Qalaisyn Student 🇰🇿


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
✨🖖 Кім Астанада EXPO көрме алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде болды?

Бұл фестивальдің екінші атауы - "Көрген де арманда, көрмеген де арманда" 😊

⚡⚡⚡ Жұмысшы мамандықтары қаласында арнайы тақырыптық көшелер бар: тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және т.б.

📌 Ертең фестивальдің соңғы күні



2.1k 0 0 43 114

✨✨✨ ҚазҰУ-да «Қазақстанның жастары – жасампаз» патриоттық жиыны өтті ✨✨✨

🎓 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, білім алушы жастарға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында «Қазақстанның жастары – жасампаз» белсенді жастар жиыны өтті.

Еркін форматта өткен іс-шараға жастар ұйымдарының көшбасшылары, шетелдік студенттер, жас ғалымдар және қоғам өміріне белсенді атсалысып жүрген волонтерлер жиналды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев университеттік ғылым студенттерден бастау алу керектігін атап өтіп, мемлекет және білім ордасы тарапынан жастарға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ, оқу орнының беделі білімге ұмтылған ізденімпаз жастар арқылы көтерілетінін жеткізіп, технология дамыған уақытта жастардың ғылымға жаңаша бет бұрып, тың инновациялық жобаларды іске асыруы қажеттігін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бізжұрттан көш ілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістің бастауында тұрады. Бұл өзгерістер Әділетті Қазақстанды құру, «Заң мен тәртіпті» қамтамасыз ету тұжырымдамасына негізделген, – деп атап өтті. Біздің ҚазҰУ-дың жастары да жасампаздық танытып, тың идеялар мен игі істердің бастамашысы боларына кәміл сенемін», - деді Ж.Түймебаев.


Кездесу барысында белсенді жастар мен шетелдік студенттер сөз сөйлеп, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

«8 ақпан күні Астана қаласындаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Жаңа адамдар»
жастар форумы өтті. Сол шараға университет атынан қатысып, қазіргі таңдағы аса өзекті әлеуметтік мәселелермен жұмыс жүргізіп жүрген замандастарыммен танысып қайттым. Форумда вандализммен, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгушілермен, кәмелетке толмаған балаларға ішімдік сатушылармен, есірткі таратушылармен күрес мәселелері қозғалды. «Заң мен тәртіп» үстемдігін орнатудың маңыздылығы талқыланды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының идеологиялық мәні түсіндірілді. Бүгін форумнан алған әсеріммен сіздермен бөлісе отырып, алдағы уақытта осы түйткілдерді бірге шешуге шақырамын» деді Президент стипендиясының иегері, «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымының төрағасы Әйгерім Есімхан.


«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алумен үшін мәртебе. Мен мұнда өз білімімді жетілдіріп жүрмін. Бұйыртса, білікті дәрігерлер қатарын толықтырып, адал қызмет ететін боламын», –деді шетелдік студент Насболла Файзи.


Бүгінде ҚазҰУ-да 54 мемлекеттен келген 4 мыңға жуық студент білім алуда. Кездесуде ректор шетелдік студенттердің белсенділігін арттыруды тапсырып, жас ғалымдардың стартап-жобалары мен креативті бастамаларды дамыту мен қолдауға дайын екенін жеткізді.


🤗 Salem, salem, salem!

📢 SDU University 306 грант пен жеңілдік ұсынады


SDU University жыл сайын талапкерлерге арнап республикалық деңгейде олимпиада өткізеді.

📌 Олимпиадаға тіркелу 20 ақпанға дейін жүргізіледі.

❗️ Жалпы SPT олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады:

1-ші кезең жеңімпаздары 22 ақпан күні арнайы порталда, онлайн форматтағы логикалық 50 сұраққа жауап беру арқылы анықталады.

2-ші кезеңге өткен талапкерлер 9 наурыз күні республиканың әр аймағында белгіленген (17 қала бойынша) тестілеу орталықтарында офлайн форматта тест тапсырады. Олимпиада 11-сынып бағдарламасы негізінде, тест үлгісінде қазақ не орыс тілінде өтеді.

