Бүгін Ақордаға Отанымызға әр салада еңбек сіңірген білікті маман арулар келді. Олар Мемлекет басшысының Халықаралық әйелдер күніне арналған марапаттау рәсіміне қатысты.
Президенттің құттықтау сөзінен:🌷
Тұмар мен
Бопай ханымдардың, Домалақ ана, Зере және
Ұлпан аналардың, Әлия, Мәншүк, Хиуаз секілді батыр қыздарымыздың аты ел жадында
🌷
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Бүгінде Сіздер санасы сергек, ойы азат ұрпақ өсіріп, Отанымыздың өркен жаюына айрықша үлес қосып келесіздер
🌷
Қазақстанның сан түрлі салада жетістікке жетуіне қыз-келіншектеріміз мол еңбек сіңіруде
🌷Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді.
Ана мен баланың жағдайы дұрыс болса, әлеуметтің жағдайы да дұрыс болады
🌷Мемлекетіміз әйелдерді барынша қорғауға және жан-жақты қолдауға баса мән береді.
Осы бағытта нақты жұмыстар атқарылып жатыр🌷Менің тапсырмаммен отбасы институтын нығайтуды көздейтін маңызды шаралар қабылданды.
Барлық аймақта қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсететін орталықтар ашылып жатыр
🌷Көп балалы аналарды қолдаудың
ұлттық моделі қалыптасты. Соның арқасында жыл өткен сайын көп балалы отбасылардың саны артып келеді
🌷Мемлекеттік қызметшілердің жартысынан көбі – әйелдер.
Білім беру, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың 70 пайыздан астамы да – әйелдер қауымы.
@ptrkkz