Үйде жатпа!


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Оқы, ойла, дамы!
Үйде жатпайтын, тірлік жасағысы келетін, өсетін жастарға арналған.
• Мамандық алу немесе бизнесті ашу туралы әңгімелер #үйдежатпағандар
• Өмірде пайдалы кеңестер #қазынакеңес
• Қазақстанда бизнес қалай жасалды #көшпенділерэкономикасы

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

🎬"Біз екеуміз" комедиясы. Дарын әйелдің рөлін керемет сомдайтын талантты театр актеры. Бірақ қанша жерден мықты актер болса да, сахна сыртындағы өмірінде проблемасы көп. Жақын досы жоқ, туыстарының атынан кредит алған, таныстарының бәрінен қарыз алған лудоман. Кезекті спектакльден кейін қайтқан Дарынды үйінің алдынан қарызын сұрап Қанат күтіп алып, оны қорқытып ақшасын қазір қайтаруын сұрайды. Басты кейіпкер импровизациясының арқасында қарыз қайтаратын уақытты тағы бір күнге создырып алады. Көмек сұрайтын ешкімі қалмағандықтан, Дарын хэд хантингте жұмыс істейтін әпкесіне барады. Көмек беруден шаршаған әпкесі өз проблемаңды өзің шеш деп бас таратады. Тығылатын жер таппай әпкесінің журналынан “сиделка керек” деген заказдың номері мен адресін ұрлап кетеді. Басты рөлдерде: Дәурен Серғазин, Гүлназ Жоланова, Ерболат Әлқожа, Шерхан Пирназар, Шамшакүл Меңдияр.
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=uzViWuwHl6A

🎬"Laula" мотивациялық фильмі. Лаура - аңқау әрі сенгіш қыз. Оның бұл мінезі ата-анасынан дарыған. Олар өздерінің адалдығы мен аңқаулығының арқасында түрлі адамдардың опасыздығына тап болады. Ақшаның жетіспеушілігі, жұмыс тапшылығы. Ертең не киеміз, не жейміз? Жыртығымызды қалай жамаймыз? Бұл отбасының күнделікті уайымы - осы. Қиындықтарға шыдамаған Лаура үлкен шешім қабылдайды. Тіпті ол шешімі әкесі мен Лаураның арасында үлкен келіспеушілік тудырады. Өмірдің осындай ауыр сынақтарын Лаура жеңе алды ма? Оны күнде мазалайтын “Бақыт деген не өзі?” деген сұрақтың жауабын тапты ма? Әкесімен арасындағы келеңсіздікті қалай шешті? Басты рөлдерде: Лаура Лесбек, Амангелді Аққұлиев, Қылышбек Қасымбеков, Жәудір Сарыпбекова. Жас рейтингі: 16+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=a5U-lM3kKvI

🎬"По Фрейду" драмасы. Психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейд соңғы сессияларының бірінде ғаламның басты құпиясы туралы пікірталас жүргізу үшін “Нарния шежіресі” сериясының болашақ авторы Клайв Стейплс Льюиспен кездеседі. Басты рөлдерде: Энтони Хопкинс, Мэттью Гуд.
Жас рейтингі: 16+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=bP_lkCjuwvs

🎬"Город тайн: Исчезнувшая" триллері. Бес қыз корпоративтік тимбилдинг ұйымдастырып, тауға аттанады. Квест барысында олардың біреуі із-түзсіз жоғалып кетеді, ал басқалары бір нәрсені жасыратыны анық. Федералды агент Аарон Фальк жергілікті тергеуге көмекке келеді. Алайда ол мәселеге неғұрлым тереңірек үңілсе, соғұрлым үлкен түсініктер пайда болады. Басты рөлдерде: Эрик Бана, Анна Торв.
Жас рейтингі: 16+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=-T0KyXqAW_8

🎬"Падение империи" боевигі. Калифорния мен Техастың Ұлттық гвардиясы әскери техника мен ұшақтардың қолдауымен астанаға шабуыл жасайды. Ақ үй құлағалы тұр.
Басты рөлдерде: Кирстен Данст, Вагнер Моура.
Жас рейтингі: 16+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=MczFU2xe_P0

🎬"Эбигейл" қорқынышты фильмі. Қылмыскерлер тобы қылмыстық әлемнің белді мүшесінің 12 жастағы балерина қызын ұрлап кетеді. Жеке сарайда жасырынған олар қыздың ықпалды әкесі олардың басты проблемасынан алыс екенінен хабарсыз. Басты рөлдерде: Кэтрин Ньютон, Дэн Стивенс. Жас рейтингі: 21+
Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=3Pa7vunxz9k

🎬 "Паутина страха" қорқынышты фильмі. Калебу жәндіктерді жинап, оларды пәтерінде ұстайды. Бұл әдеті оның сүйіктісін ашуландырып, көршілерін қорқытады. Бір күні коллекциясында пілді бір тістеп өлтіре алатын ерекше өрмекші пайда болады. Басты рөлдерде: Тео Кристин, София Лезафр.
Жас рейтингі: 16+

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Emj71anUU-I

🎬"Собачья жизнь: Друзья навек" отбасылық мелодрамасы.Бір отбасы күтпеген жерден қиындыққа ұшыраған кезде, Кола есімді сүйкімді күшік көмекке келеді. Жаңа дос өмірге жаңа дем беріп, адамдарға шынайы сүйіспеншілік пен адалдықты үйрете алады. Басты рөлдерде: Ян Ни, тан Сунгюн.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=VKR3lzGD5JQ


Бүгін сағат 18:00-де әдеттегідей сіздер үшін кинотеатр билеттерінің ұтыс ойынын өткіземіз. Естеріңізге сала кетейік, бізде әдеттегідей 3 жеңімпаз болады.

