көзімнің қарашығы


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Көзімнің қарашығы – жүрекке жол тартқан рухани сәуле.
Әр жазба – жанға дем, санаға нәр.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Менің арнамды оқып, сөздерімді ой елегінен өткізіп, жанын тынықтыратын оқырмандарым барда, мен тоқтаусыз ізденіп, руханият әлемінде тереңдей бермекпін…

кешелі бері арнам жаңа оқырмандармен толығуда.
осы уақыт аралығында арнам оқырмандар үшін жайлы ортаға айналып, өзінен-өзі толысып келеді.
Алла пайдалы әрі мәнді тақырыптар жазуды нәсіп етсін.
көкірек көзі ашық,санасы сәулелі,айналаға жарқ етіп нұрын шашар ойлы жақындар көп болсын!

қош келдіңіз, оқырман! 🩷
білім мен руханиятқа деген сапарыңызда менімен бірге болғаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын!


Forward from: көзімнің қарашығы
🩷☀️
бір-біріне шипа беретін адамдарды,
Алла бір-бірінен айырмасын.


жүрегі білім мен арманға толы студент досым!

алдымен мерекеңмен! 🩵
бүгін армандарымызға қанат бітіріп, біліммен болашаққа жол салатын жастықтың ерекше күні.
студенттік өмір – өмірдің ең әдемі, ең алаулаған кезеңі.
бұл – таңғы шықтай таза үміттермен оянатын, болашақтың есігін батыл қағатын шақ.
бұл – тек білім іздеу ғана емес, өзіңді табу, өзіңді танитын шақ.
бұл—дәрістердің тереңінен даналықты сүзіп алып, достардың жылы жүзінен қуат алатын ең мерейлі шақ.
бұл—сабақтан төмен алдым деп көңіліңді түсіріп, кейін түк болмағандай жүзіңе күлкі үйірілетін шақ.
бұл—емтиханға дайындалып, мойныңда жауапкершіліктің бар екенін сездіретін шақ.
студенттік өмір – қателесіп қайта тұрудың, үйреніп қайта бастау алудың, ізденіс пен үміттің тоғысқан шағы.
әрбір сабақ – тек білім емес, өмірлік тәжірибе.
әрбір қиындық – тұлғаңды шыңдайтын сынақ екенін ұмытпа!
Күлкімен көмкерілген аудиториялар, жаңа достықтың бастауында айтылған сөздер, түнгі шамның жарығымен өткен білімге құштар сағаттар – мұның бәрі жүректің мәңгі есте сақтайтын ең аяулы суреттері.

шәкірттік жол – ізденумен басталып, кемелдікке ұласады.
сенің болашағың – бүгінгі қажырлы еңбегің мен шынайы ізденісіңнің нәтижесі.
🩷есіңде болсын:
сұранысқа ие мамандық болмайды.
сұранысқа ие маман болады.


ендеше ізденіс жолың сәтті, өмірің жемісті болсын!
тәлім алған мамандығыңның ең мақты маманы бол! 🩵


Алла Тағала дұғаңызды қабыл еткісі келмесе,
әуелде оның аузыңызға салмас та еді.
Сізге бұйырылған нәрсе екі қырдан ары жатса да,сіздің әлсіздігіңізге қарамай алдыңызға келеді.
Күйгелектенбеңіз.
Адам шын жүрекпен,ықылас-ниетімен сұраса,
Алланың бермейтіні жоқ.


Сен тілің шықпай тұрған кезде ата-анаң саған тілмаш болды. Сен жыласаң — қарныңның ашқанын түсінді, қолыңды созсаң — саған жылы құшағын ашты. Құлап қалсаң — ешбір сөгіссіз көтеріп, маңдайыңнан сүйді. Олар сенің әрбір қимылыңды, әрбір ымыңды жүрегімен ұқты.
Сол кездері сенің түсініксіз әлеміңді түсіну үшін өздерін ұмытып, бар өмірін саған арнады.