🔥 Ұпай көрсеткіші ең жоғары үздік 306 қатысушы SDU-дың 4 жылға жарамды грант және жеңілдік сертификаттарымен марапатталады.


Forward from: Sayasat Nurbek Live
Уважаемые студенты!

Уведомляем вас, что выплата государственной стипендии за январь месяц началась сегодня, 30 января. На сегодняшний день Оператор произвел выплаты студентам 77 ВУЗов. Все оставшиеся выплаты государственной стипендии будут завершены завтра, 31 января.

В сети распространяется информация о задержке выплаты стипендии, в частности, что выплаты будут произведены после 3 февраля. Данная информация не соответствует действительности. Просим вас доверять только официальным источникам.

С уважением, АО «Финансовый центр»


Сәлем, студент 🖖

Стипендия шоттарыңызға аударылып жатыр.
Бүгін-ертең точно түсіп қалады дейді. Күтейік.
Если что, осы жерге жаз 🤗

3.1k 1 13 169 42

Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚜️ Құрметті талапкерлер!

📆Сіздерді 29 қаңтар мен 12 ақпан аралығында өтетін өңірлердегі шетелдік жоо филиалдары көрмесіне шақырамыз.

📌Көрме барысында шетелдік ЖОО филиалдары өкілдерімен кездесіп, ҰБТ-2025 және грант туралы ақпарат алып, IELTS тапсыру жолдарымен таныса аласыздар.

🔻29 қаңтар – Қарағанды қаласы, № 2 Оқушылар сарайы (141-ші есептік орамы, ст690)
🔻30-31 қаңтар – Астана қаласы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы (Б.Момышұлы даңғылы, 5)
🔻3-4 ақпан – Алматы қаласы, Оқушылар сарайы (Достық даңғылы, 124)
🔻5 ақпан – Тараз қаласы, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені (Төле би даңғылы, 18/7)
🔻6-7 ақпан – Шымкент қаласы, Әуезов университеті (Тәуке хан даңғылы, 5)
🔻10-11 ақпан – Түркістан қаласы, Ясауи университеті (Бекзат Саттарханов даңғылы, 29в)
🔻12 ақпан – Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата университеті (Жақаев көшесі, 11)

📥P.S. Көрмеге келгенде ҰТО стендінде сіздерді кәдесыйлар күтеді.


📌 Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша 2024 жылы ең жоғары еңбекпен қамтылу деңгейін көрсеткен білім беру бағдарламалары келесідей екен:

🌐 Информатика және робототехника – 98%;
⚡ Техникалық физика – 95%;
🪨 Пайдалы қазбаларды байыту – 93%;
🧑‍⚕Жалпы медицина – 92%.

Ал 2024 жылы жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы – 3,3 ай болған.

❓Сен қандай мамандықта оқып жатсың?


Грант алу үшін қандай талаптар қойылған?

🔸Сеул қаласымен бауырлас қала статусы бар
🔸Астана қаласындағы ЖОО студенті болу
🔸Жасыңыз 40 жастан аспауы керек
🔸Бакалавр дәрежесі болуы және оны 2025 жылдың 31 тамызына дейін алу
🔸Академиялық үлгеріміңіз 80%-дан жоғары немесе GPA көрсеткішіңіз жақсы болуы
🔸9 университеттің бірінің корей немесе ағылшын тіліне қойылатын талаптарына сай болу


Құжаттар 2025 жылдың 6 қаңтар-7 наурыз аралығында қабылданады. Құжаттарды тапсыру үшін Кореяның Астанадағы елшілігіне немесе Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтынан ақпарат алуға болады.

Баршаңызға сәттілік тілейміз! 🤗


🔆 Қайырлы күн! Астаналық студенттерге керемет жаңалығымыз бар!🤩

😎 2025 жылдан бастап «Сеул техникалық стипендиясы» бағдарламасы аясында Сеул қаласындағы 9 үздік университеттің бірінде магистратурада оқуға мүмкіндік ала аласыз! Бұл мүмкіндікті Сеул мэриясы үздік студенттерге ұсынып отыр.