Сондай-ақ, викторинаның барлық қатысушылары Instagram желісінде бізге жазылуы керек
https://instagram.com/uidezhatpa?utm_medium=copy_link

Ақпаратты біздің арнадан қадағалаңыз! Біз кейде қитұрқы сұрақтар қоямыз. Мұқият оқып отырыңыздар. Бәріңе сәттілік!
Құрметпен, Uide zhatpa командасы


🏛1735 жылы 19 сәуірде Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазір қала Ресейдің бір бөлігі болғанымен, біздің халқымыз үшін бұл қаланың тарихи маңызы зор. Мұнда 1913 жылы тұңғыш “Қазақ” газеті басылып шығарылды. Сонымен қатар 1917 жылы бірінші және екінші жалпықазақ съезі өтіп, нәтижесінде Қазақ ұлт-азаттық “Алаш” партиясы құрылып, Алаш Орда республикасы жарияланды. 1920-1925 жылдары Орынбор Қазақстанның астанасы болды. 1925 жылы Кеңес өкіметінің шешімімен Орынбор мен оның облысы Ресейге өтіп, астана Қызылорда қаласына көшірілді.

Тағы қай қала Қазақстанның астанасы болды?

🌸19 сәуірде бәйшешек күні аталып өтеді. Климаттық аймаққа байланысты бәйшешектің гүлденуі қаңтарда басталып, сәуірде аяқталады. Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы Англияда аталып өтті. Бүгінде ол халықаралық мәртебеге ие. Сондықтан әлемнің көптеген елінде ерекше қуанышпен тойланады.

Биыл бәйшешек теріп үлгердіңіз бе?


👨‍🏫1928 жылы 19 сәуірде ағылшын тіліндегі алғашқы Оксфорд сөздігі басылып шықты. Аталмыш сөздіктің бірінші басылымында 500 мыңға жуық сөз және 5 мыңнан астам автордың 20 мыңға жуық шығармасынан 2 млн-ға жуық дәйексөз болды. Оксфорд – халықаралық дәрежедегі ағылшын тіліндегі ең танымал әрі ең ірі академиялық сөздіктерінің бірі. Бүгінде ағылшын тілі 54 елдің ресми тілі болып есептеледі. Бұл тілде шамамен 1,5 миллиард адам сөйлейді. Өткен жылдың соңында Oxford Qazaq Dictionary алғашқы қазақ-ағылшын сөздігі жарыққа шыққанын атап өткен жөн. Осылайша, қазақ тілі әлемнің 100 маңызды әрі базалық тілдерінің сөздік құрамын біріктіретін жалпы жаһандық тілдік корпусқа енді.

👥19 сәуір - қос тұлғаның туған күні. Бүгін пианист, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова 67 жасқа толды. Ол 20 жылға жуық Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметін атқарды. Өнер иесінің бастамасымен “Классика” музыкалық агенттігі құрылды. Сонымен қатар ол бірнеше халықаралық жобаларды жүзеге асырды. Соның ішінде Францияда өткен “Kazakh Seasons” фестивалін, 18-ден астам елде ұйымдастырған концерттерін, 30-дан астам жарыққа шығарған компакт-дискілері мен Қазақстанның өнер иелері туралы түсірген 20-дан астам музыкалық фильмдерін атап өтуге болады. Сонымен қатар бүгін америкалық актриса, “Алтын глобус” сыйлығының иегері Кейт Хадсон 45 жас мерейтойын атап өтеді. Мансап жолында ол 30-дан астам фильмге түсті. Ал сән журналдары әртісті бірнеше мәрте әлемдегі ең әдемі әйел деп атады.

Сізге Кейт Хадсонның қандай фильмдері ұнайды?

#күнтізбе #19сәуір #бәйшешек #оксфорд


💡📰📰📰📰📰📰

Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

📆 Қазақстанда мамыр мерекесіне байланысты демалыс күні ресми түрде 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырылды.

Сәйкесінше қатарынан 3 күн демалыс болады екен👍

👨‍🏫 Астанада Жошы хан туралы жазылған тұңғыш тарихи романның таныстырылымы өтеді.

Кітап көрмесі 20 сәуір сағат 11.00-де Астанада өтеді екен😍 Сіз де тамашалап қайтыңыз!

✍️ Су тасқыны: азаматтар шығынды өтеу туралы өтінішті eGov mobile қосымшасында бере алады.

Жақындарыңызды құлағдар етіп қойыңыз!📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/demalys-tarih-egov-18-s-uirdi-top-zha-aly-tary/

#новости #жаңалықтар #елденеболды #тарих


💡💡💡💡💡💡💡

Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге қандай жеңілдіктер жасалады?

📌 Соңғы уақытта елде орын алған төтенше жағдайға байланысты су тасқынынан зардап шеккендерге түрлі көмек көрсетілетіні әрі бірқатар жеңілдік жасалатыны айтылып жатыр. Бүгін осы тақырыпқа тоқталып өтеміз.

📝 Қаржы министрінің "Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы" бұйрығы күшіне енді.

Құжат ТЖ режимі жарияланған өңірлердегі су тасқынынан зардап шеккен адамдардың салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін ұзартуға бағытталған.