Енді есейіп, ақылың толып, ойыңды анық жеткізе алатын жасқа келгенде, "Сіз мені түсінбейсіз" деп өкпелеу — жүректі сыздататын сөз.
Бұл олардың бүкіл жанқиярлық еңбегін елемегенмен тең. Олар сенің өмірдегі ең үлкен қолдаушыларың, сенің барлық асқақ арманың үшін көз жасын құрбан еткен жандар.

Ата-анаңды түсінуге тырыс. Олардың әрбір сөзі — сенің жақсылығыңды ойлағаннан туған жан айқайы. Олардың әрбір әрекеті — сенің болашағың үшін жасалған қамқорлық.
Құрмет пен мейірім көрсетуден қымбат ештеңе жоқ. Уақытты босқа жіберме, оларды бағалауды бүгіннен баста.

Ата-анаңды түсіну — сенің парызың ғана емес, жүрегіңнің қарызы.

Ақ сүтін ақтаудың орнына, анадан қалған “травманы” айтып жүрсек—шын адасқанымыз.


ең бір шәйған «қазақ аруы» биыл болды-ау😁

жалпы өз басым бұндай жобаларды ұната бермеймін…
бүгін басынан аяғына дейін қарадым.
жалған пафос.жасанды ару.мағынасыз һәм ұйқассыз өлең.қарапайым сұрақтан тысқары қалу.
сыртқы келбеттен гөрі, қазақи болмысы мен парасаты үйлескен, ішкі жан-дүниесі бай, ар-намысын қадір тұтқан жастарды тәрбиелеу әлдеқайда маңызды.
жастарымызға рухани тәрбие беріп, ұлттық рухты насихаттаудың орнына, оларға жасанды стандарттар қойып, әдемілікті тек сыртқы түрге әкеп тіреп қойғанымыз дұрыс па?

бұрыңғы кезеңнен қалған мұндай байқаулардың бүгінгі күні біздің ұлтқа қаншалықты қажеттігі ойландырады. ұлт тәрбиесі мен руханияттың орнына, сыртқы сұлулық пен тартымдылықты дәріптеу жастарымызға шынайы пайда бере ме?
Ұлттық құндылықтарға сүйенген, терең тәрбие мен мәдениетті қолдайтын жаңа көзқарастар қалыптастыратын уақыт жеткендей…

менің өз ойым.
бәлки,біреуге дұрыс емес…

2.4k 0 10 27 98

Сен өз аяқтарыңмен жүріп-тұрсаң, қаншама адам арбаға таңылып отыр…
Ұйқың қанып тұрасың, ал көбінің мазасын ауру қашырған.
Сен тойып ішіп-жеп жатырсың, көбі ауру-сырқау болғандықтан судың да дәмін көре алмай жүр.
Құлағың жайлы ой жүгірт, керең емессің.
Көзің жайлы ойлап көр, соқыр емессің. Теріңе қара, алапес емессің.
Ақыл-ой төңірегінде ойлан, ессіз жынды емес, саналы жансың. Сол ақылмен қаншама байлық-нығметтерге бөленіп жатырсың.

Демек, Алла Тағаланың саған берген нығметтерін еске ал, зерделе, шүкір ет. Ол сені жан-жағыңнан қоршап тұр!

☀️"Маған ешнәрсе қызық емес"-деу,көңілсіз жүру— Алла берген нығметтердің барлығын жоққа шығару,бағаламау.

2.6k 0 33 4 106

қайғырма,
аяғыңа батқан тікендер—іздеген гүліңнің хабаршысы.


Forward from: көзімнің қарашығы
сенің бойыңнан бақытын тапқан адам—сенікі,
қалғаны—Құдайы қонақ

☀️🩵Мәулана әр–Руми


кейде…
кейде емес,көп уақытта
қолыма қалам ұстап, шимайлатып жазатыным бар.
күнделігімдегі жазған парақтарым сарғайып кетпей тұрғанда,соның біреуін бөліскенді жөн көрдім. ✨


тағдырға төзіп,
уақытқа уақыт жалғайсың.
шер тарқатайық
қайғысыз,мұңсыз жандай шын.
жаңбыр астында қолшатырсыз бір жан көрсең,
есіңе мені алғайсың.

