ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


⚜️ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ: 21 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТАЛАПКЕР НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-НЫ ТАПСЫРДЫ
 
Наурыз айындағы ҰБТ-ның бірінші аптасында 21 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 57%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 53балды (бес пән бойынша) құрады. Ең жоғары балл – 135, оны Абай облысының оқушысы жинады.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

⚜️ ПРОМЕЖУТОЧНЫЕ ИТОГИ: ОКОЛО 21 ТЫСЯЧИ АБИТУРИЕНТОВ СДАЛИ МАРТОВСКОЕ ЕНТ
 
За первую неделю мартовского ЕНТ прошли около 21 тысячи абитуриентов. Пороговый балл преодолели примерно 57% участников. Средний балл по результатам тестирования составил 53 (по пяти предметам), а максимальный – 135 баллов, который набрал ученик из области Абай.

🔗 Подробнее: gov.kz


Forward from: Sayasat Nurbek Live
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🌷 Қымбатты ханымдар мен арулар және құрметті әріптестер!

Көктемнің шуағындай сезім мен нұр құятын, сұлулық пен әсемдікке толы 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Халықаралық әйелдер күні – барша нәзік жанды қауымының қадір-қасиетін, олардың қоғам мен отбасындағы рөлін ерекше бағалап өтетін күн.

Бүгінде әйелдер жетістікке жетпеген қызмет саласы жоқ десе де болады. Ең жауапты салаларда еңбек ете жүріп, әрқашан жоғары кәсіби шеберліктеріңізді көрсетіп, алға қойған мақсатқа қол жеткізуде табандылық танытып, ерекше әрі тиімді шешім таба білесіздер.

Қазіргі таңда Қазақстан ғылымында әйелдердің үлесі айтарлықтай артып, қоғамдағы орны мен ықпалы бұрынғыдан да зор болып келе жатқанын қуанышпен атап өткім келеді.

Әрқайсыңыздың жүректеріңіздегі махаббат пен мейірім, қажыр мен қайрат, жаңа идеялар мен бастамалар қоғамның әр саласына рух беріп, оны жаңа белестерге көтеріп отыр.

Осы айтулы күні сіздерге шын жүректен зор денсаулық, отбасылық бақыт, шығармашылық табыс, күш-қуат тілеймін!


Forward from: Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Қымбатты ханымдар!


Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке.

Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған.

Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады.

Жанашырлық, жауапкершілік, жасампаздық сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңірген әйелдер қауымы еліміздегі ауқымды өзгерістерді жүзеге асыруға зор үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi


⚜️В ПРЕДДВЕРИИ МЕЖДУНАРОДНОГО ЖЕНСКОГО ДНЯ МОЛОДЫМ УЧЕНЫМ БЫЛИ ВРУЧЕНЫ СЕРТИФИКАТЫ НА ЖИЛЬЕ

В преддверии празднования Международного женского дня в Министерстве науки и высшего образования РК прошла официальная праздничная церемония.

В ходе торжественного мероприятия, по поручению Президента, с целью поддержки молодых ученых, повышения их социального статуса и стимулирования привлечения молодых кадров в науку, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек вручил сертификаты на жилье 10 молодым ученым.

Министр Саясат Нурбек в своем выступлении поздравил всех женщин с наступающим Международным женским днем и отметил, что в соответствии с поручением Президента меры поддержки молодых ученых были усилены. Он также с радостью сообщил, что количество женщин-ученых, которые сегодня делают новые открытия и исследования, ежегодно растет.

🔗 Подробнее: gov.kz


⚜️ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік шара өтті.

Салтанатты шара барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жас ғалымдарға қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылымға жас кадрлардың келуін ынталандыру мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 10 жас ғалымға пәтер сертификаттарын табыстады.

Министр Саясат Нұрбек өз сөзінде барша нәзік жанды қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жас ғалымдарды қолдау шараларының күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі таңда жаңа ізденістер мен жаңалықтар жасап жүрген ғалым әйелдер саны жыл сайын өсіп келе жатқанын қуанышпен жеткізді.

