la foi 🌙


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Менің жәй ғана жүрегім мен ойымнан шыққан жазбалар💫

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


ChatGPT менің шынайы рациональный ассистентым. Соңғы кездері жұмыс мақсат карьера деп денсаулығым нашарлап кетті.

Анализ тапсырсам бәрі дефицит не болмаса повышено деп шығып жатыр.

Сөйтіп анализдарым мен галлап, MBTI жіберіп chagpt ақылдасып алдым. (Дәрігерге бармас бұрын)

Жауабы біраз психолог, коучтардан жақсы деп ойлаймын. Адекватно, объективно, понятно.

Ұнағаны: Жить “на легке” – это не про отказ от целей, а про умение достигать их без выгорания—- дейді чатгпт. Келісем енді.


Қашанғы театрға “сенсіз” бара береді екенмін🥹

Ну «тот самый» найдись ради таких активитис!


Бірінші өзің бақытты болмай тұрып өзгелерді бақытты ете алмайсың.


неге түнде жұмыс жасауға шабыт көбірек?!


Әдемі кештен естелік🎻🩰✨


🥲🙂


“Сабыр сұрасаң сынақ аласың, ризық сұрасаң байлық аласың…”

Кейбір “ақылды” подкаст & жазбалардан осындай секілді Алла жайлы немесе “дұға” жайлы инструкция беретін діндегі ілімі жоқ адамдарды көремін. Сонда енді ойыма келіп жатырда, бізді ШАРТСЫЗ жақсы көретін Алла біздің осылай “сабыр” дегеніміз үшін сынақ жаудырып, не болмаса сабыр сұрамасақ тек “бақыт” береді ме?!

Меніңше, бұл сөздер дұрыс емес, себебі біріншіден, ондай жайлы хадис, аят таппадым. Екіншіден, Алла – Рахман және Рахим, Ол бізді шартсыз жақсы көреді. “Сабыр сұрасаң, сынақ береді” деген ой Алланы адамдар сияқты “шартпен әрекет ететін” етіп көрсетуге жақын. Ал шын мәнінде, Алла адамға оның шамасы жететіндей ғана сынақ береді.Үшіншіден, субъективті ойлардан шыққан дүние неге сүйеніп айтылғаны жайлы жеткізу міндетті, онсыз адасуға апарады.

Біздің халықтың көбінде сыни ойлау дамымаған, “өсекке, өтірік жаңалыққа” сеніп, фактчек жасайтындар да көп емес. Ал бұл өте қауіпті, өйткені адамдарды қате түсініктерге апарады.

Дінде негізсіз сөйлеу – үлкен жауапкершілік.Ендігі жоғарыда айтылғандай фактсыз пікірлер жайлы тексеріп ойлаған жөн деп ойлаймын.


‘Адам ата Хауа ана үшін жаратылған жоқ, керісінше, Хауаны Адам үшін жаратылды. Ол – оның жетіспейтін “қабырғасы”, онсыз Адам толық бола алмайды.

Жерге түскенде де шамамен Үнді жерінен бері Саудида жүрген Хауаны өзі іздеп келіп, Арафат тауында кездестірген.

Қалай ия?
Себебі Аллах Адам атаға Хауа ананы табуға жол көрсетті

Саған да болашақ жарыңды іздеудің қажеті жоқ – ол сені өзі табады. Себебі оның жүрегінде тек сен ғана толтыра алатын бос орын бар. Сен – оның жетіспейтін бөлігісің бәлкім оның кемелдігісің.’


Батылдық. Адамдардан осы қасиетті бағалаймын, себебі бұл “батылдық” артында тәуекел ету, нақты шешім қабылдау, алға жылжу жатыр.

Өмірімде көптеген ақылды адамдарды көрдім бірақ осы бір “батылдық” жетіспегеннен көп мүмкіндіктерді жіберіп алып жатады.

