IT САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІЛІС
⚡️«Болашақ» халықаралық стипендиясы мыңдаған қазақстандық жастың әлемнің жетекші оқу орындарында білім алуына және тәжірибе жинауына мүмкіндік берді. Бағдарлама түлектері бүгінде түрлі салаларда табысты еңбек етуде. Солардың бірі – Нұрсұлтан Қабылқас, IT-индустрияның дамуына өз үлесін қосып жүрген жас маман.
🧑💻Назарбаев университетінде алдыңғы қатарлы IT-инженерлер командасын құрып жатқан «Болашақ» түлегі (Rochester University) Нұрсұлтан Қабылқас микросхемаларды жобалаудан бастап, компьютерлер, ноутбуктер және басқа да гаджеттерге арналған микрочиптер өндірісін жолға қоюды көздейді.
Оның айтуынша, Қазақстанда микросхемалар өндірісі дамымаған, сондықтан өз стартапы арқылы бұл саланы елде алғашқылардың бірі болып қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Бұл бастама жаңа кәсіби мамандарды дайындап қана қоймай, еліміздің технологиялық дамуына серпін береді.
Толығырақ:
https://www.youtube.com/watch?v=gufNGgn9npA @jibek_joly.tv
****
ПРОРЫВ В СФЕРЕ IT
⚡️Международная стипендия «Болашак» дала тысячам казахстанских молодых людей возможность получить образование и приобрести опыт в ведущих университетах мира. Выпускники программы сегодня успешно трудятся в различных сферах. Один из них – Нурсултан Кабылкас, молодой специалист, вносящий вклад в развитие IT-индустрии.
🧑🏼💻Выпускник программы «Болашак» (Rochester University), Нурсултан Кабылкас создает команду передовых IT-инженеров в Назарбаев Университете. Его амбициозные планы включают переход от проектирования микросхем к производству микрочипов для компьютеров, ноутбуков и других гаджетов.
По его словам, в Казахстане отсутствует индустрия производства микросхем, и он стремится стать одним из первых, кто наладит это производство благодаря своему стартапу. Такое начинание не только подготовит профессиональных специалистов, но и станет важным шагом в технологическом развитии страны.
Подробнее:
https://www.youtube.com/watch?v=xGNDAyLpTQ8