Әкімдік су тасқынынан зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер келесі жеңілдіктерді пайдалана алады:

1️⃣ төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін кейінге қалдырылады;

2️⃣ 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімдері 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстырылады;

3️⃣ мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау 2024 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрады;

4️⃣ орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

Бұдан өзге, 2024 жылғы 1 шілдеге дейін салықтық тексерулер (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық тексерулер) тоқтатылды, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру және талап қою мерзімдеріне енгізілмейді.

#қазынакеңес


💡📆📆📆📆📆 18 сәуір

👨‍🏫2020 жылы 18 сәуірде Халықаралық Түркі академиясы көпшілікке ғылыми еңбектерін тегін оқуға мүмкіндік берді. Онлайн кітаптар қазақ, түрік, әзірбайжан, ағылшын, қырғыз, орыс, моңғол және басқа да туысқан халықтар тілінде жарыққа шықты. Олардың мазмұны түркі әлемінің тарихына, бай әдеби мұрасына, тарихи жазба ескерткіштері мен түркі тілдеріне қатысты зерттеулерге негізделген. Сонымен қатар еңбекте туысқан елдердің этнографиясы, фольклоры мен салт-дәстүрі қамтылған.

Кітаптарды мына сілтемеге өту арқылы таңдай аласыз: https://turkicacademy.org/kz/izdaniya/knigi/vse

👤18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл күннің мақсаты – әлемдік мәдени мұраны қорғау мен сақтауға қоғам назарын аудару. Қазіргі таңда “Мәдени және табиғи мұраны қорғау жөніндегі” дүниежүзілік конвенцияға - 175 мемлекет мүше. Ал 122 елде Дүниежүзілік 754 мұра нысаны ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. Оның бесеуі Қазақстанда орналасқан. Сонымен бірге осы тізімге Қазақстан аумағынан тағы 14 нысан енгізілуі мүмкін.

Ал сіз қазақтың қандай дүниежүзілік мұра ескерткіштерін білесіз?

✍️2013 жылдың 18 сәуірінде ғалым Сағымбек Алтайұлы "Өнертапқышты дамытуға қосқан үлесі үшін" Альфред Нобель атындағы медалімен марапатталды. Бұл марапат ұлттық экономикалық маңызы зор өнертабысты ойлап тапқан ғалымдарға беріледі. Профессор 25-тен астам патент пен авторлық куәлікке ие. Сонымен қатар кітап жазып, студенттерге сабақ береді.

Оқырмандарымыздың арасында Сағымбек Алтайұлының шәкірттері болса, мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

👐Сонымен қатар бүгін - Халықаралық жонглерлер күні. Бұл қызықты өнер түрі бірнеше мың жылдар бойы танымалдылығын жоғалтпай келеді. Ауаға ұшыратын шарлар, табақтар мен сақиналар - ең қызықты әрі ең танымал цирк нөмірлерінің бірі. Шеберлікті шыңдау арнайы жағдайды қажет етпейді. Осы сала маманы мұны кез келген жерде орындай алады.

Жонглерлікті үйренуге талпынысыңыз болды ма?

#күнтізбе #18сәуір #тарихиорын #жонглер


💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

🫷 Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады.

Заңға түзетулер енгізілген екен☝🏻

🤐 Қырғызстанда ТикТок бұғатталады.

Бізге де осы заң қажет пе? Қалай ойлайсыз?🤔

💡 Қазақстанда 18-20 сәуір аралығында +30°С дейін ыстық күтілуде.

Абай болыңыздар!📌

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/moped-tiktok-ysty-18-s-uirdi-top-zha-aly-tary/

#новости #жаңалықтар #елденеболды #мопед #күн


💡🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴🐴

Көшпенді қазақ экономикасы: Бай көпестердің қолды еткен тауарлары қандай?

⚫️ XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда-саттық жасауында аралық транзиттік маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті.

◽️ Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.

◽️ Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды.

◽️ Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.

◽️ Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды.

◽️Көпестердің саны да арта түсті.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.

◽️Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және Орта Азия көпестері айналысты. Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді.

Сонымен қатар жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін.

◽️ Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.

#көшпенділерэкономикасы


💡📆📆📆📆📆 17 сәуір

🔥17 сәуірде Қазақстанда өртке қарсы қызмет күні аталып өтеді. Бұл маман иелері бастарын әрдайым бәйгеге тігіп, өзінен бұрын өзгенің өмірін сақтап қалуға атсалысады. Соның жарқын мысалы ретінде 2006 жылы Астанадағы Transport Tower (“Оттық”) зәулім ғимаратын, 2022 жылы Қостанай облысындағы және өткен жылы Абай ауданында болған орман өртін еске түсіруге болады. Осы оқиғалар орын алған уақытта өрт сөндірушілеріміз аянбай еңбек етті.

Таныстарыңыздың арасында өрт сөндірушілер болса, оларды мерекесімен құттықтауды ұмытпаңыз!

💊17 сәуір – Дүниежүзілік гемофилиямен күрес күні. Қанның ұю процесінің бұзылуынан пайда болатын ауыр генетикалық ауруды кейде “патшалық” немесе “патшайымдық” ауру деп те атайды. Мәселен, Ұлыбритания патшайымы Викторияның Х хромосомасындағы бір гені мутацияға ұшыраған екен. Оның тоғыз баласы болды. Сәйкесінше гемофилия Еуропадағы басқа да патша үйлеріне тарады. Көп жағдайда аталмыш дертке шалдыққан науқастар арнайы терапиядан өтпесе, мүгедектікке душар болып, ұзақ өмір сүру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Бүгінде әлемде гемофилиямен ауыратын 400 мыңнан астам науқас бар. Ал оның 800-ден астамы қазақстандықтар.

