Кітап үзіндісі


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


📚 Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма?
Бұл арнада сондай үзінділер беріледі.
💌 Арнаға қатысты ұсыныс/сұрақтар: @Oqymysty_bot

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


– ... Сен ол жерлерде болып па едің?
– Жоқ, болғам жоқ.
– Соның бәрін жалғыз араладым, – деп Мидори «Том Коллинзді» жұтып жіберді де, жаңғақ аршыды. – Аралап жүріп сені ойладым. Сен қасымда болғанда ғой деп армандадым да қойдым.
– Неге?
– Негесі қалай? – деп Мидори маған аңтарыла қарады.
– Мені неге ойладың дегенім ғой.
– Өйткені маған ұнайсың. Адам адамды себепсізден себепсіз іздемейтін шығар енді? Жақсы көрген адамын ғана іздейді.

📚Харуки Мураками «Норвег орманы»


Жолдастық − алдымен екі адамның бір-біріне деген адалдығы. Адалдықсыз жолдастық та, достық та болмайды. Ал адалдық деген – рухани тазалық. Онсыз сен жолдасын үшін майданда да жан бере алмайсың. Оның қатесін жаның ашып көре алмайсың, оған шын жүректен жәрдем ете алмайсың.

📚Ілияс Есенберлин «Махаббат мейрамы»


Сен тұратын қалаға қар түсті ме,
Былтырғыдан жауған қар зор түсті ме?
Енді көктем келместей... 
...көрместей боп,
Қармен бірге ішіңе зар түсті ме?

Ерлан Жүніс


Дүниенің дүние болып дөңгеленіп тұруы – қанағатта. Бірақ көп адамдар қанағатты білмейді. Содан да барып қазақтар: «Кедей байға жетсем дейді, бай Құдайға жетсем дейді» деген мақал шығарған. «Қанағат қарын тойдырады, қанағатсыз жалғыз атын сойғызады» дегенді де қазекем айтқан. Қанағатсыз жан Құдайдың мансабын армандайды.

📚Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе»


Ұйқым тыныш болсын десең, арың таза болсын.

📔Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе»


 – Бізді Құдай жер бетіне періште кейпінде жіберіп еді, біз оған күнә жасауға қабілетті бейнемізбен ораламыз. Біздің кейбіріміз ғана кірлетіп алған жанымызға жанымыз ашып, тазарғымыз келіп, ар азабын тартамыз. Кейбіріміз  өмірге құдды күнә жасау үшін келгендей өзімізді ешқашан өзгерткіміз келмейді. Ізгілік жасап, айналасына имани-нұрын шашып жүретін жандарды  біріміз қабылдасақ, біріміз қабылдай алмаймыз. Себебі, олар бізге ұқсамайды, олардың болмысын өз танымымыз тұрғысынан ғана бағалай аламыз. Көпшілігіміз өзгелердің  пікіріне тәуелдіміз, егер біреу біз туралы теріс пікірде болса, жанымыз жараланып, өмірден түңіліп кетеміз. Шын мәнінде, біздің кім екенімізді, қандай адам екенімізді Құдайдан басқа ешкім білмейді. Біреудің тағдырын талқылап отырып,  моральдық вампирдің рөлін ойнаймыз. Ол адамның жүйкесіне салмақ түсіріп, оны депрессияға түсіретінімізді, тіпті өзіне қолжұмсауға (Құдай сақтасын) итермелейтінімізді пайымдай да алмаймыз. Өз-өзіне қолжұмсап өлетін адамдардың көпшілігі жұрттың сөзінен қорқып, өз өміріне үкім оқиды. «Сұмдық қадамға барыпты, өзін-өзі өлтіріпті» дейміз сосын, «өзін-өзі өлтіру – үлкен күнә» дейміз данышпансып. Өзіміздің адам өлтіруші екенімізді, оның сондай қадамға баруына мәжбүр еткенімізді мойындағымыз келмейді. Демек, өзін-өзі өлтіргендердің күнәсі біздің де мойнымызда екенін, Құдайдың алдында біздің де жауап беретінімізді әсте ұмытуға болмайды.

📚Аягүл Мантай «Уақыттың көз жасы»


Кітап дүниені өзгертпейді. Бірақ, жетім көңіл жалғыздықта оны өзіне медет тұтады.

📚Дидар Амантай «Гүлдер мен кітаптар»


Өмірге сен не сыйладың?
Не бердің?
Биiктiгi қандай шыққан төбеңнiң?