🔗 Толығырақ: gov.kz


⚜️ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР КЕҢЕСІНІҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ: ҚР ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі академиялық және сарапшылық қоғамдастықтың жетекші өкілдерін жинаған Стратегиялық серіктестер кеңесінің бірінші отырысын өткізді. Шара барысында жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі мәселелері қарастырылып, алдағы жылдарға арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды.

🔗 Толығырақ

***

⚜️ ПЕРВОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА СТРАТЕГИЧЕСКИХ ПАРТНЕРОВ: КЛЮЧЕВЫЕ ПРИОРИТЕТЫ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ РК

Министерство науки и высшего образования РК провело первое заседание Совета стратегических партнеров, которое объединило ведущих представителей академического и экспертного сообщества. В ходе мероприятия были рассмотрены ключевые вопросы развития международной кооперации в сфере высшего образования, а также определены стратегические приоритеты на ближайшие годы.

🔗 Подробнее


⚜️ «QAZTEHNA» КОРПОРАТИВТІК УНИВЕРСИТЕТІ БАЗАСЫНДА ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРУ ФИЛИАЛЫ АШЫЛАДЫ

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті «QazTehna» ЖШС корпоративтік университетінің базасында университет филиалын ашу туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жұмысшы мамандықтарын тану және танымал ету: білім беру Қарағанды облысының тұрақты дамуының драйвері ретінде» форумында жасалды.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

⚜️ ФИЛИАЛ КАРУ КАЗПОТРЕБСОЮЗА ОТКРОЕТСЯ НА БАЗЕ КОРПОРАТИВНОГО УНИВЕРСИТЕТА «QAZTEHNA»

Карагандинский университет Казпотребсоюза подписал соглашение об открытии филиала университета на территории корпоративного университета ТОО «QazTehna». Данное соглашение было заключено в рамках Года рабочих профессий на форуме «Образование как драйвер устойчивого развития Карагандинской области: признание и популяризация рабочих профессий».

🔗 Подробнее: gov.kz


⚜️ БАКУДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН БІЛІМ БЕРУ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

4 наурыз күні Әзербайжан астанасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған ҚР Әзербайжандағы Елшілігінің қолдауымен және еліміздің 20-дан астам жетекші университетінің қатысуымен «Study in Kazakhstan» көрмесі басталды.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

⚜️ В БАКУ ОТКРЫЛАСЬ КРУПНЕЙШАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ВЫСТАВКА КАЗАХСТАНСКИХ ВУЗОВ

4 марта в столице Азербайджана стартовала крупнейшая образовательная выставка Study in Kazakhstan, организованная Министерством науки и высшего образования РК, при поддержке посольства Республики Казахстан в Азербайджане и с участием более 20 ведущих университетов Республики Казахстан.

🔗 Подробнее: gov.kz


⚜️ ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН АРАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ

Әзербайжанның АДА университетінде Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

⚜️НАПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ АКАДЕМИЧЕСКОГО СОТРУДНИЧЕСТВА МЕЖДУ КАЗАХСТАНОМ И АЗЕРБАЙДЖАНОМ

В Университете АДА Азербайджана был организован круглый стол, посвященный расширению сотрудничества в сфере высшего образования между Азербайджаном и Казахстаном.

🔗 Подробнее: gov.kz


🔰 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаевтың кездесуі өтті

Тараптар жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық ынтымақтастық бағыттарын талқылап, академиялық ұтқырлық, бірлескен зерттеу жобалары және ғылыми ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

🔰Состоялась встреча Министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек и Министра науки и образования Азербайджанской Республики Эмина Амруллаева

Стороны обсудили ключевые направления партнерства, уделив особое внимание академической мобильности, совместным исследованиям и научной коллаборации.

🔗Подробнее: gov.kz


⚜️ 2025 жылға арналған «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия саны және квоталық санаттар туралы ақпарат

❗️ Шетелде кадрлар даярлау кезінде басымдық инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға беріледі.

📲 Басым мамандықтар тізімімен және ЖОО тізімімен bolashak.gov.kz сайтында танысуға болады.
https://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/zhattardy-tapsyru-erezheli

***

⚜️ Информация о количестве стипендии по программе «Болашак» на 2025 г. и квотных категориях

❗️ Приоритет при подготовке кадров за рубежом уделяется инженерно-техническим и медицинским специальностям.

