Өз ойым | أفكاري


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Біреуге пайдасы тиер, тимесе өз сөзім өзіме.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


- мен оның күйеуі абьюзер екенін түсіндім. Себебі ол әйеліне үйін таза ұстамаса оны жақсы көре алмайтынын айтыпты.

- абьюз деген не?

- абьюз деген шартпен жақсы көру? Ал шынайы жақсы көретін адам ешқандай шарт қоймауы керек.

- жарайды, мысалы сен бойы 145см жігітті жақсы көре аласың ба?

- енді ол қандай адам болғанына қарай ғой, бірааақ... жоқ дер едім...жоқ!

- ...



Бір подкасттан тыңдағарым...

Біздің қоғамдағы адамдар көбіне өздері айтып жүрген сөздердің анықтамасын білмейді не мағынасын түсінбейді. Көп жағдайда өздерінің пайдасына қарай бұрмалайды. Мына диалогтағы қыздың айтуы бойынша жігіттің болашақ жарынан не әйелінен үй тазалығын талап етуі, айтқанын тыңдауды талап етуі абьюз екен. Шарт қою екен.

Бірақ өзінің жігіттің ақшасы, түрі, бойы, көлігі, пәтері болуын және өзіне барынша жақсы мәміле жасауын талап/шарт етуі абьюз емес екен.

Орысша айтқанда "как всегда, женские двойные стандарты" 😁


Сопылық – мәңгілік бақытқа жету үшін нәпсіні тәрбиелеуді, мінез-құлықты тазартуды және сыртқы (амалдар) мен ішкі (жағдайларды*) жөндеуді үйрететін ғылым.

Шейхуль Ислам Зәкәрия әл-Ансари


*ішкі жағдайларға жүректегі иман, сенім, ниет, Алламен арадағы шыншылдық, тәуекелдік және т.б. жатады.

#сопылық
#тасаууф

@oz_oyim


Forward from: Өз ойым | أفكاري
قال العلامة الخليل رضي الله عنه:
الرجال أربعة:

١ - رجل يدري، و يدري أنّه يدري، فهو عالم فاتبعوه.
٢ - و رجل يدري، و لا يدري أنّه يدري، فهو نائم فأيقظوه.
٣ - و رجل لا يدري، و يدري أنّه لا يدري، فهو مسترشد فأرشدوه.
٤ - و رجل لا يدري، و لا يدري أنّه لا يدري، فهو شيطان فاجتنبوه". ينظر: تفسير الرزاي

Ғұлама Әл - Халил айтты (رضي الله عنه): Адамның төрт түрі болады:

1) Біледі және өзінің білетінін біледі, ол - ғалым, оған еріңдер.

2) Біледі және өзінің білетінін білмейді, ол - ұйқыдағы адам, оны оятыңдар.

3) Білмейді және өзінің білмейтінін біледі, ол - ізденуші, оған жол көрсетіңдер.

4) Білмейді және өзінің білмейтіндігін білмейді,
ол - шайтан, одан аулақ болыңдар. ----------------------------------------------
"Мен өзімнің ештеңе білмейтінімді білемін, ал кейбіреулер оны да білмейді".(Сократ).⠀⠀⠀
⠀⠀⠀
⠀P.S: "Кейбіреулердің" қатарынан болмай, өзіміздің ештеңе білмейтінімізді мойындап, білуге ұмтылып, білетіндердің қатарынан болуға асығайық!

Алла баршамызғы қайырлы ілім нәсіп етсін!

#сократ
#насихат
#аударма


Адамдар естіген уағыздарының оннан біріне амал еткенінде сөзсіз әулиеге айналар еді.

Шейх Хасан Хинди [حفظه الله]


Forward from: Хадиске қызмет
Имам Бухари және имам Муслимнің (Алла ол екеуін мейріміне бөлесін) сахих хадистер жинағына енбеген басқада хадистер сахих емес пе?



ولا بد من أن نذكر هنا أن الإمام البخاري ومسلماً لم يقصد أحدهما استيعاب الحديث الصحيح في كتابه، وقد قال الإمام البخاري: ما أدخلت في كتاب الجامع إلا ما صح، وتركت من الصحاح مخافة الطول.
وقال مسلم: ليس كل شيء عندي صحيح وضعته ههنا، وإنما وضعت ما أجمعوا عليه. يريد ما وجد عنده فيها شرائط الصحيح المجمع عليه.

