📍ИСЛАМ ДӘУІРІНДЕГІ ШӘУУӘЛ
Пайғамбарымызғаﷺ елшілік міндеті жүктеле салысымен ол өз қауымы ұстанатын негізсіз тиымдарды әшкереледі. Солардың бірі - Шәууәл айына қатысты еді. Алла елшісіﷺ Шәууәлда үйленуге болмайды деген негізсіз тиымның тамырына түбегейлі балта шапты. Ол осы айда Айша анамызға үйленді. Бұхаридің «Сахихында» Айша (р.а.) өзі бұл жайлы: «Алла елшісіﷺ маған Шәууәлда үйленді және менімен Шәууәлда шаңырақ көтерді. Алла елшісініңﷺ қай әйелі оның алдында маған қарағанда сүйіктірек болып еді?!" - деп мақтанған. Яғни Ислам діні мұндай жалған сенімдердің күшін жойып, Алланың мейірімін ешкімнің де шектей алмайтындығын халыққа түсіндірді. «Юнус» сүресінің 107-аятында:
– деп айтылған. Яғни пендеге пайда да, зиян да бір Алладан ғана болатындығы Құранда ашық баян етілді.
🌙 Ораза туралы пайдалы мағлұматтар алғыңыз келсе, бізге тіркеліңіз:
🔸 @oraza_kz - Ораза каналы
🔸 @orazabot - Ораза энциклопедиясы

«Егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Алладан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа, онда Оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған кісіге береді. Ол өте Жарылқаушы, ерекше Мейірімді»,