай өмір салтын таңдадыңыз.

Егер осының бәрін іске асырсаңыз, табысқа жету мүмкіндігіңіз өседі. Ал егер қол жеткізе алмасаңыз, онда сізге өте көп сәттілік қажет болады.

Ақша менталитеті анықтамасы: Шәрли Мангер – әлемдегі ең табысты инвесторлардың бірі, Уоррен Бәффеттің серіктесі, инвестиция мен басқару философиясы арқылы аты шыққан қаржы маманы.

https://t.me/aqsha_mental


Forward from: DALA INSIDE
📱 Netflix-тің жаңа жобасы: Жошы ханның тарихы әлемдік экранда!

Netflix-тің әйгілі жобаларының авторлары Алтын Орданың негізін қалаған 🎥 Жошы хан сериалын түсіруге қызу дайындық жүргізуде деп хабарлайды DALA INSIDE.

Қазақстан тарихы мен мәдениетін әлемге танытуға бағытталған ауқымды жоба Netflix-ке арнап бірнеше танымал проектілер ұсынған Karga Seven Pictures продюсерлік компаниясымен бірлесіп жасалуда.

Астанада жобаның шығармашылық ұжымы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринмен кездесті.


Кездесуге сериалдың бас режиссері әрі атқарушы продюсері Емре Шәхин, продюсер Фикрет Маноғлы және қоюшы суретші Зеки Сарайоғлы қатысты. Олар жоба туралы егжей-тегжейлі мәлімет беріп, сериалдың тарихи-мәдени маңыздылығын ерекше атап өтті.

Белгілі болғандай жобаның сценарийі дайын, түсірілім орындары белгіленген. Қазіргі уақытта әктерлерді іріктеу кезеңі жүріп жатыр. "Викингтер" сериалы мен Outlow King фильмінің сценарийін жазған Жастин Поллард пен Клэр Морсум да сериалдың оқиға желісін өрбітуге атсалысқан.

Сценариймен қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар да жұмыс істеген.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен жүздесуде жобаның шығармашылық ұжымы "Алтын Орда тарихы, Жошы ұлысы мен көшпелі өркениетке терең талдау жасау сериалдың өзегі болатынын" атап өтті.

📺 Компанияның мәлім еткеніндей сериал аудитория, фокус-топтар және халықаралық дистрибьюторлар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болып отыр.

Өз кезегінде Ерлан Қарин осы жоба арқылы Қазақстанның мәдениеті мен тарихы халықаралық аренада кеңінен насихатталатынына сенім білдірді.

"Алтын Орда мен Жошы ханның әлемдік тарихтағы орны мен геосаяси ықпалы бұл жобаның маңызын арттыра түсетіні сөзсіз", - деді Мемлекеттік кеңесші.


DALA INSIDE анықтамасы: Karga Seven Pictures Жошы хан туралы сериал түсіретінін биылғы жылдың көктемінде хабарлаған. Компанияның негізін қалаушылардың бірі - Емре Шахин Түркия мен халықаралық кинонарықта үлкен тәжірибесі бар маман. Netflix үшін "Rise of Empires: Ottoman" ("Осман империясының өрлеуі") сияқты танымал жобаларды жүзеге асырған.

Бізге тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/dalainside


Forward from: Ақша менталитеті
⚠️Арзанның жілігі татымас немесе жалған үнемшілдіктің салдары қандай?

Көп жағдайда арзан тауарды таңдау тиімді көрінеді: бірдеңені алғанда қалтаға салмақ салмай, қол жетімді бағаға сатып алғандай боламыз. Алайда, мұндай үнем шынайы ма?

Мысалы, 👟 аяқ киімді алайық. Сапасы төмен, бірақ бағасы арзан аяқ киімді бір маусымға жетер-жетпестен қайтадан ауыстыруға тура келеді. Сосын тағы бір осындай арзанын аламыз, оның да ғұмыры қысқа.

👨‍💼Нәтижесінде, бір жылда бірнеше рет аяқ киім алуға кететін қаражат сапалы, ұзақ мерзімге жарайтын бір аяқ киімнің құнынан асып кетеді. Бұл — жалған үнем.