☕️17 сәуір - Халықаралық эспрессо кофесі күні. Оның тарихы 1938 жылы итальяндық Ахил Гаджия кофеқайнатқыштарды өндіруге алғаш рет патент алған кезде басталды. Нәтижесінде осы қуаттандыратын сусын пайда болды. Эспрессоның құрамында кәдімгі кофеге қарағанда кофеин аз кездесетін көрінеді. Сонымен қатар ғалымдар эспрессо - жүрек ауруы мен ұйқы безінің қатерлі ісігінің қаупін азайтатынын анықтады. Есте сақтаңыз, күніне 8 шынаяқ эспрессо ішу қауіпті болғандықтан, тек 2-3 мәрте тұтынған жөн.

Сізге кофенің қай түрі ұнайды?

✍️Бүгін поэзия сүйер қауым “Хокку” күнін атап өтеді. Қазіргі таңда бұл жанр әлем бойынша кең етек жайды. Күншығыс елінде хокку ғасырлар бойы жалғасып келеді. Ол әдет-ғұрыпқа негізделген әндер мен аңыздар сияқты халықтың үлкен өнертабысы болып тұр.
Бір кездері жанрдың тұтас негізін қалаған әрі оның канондарын анықтаған Мацуо Башоның шығармалары ғана жоғары танымалдылыққа ие болды. Алайда Жапония мен әлемнің басқа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да осы жанрды жазатын дарынды авторлар көп.

Сізге қайсы көбірек ұнайды, хокку немесе рубаи?

#күнтізбе #17сәуір #поэзия #кофе


💡📰📰📰📰📰📰

Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

🌤 Қазақстандағы ең лас қалалар тізімінде Астана мен Алматы көш бастап тұр.

Маманның айтуынша, автокөліктен шығатын шығарындылардың көптігінен ауа ластанып отыр.☝🏻

✍️ Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар жаңа тәсілмен көмек алуға өтініш бере алады.

Еңбек министрлігі өтінім беру реттілігін түсіндіріп өтіпті.📌

🗣 Қызғалдақ терген қазақстандық қызға миллиондаған теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Абай болыңыздаршы!🙌🏻

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/ajypp-l-ala-k-mek-16-s-uirdi-top-zha-aly-tary/

#новости #жаңалықтар #елденеболды #ласқала


💡💡💡💡💡💡💡

“Фэн-шуй” ілімі адам өміріне қалай әсер етеді?

☝🏻 Жақында халықаралық фэн-шуй күні аталып өтті. Осы тұста, көпшіліктің сұранысы бойынша аталмыш ілім туралы толық ақпарат беруді жөн санадық. Жалпы, “Фэн-шуй” адамды сыртқы әлеммен үйлесімді өмір сүруге үйрететін ежелгі даосизм ілімі. “Фэн” - “жел”, ал “шуй” - ағындар деген мағынаны білдіреді.

📌 Бұл тәжірибенің негізі - адам мен табиғат арасындағы энергия алмасудағы тепе-теңдікті сақтау. Ілімнің қалыптасуы 3500 жылдан асады.

⚫️ Фэншуй әдісі ғылыми түрде дәлелденбесе де, оны жақтаушылар киім, тамақ, баспана және көлікте маңызды фактор деп санайды. Мысалы, көптеген қытайлық үйлеріне жөндеу жұмысын жүргізгенде фэн-шуй ілімін ескереді.

📌 Ендеше фэн-шуйдағы кеңестерге тоқталып өтейік.

✔️Жатын бөлмеге айна қоймаңыз

Бұл ілім бойынша жатын бөлмедегі айна әйел мен еркек энергиясы, яғни инь мен янь арасында кедергі тудырады. Егер ұйқыдағы адам айнаға қарап жатса, бұл қарым-қатынастағы қиындыққа әкелуі мүмкін. Сол себепті айнаның тұруы түрлі келеңсіздікке жол ашады деген түсінікке келеді.

✔️Үйді таза ұстаңыз

Фен-шуйдің басты ережелерінің бірі - үйді жинау арқылы ой-сананы қалыпқа келтіру. Себебі шашылып жатқан заттар арасында өмір энергиясы қозғалыссыз болады. Сәйкесінше ол дамымай, теріс күшке айналады. Айналаңыздағы хаос ішіңізде бейберекеттікті тудырады. Жиналмаған ас үй байлықты қашырады, кір ванна сәттіліктен алыстатады, шашылған кіреберіс ішкі жан-дүниеге тыныштық бермей, кір қонақ бөлме жалғыздыққа әкеледі. Өмірдегі кез келген қиындықты шешпес бұрын, үйіңізді жинап, реттеген жөн.

✔️Жатын бөлмеге техникалық зат қоймаңыз

Мұның тағы да бір ережесі - жатын бөлмеге техника қойылмағаны дұрыс. Ұйықтайтын жерде әйел, яғни инь энергиясы басым болуы тиіс. Ашық түстер, жайлы жарықтандыру, жұмсақ төсек-орын. Ал компьютер, теледидар, телефон сынды техника бұйымдарында янь энергиясы басым. Ол сізге жұмыс күнінен кейін күшті толыққанды қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді. 