Имам Бухари және имам Муслим екеуіде кітаптарына барлық сахих хадистерді толықтай жинауды мақсат етпеген.
Имам Бухари былай дейді: кітабыма тек сахих хадистері ғана енгіздім және кітапты созып жіберуден қорқып көптеген сахих хадистерді тәрк еттім.
Имам Муслим былай дейді: кітабыма өзім сахих деп тапқан хадистердің барлығын енгізген жоқпын, алайда ғалымдарымыз бір ауыздан сахих екендігіне келіскен хадистерді ғана енгіздім.
📚لمحات في المكتبة والبحث والمصادر



Имам әл Хаким (Алла ол кісіні рақымына бөлесін) былай дейді: имам Бухари және имам Муслим екеуіде өздерінің хадистер жинағына енбеген басқада хадистерге ешқашан сахих емес деп үкім бермеген.

Керсінше Ибн Салах (Алла ол кісіні рақымына бөлесін) көптеген сахих хадистердің екеуінің хадистер жинағына енбей қалғандығын айтады.

Имам Науауи (Алла оны мейіріміне бөлесін): "Әл-усул әл-хамса" яғни: Бес негіз деп аталатын хадис жинақтары (Сахих әл-Бухари, Сахих Муслим, Сунән әт-Тирмизи, Сунән Аби Дауд, Сунән ән-Нәсаи) барлық сахих хадистерді дерліктей өзіне жинағандығын және бұл кітаптарға енбей қалған сахих хадистердің өте аз екендігін айтады.
📚Әл-мәнһәл әр-рауи. Иршаду туллаб әл-хақаиқ; мағынасы


#لولا_الإسناد_لقال_من_شاء_ما_شاء


Forward from: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.

Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.

Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.

Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.

Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.

Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.

Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.

Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.


Шынайы мұсылман адам феминистердің де, жалған "адам құқықтары" ұйымдарының да алдында ақталмайды. Дінде қалай бар, солай айтады және сол нәрсе себепті діні үшін де ұялмайды, ақталмайды.

Кімге, қанша үлес бөліну керектігін Алла Тағала шешті.
ОЛ ешкімнен сұрамайды, рұқсат та алмайды. Ол бәрін жақсы білуші.

Біз тек шынайы иман келтірген адам ретінде оған тек бойсұнамыз.


Шейх Ахмад Шариф бұлай айту арқылы Құран аятының өзгермейтінін, өзгерткен адам ислам ғалымы саналмайтынын меңзеп тұр.


Журналист:

- Ұстаз Ахмад(Ахмад Шариф), мұсылман ғалымдарының мирас мәселесін қайта қарайтын кезі келе ма?

Шейх Ахмад Шариф:

- келеді, діннен шыққан кездерінде келеді. Алла сақтасын...


Түсіндірме:

Дінімізде мирас мәселесінде бір әкеден туған ұл мен қыз бірдей мирас ала алмайды. Ер балаға қыз балаға қарағанда екі есе көп беріледі. Мысалы, әкесінен 30 000$ қалса, ер бала 20 000$, қыз бала 10 000$ алады.

Бұлай бөлу Құранның анық, ашық аятымен бекітілген. Яғни бұл мәселе қайта қаралмайды. Қияметке дейін осылай өзгеріссіз қалады.

Ал Құранның бір сөзін жоққа шығару, мойындамау, өзгеріс енгізу діннен шығуға алып келеді.

{ یُوصِیكُمُ ٱللَّهُ فِیۤ أَوۡلَـٰدِكُمۡۖ لِلذَّكَرِ مِثۡلُ حَظِّ ٱلۡأُنثَیَیۡنِۚ}
[سُورَةُ النِّسَاءِ: ١١]

Алла сендерге, балаларың жайында; бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады.

Ниса сүресі 11 аят.


Forward from: Сырымбек Әділболатұлы
🔈Абай болыңыздар‼️

Ханафи мәзһабына жала.

Қазіргі таңда кейбір уәһабистік бағыттағы адамдар өздерінің діни көзқарастарын дәлелдеу мақсатында Ханафи мәзһабының кітаптарынан дәлел іздеуге көшкен. Олар мұны өздерінің пікірін қолдау үшін жасап, адамдарды соған сендіруге тырысуда. Алайда, бұл адамдар Ханафи мәзһабынан мүлдем хабарлары жоқ.