Кейде рисктарға қарай бермей, көзімізді жұмып “Аллахым мен бастадым, Өзің хайырын бер” деген тәуекел керек екен. Түбінде бәрі де Оның нәсіп етуімен ғой, бізге тек амалын жасау керек еді…




Аллах қыз баласын сондай нәзік әрі қайсар етіп жаратқан, бірақ бұл өмірдің иллюзиясымен қалай мінезіміз бен жүрегіміз қатайып кеткенін байқамай қаламыз…


Қызық нәрсе, бірақ мені түсінетіндер табылар деп үміттенемін😆🤞

Мен уақытым мен энергиямды қатты бағалаймын, яғни бос нәрсеге, керек емес адамға жұмсағым келмейді.

Мектеп кезден бастап түрлі үйірмелерге баратынмын: спорт, би, домбыра, пианино, дебат, жарыстар, қолөнер, ақындық-өлең оқу.

КТК-да оқитын кезімде: ағылшын, түрікше оқу, қызылға аяқтау, жұмыс жасау, даму болды.

Университетте жүргенде карьерада өсу, үй-машина алу, саяхаттау, шетелде оқу, қызылмен аяқтау, мастерске кету деп жүрдім.

Өмірімнің әр этапында өзімнің қойған планкама жетіп, барынша Алла берген потенциалымды қолдануға тырыстым.

Солайша осыған дейін ешкімге “отношения” сферамда мүмкіндік бермей, тек ниетім “отбасы құру” болғанда ойланамын деп келгенмін.

Ал 21 жас келді, туысқандар “күйеу бала қайда?!” деген сұрақ қойғанда, “әлі кездеспеді” десем менің осыған дейінгі бааааар жеткен жетістіктеріме “түкке тұрғысыз” етіп қарағанда не істерімді білмей қаламын. Әзірге тек игнор жасап құтыламын.

Қыз үшін бұл өмір “тек жігітпен жүріп, тұрмыспен бітпейді” дегенді біздің менталитетте жеткізу қиын екенін түсіндім. Иә, расында бір-біріне тең адамдар кездессе, дамыса, өссе керемет. Бірақ бар ғұмырыңды “күйеуім кім болар екен” деп екінің бірінен оны іздеу зая кеткен уақыт деп ойлаймын.

“Тең теңімен, требуешь соответствуй деген принциппен даму үстіндемін” деп айта алсам ғой сұраған адамдарға, батылым жетпейді екен.

✨We listen we don’t judge✨ болып кетіпті ғой😂


Кішкентай кезімде ұзақ жолдан үйге келгенше ұйықтап, забор ашып машина ішке кіргенде оянып кететінмін. Бірақ өтірік әрі қарай ұйықтаған сияқты болып жататынмын, үйге папа көтеріп кіргізу үшін🤭

Қазір солай жасағым келіп тұр, бірақ жасым 21-де екенін есіме түсірдім…


“Если вам суждено быть вместе, пройдет неделя, месяц, год но вы все равно встретитесь. Но если это не твой человек вы не увидетесь живя даже в одном подъезде.”


Лифтқа кірерде менен бір ер кісі “Кірсем сізге ыңғайлы ма?!” деп сұрады, мен таң қалып қарап қалдым, и фук есік жабылып қалады…

Лифт кнопкасын бірден басып қайта аштым да, “әрине” дедім.

Мен 10 этаж ол кісі 4 этажға барды.

Іштей күшті сезім пайда болды, әлгі кісінің “орамалды қызға” деген құрметіне қарап тәнті болдым.


Менің қалауларымды жазатын «жабық каналым» бар for my future hubby, мен осыны “хочу” деп айтқанды өмірде ұнатпаймын, жәй ғана осында бөлісемін, бұйырса кейін “сол жанға” доступ беремін, қарап жасай береді ИншАлла😌🤭


Forward from: for my future hubby🩵
Театрға айына 1 рет келгенді жақсы көремін, кез келген жанр ұнайды😌


Шам театрының №37 қойылымы. Ауыр.


- Я добилась своего
- Но какой ценой?
- …


Өзгелерді жоғалтып аламын деп қорықпа, бастысы өзіңді жоғалтып алма қалқам🫂

20 last posts shown.