Múmkindik | 2024


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


Бұл арнадан тұлғалық даму үшін қажетті ақпараттарды таба аласыз: грант, курс, стипендия, тағылымдама, байқау, лайфхак, бос жұмыс орындары.
Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша: @alzhanmyrza

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


Forward from: «Otandastar Qory»
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай халықаралық «Әлқисса» онлайн домбыра байқауы өтеді

Өтінім қабылдаудың соңғы күні: 20 наурыз 2025

Қатысу шарттары:
1) Жас санаты: 12-17 жас және 18-25 жас;
2) Н.Тілендиевтің күйлерінің бірін орындап, бейнежазба жолдау;
3) Бейнежазбамен қоса қатысушы өзі туралы қысқаша ақпарат пен шетелдік азамат екенін растайтын төл құжатын жолдайды;
4) Өтінімдер Oqbaiqau@gmail.com немесе +77471783938 (Telegram) арқылы қабылданады.

Толық ақпарат: oq.gov.kz сайтында

@otandastar


Forward from: TESTCENTERKZ
👋Құрметті талапкерлер!
📆Сіздерді 29 қаңтар мен 12 ақпан аралығында өтетін өңірлердегі шетелдік жоо филиалдары көрмесіне шақырамыз.

📌Көрме барысында шетелдік ЖОО филиалдары өкілдерімен кездесіп, ҰБТ-2025 және грант туралы ақпарат алып, IELTS тапсыру жолдарымен таныса аласыздар.

🔻29 қаңтар – Қарағанды қаласы, № 2 Оқушылар сарайы (141-ші есептік орамы, ст690)
🔻30-31 қаңтар – Астана қаласы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы (Б.Момышұлы даңғылы, 5)
🔻3-4 ақпан – Алматы қаласы, Оқушылар сарайы (Достық даңғылы, 124)
🔻5 ақпан – Тараз қаласы, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені (Төле би даңғылы, 18/7)
🔻6-7 ақпан – Шымкент қаласы, Әуезов университеті (Тәуке хан даңғылы, 5)
🔻10-11 ақпан – Түркістан қаласы, Ясауи университеті (Бекзат Саттарханов даңғылы, 29в)
🔻12 ақпан – Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата университеті (Жақаев көшесі, 11)

📥P.S. Көрмеге келгенде ҰТО стендінде кәдесыйлар сіздерді күтеді.


Forward from: ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
⚡️ ЖИ туралы ақпаратты қайдан оқуға болады?

Оны Threads, X (Twitter), reddit, Youtube, TikTok, Medium сияқты әлеуметтік платформалардан оқисыз.

Қалай табам? Өзіңізге қыз керек болса, қалай іздейсіз, солай іздейсіз. Хэштег арқылы. Бір-екі жасанды интеллект туралы постқа лайк бассаңыз болғаны, ары қарай өзі құйылады.

Сосын Linkedin сияқты әлеуметтік желіге тіркеліңіз. Сол жерде де іздеу жүйесіне жасанды интеллект деп жазсаңыз, барлық постар шығады. Барлығын оқыңыз. Барлығына фоллоу жасап шығыңыз.

Сосын, Ювал Харрари сияқты шарлатан/футуристерді оқып қажеті жоқ. Одан да Метаның ЖИ басшысы: Ян Лекун, ЖИ өкіл әкесі Джефри Хинтон сияқты кісілерді оқыңыздар. Андрей Карпаты, Илья Суцкевер, Демис Хассабис, Войцех Заремба, Джон Шульман, Эндрю Ың сияқты осы заманның генийлерін оқыңыздар. Нағыз ғалымдар. Әлемдік тұлғалар.

Кай Фу Ли және Фей Фей Ли деген қытайлықтарды оқыңыздар.

Қайдан оқимыз?
Ақымақ сұрақ. Әрине, гуглдету керек. Берген сұқбаттарын, әлеуметтік желілердегі парақшаларын, кейбірінің ютубтегі жеке каналдарын қарау арқылы.

Сосын, Harvard Business Review, MIT Review деген әлемдік университеттердің баспасынан шыққан журналдар мен кітаптарды, мақалаларды оқу керек.

Сосын, TechCrunch, Wired, CNet, ZDnet сияқты технологиялық сайттарды оқыңыздар.