✔️ Үйге таза ауа мен күн көзін кіргізіңіз

Үйді жиі желдету жағымды ци энергиясының келуіне әсер етеді, өміріңізге гармония әкеледі делінген фен-шүй ережелерінде.

✔️Ескі әмияннан бас тартыңыз

Әяминнің ескі не сізге дейін қолданылған болуы теріс энергия шақырады. Сол себепті, ең әуелі, ішіне емес әмияннің өзінің сапасына мән берген жөн. Ақшаны өзіңізге тарту үшін оған осы іліммен ерекше ілтипат көрсетіңіз.

#қазынакеңес


💡📆📆📆📆📆 16 сәуір

🦻16 сәуір - Дүниежүзілік дауыс күні. Аталмыш күн дауыс құбылысына әрі оның адам өміріндегі ерекше рөліне назар аударуға шақырады. Оның көмегімен адамдар өз ойын және сезімін білдіріп, басқалармен қарым-қатынас құрады. Дауыстың маңыздылығын түсіну үшін қазіргі таңда тыныштықта бір сағат сөйлемей, проблемаларды шешу ұсынылады.

Бүгін бір сағат үнсіздікте қала аласыз ба?

✍️2019 жылы 16 сәуірде экстремалды күш бойынша қазақстандық рекордсмен Сергей Цырульников Vortex Sport Battle 7 турнирінде Ресейдегі ең мықты адамды жеңді. Сергей күш саны бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннестің рекордтар кітабының және алты дүркін ел рекордшысы атанды. Қазақстанның күш мәдениетін көрсету мақсатында ол жиі шетелге шығады. “Қазақ палуаны” ауылдарда ашық жаттығуларды және ынталандыру кездесулерін өткізу үшін “Ауылдағы спорт” қозғалысын құрды. 2021 жылы оның командасы 48 ауылды аралады.

Сергейдің қандай жазбаларын білесіз?

🗣2020 жылдың 16 сәуірінде қазақ жазушысы Баянғали Әлімжановтың “A Hundred Years on the Steppe” (“Жүз жылдық толғау”) шығармасы Ұлыбританияда танымал болып, ағылшынның атақты Hertfordshire Press баспасында жарық көрді. Бұл кітаптың шығуы ағылшын тілді қоғамды Қазақстан мәдениетімен және оның тарихымен таныстырудағы маңызды қадам болды. Hertfordshire Press баспасы бұл жағынан ерекше, себебі ол Қазақстанның 50-ден астам кітабын шығарған.

👥16 сәуірде өмірге келген атақты адамдар. 135 жыл бұрын дыбыссыз кино актері Чарли Чаплин (1889-1977) дүниеге келді. Оның сыртқы келбеті, яғни қара мұрты, үлкен қалпағы және қолына таяқ ұстаған бейнесі әлі күнге дейін халық арасында сөз болып, ел есінде сақтаулы. Өнер иесі 3 дүркін “Оскар” сыйлығының иегері атанды. Сонымен қатар 100 жылдағы “үздік 100 кино жұлдыздарының” тізіміне енді. Бүгін қазақ әншісі әрі сазгер Марат Омаров 65 жасқа толды. Ол көптеген халықаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты. Сонымен бірге халық сүйіп тыңдайтын көптеген әннің авторы. 2020 жылы әлемдік челленджге қосылып, “Коронавирус, кет, кет, кет!” атты көңілді әнін жарыққа шығарды.

Сізге Марат Омаровтың қай әні ұнайды?

#күнтізбе #16сәуір #дауыс #жазба


💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

🎬 "Қыз Жібек" фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады.

Көрсетілімнен түскен қаржы қайырымдылыққа жұмасалады екен.👍 Сіз тамашалауға бардыңыз ба?

💪 Грек-рим күресінен Ержет Жарылқасын Азия чемпионы атанды.

Жеңіс құтты болсын!👏🏻🔥

😎 Президент тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қол қойды.

Елімізде әйелдер мен балалардың құқығы заң тұрғысынан қорғалатын болды🙌🏻

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/za-film-chempion-15-s-uirdi-top-zha-aly-tary/

#новости #жаңалықтар #елденеболды #президент #Қызжібек


💡😎😎😎😎😎

Әлемдік нарықта 90 жылдық тәжірибесі бар Toyota компаниясының жетістік құпиясы

⚫️ Toyota Motor Corporation – жапондық ірі авто өндіруші. Штаб-пәтері Жапониядағы Тойота қаласында орналасқан. Бүгінде автокөлік сатылымы бойынша алғашқы орынды иеленеді. Нақтырақ айтсақ, жылына 5,5 миллион көлік шығарады. Бұл шамамен әр алты секунд сайын 1 көліктен келеді. 2002 жылы Тойота компаниясы алғаш рет  Formula 1 көліктер бәйгесінде төбе көрсетті.

◼️Тарихы қалай басталды?

Компания 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ-қа машина өнеркәсібімен танысуға сапарға аттанады. 1930 жылы компания иесі Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода америкалық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды.

📌 Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды.

📌 Компанияға неліктен Тойота атауы берілді?

Toyota Motor Co 1937 жылы өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді.

☝🏻Компанияны құрушының тегі “Тойода” болып аталатынына қарамастан, компанияға “Тойота” аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған “Тоёта” атауы дәл 8 сызықтан тұрады.

⚫️ Екінші дүниежүзілік соғыстың компанияға әсері

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылықтан Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңай нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреуінің ойынша соғыстың жылдам аяқталғаны Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды.

Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950 жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. 1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды.

Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы “Тойота” маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс 1963 жылы Аустралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды.
2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық келеңсіздікке ұшырады. Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді.

📌 Toyota Production System компания менеджментінің жетістікке жетудегі 14 қағидасы

✔️Қысқа мерзімді қаржылық келеңсіздікке қарамастан, басқарма шешімін ұзақ мерзімге қабылдау.
✔️Үзілмейтін ағым процессі түпкі мәселені шешуге көмектеседі.
✔️Қайта шығаруды болдырмау үшін “Тартылу” сұлбасын пайдалан. Тұтынушы қажетті сұрансын өз мерзімінде және өзінің қажетті санында алу үшін, өндіріс жұмысын сапалы ұйымдастыруды қажет етеді.
✔️Жұмыс көлемін түзе. Дұрыс, үнемді өндірісті құру және сапалы қызмет көрсету үшін - түскен тапсырысқа қарамастан өндіріс графигін дұрыс құру қажет.
✔️Сапа қажет етсе, өндірісті тоқтат.
✔️Стандартты есептер мен қызметкерлердің толық өкілеттілігі тоқтаусыз кемелдену негізі.
✔️Бір де бір мәселе байқаусыз қалмау үшін бақылау жасап тұр.
✔️Сенімді, сынақтан өткен технологияны пайдалан.
✔️Өз ісін толық меңгерген және де басқаларға да үйретеді деген оймен көшбасшыларды тәрбиеле.
✔️Өз серіктестерің мен мердігерлерді сыйла, оларға қиын сауал қой және орындалуына көмектес.
✔️Жағдайды шешкің келсе, оған өз көзіңмен қара .
✔️Барлық жағдайды ойлап, өлшеп барып шешім қабылда.
✔️Өз компанияңды талмай үйренуші жетілген және қорытынды жасалған ұйымға айналдыр.
✔️Қажырлы еңбек - бәрін жеңбек.

#мотивация


💡📆📆📆📆📆15 сәуір

💞15 сәуірде “Ұлттық ғашықтар күні”тойланады. Бұл мереке Шығыс Қазақстан облысы Тарлаулы ауылының маңында кесенесі орналасқан “Қозы Көрпеш - Баян сұлу күні” деп те аталады. Жастарды салт-дәстүрге баулу мақсатында ғашықтардың ұлттық мерекесін атап өту бастамасы 2011 жылы көтерілді. Осылайша алматылық студенттер аспанға үш мыңнан астам қағаз шамдарды ұшыру арқылы мерекені тойлау дәстүрінің негізін қалады.

Сіз бұл күнді қалай атап өтесіз?


👨‍🏫15 сәуірде халықаралық экологиялық білім күні аталып өтеді. Бұл күннің басты мақсаты – әлем тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақты табиғат пен оның ресурстарына құрметпен қарауға шақырады. Иә, Қазақстанда да бұрынғы ядролық полигондар, Арал теңізінің құрғауы, ірі қалалардағы ауаның ластануы, өзен-көлдердің тайыздануы, ауыл шаруашылығы жерлерінің шөлейттенуі және т.б. сияқты күрделі экологиялық проблемалар бар. Егер әр адам тек қара басының қамын ойлайтын болса, онда аталмыш мәселелерлі шешу мүмкін болмайды.

Сіз осындай бастамаларды қолдайсыз ба?

🎨Бүгін - Дүниежүзілік өнер күні. Аталмыш мереке кездейсоқ таңдалмады. Нақтырақ айтсақ, 1452 жылы 15 сәуірде дүниеге келген атақты итальяндық суретші Леонардо да Винчидің құрметіне орай белгіленген. Мұны Халықаралық өнер қауымдастығы бейбітшіліктің, көркем ой еркіндігінің және өзін-өзі көрсетудің символы деп жариялады. Әдетте, бұл күні ашық аспан астында көрмелер, конференциялар және мұражай сағаттары өткізіледі. Өнер күнін тойлау идеясын “Google Art Project” жобасы қолдады. Олар адамдарға интернет арқылы жоғары сападағы өнер туындыларына қол жеткізу мүмкіндігін ұсынды.

Сағат 11:00-де қандай көрмені тегін тамашалауға болатынын хабарлаймыз.

💪1395 жылы 15 сәуірде кавказдық Терек өзенінің жағасында Темірлан жасағы мен Алтын Орда ханы Тоқтамыс арасында үлкен шайқас болды. Темірлан 150 000 әскерімен, Тоқтамыстың 180 000 сарбазына қарсы шықты. ХІV ғасырдағы ең ірі шайқас Тоқтамыстың толық жеңілуімен аяқталды. Сондай-ақ бұл оқиғаның Алтын Орда үшін апатты салдары болды. Орыс князьдері 1480 жылға дейін салық төлеген алып әрі күшті мемлекет ыдырап, құлдырай бастады.

#күнтізбе #15сәуір #ғашықтар #өнер


💡📆📆📆📆📆14 сәуір

💪14 сәуірде өршіл мақсат қоюға итермелейтін “Үлкен нәрсеге қол жеткізу күні” аталып өтеді. Әрине, кез келген жан үшін жаңа нәрсеге ұмтылып, тәуекел етудің орнына жайлылық аймақта болу ыңғайлы. Алайда бұл қарқынмен мақсатқа жету мүмкін емес. Егер тағдырдың күтпеген өзгерісіне әлі де дайын болмасаңыз, кішкентай қадамдардан бастауыңызға болады. Жасаған әрекетіңіз сіз ойлағандай нәтижесін бермесе, көңіл күйіңіз түсіп, салыңыз суға кетпесін. Тек өткен жағдайға шолу жасап, алға жылжуыңызды тоқтатпаңыз!