Тағы бір мысал...

Қымбат, сапалы құрылғы ұзақ уақыт қызмет етсе, арзан техника бірнеше айда істен шығып, оны жөндеуге немесе жаңасын алуға қаражат жұмсаймыз. Мысалы, сапасыз, арзан үтік немесе шаңсорғышты таңдағанда, ол жиі істен шығып, көңілге де кірбің түсіреді.

Ал жақсы маркалы, сенімді құрылғы бастапқыда қымбаттау болғанымен, ұзақ уақытқа жетіп, түптің түбінде үнемді болып шығады.


💬 Ақша менталитеті: Жалған үнемшілдіктің ең жаман жері - сапасыз тауарға кеткен уақыт пен энергия. Жиі ауыстыру, жөндеу, қайта сатып алу үшін үнемі ақша жұмсау айналып келгенде сізді қып-қызыл шығынға батырады. Сапалы, ұзақ мерзімдік затқа инвестиция жасау қаржылық тұрғыдан саналы шешім.

Бізге тіркеліп алсаңыз, өкінбейсіз👇

https://t.me/aqsha_mental


Forward from: Ақша менталитеті
🤡 Үлкен сомаға зат аларда бірден шешім қабылдамай, 5 жұмыс күнін күтіңіз...

Осы уақытта алғашқы аптығыңыз басылып, шешімнің шынымен дұрыс екенін ойланып анықтауға мүмкіндік туады деп жазады Ақша менталитеті.

Ереже былай жұмыс істейді:

📍 Алғашқы ынтызарлықтың басылуы

Көбіне үлкен шығындар эмоцияға берілгеннен туындайды. Бірден сатып алуды қалап кетеміз, ал араға бірнеше күн салсақ, бұл қалауымыз сол қалпында қала ма, әлде ұмыт бола ма соны анықтаймыз.

📍 "Қалау" мен "қажеттіліктің" аражігін ажырату

Көп адам дәл осы аралықта өз-өзіне "Маған бұл зат расында керек пе, әлде тек өткінші әуестік пе?" деген сұрақ қоя бастайды. Осы аралықта өзіңізді тыңдап, "қажеттілік" пен "қалаудың" арасында шешім қабылдай аласыз.

📍Салыстыру...

Үлкен сомаға зат аларда, ол қаражатты өзге мақсаттармен салыстырып көріңіз. Мысалы, жаңа телефон алам деген ақшаны саяхатқа, инвестицияға, жинақ қорына қосу идеяларын ойлаңыз. Бұл ойлау процесі сіздің негізгі мақсатыңызға қаншалықты адал екеніңізді көрсетеді.

Кез келген үлкен шығынды 5 күн күтіп барып жасау импульсивті шешімдерден арылуға, қажеттіліктерге басымдық беруге және қаржыны жоспарлы жұмсауға көмектеседі.


Бұл ереже, әсіресе, қымбат заттар сатып алғанда өте актуалды.

Бізге тіркеліп алсаңыз, өкінбейсіз👇

https://t.me/aqsha_mental


Forward from: Ақша менталитеті
🙅‍♂️ Қарыз беру? "Жоқ" деп айта білу де өнер...

Қарыз беру мен алудың өз мәдениеті бар, егер осыны сақтамасаңыз, достық пен туыстық байланыстарға сызат түсіруіңіз мүмкін.

Ақша менталитеті қарыз беру кезінде бірнеше негізгі қағиданы есте ұстаған жөн деп санайды.

Қарыз мөлшерін өз шамаңызға сай анықтаңыз

Қарызға беретін сома сіздің жеке бюджетіңізге салмақ түсірмеуі керек. Ешқашан өзіңіздің қаржылық еркіндігіңізді шектейтін соманы қарызға бермеңіз.

Бір сөзбен айтқанда, сіз беретін қаражат – қаржылық жоспарыңызды бұзбайтын, өзіңізге зиян келтірмейтін мөлшерде болуы тиіс.