Сосын Boston Consulting Group, McKinsey, Accenture, Stanford University сияқты әлемдік зерттеу институттарының арнайы репорттары бар. Соларды оқу керек.

Сосын a16z, yCombinator сияқты инвестициялық фондтар мен стартап акселераторлар бар. Солардың блогтарын оқу керек.

Сосын Meta, OpenAI, TikTok, Anthropic, Amazon, Microsoft, Google, IBM сияқты технокомпаниялардың блогтарын оқу керек.

Сосын Meta, OpenAI, TikTok, Anthropic, Amazon, Microsoft, Google, IBM, TikTok, Perplexity, Apple сияқты компаниялардың басшылары мен олардың белді қызметкерлерінің жеке блогтарын оқу керек. Сұқбаттарын тыңдау керек.

Сосын Coursera платфрмасына барыңыз, теп-тегін курстарды оқыңыз.

Тимур Бектұр




Forward from: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🏆 Халықаралық пәндік Олимпиада жүлдегерлеріне қандай қолдау көрсетілуде? Дарынды оқушылардың жетістіктері туралы толығырақ деректі фильмнен тамашалаңыздар!

🥇🥈🥉 🥇🥈🥉

🏆 Какая поддержка оказывается призерам международных предметных олимпиад? Подробнее о достижениях талантливых учениках смотрите в документальном фильме

🎞 Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан


«TOLYQ ADAM SCHOOL» білім беру орталығы математика мұғалімін іздейді!

🕑 Жұмыс уақыты: 14:00-18:00
💸 Еңбекақы: Әңгімелесу барысында айтылады
📍 Мекенжай: Астана қаласы, А92, 5/1 (
https://2gis.kz/astana/geo/70000001092027079)
📱 Байланыс нөмірі: +7 775 5105191


Бізге кім қажет?
- Оқытушылық тәжірибесі бар.
- Математика пәніне деген сүйіспеншілікпен оқушыларды шабыттандыруға дайын.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге және әр оқушыға жеке тәсіл табуға қабілетті.
- Заманауи оқыту әдістерін қолданатын немесе үйренуге қызығушылығы бар.

Сізді не күтеді?
- Қолайлы жұмыс кестесі.
- Заманауи және ынталандырушы орта.
- Кәсіби даму мүмкіндіктері.
- Жылы әрі достық ұжым.

🌟 Егер сіз оқушылардың өміріне өзгеріс енгізгіңіз келсе, біздің командамызға қосылыңыз!

📩 Қосымша ақпарат алу немесе түйіндеме жіберу үшін бізге хабарласыңыз: +7 775 5105191

Tolyq Adam – бірге оқып, бірге жетілеміз!

@mumkindik


Астана қаласында CONNECTED CONFERENCE 2024 халықаралық конференциясы өтеді


Күні: 18-19 қазан 2024
Орны: Тәуелсіздік сарайы
Қатысу: тегін (алдын ала тіркелу керек)


70-тен астам шетелдік және отандық спикерлер адамзаттың болашағы туралы сөйлесетін болады.

Толық ақпарат: connected_conf

@mumkindik


Forward from: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
​​🏆 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 26 оқушы әлемдік ТОП-7 пәндік олимпиадаларда 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль иеленді.

⚡️Бұл олимпиадалар: IMO (математикадан), IPhO (физикадан), IBO (биологиядан), IChO (химиядан), IOL (лингвистикадан), IGeO (географиядан) және IOI (информатикадан).


Астана қаласындағы білім беру орталығына шахмат тренері керек

Басты талап: Damubala арқылы оқыту үшін “Дене шынықтыру” бойынша техникалық немесе жоғары білімі болуы шарт

Байланыс үшін: +7 775 5105191 What’s App-қа немесе @alzhanmyrza -ға жазыңыз


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🚀 TOLYQ ADAM SCHOOL білім беру орталығы ашылды және сіз үшін ерекше ұсынысымыз бар!

Қазақ тілі, ағылшын, математика, шахмат және бейнелеу өнері сабақтарына айына бар болғаны 50.000 теңгеге жазылыңыз! 🎨♟️📚

Мұндай мүмкіндік қалада жоқ! 😲
✔️ Бірінші сабақ – ТЕГІН!
✔️ Орындар саны ШЕКТЕУЛІ!

