Бірақ журналист те дәрігер сияқты, ол да өзінің тексерген ісіне диагноз қояды, операция жасайды – кемшіліктен құтылудың жөнін көрсетеді. Дәрігер операцияны адамның тәніне, журналист жанына жасайды. Теріс диагнозбен жанға жасалған операция адамды өмір бойы мүгедек етеді, сөйтіп оны баспасөзге деген сенімнен айырады, оған өштестіреді. Бұл жалпақ жұртқа жария болады. Ал тәнге жасалған операция теріс болса, адам өледі, ештеңені білмейді, ешкімге айта алмайды. Өлген адам тіріге қорқынышты емес. Екеуінің тағы бір айырмашылығы – дәрігер адамның бойынан ауру тапқанда оған жаны ашығанын айқын аңғартпайды, ішінде сақтайды; журналистің әр адамның бойынан кемшілік көрген сайын жаны ауырады, «бұл сорлы мұндай кесірге қайдан тап болды екен?» деп, өз-өзінен қиналады.
Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
https://t.me/kitapuzindisi
Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»
https://t.me/kitapuzindisi