Қанша орын бар?
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанға биыл алғаш рет 3️⃣0️⃣ стипендия бөлінгенін атап өтті.

✅ Байқаудан сәтті өтсеңіз, Сеулдегі 9 алдыңғы қатарлы университеттің бірінде оқып, төмендегідей артықшылықтарға ие боласыз:

💸 Қабылдау жарнасы толық төленеді
🎓 Оқу ақысы толық төленеді
💰 Ай сайын 1 000 000 корей воны өмір сүру шығындарына беріледі
🏥 Медициналық сақтандыру қамтамасыз етіледі
✈️ Кореяға ұшу үшін бір жақты әуе билеті төленеді


🖖 Qalaisyn, student!

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылдың 1 қыркүйегінен Қазақстанда стипендиялар мөлшері қалай өзгеретінін таныстырды.

Министрлік мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап👇
✔Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 52 372 теңгеге дейін;
педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін;
✔Магистранттарға – 117 098 теңгеге дейін;
✔Докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.
✔ Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге;
✔ Резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленеді.

💸 Сабақты жақсы оқып, стипендиядан құламауға тағы бір мотивация


🎓 Құрметті студенттер!

🇹🇷 Сіздерге Түркияда тегін білім алу мүмкіндігін ұсынамыз! 🌍

Түркия Бурслары бағдарламасы – шетелдік студенттерге Түркияның ең үздік университеттерінде білім алуға жол ашатын бірегей мүмкіндік.

💡 Қалай қатысуға болады?
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 10 қаңтар-20 ақпан аралығында.
Барлық қажетті ақпаратты және құжаттар тізімін Türkiye Bursları ресми сайтынан таба аласыз.

📚 Бұл бағдарлама сіздің арманыңыздағы білім алуға, жаңа тәжірибе жинауға және Түркияның мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік береді!

🔥 Құжат тапсыратын барлық үміткерлерге сәттілік! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! 🌟


Forward from: Sayasat Nurbek Live
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Сүйінші! Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті!

Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Универсиада ойындарында Анастасия Городко өз шеберлігін дәлелдеп, Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді. Қалған спортшыларымыз да тамаша өнер көрсетіп, еліміздің намысын абыроймен қорғады.

Универсиадада өз өнерлерін көрсететін басқа спортшыларымызға да сәттілік тілейміз! Еліміздің студенттері жеңіс тұғырынан көріне берсін!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿 Италияның Турин қаласындағы ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы студенттік ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасының өту сәті.

🏆 Студент-спортшыларымызға жеңіс тілейміз!

* * *

🇰🇿 Студенческая сборная Казахстана на торжественной церемонии открытия ХХХІІ Всемирной Зимней универсиады в Турине (Италия).

🏆 Желаем нашим студентам-спортсменам победы!


Бүгін XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындары басталады.

Италияның Турин қаласында өтетін байрақты бәсекеге қысқы спорттың 11 түрінен 103 спортшы қатысады.

Универсиаданың сайыстар кестесі мен нәтижелерін білу үшін⤵️

📲 Qazaqstan телеарнасының Telegram парақшасына жазылыңыздар

📲Qazsport телеарнасының парақшасына жазылыңыздар


Сегодня стартует XXXII Всемирная Зимняя Универсиада

Универсиада пройдет в итальянском городе Турин.

Казахстан представят 103 студента

График игр и итоги соревнований узнайте ⤵️

📲 Подписывайтесь на телеграм-канал телеканала Qazaqstan

📲 Подписывайтесь на телеграм-канал телеканала QAZSPORT


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🇰🇿 Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы XXXII Қысқы Универсиада ойындарын жеңіспен бастады!

🔥 Бірінші матчта біздің жігіттер Швеция командасын 9:2 есебімен жеңді.

Келесі ойында ерлер құрамасы 14 қаңтар күні Оңтүстік Корея командасымен кездеседі.