Жақында Алтай Беріш есімді бір уәһабистік көзқарастағы жігіт Әбу Ханифа (р.а.) шұлықтарға (носкиге) мәсіх тартуға болады деп айтқан және Абу ханифа шұлықтың қандай екенің айтпаған деген пікірді келдірген. Ол өз пікірін қолдау үшін Ханафи мәзһабының "Бадаиғ ас-Санаиғ" атты классикалық фиқһ кітабынан дәлел келтіреді. Алайда, ол кітап, оның айтқан сөзіне керсінше қарсы. Сондықтан, біз бұл мәтінді толық қарап, аударып, қандай мағынада жазылғанын айтып өтейік:
مطلب المسح على الجوارب
وأما المسح على الجوربين، فإن كانا مجلدين، أو منعلين، يجزيه بلا خلاف عند أصحابنا وإن لم يكونا مجلدين، ولا منعلين، فإن كانا رقيقين يشفان الماء، لا يجوز المسح عليهما بالإجماع، وإن كانا ثخينين لا يجوز عند أبي حنيفة وعند أبي يوسف، ومحمد يجوز.
وروي عن أبي حنيفة أنه رجع إلى قولهما في آخر عمره، وذلك أنه مسح على جوربيه في مرضه.
[الكاساني، بدائع الصنائع في ترتيب الشرائع، ١٠/١]
Аудармасы:
Шұлыққа мәсіх тарту мәселесі:
Шұлыққа мәсіх тарту мәселесіне келсек:
1. Егер шұлық толықтай терімен немесе табаны терімен қапталған болса, онда мәсіх тартуға ешқандай талассыз рұқсат етіледі.
2. Егер шұлық толықтай терімен немесе табаны терімен қапталмаған және суды өткізетіндей жұқа болса, онда барлық ғалымдардың бірауыздан келісімі бойынша мұндай шұлықтарға мәсіх тартуға болмайды.
3. Ал егер шұлық қалың болса (ғалымдарымыз қалын дегенді суды өткізбейтіндей және 5-6 км жүруге жарайтындай деп түсіндірген), Имам Әбу Ханифаның пікірінше, мұндай шұлықтарға мәсіх тарту дұрыс емес. Ал оның екі шәкірті (Әбу Юсуф пен Мұхаммед) бұл жағдайда мәсіх тартуға рұқсат етіледі деп есептейді.
Имам Әбу Ханифаның (р.а.) өмірінің соңында екі шәкіртінің пікіріне (қалың шұлыққа мәсіх тартуға болады деген) қайтқаны риуаят етіледі (Бадаиғ ас-Санаиғ 1/10, дар әл-Кутуб әл-Илмия баспасы).


Қорытынды:

- Шұлықтың асты және үсті немесе тек асты терімен қапталса, еш талассыз мәсіх тартуға болады.

- Жұқа шұлыққа еш талассыз мәсіх тарту дұрыс емес.

- Қалың шұлыққа Имам Әбу Ханифаның (р.а.) пікірінше, бастапқыда мәсіх тарту дұрыс емес деп есептеген, бірақ кейін екі шәкіртінің (Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің) пікіріне (қалың шұлыққа болады деген) қайтқаны туралы риуаят бар. Ал екі шәкірттерінің пікірінше, қалың шұлыққа мәсіх тарту рұқсат етіледі.

Енді осы сөздерге қарасақ, Имам Әбу Ханифа (р.а.) бастапқыда қалын шұлықтың өзіне де мәсіх тартуға болмайды деп есептеген, бірақ кейін қалың шұлыққа (суды өткізбейтін және 5-6 км жүруге жарамды) мәсіх тартуға рұқсат етіледі деген шәкірттерінің пікіріне қосылған.

Енді, Алтай Беріштің "Имам Әбу Ханифа шұлыққа мәсіх тартуға болады деп айтқан және қандай шұлық екендігін нақтыламаған" деген сөзі қате. Бұл - Имам Әбу Ханифа мәзһабына үлкен жала болып есептеледі. Егер ол қателесіп айтқан болса, кері сөзінен қайтқаны жөн. Ал егер әдейі айтқан болса, тәубе етсін, себебі қиямет күні жалған сөздері үшін жауапқа тартылады, әрі біреудің атынан жалған сөйленгендігі үшін сұралады.