Қарызды қайтару шартын айқын белгілеңіз


Көптеген түсініспеушілік нақты талап қойылмағандықтан туындайды. 🤝 Қарызды қанша уақыт ішінде, қалай қайтаратыны жайлы сөйлесіп алыңыз. Мәселен, ай сайын бөліп қайтару ма әлде бірден ме – осының бәрін ашық айту керек. Қаражаттың қайтару мерзімін белгілеу екі тараптың да жауапкершілігін арттырады.

Қарыздың мақсаты мен ниетін бағалаңыз

Кейде қарыз сұраған адамның мақсатына қарап, оған қарыз беру керек пе, жоқ па екенін бағалаған жөн. Мысалы, егер қарыз ірі шығынға немесе қолдауды қажет ететін нақты жағдайға керек болса, онда көмек беру орынды. Ал егер қаражат тек тұтынушылық мақсатта, уақытша тілек қана үшін сұралса, онда қарыз бермеген абзал.

Қарызға беретін кезді таңдаңыз

Егер біреуге қарыз берсеңіз, оның қайтарылуы көп жағдайда 🕙 қарыз алушының еркіне тәуелді. Сондықтан сенімді адамдарға ғана көмек көрсетуге тырысыңыз. Ал егер сеніміңіз толық болмаса, жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін қарыз бермеген дұрыс.

🇦🇷 “Жоқ” деп айта білу саналы қаржылық шешім

Қарыз беруге мүмкіндік (немесе ықылас) болмаса, мұны сыпайы әрі анық жеткізу керек. "Жоқ" деп айту, әсіресе жақын адамдарға келгенде қиын, бірақ бұл өз қаржылық әл-ауқатыңызды қорғаудың бір жолы.

Бірден айтылған сыпайы «жоқ» уақыт өте екеуіңізді де ыңғайсыз жағдайдан құтқарады.


Қорыта келе, қарыз беру жай ғана қол ұшын созу емес, жауапкершілігі мол қаржылық шешім. Қарыз беру қарым-қатынасқа сынақ екенін естен шығармаған абзал.

Бұл туралы алдағы уақытта кеңінен айтамыз. Тіркеле кетіңіз👇

https://t.me/aqsha_mental


Forward from: DALA INSIDE
⚡️ Перизат Қайраттың ісі: Динара Сәтжан бірнәрсе біледі...

Белгілі тележурналист Динара Сәтжан қайырымдылыққа жиналған 1.5 млрд теңгені қалтаға басты күдіктелген Перизат Қайрат қатысты пікір білдірді.

DALA INSIDE әдетте әлемжелідегі жазбағаларға жүгіне бермейді. Дегенмен, Динара бөліскен инсайд АФМ-ның блогерге бекерден-бекер шүйлікпегенін дәлелдейтіндей.

"3 жыл бұрын Перизат Қайрат менен Астанада қайырымдылық кешін өткізіп беруімді сұрады. Дүкенімізден аукционға зат беріп, шоу-бизнестегі аға-тәтелерді шараға шақырып беруімді өтінді. Кеш мақсаты - елордада ерекше балаларға арналған оңалту орталығын салуға қаражат жинау деп түсіндірді. Сауапты іс болғасын, бірден келістік. Кеште "Аманат" партиясының өкілдері де болды. Көпшілік "Біз біргеміз" қорының партиямен байланысы бар деп топшылап жатыр, негізінде қордың партияға қатысы жоқ", - дейді Сәтжан.


Кейіннен Сәтжанның "Орталық қалай? Салынып бітті ме?" деген сұрағына блогер тиіп-қашып жауап қатқан.

"Биылғы ауызашарда тағы кездестік. Астанадағы екі танымал гүл бизнесін сатып алғанын айтты. Екі брендтің негізін қалаушыларды танимын. Бизнесті нөлден бастап, өз еңбегімен өскен адамдар. Сол кезде: "Перизат, мұнай кен орнын тауып алдың ба?" деп әзілдеген едім. АФМ? Қаржы мониторинг агенттігінің құрығы ұзын", - дейді тележурналист.