***

🇰🇿 Мужская сборная Казахстана по хоккею уверенно стартовала на XXXII Зимней Универсиаде!

🔥 В первом матче наши ребята одержали победу над командой Швеции с впечатляющим счетом 9:2.

Следующая игра уже совсем скоро — 14 января, где казахстанцы встретятся с командой Южной Кореи.


Forward from: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
🏒 Туринде өтетін универсиадада хоккейшілеріміздің ойын кестесі!

Әйелдер құрамасы "B" тобында мықты қарсыластармен: Жапония, АҚШ және Чехия құрамаларымен кездеседі.
📅 Матчтар:
- 13 қаңтар, 00:00 — Жапония - Қазақстан
- 14 қаңтар, 20:30 — Чехия - Қазақстан
- 16 қаңтар, 20:30 — Қазақстан - АҚШ

Ерлер құрамасы "A" тобында өнер көрсетеді. Олар Корея, Канада, Швеция және Чехия командаларымен жарысқа түседі.
📅 Матчтар:
- 12 қаңтар, 20:30 — Швеция - Қазақстан
- 14 қаңтар, 20:30 — Қазақстан - Корея
- 16 қаңтар, 00:00 — Канада - Қазақстан
- 17 қаңтар, 00:00 — Қазақстан - Чехия

Хоккей турнирі 11-22 қаңтар аралығында Турин маңындағы екі аренада өтеді.
Спортшыларымызға сәтті ойындар мен жарқын жеңістер тілейміз!


🎉 Қазақстандық студенттер Туринде өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысады! ❄️

📅 Қашан? 13-23 қаңтар 2025 жыл, Италия, Турин қаласы.

🌍 Қанша ел қатысады? 57 елден 2000-ға жуық спортшы!

🏅 Қай спорт түрлері? 11 түрінен 90 медаль үшін жарыс өтеді. Оның ішінде биатлон, шаңғы жарысы, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, тау шаңғысы және тағы да басқа қызықты спорт түрлері бар.

🇰🇿 Қазақстаннан кімдер қатысады? 103 спортшы 10 спорт түрінен еліміздің намысын қорғайды!

Ашылу рәсімі: 13 қаңтар, сағат 19:30, «Inalpi Arena», Турин.

Қатысушыларды қолдап, жарысты бақылап отырыңыз! Студент-спортшыларымызға сәттілік тілейміз!


📱 1. Жазбалар мен ұйымдастыруға арналған қосымшалар
Notion: Жазбалар, кесте құру және жобаларды жоспарлауда таптырмас әрі ыңғайлы қосымша. Notion-да оқу материалдарын ұйымдастырып, әртүрлі мәліметтер базасын қосып, тіпті топтық жобалармен де жұмыс жасай аласыз.
Evernote: Жазба қалдыруға, сканерлеу мен кескіндерді қосуға арналған классикалық қосымша. Деректерді құрылғылар арасында синхрондап, ноутбугыңызбен де, смартфоныңызбен де бірдей жұмыс істей аласыз.
OneNote: Тақырыптар бойынша материалдарды оңай құрылымдауға және суреттерді, схемаларды және тіпті дауыстық жазбаларды қосуға мүмкіндік беретін қарапайым және ыңғайлы дәріс жазу құралы.

2. Уақытты басқару және өнімділік
Trello: тапсырмаларды жоспарлау мен ұйымдастырудың тамаша құралы. Тапсырмаларды шағын қадамдарға бөлуге және прогресті бақылауға болатын жобалармен жұмыс істеу үшін қолайлы.
Todoist: тапсырмаларды жоспарлауға және оқуды күндер бойынша ұйымдастыруға көмектесетін іс-әрекет тізімін жасау қосымшасы. Сондай-ақ тапсырмаларды уақытылы орындауыңыз үшін ескертпе жіберіп отырады.
Pomodone: "Помодоро" әдісімен жұмыс істеуге көмектесетін қосымша. 25 минуттық жұмыс пен 5 минуттық демалысқа негізделген тамаша әдіс.