Ал-Хатиб ал-бағдади (Аллаһ оны рахымына алсын) "ал-фиқиһ уал мутафақиһ" деген еңбегінде айтқандай:
Мұсылмандардың басшысына фатуа беріп жүрген адамдардың жағдайларын қарау керек, егер фатуа беруге жарайтын болса қалдырып, ал егер жарамаса оны тыю керек, ал егер тыйылмаса жаза берем деп қорқыту керек.

Міне осындай интернетке шығып адамдарды адастырып фатуа беріп жүрген жігіттерді тыю керек.


Көптен күткен арна ашылды. Бұл арнада дін мен ғылым ұштастырылған посттар жазылатын болады. Авторы Стамбулда ілім талап етуші бауырымыз-досымыз.

Сондағы толибтар да оған дүниелік ғылым жағынан дәріс тыңдауға келеді. Тіркелеміз, пайдалы контент көп болады.


Forward from: Per Aspera ad Astra
gSgRhsBxUkU.jpg
40.4Kb
Әліпби туралы. Бірінші бөлім.

Араб әліпбиі лингвист мамандардың ойынша фонетикалық әліпбилердің алғашқы түрлерінің бірі болып табылатын финикиялық, және сәйкесінше набатей мен арамей әліппелеріне негізделген /1-3/. Көбімізге белгілі әліпби бүгінгі күнде арабтар арасында "алифбаиия"
ألفبيّة
деген атпен кеңінен тараған. Бұл әліпбиді Басралық үлкен тіл ғалымдарының бірі болып табылған Наср бин Ғаасым әл-Ләйси (نصر بن عاصم الليثي) құрастырды (708/709 жылдарда қайтыс болды) /4/. Бұл әліпбиде хамзаны ескергенде 29 әріп жазылу ұқсастығы принципі бойынша реттеліп, келесідей түрде көрсетілген
أ ب ت ث ج ح خ د ذ ر ز س ش ص ض ط ظ ع غ ف ق ك ل م ن ه و ي
Көптеген ғалымдар араб тіліндегі харекеттердің (яғни фатха, домма, кясра) қойылуын жоғарыда айтылған Наср бин Ғаасым мен Яхья ибн Яъмар, Хаджадж бин Юсуфтың тапсырмасын орындауымен орын алды деген хабарлар бар.

Қолданылған әдебиеттер:
1.Струве В. В. Происхождение алфавита. — М.: URSS, 2004.
2. Дирингер, Д. Алфавит. — М.: Издательство Иностранной Литературы, 1963.
3. Истрин В. А. Развитие письма. — М.: Наука, 1965.
4. Theodor Nöldeke, Friedrich Schwally, Gotthelf Bergsträsser and Otto Pretzl, The History of the Qurʾān, trans. Wolfgang H. Behn (Brill, 2013). p. 592.


Негізі ел алдына шығып сөйлеп жүрген біраз адамдардың смартфонын алық қою керек. Әсіресе әйел адамдардыкін...


Forward from: Invintel
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Мәә, негізі ше, білім жолындағыларға ең минимумы — зиян тигізбейінші десең де, осындай жүк арқалайсың. Алдын Нұрбекжан жіберіп еді. Амал жоқ, ескертеміз. Азхар түлегі. НМУ докторанты.

Дәстүр мен дінді қайшы қойғаны несі? "Ердің басын төрге сүйрейтін де, көрге сүйрейтін де әйел" деген сөз әйелдерге айтылған, еркектерге емес. Сол сияқты "Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді" деген сөз еркектерге айтылған, әйелдерге емес.

Бұл тек мақал-мәтел емес, хадистер мен әсәрларға да қатысты солай. Айша анамыздың еркелігін көтергені жайлы хабарлар ер адамдарға арналған: "ерге сай биік бол, көтере біл" дегендей. Әйел адамдарға арналмаған, әйтпесе "еркелікті көтеру сүннет, мінезіме шыдасын" дегенді шығарып алады.