Айтуынша, ескі Қазақстанның активтерін жеті қат жер түбінен тауып алып жатқан агенттіктен бірнәрсе жасыру мүмкін емес. Сәтжанның пікірінше "Перизат ісінен" кейін қайырымдылық қорларының 🧮 есеп-қисабын асты-үстіне түсіріп, ақтару керек. Сенімді қорлардың тізімі болғаны да дұрыс.

💬 "Перизат? Шыны керек, оның қорына ақша аударған азаматтар қазір қатты өкініп отырған болар. Өйткені біздің қанымызда көмектесуге деген ұмтылыс бар! Ал қайырымдылық экономикасы ашық және мөлдір болуы тиіс", - дейді Динара Сәтжан.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Перизат Қайраттың ісі ашық сотта қаралуы мүмкін. Билік осы арқылы алаяқтық фактінің нақты орын алғанын дәлелдемек.

Айта кетелік, бұған дейін Қаржы мониторинг агенттігі танымал блогер, "Біз біргеміз Қазақстан" қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған. Агенттіктің атап өткеніндей, блогер көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жиналған 1,5 млрд 🏣-ден астам қаражатты жымқырған.

Ал Ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша алдағы уақытта халықтың қайырымдылыққа ақша жинау мәселесі қайта қаралады.

DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр, бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalainside


Forward from: Ақша менталитеті
📉 Микроқаржы ұйымдарының "айлық пайызы" - қып-қызыл қақпан...

Микроқаржы ұйымдарының "айлық пайызды" тиімді көрсеткіш ретінде ұсынуы қаржылық сауаттылықтан алшақ адам үшін үлкен қақпан. Сырт көзге 2-3%-дай ғана көрінген "төмен" пайыздар шын мәнінде жылдық тиімді мөлшерлемеге айналғанда, қып-қызылға шығынға батырады.

Мәселен, ай сайынғы 2.5% пайызды жылдыққа айналдырсақ, ол 34.5% шамасына жетеді.

Ақша менталитеті осы алгоритмді барынша қарапайым тілмен түсіндірмек көрмек.

Ай сайынғы 2.5% пайызды жылдық мөлшерлемеге айналдыру дегеніміз әр ай сайын үстіне қосылған пайыздарды бір жылға көбейтіп шығу.

Айталық, сіз 10 мың 🏣 қарыз алдыңыз делік. Ай сайын 2.5% артық төлеу керек.

Бірінші айда: 10,000 теңге + 2.5% = 10,250 теңге.

Екінші айда: енді сол 10,250 теңгенің 2.5% пайызын төлейсіз, бұл шамамен 10,506 теңге болады.

Үшінші айда: 10,506 теңгенің үстінен тағы 2.5% қосылады, ол енді шамамен 10,769 теңге болады.

Осылай әр ай сайын өсіп, жыл соңында пайыздар жинақталып, барлығы 34.5% шамасына жетеді. Қысқаша айтқанда, бұл – пайыздың пайызға қосылуы, яғни проценттердің өсуі.

Мұндай жоғары пайыздар көбіне "жылдам ақша", "сәтті шешім" сияқты ұрандармен жабылады. Микроқаржы ұйымдары клиентті арбау үшін ай сайынғы пайызды ғана көрсетеді де, көп адам мұның нақты қаншаға түсетінін түсіне бермейді.


🥊 Егер 34.5% ЖТМ-мен (жылдық тиімді мөлшерлеме) қарыз алсаңыз, кредиттің қамытын мойныңызға мықтап киесіз.

Не істеу керек?

Қарапайым әрі нақты кеңес: кез келген пайызды жылдық мөлшерлемеге қайта есептеу. Ай сайынғы мөлшерлемені ЖТМ-ге айналдыру қаржылық сауаттың бір көрсеткіші әрі саналы шешім жасаудың кепілі.

Егер қарыз шарттарында жылдық тиімді мөлшерлеме көрсетілмесе, арнайы калькуляторлар арқылы өзіңіз есептеп көріңіз. Ақшаның математикасы сіздің пайдаңызға жұмыс істеуі үшін қарызды саналы түрде түсініп алыңыз. Қаржылық тәуелсіздік тек кірісті көбейту емес, шығынды ақылмен басқару.

