қар қызы


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


қар және мен, бізде шексіз махаббат 🤍

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Адам үйден қолдау таппағанда, оны сырттан іздейді. Сол себепті де, кейде түк туыстық қатынасы жоқ адамдар жақыныңа айналады.


Адамды қоғамда қалыптастырушы басты фактор - орта. Қандай жандардың ортасында жүрсеңіз, бейіміңіз соған қарай төселеді. Әуелі сөздеріңіз, кейін іс-әрекетіңіз бейсаналы түрде қайталана бастайды.

Нұрсұлтан ұстаздың дәрісінен естігендей: «Жақсы достың мысалы - әтір сатушысы сияқты. Не ол саған әтірді сатады немесе “хадия” қылады. Болмаса, қасында көп жүргеннен кейін, әтірінің иісі үстіңе сіңіп қалады…». Мән беріп оқысаң, терең мағыналы сөйлем. Тәтті мен хош иіске құштарлық, орта таңдауда да ең хайырлысына құштар болғай.

Хайырлы ортада сіз қиналмайсыз. Хайырлы жандар жүрегіңіз бен асыл көңіліңізге қаяу-мұң түскенін қаламайды, түсіруге тырыспайды. Нұрланған жүзіңізге нұр беріп, еңсеңізді көркем түрде еселейді. Жабырқаған көңіліңізге жан бітіріп, қиналған жаныңызға шипа болуға тырысады. Сізді Алланың хақ жолына жетелеп, дұрысты дөп басып, бұрысты талқыламайды. Мұндай орта кімге азап әкеледі?! Шындығында, дүние мен ақырет үшін пайдалы болмақ.

Алла Тағала баршамызға жарық орта нәсіп еткей! 🌸


Адам бар, сәйкесінше оның әрекеттері бар екенін саналы түрде ұғынуымыз қажет. Оның әрекеті жақсы болмауы, ренжітетін болуы мүмкін. Бірақ адамның өзі көркем, керемет. Өйткені оны Алла жаратты. Ал оның әрекеттері бөлек нәрсе. Адам ретінде оның қателесуге құқығы бар.


Ең сорақысы - жақыныңа қолдау ретінде айтарға сөз таппау. Оның қиналғанын, жан айқайын сезе тұра шарасызсың. Көресің, бірақ көр соқырсың. Естисің, бірақ саңыраусың. Тілің бар, бірақ мылқаусың. Ең өкініштісі осы.


"Неге ол мындай, неге андай, неге олай киінеді, неге олай жүреді, дұрыс емес қой, былай ғой" т.б. қоқыс ойларыңмен рухыңды сасытпа. Таңдау – қоғамдағы әр адамда, ол дұрыс болсын, жоқ болсын. Ал сен – өзің үшін жауап бер.


Біреудің таңдауын, қызығушылығын, түрі мен образын сынауға біздің хақымыз жоқ. Өйткені ол оның өмірі, өзі біледі. Тіпті ол жақын адамың болса да. Оның кез келген шешіміне, іс-әрекетіне құрметпен қарап үйренуіміз қажет. Әрине, егер ол нәрсенің зияны көп болмаса. Ал егер жаман болып жатса, ескерт. Тыңдамаса, қоя бер. Сен өз парызыңды орындадың бастысы. Біз жеке бір тұлғаның өміріне араласқан сайын, арадағы сыйластық кетеді, жеккөрініш пайда болады. Сондай жағдайға дейін апармас үшін, шекарадан аспай, құрметтпен қарағанымыз дұрыс.


Қысты қатты күтудемін. Бұйырса болғалы тұрған ұзақ түндер мен ақ мамық қарларымды аңсап жатырмын. Бұл қыстың ерекше өткенін, неше түрлі ессіздіктер мен басқосулардың болғанын қалаймын. Сендер менің қысты қаллааай жақсы көретінімді білсеңдер ғой. Махаббатымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Аяз, боранымен де, бәәәрі сүйім. Бекерден бекер “қар қызы” болған жоқпын. Өзімді еркін сезінетін уақытқа таяп қалғанымды есіме түсірсем, жүрегім алай-дүлей болады..✨


Негізінде біз көп байқай бермейтін бір дүние бар. Адамның әңгіме айтуына байланысты 2 түрлі энергия бөлінеді екен.

біреу туралы айтып, біреудің өміріне қызығып, біреуді аңдып, істерін саралап-сараптап, қысқаша айтқанда өзімізге түк пайдасы жоқ әңгіме айтсақ, біртүрлі шаршау сезімі бойымызда басым боп кетеді. бойыңды ауырлық басып, өзіңді жамааан сезініп кетесің.