🌐 3. Онлайн курстар мен білім беру платформалары
Coursera: Әлемдегі ең жақсы университеттердің онлайн курстарын ұсынатын платформа. Мамандығыңызға қатысты пәндерді оқып, сертификат ала аласыз.
edX: Coursera платформасының аналогы. Жаңа тақырыптарды үйренуге немесе өз мамандығыңыз бойынша білімді тереңдетуге арналған тамаша ресурс.
Khan Academy: Жаратылыстану пәндерінен гуманитарилық пәндерге дейін тегін курстар мен бейне сабақтар ұсынатын платформа.

❇️ 4. Тілдерді үйренуге арналған құралдар
Duolingo: шет тілдерін үйренудің ең танымал тәсілдерін ұсынатын қосымша. Ойын тапсырмалары арқылы сөздік, грамматика және сөйлеу дағдыларын дамытуға болады болады.
Memrise: жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрену үшін есте сақтаудың әртүрлі әдістерін қолданатын платформа. Жаңадан бастаушыларға да, озық студенттерге де қолайлы.
Anki: Флэш-карталар арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтауды жеңілдететін қосымша.

🤝🏻 5. Бірлескен жұмыс бағдарламалары
Google Docs: Әріптестеріңізбен немесе курстастарыңызбен нақты уақыттағы құжатпен жұмыс істей аласыз. Құжатқа өзгерістер енгізіп, ұжыммен талқылауға болады.
Miro: ұжымдық шығармашылыққа арналған виртуалды тақта. Топтық жобалар үшін таптырмас құрал. Құралмен идеяларды визуализациялап, схемалар мен диаграммалар жасай аласыз.
Slack: бұл командалық жұмысты тиімді үйлестіретін қолданба. Файлдарды бөлісуге және маңызды тапсырмаларды бақылауға көмектесетін командалық байланыс қолданбасы.

🔎 6. Ғылыми материалдар мен әдебиеттерді іздеуге арналған ресурстар
Google Scholar: бұл ғылыми мақалалар мен жарияланымдарды арнайы іздейтін арнайы жүйе. Ғылыми жұмыстардағы зерттеуге сілтеме қалдыру қажет болса, сондай-ақ кез-келген тақырыпқа ізденіс жасау үшін қолданылады.
JSTOR: ғылыми журналдар мен мақалалардың мәліметтер базасы. Дипломдар мен курстық жұмыс жазу үшін сенімді дереккөздерді қажет ететін студенттер үшін тамаша ресурс.
ResearchGate: ғалымдарға арналған әлеуметтік желі. Зерттеулер мен мақалаларды оқып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі зерттеушілермен қарым-қатынас орнатуға болады.

🎙️7. Танымдық білімді арттыруға пайдалы құралдар
TED: Әр сала мамандарының шабыттандыратын дәрістері мен презентациялары бар. Көкжиекті кеңейту мен жаңа идеялар үшін тамаша ресурс.
Medium: Өз мақалалаңызды жариялауға арналған платформа. Сарапшылар пікірін оқып, өз идеяларыңызбен бөлісе аласыз.

💥
Осы құралдар мен ресурстардың көмегімен оқудағы тиімділігіңізді және өнімділігіңізді арттырып, сапалы маман болып қалыптасасыз. Ең бастысы тұрақтылық екенін ұмытпаңыз. Оқуыңызға сәттілік!
❤️


Оқуда тиімділікті арттырудың бірнеше жолы

Заманауи технологиялардың дамуы ізденісте жүрген әрбір студентке үлкен мүмкіндіктер ұсынды. Шексіз мүмкіндіктерді тиімді игере алған әрбір студент ізденіс жолын едәуір жеңілдетіп, оқу процесін өнімді ете алады. Ал ол үшін жетістікке тезірек жеткізетін тиісті құралдарды пайдалана білсеңіз болғаны. Төменде сол құралдар мен қосымшалар тізімін ұсынамыз:

20 last posts shown.