Баршаңыздың жаңа бастамаларыңыз бен кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз!


👀Бүгін “Аспанға қара” атты тағы бір қызықты күн аталып өтеді. Сәуір айының ортасына қарай, жерге қауіпсіз метеорлық жауын-шашын Лирид шамадан тыс көп түседі. Сонымен қатар осы уақытта кез келген адам бақылауға мүмкіндік алатын басқа да астрономиялық құбылыстар орын алады. Табиғат сұлулығын тамашалау үшін смартфон мен басқа да гаджеттеріңізді сөндіріп, әлем туралы білім көкжиегіңізді кеңейтуге тырысыңыз.

Жұлдыздарды тамашалаған ұнай ма?

🗣14 сәуірде Кореяда “Қара күн” тойланады. Аталмыш мерекені бойдақтар Әулие Валентин күнінен кейін тойлауды әдетке айналдырған. Оңтүстік Кореяда қыз бен жігіттер бір-біріне сыйлық тарту ететін екі мереке бар. Бірі - Әулие Валентин күні (14 ақпан). Бұл мерекеде әйелдер ер адамдарға сыйлық жасайды. Екіншісі - Ақ күн (14 наурыз). Аталымыш күні ерлер қауымы керісінше әйел адамдарды сыйлықпен қуантады. Ал “Қара күн” қос мерекеде де сыйлық алмаған жандарға арналады. Әдетте, бұл күні бойдақтар қара киімдерін киіп, бас қосады. Осылайша барлығы қара соя пастасы қосылған кеспемен тамақтанады.

Ал сіз Әулие Валентин күнінде сыйлық алдыңыз ба?

👥14 сәуірде дүниеге келген атақты тұлғалар. 113 жыл бұрын қазақ әдебиетінің сыншысы, жазушы Белгібай Шалабаев (1911-1990) өмірге келді. Ол “Әдебиет майданы”, “Жекпе-жек” әңгімелерінің, “Өмірде не болмайды” повестер мен фельетондар жинағының авторы. Сонымен бірге “Қазақ әдебиеті тарихының” бірінші томын жазған. “Қазақ прозасының тарихы”, “Әйел кейіпкерінің сюжеті”, “Қазақ романының тарихы” монографияларының авторы. Бүгін америкалық актер және продюсер Эдриен Броди 51 жасқа толды. 29 жасында ол “Оскар” сыйлығын жеңіп, тарихта беделді марапатты иеленген ең жас актер атанды. Өнер иесі көпшілікке “Кинг Конг”, “Пианист” және “Күрте” фильмдеріндегі рөлдері арқылы танымал. Астероидтардың біріне өнер иесінің есімі берілген.

#күнтізбе #14сәуір #қаракүн #жетістік

2k 0 0 28 14

💡🎞🎞🎞🎞🎞

Бүгінгі кино шолуымыз “Оттегі” атты драма фильміне арналады.

Жіберіп алмаңыз!

Осындай қызықты контенттің тұрақты түрде шығып отыруы үшін лайк басып, пікір қалдырып, қолдау көрсетіңіз❤

https://youtube.com/shorts/CfCrlk13blc

#драма #оттегі #больной #қазақстан #жұлдыздар #рак #кино #актер #үйдежатпа #тюрьма #детскийдом #фильм #время


💡🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎬🎞

Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз.

АЛМАТЫ:

🎨Қазақ фотосуретшілерінің “Өмірлік бақылаулар” көрмесі

Олардың көзқарасы бойынша әрбір кадр жеке өнер туындысына айналып, көрерменді өздері түсірген эмоциялар мен тәжірибелер әлеміне енуге шақырады. Көрмеге барған кезде авторлар таңдаған композицияға, ракурс пен жарыққа назар аударуға тырысыңыз.

Орналасқан жері: Efes Art Space, ш / а. Керемет 3/1
Күні:13 және 14 сәуір, 10: 00-18: 00

🎭"ХХ ғасырдағы Қазақстанның өнер жұлдыздары" көрмесі

Мұнда қазақ өнерінің тарихымен танысып, оның бай мұрасы туралы ақпаратқа куә боласыз. Сонымен бірге танымал қазақ суретшілерінің шығармашылығымен таныса аласыз.

Орналасқан жері: Ular gallery, Панфилов көшесі, 92 (интерком 77)
Күні: 13 сәуір, 12:00-18:00

🎬Қысқа метражды фильмдердің авторлық көрсетілімі

Бағдарламада: Шәмшат Ұланова "Жоқтау", Виктория Шегай – "Көзге көрінбейтіндер", Дарина Манапова – "Прима", Анна Зацаринна, Максим Царенный – Synumeru, Аружан Досымқожа – "Әлия". Фильмдерді тамашалағаннан кейін режиссерлер өз жұмысын көрермендермен талқылайды.

Орналасқан жері: Bult, Гагарин даңғылы 83
Күні: 14 сәуір, 14:00

🧳Молдақұл Нарымбетовтың Takyr Krakelur жеке көрмесі

Көрме соңы бақытсыз аяқталатын саяхат жайлы, уақыт өте келе суреттердің түрлі-түсті қабатында пайда болатын жарықтар туралы және олардың кептірілген саз топыраққа біртүрлі көрнекі ұқсастығы туралы баяндайды.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні:13 және 14 сәуір, 12: 00-20: 00

👤Артем Утровтың (Out of) Control жеке көрмесі

Көрменің негізін перформативті тәжірибеден шыққан бейнежазбалар мен фотосуреттер құрайды. Суретші уақыт, дене, күй және олардың өзара байланысы туралы түсінікті зерттейді.