есіңе де ал.
күндіз не мейлі түнде де.
сыртымнан сөз ғып,
алайда қалқам,күндеме.
сезіміңмен кел
алдаусыратып байғұсты
сүймесең маған үндеме.

назарың болса,
жаным-ау,менен басқада.
кете бергейсің.
сол ару,мейлі басқаға
артыңа бір сәт бұрылып енді
үмітпен
қарама маған жасқана.

жаным дәл қазір
тыныштық деген күйге енді.
пенделер солай
солай-ақ кейде үйленді.
кешірші,жүрек!
уәде берейін тағы да:
сүйемін енді сүйгенді

махаббат жайлы
мен жүз не мың рет ойландым.
жұлдызды түнде,
жарық күнде де ойға алдым.
бейқамдығыңа,үнсіздігіңе қарағым,
мен кейде қалқам,қайранмын.

бәрін де қалқам
бәрін де ұмыт бүгін.
тұтандырмайық
қайтадан үміт гүлін.
сенен өзге шынайы махаббатқа
мен әлі үміттімін.

(с) көзімнің қарашығы

04:40


Forward from: көзімнің қарашығы
🩷☁️сен Алладан бір гүлшоғын шын ниетпен,ықыласпен сұрасаң,
Раббың саған бір шоқ гүлді емес,гүлдерге толы бақты берер…

өміріңдегі кейбір кешігіп келетін жақсылықтар Алланың кемел даналығының нәтижесі.
оны жалғыз Алла ғана білуші.
ісіңнің барлығын, жүру барысын Аллаға тапсыр.

🩷💕Аллаға сен, асықпа, үміт үзбе!

3.1k 0 38 1 152

Қаржылық сауатымның төмендігі сондай, қолыма ақша түсе қалса, оны еселеп көбейтудің орнына, кітап дүкені мен театр кассаларына жол тартып кетемін. Әлдеқандай қаржыгерлер инвестицияға салыңыз, активтерді көбейтіңіз деп ақыл айтса да, мен үшін ең үздік "инвестиция" – сөрелерімді жаңа кітаптармен толтыру, ал "актив" – көңіл күйіме әсер ететін театр билетінің иесі болу. Ақшаның құны уақытпен өлшенеді дейді ғой, меніңше, ол – әдебиет пен өнерге жұмсалған сәттерде ғана нағыз құндылыққа ие!

Жаныма рухани азық алып, қолымда қалған тиынды ғана қалтамда қалдырсам да, өзімді ең бай адамдай сезінемін. Табысың – уақытша, ал рухани байлық – мәңгілік, солай емес пе?
солай деңіздерші 😁


Қараша – ой елегінен өткізер уақыт

Күздің соңғы айы — қараша. Табиғат жаны тыныштыққа бой алдырып, қыстың алдындағы бір ерекше үнсіздік орнаған шақ. Жылдың осы мезгілінде адам да өз өміріне көз жүгіртіп, жасаған ісін, жеткен жетістігін таразыға салып, алдағы күндерге дайындалуға мұқтаж.

"Биыл не істедім?" деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Мүмкін, кейбір армандарыңызға жетіп үлгермеген шығарсыз, ал кей жоспарлар жүзеге асып, сізді жаңа бір биікке көтерген болар. Жүрегіңіздегі үмітті қайта оятып, алға ұмтылыңыз. Әрбір қадамымыз — өміріміздің өзегіне айналар маңызды сәт.

Қараша — өткенге риза болып, болашаққа сеніммен қарауға үйрететін ай. Алдағы екі айда өзіңізге бір ізгі мақсат қойыңыз. Жылдың соңғы күндерін жаныңызға жылулық, өміріңізге мағына сыйлайтындай етіп өткізіңіз.

Есіңізде болсын:үлкен өзгерістер кішкентай әрекеттерден басталады. Өмірге деген сеніміңізді арттырып, әрбір күнді қадірлеңіз.