Айтқандай, арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👇

https://t.me/aqsha_mental


Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар!

Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз!

Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!⤵️

https://t.me/uidezhatpa


Forward from: Ақша менталитеті
📚🧠 Өзіңді байытудың ең қарапайым жолы – жаңа нәрсе үйрену...

Көп адам табысы артқан сайын материалдық дүниелерді көбейтуге тырысады – қымбат заттар сатып алады, 🥂✈️ сәнді өмір салтына ұмтылады. Алайда, уақыт өте келе бұлардың берер ләззаты мен пайдасы азаяды, ал көңілде бос кеңістік пайда болады.

Қаржылық тұрғыдан, адамның шынайы байлығы — оның тәжірибесінде, жинаған білімінде, көргені мен түйгенінде деп жазады Ақша менталитеті.

Ұзақ мерзімді тәжірибелерге инвестиция салудың артықшылығы – бұл біздің жеке даму мен өмірге деген көзқарасымызды байытып, қаржылық тәуелсіздікке деген жолды жеңілдетеді.

Білімге, дағдыларға, жаңа тәжірибелерге салынған қаражат сіздің қымбат дүниелеріңізден гөрі ұзаққа созылған өмірлік игілік әкеледі.


Жаңа тіл үйрену, тұлғалық даму курстарынан өту, кәсіби салада құнды шеберліктерді меңгеру — міне, осыларға бағытталған қаржыңыз әрдайым өзіңізге 📈 екі есе пайдамен оралады.

Тәжірибелерге қаржы салу адамның ой-өрісін кеңейтіп, жаңа ортада өз орнын тауып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өзіңізді дамытуға, өз болашағыңызды байытатын тәжірибелерге қаражат жұмсау арқылы өмір сапасын жақсартып, ішкі байлығыңызды арттырасыз.

💰 Ақша? Ақша уақытша, ал тәжірибе – мәңгілік.

Бұл туралы алдағы уақытта кеңінен айтамыз. Тіркеле кетіңіз👇

https://t.me/aqsha_mental


Forward from: DALA INSIDE
⚡️ Халықтың қайырымдылыққа ақша жинау мәселесі қаралады...

Бұл жайлы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Айта кетелік, бұған дейін Қаржы мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Агенттіктің атап өткеніндей, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған.


Тергеу мәліметтері бойынша, қайырымдылық қорларына түскен ақшаның басым бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға жұмсалған.

❗️ Соның ішінде:

Биыл көктемде Перизат Қ. елордадағы автосалондардан 88 млн теңгеге Mercedes-Benz S450, 80 млн теңгеге Lexus LX-600 және 39 млн теңгеге Haval автокөліктерін сатып алған.

Жалпы сомасы 600 млн теңге болатын Ақбұлақ Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда) және Vela Village коттедж қалашығындағы жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған.

Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

Cartier және Louis Vuitton сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, қымбат мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.


Қылмыстық схеманы іске асыру үшін Перизат Қ. достары мен туыстарына 8 пайыз сыйақы төлеп, қордың ақшасын қолма-қол ақшаға айналдырған.

ҚМА бұл әрекеттер еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән тудырғанын мәлімдеді.

Бұл туралы әлі де айтамыз, бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/dalainside


⚡️ Ойыңды сан-саққа шашыратпа! Қазақша аударыла қоймаған құнды туынды...

"Indistractable: How to Control Your Attention and Choose Your Life" (қазақшасы: Зейін қоя біл: ойың мен өміріңді қалай басқару керек) кітабы назарды шашыратпауға және алаңдамауға үйрететін тамаша құрал.

Нир Эяльдің әдістері көңілдің тұрақтылығын сақтауға көмектесетін психологиялық амалдарды көрсетеді.

Электронды кітаптар осы 📚 кітаптан бірнеше қызықты кейстер мен үзінділер ұсынады:

"Ішкі триггерлерге тойтарыс беру". Эяль адамның алаңдауының басты себептері ретінде ішкі күйзеліс мен мазасыздықты атайды.