📲 С перечнем приоритетных специальностей и списком вузов можно ознакомиться на сайте bolashak.gov.kzhttps://bolashak.gov.kz/kz/pretendentu/zhattardy-tapsyru-erezheli


Forward from: BOLASHAK NEWS
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📢 СТАРТОВАЛ ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ НА СТИПЕНДИИ «БОЛАШАК» И «НАУЧНЫЕ СТАЖИРОВКИ»

📅 Сроки подачи заявок:
🔹 «Болашак» – с 3 марта по 17 октября (через портал egov.kz)
🔹 «Научные стажировки» – с 3 марта по 31 октября (в офисе ЦМП, Астана)

Конкурсный отбор будет проводиться в период с 1 апреля по 31 декабря 2025 года.

🎓 В 2025 году для обучения по программе «Болашак» выделено 645 стипендий. Из них по программам магистратуры – 411 стипендий, по докторантуре/резидентуре – 41 стипендия, по стажировкам – 193 стипендии.

По программе научных стажировок на 2025 год выделено 250 стипендий.

🔬 Приоритет при подготовке кадров за рубежом уделяется инженерно-техническим и медицинским специальностям.

💡 Государство покрывает обучение, стажировку, перелет, страховку, визовые сборы, учебные материалы, а также каждый месяц выплачивает стипендию.

📌 Детали на сайте 👉 bolashak.gov.kz
📞 Вопросы? Звоните: 8 (7172) 76-90-76 (вн. 110, 113)
📩 applications@bolashak.gov.kz


Forward from: BOLASHAK NEWS
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ЖӘНЕ «ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

📅 Өтінім беру мерзімі:
🔹 «Болашақ» – 3 наурыздан 17 қазанға дейін (egov.kz порталы арқылы)
🔹 «Ғылыми тағылымдамалар» – 3 наурыздан 31 қазанға дейін (ХБО кеңсесінде, Астана)

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді.

🎓 2025 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 645 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура бағдарламасы бойынша – 411 стипендия, докторантура/резидентура бойынша – 41 стипендия, тағылымдамалар бойынша – 193 стипендия.

Ғылыми тағылымдамалар бойынша 250 стипендия бөлінді.

🔬 Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.

💡 Мемлекет академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқулық материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды жабады, сондай-ақ ай сайын стипендия төлейді.

📌 Толық ақпарат 👉 bolashak.gov.kz
📞 Сұрақтар бойынша: 8 (7172) 76-90-76 (ішкі 110, 113)
📩 applications@bolashak.gov.kz


🌐 НАРХОЗ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ДАМЫТУДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Нархоз университетінде Құқық және мемлекеттік басқару мектебі жанынан құрылған Global Research Center – SDDS (Sustainable Development & Data Driven Solutions) халықаралық ғылыми-білім беру және консалтингтік орталығы таныстырылды.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

🌐 ЦЕНТР ПОДДЕРЖКИ РАЗВИТИЯ ВУЗОВ ПРЕЗЕНТОВАН В УНИВЕРСИТЕТЕ НАРХОЗ

В Университете Нархоз состоялась презентация международного научно-образовательного и консалтингового центра Global Research Сenter – SDDS (Sustainable Development & Data Driven Solutions) при Школе права и государственного управления.

🔗 Подробнее: gov.kz


Forward from: UKIMET
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ученые Казахстана и Азербайджана получат возможность публиковаться в общих журналах

📌 Соглашение об утверждении совместного списка научных изданий подписано между Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан и Высшей аттестационной комиссией при Президенте Азербайджанской Республики. Согласно документу ученые двух стран получат уникальную возможность публиковаться в объединенных научных журналах, а также изданиях обеих республик, тем самым расширяя горизонты для научных публикаций и обмена знаниями.
«В перспективе мы также хотим расширить сотрудничество в области экспертизы научных грантов, научных проектов, так как научное сообщество небольшое и очень важно иметь диверсифицированные различные точки мнения и экспертизу»,

- отметил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек.

🔵 Также планируется подписать ряд двусторонних соглашений о сотрудничестве между ведущими университетами Казахстана и Азербайджана.

📱 @KZgovernment

15 last posts shown.