Жас санаты: 18+
13 сәуір сағат 13:00-де автор дәріс оқиды.

Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8
Күні: 13 және 14 сәуір, 11:00-20:00

🤗B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен таныса отырып, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін білетін боласыз.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А
Күні:13 және 14 сәуір, 11: 00-19: 00


АСТАНА:

👍Cycle түркі заманауи бейнелеу өнері көрмесі

Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстарын тамашалай аласыз. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 13 және 14 сәуір, 10:00 - 20:00

👄Юрий Гагариннің 90 жылдығына арналған “Кеттік!” көрмесі (Әңгіме - Байқоңыр туралы)

Көрмеге танымал қазақстандық және ресейлік суретшілердің туындылары, ғарышта түсірілген сирек фотосуреттер мен бейнематериалдар қойылады.

Орны: Орыс үйі, Достық, 18 көшесі
Күні: 13 сәуір, 12:00-20:00

✍️Австриялық суретші Вилли Кемпельдің "Шексіздік" көрмесі

Кіру тегін. Бірақ осында көрсетілген телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелесіз: +7 778 708 9116.

Орны: Has Sanat галереясы, Қонаев көшесі, 14 д
Күні:13 сәуір, 10:00 - 19:00


Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!


💡📆📆📆📆📆 13 сәуір

🙏13 сәуір - Халықаралық өсімдіктерге алғыс айту күні. Олардың әралуандығы мен әдемілігі адамдарға эстетикалық ләззат сыйлайды. Өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегі бөліп шығарады. Яғни, жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен - эгергияны, ал топырақтан - су мен минералды тұздарды алады. Сонымен қатар ғалымдар өсімдіктердің адам психикасына оң әсер ететінін де алға тартады.

Ал сіз үй жағдайында қандай өсімдік түрін өсіресіз?

🦻Бүгін музыка әуесқойлары дүниежүзілік рок-н-ролл күнін атап өтеді. 1954 жылы 13 сәуірде америкалық музыкант Билл Хейли осы стильде дүниежүзілік хитке айналған “Clock Around the Clock” әнін жазды. Музыканың жаңа түрі адам өміріндегі барлық шекара мен кедергілерді жойып, түрлі нәсілдік наным-сенімді оңай жеңді. Қазіргі таңда рок-н-ролл бір толқындағы жандарды жинау үрдісін әлі де жалғастыруда. Сонымен қатар әлемдегі ойын-сауық орындары рок-н-ролл стилінде қызықты кештер өткізіп тұрады.

Сізге қазақтың қандай рок топтары ұнайды?

🧠Сонымен бірге бүгін функционалдық неврологиялық бұзылулардың халықаралық күні аталып өтеді. Бұл күннің мақсаты - зардап шеккен адамдарға қолдау көрсетіп, осы аурудың алдын алуға шақырып, емдеу бойынша зерттеулерді жетілдіру. Аталмыш ауруға шалдыққан науқаста әлсіздік, қозғалыстың бұзылуы, естен тану сияқты неврологиялық белгілер пайда болады. Дәрігерлер бұл аурудың шешімін әлі таппады. Сондықтан әзірге емдік жолдары қарастырылмаған. Себебі мұндай жағдайда науқастың миы қалыпты, алайда дұрыс жұмыс істемейтінін алға тартады.

👥13 сәуір - қос тұлғаның туған күні. 216 жыл бұрын итальяндық ғалым, телефонды ойлап тапқан Антонио Меуччи (1808-1889) дүниеге келді. Көзі тірісінде ол телефонды ойлап табу құқығы бойынша патентті ұзартпау себебінен, Александр Беллмен болған сотта жеңіліске ұшырады. Қуанышқа орай, 2002 жылы АҚШ Конгресі Антонионы нағыз телефон өнертапқышы ретінде ресми түрде мойындады. Сонымен қатар бүгін тарихтағы ұлы шахматшылардың бірі Гарри Каспаров 61 жасқа толды. Әлемнің 13-ші чемпионы 11 мәрте әлемнің ең үздік шахматшысы атанды. Сондай-ақ 1985-2006 жылдар аралығында екі қысқа үзіліспен ФИДЕ рейтингінде көш бастады. Қазір ол саяси қызметке белсене араласады.

Сіз қазақ шахматшыларының арасында кімнің жанкүйерісіз?

#күнтізбе #13сәуір #рокнролл #шахмат


💡📰📰📰📰📰📰

Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

🗣 Енді Қазақстанда әскери билет талап етілмейді.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери билеттің цифрлық форматқа ауыстырыланын мәлімдеді.📌

👀 Келесі жылдан бастап Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код жүйесі іске қосылады.

Жақсы болған екен🔥

😳 Мектеп оқулықтары 100 пайыз цифрлық форматқа көшірілді.

Балалардың жүгі жеңілдейтін болыпты.👍

👇Толығырақ сайттан оқыңыз👇

https://zhatpa.kz/kyn-zhanalyktary/bank-mektep-bilet-12-s-uirdi-top-zha-aly-tary/

#новости #жаңалықтар #елденеболды #мектеп #банк

20 last posts shown.