🪶Темірхан Медетбек


Біреуге сүйікті болу үшін өзің де сүйе біл!

📚Сәуле Досжан «Мыңжылдық махаббат»




Қатыгез боп барамын күннен-күнге
не болды осы, шынымен бұл менмін бе?

🪶Фариза Оңғарсынова


Біздер жалпы қызықпыз: әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз. Жоқ, меніңше, өлім – өмірдің өзі! Адамды ауыртатын да, өлтіретін де сол өмір! Ол тек құжаттарда ғана өлім деп қол қояды. Өлімнен қорқатын ештеңесі жоқ. Өмірден қорық! Тіршілікке тереңірек үңілсеңіз, менің осы сөзімнің растығына біраз көзіңіз жетеді.

📚Қадыр Мырза Әлі «Жазмыш»


Сенің өкпең тарқамайды екен деп,
Өмір күтіп тұра ма?

🪶Дәурен Берікқажыұлы


Адам қайғыда да әділетті болуы керек.

📚Ілияс Есенберлин «Махаббат мейрамы»


Сыртқы түр – перде. Ішін айт. Жүрегі қалай соғады, бүйрегі кімге бұрады – соған қара. Ойын айт, пиғылын айт.

📚Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

4.5k 0 48 1 128

Бiлмеймiн, баста берместi неге сұрағам,
Жан-жағым түгел шытырман жолдар шұбаған.
Алысқа қарап отырам сосын күн салып
Келердей қайтып келмеске кеткен... бiр адам... әжем секiлдi.

Есенғали Раушанов


Материалдық жағдайды жақсарту мәселесінде қыз бала мен ер жігітті қатар қарастыруға болмайды. Әрқайсысының орны, жолы бөлек. Жағдайын жасап алуы үшін қыз баланың шаршап-шалдығып жүргенін құптамаймын. Қазіргі қыздардың біразы «қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болу» дейтін ойдың жетегінде жүр. Содан тұрмысқа шығудан гөрі ақша табуды артық көреді. Сонда қыз бала тойға дейін қанша табыс таба алады? Жақсы бір телефон алған болар, әрі кетсе көлік, үй алған шығар. Болды. Осыған жету үшін қанша жыл жұмыс істеп, шаршады десеңізші?! Ал тұрмысқа шығып, соның бәріне күйеуімен бірге жетсе, жөні бөлек болар ма еді.

📚Ақан Мергенбай «Дайындықсыз үйленбе»


Байытпасаң – байытпа, тілентпеші, Жаратқан!

📚Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша»


Айнала толған алаяқ. Қаржы пирамидасына жетектеп алып барып жатқан арам пиғылды адамдар. Телефонға маза бермейтін «мошенниктер». Бәріне сенің АҚШАҢ керек. Бәрі алдауға дайын тұр. Сәл сауатың жетпей қалса, алданасың да қаласың.

Қорғанатын жалғыз жол — қаржылай сауатты болу. Алаяқтардың небір қитұрқы схемаларын ашып отыратын телеграм канал — «ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ». Оқу үшін: @qarzhylyq_sauat


Біздe тірлігіңнің бастауы мeн талқаныңның таусылар сәтін сeзіну дeгeн жoқ қoй. Маған қашан туғанымды айтып қoйғаны қандай өкінішті. Eгeр айтпағанда, бәлкім, қанша жасқа кeлгeнімді білмeйтін бe eдім, oның үстінe тіршіліктің тауқымeтін тартып та үлгeргeн жoқпын, дeмeк oн, бoлмаса жиырма жылдан сoң өлeмін-ау дeгeн уайым миыма кіріп тe шықпас eді ғoй. Eлсіз аралда туып өссeм өлім дeгeн шіркіннің бар-жoғы қапeрімe кірeр мe. Кeйдe «oсыған жeтeр бақыт бар ма» дeгім кeлeді. Бірақ кім біліпті? Мүмкін қасірeттің үлкeні дe oсы шығар? Өзeкті жанға бір өлім дeгeнді шынында сeзбeс пe eдім? Oсы біз шыр eтіп жeргe түскeндe-ақ ажалды шаранамызбeн біргe ала кeлгeн жoқпыз ба? Ал өлім барын сeзбeсeк, өміргe oсыншама құштар бoп, өмірді сүйeмін дeп нeсінe өліп-өшeміз?

📚Иван Бунин «Арсеньевтің өмірі»

20 last posts shown.