Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға Абдуллаһ ибн ‘Амрдан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
«Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арафа күні айтқан ең жақсы дұға: «Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген. (Тирмизи)
Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.
Арафа күні қажылыққа бармағандар дұға жасай ала ма? Имам әл-Баджи былай деген:
«Арафа күнгі дұға – ең жақсы зікір, ол үшін берілетін сый-сауап (басқалардан) көбірек әрі ол қабыл болуға жақынырақ.
Хадисте тек қажылық жасаушылар туралы айтылып тұрған болуы әбден ықтимал, өйткені, дәл солар Арафа күні дұға етіп жалбарынады».
Алайда кейбір сахабалар бұл артықшылық көбірек қажылық жасаушыларға қатысты болғанына қарамастан, тек олармен ғана шектелмейді деп есептеген және қажылық жасамайтындар да Арафа күні мешіттерде, үйде Аллаға дұға етіп жалбарынулары керек деп санаған.