📍 Мекенжай: A 92, 5/1, TOLYQ ADAM SCHOOL білім беру орталығы
📎 2GIS сілтеме: https://2gis.kz/astana/geo/70000001092027079

Инстаграм: https://www.instagram.com/tolyq_adam_school?igsh=MTBpanZjZndrd2R4cA==

Балаңыздың болашағына бүгіннен бастап инвестиция жасаңыз!

Толық ақпарат алу үшін мына номерлерге хабарласыңыз:
+7 705 607 52 14 (Шерхан)
+7 775 510 51 91 (Алжан)

@mumkindik


Forward from: Qalaisyn Student 🇰🇿
🖖 QAL QALAI

👽 Университет таңдап, қайда оқимын деп жүргендерге қажет ақпарат

Ғылым және жоғары білім министрлігі сіздерге арнап шетелдік университет филиалдарының картасын әзірлеп қойыпты. Ыңғайлы, иә? 😻

🇬🇧 Ақтөбеде мықты британдық техникалық университет Хериот-Уатт, 🇺🇲 Петропавлда американдық диплом беретін Аризона университеті, 🇨🇳 Президент секілді қытайша біліп шығамын десең Астанада әйгілі Бейжің тіл және мәдениет университеті, басқа да шетелдік университеттердің филиалдары студент қабылдап, жұмыстарын бастап жатыр. Таңдау өздеріңізде🤩

Алдағы уақытта біртіндеп бұл филиалдармен жекелей таныстыратын боламыз. Ал, сіздер осы ақпаратпен бөлісуді ұмытпаңыздар🫰🏻


Forward from: ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
📣 Қазақстандағы қазақ мектебінің саны

Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған Massaget.kz мәліметінше, Қазақстанда 7 941 мектеп бар. Оның 4,2 мыңға жуығы қазақ тілінде білім береді.

2,6 мыңнан аса аралас мектеп (қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқытатын),
1,1 мың орыс мектебі бар.
Бұдан басқа, ұйғыр тілінде білім беретін 5 мектеп, ағылшын тілінде білім беретін 6 мектеп бар.


#вакансия

Астана қаласында ашылған білім беру орталығына төмендегі пәндер бойынша мұғалімдер қажет

- қазақ тілі
- ағылшын тілі
- математика
- шахмат
- домбыра
- бейнелеу өнері

Орталық Астана қаласы, А 92, 5/1 мекенжайында орналасқан.

Резюмені +7 775 510 5191 нөміріне What’s App немесе alzhan.sharipov@gmail.com почтасына жіберіңіз.

@mumkindik


1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

🇰🇿Қазақстанда
- 7859 мектеп;
- 398 854 педагог;
- 3.9 миллион оқушы бар.

Биыл 352 мың оқушы бірінші сыныпқа барады.

@mumkindik




Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🎓 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қосымша білім беру гранттарын тағайындады.

Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.

Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет.






Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🎓 МАГИСТРАТУРА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ЕСІМДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
 
📚 Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
 
📍 Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
 
📑 Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты.
 
📆 Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
 
📌 Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімімен ҚР ҒЖБМ және Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арналарында танысуға болады.


«Болашақ» бағдарламасы арқылы бакалавриатта оқу мүмкіндігі қайта қосыла ма?

Әлия Оспанова, “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ Басқарама төрағасы:

Бакалавриатты «Болашақ» бағдарламасына қайтару туралы мәселе оқытудың ерте кезеңдерінен жоғары білікті мамандарды даярлау және жастардың дарынды өкілдерін қолдау қажеттілігіне байланысты талқылануда. Бұл бастама елдің кадрлық әлеуетінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған және еңбек нарығының сұраныстарына жауап береді. Айта кету керек, бакалавриатқа халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жүлделі орындарға ие болған мектептердің үздік түлектері ғана үміткер бола алады. Мемлекетке балаларға тек балабақшалар мен мектептерде ғана емес, сонымен қатар олар біздің еліміздің дамуы үшін әрі қарай жұмыс істей алатындай және үлкен пайда әкелетіндей етіп қолдау көрсету маңызды. Біз өз еліміз үшін талантты балаларды сақтауымыз керек.


Толығырақ: el.kz

@mumkindik

20 last posts shown.