Оның айтуынша, барлық алаңдаушылықтың түп-тамыры осы ішкі триггерлерде жатыр. Мысалы, жұмысты бастамай тұрып, аяқтамаудан қорқу немесе нәтижені алдын ала ойлап мазасыздану — нағыз кедергі.


Эяль мұндайда алдымен осы ойды сыртқа шығарып, "Бұл менің өнімділігіме қалай әсер етеді?" деп өзіңізге сауал қойып, байсалды шешім қабылдауға кеңес береді.

"Күшті ниет" техникасы. Эяль бұл әдісті мықты зейінмен бір істі толыққанды орындау үшін қолдануға шақырады.

Мысалы, ⏳ 25 минут бойы тек сол тапсырмаға ғана ден қоюға тырысып, барлық алаңдаушылықтарды сыртта қалдыру қажет.

Әрі бұл уақыт аралығында басқа ойлар келсе де, 🙅 оларды қабылдамау керек. Бұл тәсіл назарды дәл нысанаға бағыттап, жұмысты толыққанды орындауға күш береді.

"Зейінді алдын ала қорғау". Эяль уақыт кестесін алдын ала құрып, оны қатаң сақтау арқылы әр істі жоспарлауды ұсынады. Мысалы, әлемжелідегі ескертулер мен ұсақ жұмыстарға арнайы уақыт бөліп отырсаңыз, зейініңізді маңызды істерге арнауға мүмкіндік туады. Осылайша, миыңыз артық нәрсеге алаңдамай, белгілі бір жүйемен жұмыс істейді.

Оның айтуынша, дәл осылай алдын ала дайындалған уақыт кестесі шынайы мақсатқа жетуге көмектеседі, өйткені сіздің зейініңізді ұсақ-түйек нәрселер сарқып алмайды.


💬 Эяльдің әдістері қазақы мінезге де жақын: бір мақсатқа берік болу, ішкі күйзелістердің жетегінде кетпеу, жоспарға адал болу.

Кітаптың орыс тіліндегі PDF нұсқасын 'https://t.me/kitapkz1/2514?comment=14198' rel='nofollow'>пікірге жүктеп қойдық😃

Алда осындай өмірлік кеңестерге бай туындыларды көптеп ұсынамыз. Бізге тіркеліп алыңыз👇

https://t.me/kitapkz1


📱 Әлемжелі сіздің уақытыңызды қалай ұрлайды?..

Әлемжелінің адамның уақытын қалай ұрлайтыны жайлы ең танымал туындының бірі — Кэл Ньюпорттың "Deep Work" кітабы.

Бұл туындыда автор қазіргі заманғы интернет және әлеуметтік медиа дәуірінде адам санасы үнемі алаңдап, өнімділіктің төмендеуіне алып келетінін көрсетеді.

Ньюпорт әлемжелінің әрбір ескертуі, лайк немесе хабарлама адамның ойлау процесін бөлшектеп, шынайы фокусқа кедергі келтіретінін айтады.

"Алаңдаушылықтың құны". Ньюпорт тәжірибелер мен зерттеулер арқылы 📱 әлемжеліде өткізген әрбір 20 минуттың жұмыс өнімділігін 10-15%-ға төмендететінін дәлелдейді.

Себебі, әлемжелідегі хабарламаға жауап беріп, қайтадан жұмысқа оралған кезде миымызды қайта фокусқа келтіру уақыт алады. Бұл үздіксіз цикл фокусты жоғалтуға әкеліп соғады.


Сондай-ақ, Ньюпорт ұсынған бір қызықты тәсіл: "Детоксты күндер". Ол адамдарға айына кем дегенде бір күнді толықтай интернетсіз өткізіп көруді кеңес етеді.

Мұның көмегімен 🧠 миыңыздың шынайы демалып, жаңа идеялар мен шешімдерді ойлап табуға ашық болатынын түсінесіз.

Жақын күндері "Deep Work" кітабындағы негізгі идеяларды арнамызға жариялаймыз. Бізге тіркеле кетіңіз👇

https://t.me/kitapkz1


Мағауин - Аласапыран.pdf
22.4Mb
💬 Екі кітаптан тұратын «Аласапыран» романы – жазушы Мұхтар Мағауин шығармаларының ішіндегі орны бөлек, шоқтығы биік шығарма.