Жүрегіңізге сенім ұялаған сайын, өміріңізде ғажайыптар орын алады.

сіз өзгермесеңіз,ай мен жылдың өзгергенінен пайда жоқ.


Мен сыйлыққа кітап алғанды,сыйлыққа көбіне кітап бергенді құп көремін. Әсіресе,Ұларбек ағайдың «Дайағашшы» кітабы мен Зейнеп Ахметованың «Теңбіл тіршілігі».

Мамандығым әдебиетке жақын,одан бөлек,айналамдағы ортам кітап оқитын жандар болғандықтан,ортаға салып,талқылаған кітапты сырттан «оқымадым» деп қарап тұру—әбестік көрінеді.
Осы кезде түсінгенім—білімнің бәрі кітапта. Алдымен ниеттен,жаныңа жақын жанрды тап. Уақыт созбай бастап кет. Кітап оқымасаң да кітапханаға бар. Себебі, кітап оқымай,олардың арасында жай отырудың өзі—нығмет.

1-2 кітап болсын (анти) кітапханаңды құрастыр. Солай-солай байыппен жиналады.

Кітап жинау – жай әуестік емес, рухани ізденіс. Ой-санаңды байытып, жан дүниеңді толықтыратын кітаптар өз сөреңде жайғасып тұрса, көңіліңнің бір түкпірінде тыныштық орнайды. Ол жерде сен өмірден шаршап келгенде бас сауғалар пана, ойыңды жинақтап, тынығатын мекен табасың.

Сөремдегі әр кітаптың өз тағдыры бар. Бірі – маған балаң қиял сыйлаған, бірі – болмысыма ой салған, енді бірі – бағытымды айқындаған ұстаз іспетті.

Әр оқылған кітап – санаңа салынған сәуле, әр жиналған кітап – болашағыңа қаланған қазына. Оқыған сайын танымың тереңдеп, өмірге деген көзқарасың кеңейеді.

Кітапты тек өзің үшін ғана емес, айналаң үшін де оқы. Білгеніңмен бөлісу – игі іс.

тілек:
Қайта-қайта оралып оқитын кітаптарың көп болсын, ал оқыған сайын жүрегіңді жылытып, жаныңа қуат беретін шығармалар көбеймесе, азаймасын. Сөреңдегі кітаптар тек білім емес, өміріңнің қуанышы мен шабыт көзіне айналсын!

қазір қандай кітап оқып жатырсыз?

3.4k 0 15 37 69

Өмір – мәңгілік сапар.
Адам – бұл жалғанда уақытша жолаушы.
Келгені де, кеткені де бір сәттік керуеннің өткені іспетті.
Әр қадам – тағдырдың өрнегі, әр қуаныш пен қиындық – ғұмыр жолыңның айнасы.
Өткен іздеріңе назар сал: кімге шапағатың тиді, кімнің жанына жылу сыйладың, қандай сабақ алдың?
Себебі әрбір амал – жүрекке мөр, болмысыңа айна.

Шәкәрімше айтқанда:
Келдім қайдан?
Нетсем пайдам?
Өлгеннен соң не болам?


Ал нәтиже – Алладан. Бізге тиесілісі – шынайы ниетпен әрекет етіп, сабырмен күту. Жүрегіңді тазартып, жолыңды түзесең, жан дүниең де тыныштық табар.

✨Әр күн – қайталанбас мүмкіндік.
Өмір деген сапарда адаспай, жарық ізбен жүріп өтуді жазсын.


Өмірдің әдемі сәттері әрдайым күтпеген жерден туады. Кейде қарапайым әңгіме, көз алдымыздағы көрініс немесе ұмытылмас сәттер бізге шабыт сыйлайды. Уақытты пайдалы өткізу мен жаңа әсерлер жинау – жан дүниеңді байытып, ойға серпін беретін ең жақсы тәсілдердің бірі. Мәдениет пен жайлы сәттерді үйлестіру арқылы біз күнделікті өмірден ләззат алуды үйренеміз.

