Ongar_online


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Politics


Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:
🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.
Жарнама бойынша: +7 701 203 9786

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Politics
Statistics
Posts filter


Forward from: Mezgil.kz
Ресейдің кезекті Z-блогері Борис Рожиннің пікірінше Украина ұрыс қимылдарын тоқтатқан соң, әскерін қайта күшейтумен айналысатын болады. «Бұл тура Шешенстандағы 1995-1996 жылғы немесе Минск-1/Минск-2 келісімдері іспеттес ұсыныс. Алдаудың бір түрі. Кейін бізді тағы алдап кетті деп отырамыз», - дейді ол.

Ресейдің өзге әскери сарапшылары, блогерлері не айтуда? Олар неге 30 күндік ұрысты тоқтатуға қатаң қарсылық танытуда? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6336

651 0 0 14 21

Трамп Канадаға "соғыс" ашты. Баж салығын 50% дейін көтерді. Оттаваның жауабын күтеміз.


Кейбір украиндық бригадалар, соның ішінде ең жауынгерлік әзірлігі мықтылары Курск облысынан шықты, — Forbes


АҚШ Конгресі Ресей атысты тоқтатпаса онда, жердегі тозақ Ресейде орнайды деп жатыр.

1.9k 0 1 12 128

Ана саудагер, көпес Путинді қатырған сияқты. Отыз күнге атысты тоқтатыңдар деді. Ол уақытта Украина қосымша көмек алып, шебін нықтайды.


Егер, Ресейді соғысты тоқтатуға көндіре алмасақ онда Украинаға көмектесуді жалғастырамыз. Трамп


АҚШ пен Украина келісімге келді деуге болады. Атыс тоқтатылу керек! Ресей жағы үнсіз.


Белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева қайтыс болды.
Суыт хабар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады», – деп жазды оркестр ұжымы.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ресей мен АҚШ-тың әмпей-жәмпей болғаны Қытайға ұнамай қалды. Көк Ұлдардың басқыншыларды атқылаған сәтін Қытай телеканалының журналистері тікелей берді.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Сауд Арабиясында Украина мен Америка делегацияларының кездесуі басталды

Украиналық тараптың мүддесін қорғайтындар:
▪️Президент Кеңсесінің Басшысы Ермак;
▪️оның орынбасары Палиса;
▪️Сибига Сыртқы істер министрі;
▪️Қорғаныс министрі Умеров.

АҚШ тарапынан:
▪️Мемлекеттік хатшы Рубио;
▪️Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Вальс.


Павлодар облысында театр және музыка өнерін қолдауға 17,7 миллиард теңге сұрауда. Өткенде ғана мәдени-көпшілік жұмыстарды қолдауға бюджеттен 21,4 миллиард сұрап еді.

Бұл ақшаны қалай игермекші? Тағы да юбилейлер мен тойларға ма? Өткендегі Тоқаевтың көрпеге қарай көсілу туралы айтқаны қайда қалды?

Осы бөлінген ақшаны игеруге облыстық мәдениет басқармасының нақты жоба-жоспарлары бар ма? Әлде, депозитке салып қойып, үстінен пайызын алып, жылдың соңында ақша игерілмеді деп, қайтарып бере салмақшы ма?


24 инвестициялық жоба мен 8 мың жұмыс орны: Берік Уәли әкім ретінде Тоқаевқа есеп берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды.

Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады.

Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысына сай мектептер мен балабақшалар салу, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған проблемаларды, әсіресе Семей қаласының осы бағыттағы мәселелерін шешу өте өзекті.
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынды.

Облыс орталығындағы аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр. Осы ретте аспалы көпірдің жүктемесін азайтып, көлік нөпірін реттеу мақсатында Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.
Мемлекет басшысы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуі тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды. Сонымен қатар Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларды лайықты деңгейде ұйымдастырудың маңызына назар аударды.


Бүгін таң ата Украина Ресейді 400 (!) дронмен атқылады. Бір Мәскеудің өзін 100 дрон мамалатты. Мәскеу қаласы мен қала маңындағы әуежайлар мен темір жол вокзалдары жұмысын тоқтатты. Себебі, рельстер істен шыққан. Бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарланған.

"Орешникпен Украинаны дереу атқылау керек", дейді Ресей Мемлекеттік Думасының қорғаныс комитетінің басшысы Путинге үндеу жолдап.

Бұрын Искандер, Сармат деп көпіретін алқаштар қазір Орешник дейтін болыпты. Өйткені, аналоговнет алдыңғы екеуін де Украина зымырандары қағып түсіріп, кейбіреуі атқан сәтінде жарылып масқара болған еді.


Forward from: Mezgil.kz
‼Бүгін таңға қараған уақытта Украина әскері Ресейдің ондаған облысына, соның ішінде Мәскеу мен Мәскеу облысына ауқымды шабуыл жасады. Шабуылдар соққылаушы дрондар арқылы жасалған. бірнеше тұрғын үй зақымданып, ондаған көлік өртенген. 1 адам қаза тапқан. Жараланғандар да бар.

▪МӘСКЕУГЕ АУҚЫМДЫ ШАБУЫЛ: ӨРТЕНГЕН ҮЙЛЕР, ӨЛГЕН АДАМДАР...
▪СОҚҚЫ АСТЫНДА ҚАЛҒАН РЕСЕЙ ӨҢІРЛЕРІ: 400-ГЕ ЖУЫҚ СОҚҚЫЛАУШЫ ДРОН...

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=6328


Ертең Украинаның тағдыры шешілетін күн!

2k 0 1 30 70

Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Қандай тәп-тәтті балапандар! Дауыстары қандай! Майысып билеп тұрған тұрыстарын-ай😥

Есік ашылып, бөтен біреу кіріп келсе әке-шешем келді ме деп, елеңдеп қарайтын шығар((

2k 0 2 4 112

Үш жыл бойы Украина мен Ресей арасындағы соғыс жайлы 3 әріп жазбай үнсіз отырғандар, соңғы айда «Украинаның қателігі мен Зеленскийдің кемшілігі» атты 3 томдық жазбалар жазып жатыр.

Ал орыс тілді кей телеграм арналар мен орыс тілді саясаткерлер Ресейге қарай бүйректері бұратынын ашық көрсетуде. Осылар үш жыл бойы қайда болды екен? Ертең Украина келісімге келмей, бүкіл Еуропа болып соғысты қайта жалғастырса, қайтадан індеріне кіріп кете ме?

2k 0 2 23 163

Украина құрлықтағы атысты тоқтатуға келіспейді, өйткені Путиннің адам санын қалпына келтіруге және соғыс қимылдарын кейінірек қайта бастауға мүмкіндігі болады, - дейді Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Лещенко.


Мен келесі аптада ресейлік банктік және энергетикалық секторларға қарсы «тозақ» санкциялар туралы заң жобасын енгіземін, - дейді республикашыл сенатор Грэм

«Егер олар [Ресей] атысты тоқтатуға және бейбіт келіссөздерге келіспесе, біз оларға қарсы тозақтық санкциялар енгізуіміз керек».


Video is unavailable for watching
Show in Telegram

20 last posts shown.