❀ Дем


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Telegram


Түсініксіз ойынды алғаш рет ойнасаң, бірінші кезекті басқаға бер🧩
Жекем: https://t.me/iamademi
Аноним: t.me/anonaskbot?start=ldzxd0jwihbyf
Boost: https://t.me/boost/qangybasym

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Telegram
Statistics
Posts filter


Ол сүйген жүректе мен бар едім… Мен сүйген жүректе ол бар еді…

Басында талап қойған кезде ол “мен деп өзіңді ұмытпа. Олай ететін болсаң, кешіре алмаймын,”-деді. Сол адамның арқасында шығар мен өзімді ұмытпай, керісінше өзімнің басымды ойлап алам алдымен. Ал ол болса мені ойлайды… Себебі неде десем “сен ондай талап қоймадың?”-дейді. Сүйіспеншілікке толы қарым-қатынасқа қарап, өмірге деген құштарлығың оянатындай…

#күнтәртібіндегібастымәселе


Умница Уилл Хантинг (1997)

#фильм

«Мы всегда должны выбирать, кого впускать в наш маленький мир. Ты тоже несовершенен. Эта девушка, которую ты встретил, — она тоже несовершенна. Главное в том, совершенны ли вы друг для друга.»

Уилл деген қырсық-қыңыр бірақ гений жігіттің өмірі жайлы. Жалпы осындай фильмдер ұнайды. Білімге құштарлықты оятатын фильм десем де болатын шығар. Өмірдегі қолыңа беріп тұрған бар мүмкіндікті пайдаланасың ба, әлде пайдаланбайсың ба? Сұрақ жауабы өз қолыңда…


Үнсіз мұңға орандым…

#күнтәртібіндегібастымәселе


“Сенің қайтадан сынып қалуыңнан қорқамыз. Өзіңді қайта жоғалтып аласың ба деп қорқамыз. Сенер алдын әбден көзіңді жеткізші, сені жоғалтып алудан қорқамын…”

#бүгін


Ойсыз өткен бір күнім болған емес…
Десе де 8 наурыз мерекесі қарсаңын шулап жүріп өткіздік қой. Реніші қара қазандай қыздар мен жігіттің берген сыйлығынан ренжіген/қуанған қыздар да бар.

Бірақ мен теңдік үшін күрескен әйелдерге, ерлерге алғысымды білдіргім келеді. Қазір тең деңгейде ер адамдармен қатар тұра алатыныма, пікір таласа алатыныма, оқу оқып жарыса алатыныма, бастысы ойымды жеткізіп, сол идеяларымның іске асатынына, бір қатарда тұра алатыныма қуаныштымын.

#кеше


Мен мықтымын ғой. Ал сен ше?

#күнтәртібіндегібастымәселе


Forward from: Ү м і т т і 🦋
ұстаған оразасын міндетсінетіндерді суқаным сүймейді. қылған құлшылығың біреудің ақысына кіріп кетпеу керек қой. еш болмағанда құлшылықты қорғау деген бар… яғни, тек ораза жайлы емес.
көбіне біздің сасық пиғылымыз бәлен жыл ораза ұстадым, осынша уақ намаз оқимын деп білдіртпей мақтанып, кеудемсоқтанумен ғана шектеледі…


Мейрамдарыңмен! Теңдіктеріңмен!


Армандарымның кішкентай әрі тез орындалатынына қуаныштымын.

#күнтәртібіндегібастымәселе


“Таңдағандарымның ішіндегі ең жақсысы — тыныштық”


Бүгін неше түрлі тілектер айтылды. Ашық, бірбеткей, тіке айта салатын адам болған соң ба, бәрі жақсы тілектерін айтып шықты. Бәрі құшақтайд, жылағысы кеп тұр.
“Бастысы өзіңді сыйла, өзіңді өсір, өзіңді дамыт. Сені сүйетін жігітті кездестір. Өзіңе ерік бер. Бірақ ыстық шайға араласқан қант болма. Яғни өзіңді адамның ішіне жоғалтып жіберме,”-дейді.
Бұрын мән бермейтінмін. Қазір тыңдап тұрсам, ой салатын дүние секілді. Үлкен адам екенімді сезіндім. Алғаш рет әйел адам екенімді сезіндім. Құшағымды құшаққа, бетімді сүйіске, көңілімді тілекке толтырдым❤️

#күнтәртібіндегібастымәселе


Бүгін әріптестерім үшін 8 наурыз мерекесі екенін ұмытып кетіппін. Сол әдеттегідей толстовка мен джинсы киіп келе салғам. Әйелдер арасында ерекшеленіп қалғаным үшін ұялдым.
Ерте қайтаратыны бар емес пе әлгі… Сол мүмкіндікті пайдаланып өзіммен кездесу жасамақпын…

#қазір


Сенімен үнсіздіктің өзі әдемі…

#қазір


Бақытсыздар қатарын толтырмайтын бақыттылармыз. Әдемі сөйлей алмасақ та, әдемі мінезімен жүректен орын алатындармыз. Біздер ешкімге ештеңені міндетсінбейміз, керісінше басқа адамның көңілі үшін деп күйгелектенеміз. Өз-өзімізбен, қазір, дәл осы жерде бармыз…

#күнтәртібіндегібастымәселе


Мен ерекше бақытты сезіндім…

#бүгін


Түстерімнің арасында жиі адасып кетемін…

#бүгін


Сипалап саусақтың ұшымен,
Бейнеңді іздейм түнектен…


- Сен мендіксің
- Жоооооқ

Дедім ренжулі дауыспен. Қанша жерден сол адамға бұйыратынымды білсем де, ертең үйлі болсақ та, “сен тек мендіксің”-десе тағы да жауабым “жоқ” болары анық… Мен жәй мойындағым келмейді…

#бүгін

827 0 10 12 30

“Ғашық бола салайын десем, ана адамды жеп қоятын сияқтымын..”


Ұмытам себебі ойым бір сенде
Бұны екі ерін жұмбағы деп білем

20 last posts shown.