ал енді рухани, жанға азық болар, бір сөйлем айтсаң да, ішінде іліп алар бір сөзі бар мәнді-мағыналы әңгіме айтсаң, бойыңдағы “жағымды” энергия көбейе береді. айтып біткен соң, ерекше бір жеңілдікті, тазалықты сезінесің.

#түйгенім


Біреу жайлы біліп тұрсақ та, білмей тұрсақ та жаман нәрсе айтудан аулақ болайықшы. Ертең ойланбай сөйлеген әр сөзіміз үшін жауап береміз ғой.


Әуелде Құдай адам баласына кеудесіндегі сезімдерді, ойындағы құбылыстарды дөп басып жеткізсін, солайша бір-бірімен түсініссін деп сөз деген нығметті нәсіп етіпті.

Шынында бір ауыз сөздің құдіретімен талай жүректер жібіген, талай соғыстар доғарылған, талай тағдырлар түзелген. Осының бәрін кері етіп, ойрандауға да әлеуеті бар. Құдірет қой. Тек көбімізге сол Құдай берген нығметті жөнімен, жақсылыққа пайдалануды үйрену керек.


Бір ғана ауыр сөз адамның жүрегіне қатты тиеді. Бір ғана сөз адамның бір күндік көңіл-күйіне қатты əсер етеді. Қанша жерден бетке тіке айту, шыншыл болу - жақсы болғанымен, көңілге қарап сөйлеу - үлкен мəдениеттіліктің белгісі.

Бір түсінгенім, адамдарға нашар көңіл-күй сыйлап, уын шашатын адам - жаман емес, тек ол бақытсыз. Өмірге деген өкпесі қара қазандай. Ішкі күйі көңілсіз болғандықтан, өзгелерге де соны шашады. Ең алдымен, адамдарға ренжуді емес, түсінуге талпынып көр.

Мына жалғанда сыйластықтан артық ештеңе жоқ. Бір ғана жылы сөз - жаралы жүрекке ем. Бір-бірімізге жылы-жылы сөйлейік. Сөйлей алмасақ, үндемейік!


Біреуге тіпті ойыңмен болсын зияныңды тигізбе.

Ол тіпті адам сүйер қылығы жоқ болса да, мейлі. Құдай әркімді өзінше сүйіп, өзінше жазалайды. Біреудің қателігін талқылап, орнына қоятын біз Құдай емеспіз.


Саған біреу ұнамайды ма? Мейлі, қоя сал. Егер ұнамаса сен оған міндетті түрде ауыр сөз айтып, сыртынан жамандау керексің деген сөз емес. Ол да саған ұнауға міндетті емес, сен үшін өмір сүріп жүрген жоқ қой. Әр адам әртүрлі, дәл солай өмірге деген көз қарасы да әртүрлі. Бірақ саналы түрде түсіністікпен қарап үйрену керек. Мысалы, саған менің бір мінезім ұнамауы мүмкін, бірақ ол менің жаман екенімді, жамандауға тұрарлық екенімді білдірмейді. Демек, сен менің жақсы жағымды әлі көрмедің.


Адамдар кейде мәдениеттіліктің не екенін ұмытып кететіндей. Аузына келгенді айтып, не өксіп тұрғанын білмей қалады. 32 тістің арасынан шығатын әрбіз сөзіңіз үшін жауап беретініңізді ұмытпағайсыз.


Қанша жылы жүздерді ауыздарынан шыққан сөздері сүйкімсіз етуде..


Ең жаман ауру - жаман мінез бен ащы тіл. "Ашуланған сәтін тексермейінше, адамның мінезіне сенім артпа" деген екен сахаба Омар ибн әл Хаттаб (оған Алла разы болсын). Мінезі жаман адам саған ашуланса, сыйластығыңды жоққа шығарады, жақсылығыңды ұмытады, сырыңды елге жаяды, тіпті, сенің бойыңда жоқ нәрсені айта бастайды...


бұл қиын емес. өте оңай…

көлікпен жүргенде аялдамадағы адамға шалшық суды шашыратып жібермеу үшін жылдамдықты сəл бəсеңдету – оңай. cонда оның жаңа жейдесі де, сенің арың да таза болады.

ойыншығын сындырып алған балаға ойыншықты емес, құнды дүние сындырып алғандай айқайлап ұрысудың орнына "жә, ештеңе етпес. бұл – жақсылыққа" деп жұбату – оңай.

анаңа "сосын" емес, бүгін хабарласып, қал-жағдайын сұрау – оңай.

қойылым біткен соң қошеметті тұрып көрсету - оңай. қорықпаңыз, сіздің аяғыңыз сынып кетпейді, ал қойылымда ойнаған əртістің көңілі жай табады, өйткені оның еңбегін көрермен бағалады.