Әдебиет зерттеуші, жазушы Герольд Бельгер бір сөзінде Мағауин туралы «ішкі концепциясы мықты жазушы» дегені бар.


Оның шығармаларының қай-қайсынан да жазушының берік ұстанымы, телегей білімі аңғарылады. «Аласапыран» да сол қатарда.

❕ Роман-дилогияның бас кейіпкері – Ораз-Мұхамед сұлтан. Жазушы сұлтанның бастан кешкен оқиғасын баяндай отырып, XVI-XVII ғасырлардағы қазақ және орыс қоғамының шындығын бейнелейді. Ораз-Мұхаммед романда ұлттық қаһарман ретінде ғана емес, екі ел арасындағы алтын көпір тұрғысында көрінеді.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/kitapkz1/2505


Forward from: Dala Finance
🧮 Экономист Олжас Байділдинов бюджет тапшылығы мәселесін шешу үшін мемлекеттік субсидияларды қысқартуды ұсынады

"Мысалы, Алматыда қоғамдық көлік билетінің нақты құны - 310 теңгеден асады, ал белгіленген баға - 120 теңге. Айырманы бюджеттен төлейміз. 2024 жылы тасымалдараушыларды субсидиялауға 97,3 млрд теңге немесе шамамен 200 млн доллар бөлінген!!! Бұл дегеніңіз қып-қызыл, қырғын ақша! Ал бүкіл ел бойынша бұл цифр одан сайын зорайып шыға келеді: тиімсіз әрі ашықтығы күмәнді субсидияға жұмсалып жатқан бюджет ақшасы. Сондықтан бюджет тапшылығын жою үшін бірінші қолға алынуы керек нәрсе – осындай субсидиялар көлемін қысқарту", - дейді "Байдильдинов. Нефть" парақшасын жүргізуші, мұнай саласы бойынша сарапшы Олжас Байділдинов.


Қазақстан мен БАӘ мемлекеттік бюджеттерін салыстыра қарастырған желідегі жазбасында ол біздің ел арабтарға қарағанда 2,7 есе мемлекеттік бюджетке көп ақша жұмсайтынын айтады. Сонда неге бізде даму жоқ? Бұған ол былай жауап қатады:

"Біріншіден, мұндағы халық саны аз, жергілікті азаматтар 3 миллиондай (9,5 млн) ғана болады. Екіншіден, мұндағы біз көріп жүрген - Дубай, Әбу Даби және өзге де көз қызықтырар қалалар жекенің ақшасына салынған. 1980 жылдардан бастап БАӘ аймағына (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка) триллиондаған доллардың тікелей және жанама шетелдік инвестициялары келіп құйылып жатты, олардың көпшілігі БАӘ-ге бағытталады. Дубай Маринаны да мемлекет салған жоқ! Мемлекет тек инфрақұрылым түзіп, жағдай жасады, болды, қалғанының бәрі – тұрғын үйлер, сауда орталықтары, Blue Water Island жасанды аралы және т.б. әлемнің түкпір-түкпірінен келген сатып алушылардың қаражатына салынды. Сондықтан Дубай/Әмірліктер қанша мұнай өндіреді, бұл маңызды емес, бұл бір-бірін толықтыратын, бірақ бір-бірінен тәуелсіз екі бөлек дүние".


Сондай-ақ сарапшы мынандай қызық мысал келтіреді: қазан айында Дубайдың жылжымайтын мүлік нарығы тағы да рекорд орнатты - $16,7 млрд! Яғни, тек бір айда елдің жылдық мемлекеттік бюджетінің сомасына сай бастапқы және екінші деңгейдегі нарықтарда мәмілелер жасалған!

"Демек, БАӘ-ге өндірілген мұнайды сатудан түскен қаражаттан қарағанда инвестициялық ақша едәуір көп түседі. Осыны жақсылап түсініп алу керек", - дейді ол.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance

20 last posts shown.