Негізі, әйел адам елге дін үйретпей өз балаларымен айналысқаны дұрыс. Құрметті қыз-келіншектер, интимный сұрақтар болмаса, былай ер ұстаздардан білім алыңдар.

الله المستعان


Многие смуты и новшества распространились из-за того, что те, кто должен молчать, начали говорить.

Абу Али әл-Әшари


Енді осындай бір екі мақалды естіп алып, осындай бір екі енелерді көріп алып

"біздің традициямызда бүкіл жауапкершілікті әйелге үйіп тастаған. Әйелдің еш құқығы жоқ. Ал шариғатымызда керісінше, еркекке көп жауапкершілік артқан"

деп қыртып отырған орамалды "данышпандарды" көргенде халықтың ашуы келуі орынды емес пе?

Дәстүрді жамандап дінді насихаттау қаншалықты дұрыс?

Мысалындағы дәстүр шынымен жаман болса мейлі ғой, бірақ қарапайым нәрсеге өзінің миы жетпей тұра данышпансып, ақылгөйсіп бөсу өте төмен іс.


Енді советтің кезінде дұрыс түсінік қалыптастыра алмаған кісілер қазір ата ене болып, келініне ренжіген баласын көріп, оның басшы екенін, әйелдің қисық қабырға екенін есіне салып, сабырға шақырудың орнына;

- "балам, еркектің басын көрге де, төрге де сүйрейтін әйел деген, мына қатын сені жақсы жаққа жетелемейді, басқа қатын ал. Не көп - елде қыз көп"

деп, жарастырудың орнына осылай деп тұрса, оған мақалдың не кінәсі бар? Мақалды орынды қолдана алмаған сол адамның өзінің надандығы.


Ер адам бұл мақалды тұрмысқа шыққалы жатқан қарындасына не қызына насихат ретінде айта алады.

Сол сияқты ерлерге айтылған мақалды да үйленгелі жатқан ұлына не інісіне айта алады.

Демек дәстүрімізде отбасылық мәселеде әркім өзінен бастауға, әркімнің өз міндеті бар екені айтылған.

Мысалы ұрысып қалған екі жасқа жақындары жеке-жеке насихат айтқанда "қызым, еркекті көрге де төрге де сүйрейтін әйел. Еріңді сыйла, құрметте. Көңілі тыныш ер іс тындырады" деген сияқты насихатты айтса, ер адамға "әйел саған аманат. Қыз кезінде бәрі жақсы. Қатынды бастан деген.. Еркек басшы деген, әйел қисық қабырға..." деген сияқты насихаттарын айтатын болған.

Ал әйелге айтылған мақалды онсыз да әйеліне наразы, ашулы ерге барып "төрге де, көрге сүйрейтін әйел..." деп айтса, бұл нағыз отқа май құю, астарлап әйелін жамандау, бұзылғалы жатқан шаңырақтың керегесін сөгу емей не енді?


Мысалы, отбасылық жанжал болғанда әйелі күйеуіне "атам қазақ "қатынды бастан" деген. Сен мені о баста тәрбиелей алмадың. Сен мені құрттың" десе бұл ақымақтықтың белгісі.

Оған қасарысып күйеуі "еркекті көрге де, төрге де сүйрейтін әйел" деген. Сен мені көрге сүйредің" деп қарсы сөйлесе, ол да ақылсыздықтың белгісі.


Қазақтың кейбір мақалдары тек ер адамдарға, кейбірі тек әйел адамдарға айтылған.

Бірақ соны түсіне алмаса да елге ақыл айтқыш адамдар көп. Қарапайым қатардағы адамның оны түсінбеуіне түсінікпен қарауға болар, бірақ діни білімі бар, оранған ұстазсымақтардың камера алдына отырып алып қыртып отырғанын көргенде ашуың келеді екен.

Мысалы, "қатынды бастан, баланы жастан" деген мақал ер адамдарға қарата айтылған. Бұл сөзді әйел адамның күйеуіне айтуы үлкен айып.

Сол сияқты "еркекті көрге де, төрге де сүйрейтін әйел" деген мақал бұл әйел адамдарға айтылған. Бұл мақалды еркектің әйеліне қарата айтуы да үлкен айып.

Әркім өзіне айтылмаған мақалды білсе де білмегендей өмір сүруі керек.

20 last posts shown.