ұмытылмас сәттерің,сол сәттен алар ғажайып әсерің көп болсын!🫂


Әсерлі сәттер мен жаңа шабыттарды бірге бөлісейік: инста ☕️


Сен тырыстың,әрекет етіп жатсың.
Алла оны көріп тұр.

Алланың өзі жеткілікті…

3.9k 0 45 3 143

бүгін «мамандық ретінде басқа нәрсе таңдағаның дұрыс болар ма еді? Мамандығың қызықсыздау ғой…» деген пікір естідім.


қызықсыз…
талдайық:

1)Біржан мен Сара айтысы өмірде болмаған деген дерек бар. Екі ақын бір-бірімен айтыспақ түгілі бірін-бірі танымаған. Бұл айтыс Әріп Тәңірбергенұлының қаламынан туған туынды.

2) «Қызыл жебе» романының авторы—Шерхан Мұртаза емес,Темірғали Нұртазин екенін Мұхтар Мағауин дәлелдеген.

3)Сәбит Мұқанов—сатқын емес. Архивті қаншама жыл ақтарған ғалым Тұрсынбек Кәкішов жазушы Сәбит жайлы негізгі ақпараттарды нақтылап,дәлелдеген.

4)Көптік жалғау—жалғау емес,жұрнақ болуы керек.

5)рақмет,рахмет емес, «рақымет» түрінде жазылуы керек. «қ» және «м» дыбысы бір түбірдің бойында қатар келе алмайды. Қазақ тілінде дыбыстар қатар келіп,тіркесуінде өзіндік заңдылық бар. Сөз соңында үнді мен қатаң дыбыстарының тіркесі ғана келеді. Ал,басқа дыбыс тіркестерінің қатар келуі қазақ тіліне жат. А.Байтұрсынұлының өзі атын ешқашан «Ақмет» деп жазған емес, қазақша «Ақымет», орысша «Ахмет» деп жазған.

6) «мереке» мен «мейрам» бір ұғымды білдірмейді.
мереке—ресми бекітілген күндер.
мейрам—халықтық сипаттағы айтулы күндер.

7)Абайдың аяқталмай қалған 46 қара сөзі бар.

8)❌туған күніңмен,туылған күніңмен!
✅туған күнің құтты болсын!

9)Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» шығармасы бала көтере алмай,өзіне суицид жасаған бірінші жарына арналған.

10)мектеп бағдарламасында «и» мен «у» бірде дауысты,бірде дауыссыз деп келдік. жоқ,бұл дыбыстар толығымен дауыссыз болу керек. (мектеп бағдарламасын тым күрделендірмеудің жолы)

11) ❌жиырмасыншы
✅жиырманшы

12) «қанша» мен «нешенің» мағынасы екі бөлек.
нәрсенің дәл санын білуге сұрағанда «неше?», дәл санын емес,шамасын білуге сұрағанда «қанша» дейміз.

13) ❌кез-кезген
✅ кез келген.
түсіндірейік: кез—мезгіл,мерзім,шақ дегенді білдіретін зат есім.
келген—етістік.
ал қос сөз болу үшін екеуі де бір сөз табынан болуы керек.

14) шылау мен қосымша екеуі екі түрлі.
шылау: сенде бар ма?
қосымша: сен де барма.

15) 👀 таң қалу
✅таңғалу

16) қазақ тілінде род болмайды.
👩‍🎓 азаматша,төрайым
✅ азамат,төраға (ерге де,әйелге де)

17) әлеуметтік желіде жауыр болған бір сөз—күйеуім. күю,кеу,кеуім емес.

18) «бала» ұғымы тек жігіт,ер адамға байланысты емес.

19) 👀өкінішке орай,қуанышқа қарай
✅ өкінішке қарай,қуанышқа орай.

20) қазақ тіліндегі «ң» әрпінен басталатын жалғыз сөз—ңөң.
айсбергті қазақша «ңөң» дейміз.


Forward from: көзімнің қарашығы
Әке—өзі қала көрмей,сені қалада оқытатын адам…❤️‍🩹

3.2k 0 23 2 153
20 last posts shown.