бiрдеңемен келіспей жатсаңыз, өз ойыңызды ішіңізде сақтау – оңай. кейін дау-дамайға кететін күшіңізді жасампаздыққа жұмсауға болады.

қайырымды болып, сізге жақсылық жасағандардың бəріне "рақмет" деу – оңай. мейлі, біреу сізге орын бергені үшін бе, хабарламаңызға тез жауап қайтарғандықтан ба, əлде сізге түскі асының бөлшегін бөліп бергені үшін бе, бəрібір. себебі егер шындығын айтар болсақ, сіздің достарыңыз да, жұмыстастарыңыз да, ата-анаңыз да, балаларыңыз да сізге ештеңе істеуге тиісті емес. ешкім сізге ештеңе міндетті емес.

сізге жақын емес нəрселердің бəріне: зұлым адамдарға, өтірікші мен екіжүзділерге, қызықсыз кітаптарға «жоқ» деу - оңай. есесіне, сіздің өміріңіз біршама тазарып қалады.

өзгелерді ғана емес, өзіңізді де құрметтеңіз.
«жоқ» – сізді сындырып, құлататын нəрселердің бəріне, «иə!» — сізді бақытты қылатын нəрселерге.

кішкене болсын ережелерді бұзу, күлкілі көріну, маңызды жиналысқа ұйықтап қалу бұл ақымақтық емес, бұл – бақыт. бұл біртүрлі емес, шынайы көрінеді.

өмір – бір сəт. қызық, иə? бақытты болу қиын емес екен. сенсең, ол – оңай!


мұңаймашы... дәл қазір өзіңді жаман сезініп отыруың мүмкін. қызығушылық та, күш те, арман да жоқ. айналаңның бәрі сені шаршатып жіберді.

мен сенің көңіліңді көтерейін. астындағыларды мұқият оқы.

терең тыныс ал да, шығар. дем ала аласың, иә? кейбір адамдар дәл қазір арнайы аппаратпен ғана дем алады. тамақтың иісін және дәмін сезе аласың ба? онда қуануға себеп табылды.

көзіңді жұм. сосын аш. көре аласың ғой, иә? соқыр адамдар бұл әлемді тым болмаса бір рет көруді қалайды. аспанға қара. өзіңнің ерекшелігіңе қара.

ал, енді су ішіп кел. су да бар, иә? Рамазан айында ораза ұстағанын есіңде ме? дәл сол кездегі су саған өте дәмді болып еді. Үндістанда адамдар өздері жуынатын өзеннен су ішеді. ал сенде таза су бар.

сен ойлай аласың. шешім қабылдай аласың. мен сенің ерекше екеніңді білемін. саған тек қана өзіңе сенімдірек болу қажет. және дәл қазіргі барың үшін алғыс айтуды, шүкірлік етуді ұмытпашы. "егер, шүкір етсеңдер, арттырамын" дегенді ұмытпа.

мен сені жақсы көремін. иә, мен сені білмеймін. тек бір білетінім, сен - осы әлемдегі ерекше тұлғасың. сені бәрінен артық жақсы көретін ол бір Алла. Ол сенің барлық дұғаңды естуші, барлық сезіміңді білуші. тек шынайы дұға ет. күлімде. бәрі өтіп кетеді. бұл мұң да сенімен мәңгі болмайды ❤️‍🩹


Ешкім ешкімнен кем емес, бәрінің дәрежесі тең. Алайда әр адамды ерекшелейтін дүние ол - бойдағы қасиеттері. Барша пенде бар жағынан бірдей болса, не үшін біз таңдау жасап, қалау мен қаламаудың ортасында жүреміз?! Себебі Алла Тағала бізге таңдау мен әр пендеге өзіндік көркемдік берген. Соның ішінде нәзік жандыларды ерекшелегім келеді. Табиғаты мен жаратылысынан көркем етілген арулар үнемі өз бағасын біліп жүруі тиіс. Өмірдің қандай тосыны, әлемнің қанша адамы келіп қарапайым қатарға теңесе де, өз-өзіне әуел бастан қойып алған ерекшелігін ұмытпауы керек. Сөзбен емес, оған іштей сенуі қажет.

Әйел адам әдемі. Қоғам оны аялағанда әдемі. Орта мен жекелеген адамдар сыйлағанда әдемі. Өзін-өзі сүйгенде әдемі. Даму мен білім жолында әдемі. “Аманатым” деп аялаған жан барда әдемі. Өз құндылығын өзі түсінгенде әдемі. Өзін-өзі күткенде әдемі.

Табиғатымыз солай. Жылтыраған әшекей мен жердегі жайқалған гүлге қарап қуанамыз. Өзің ұнатқан әтірдің әр тамшысы денеге тигенде қуанамыз. Шығардан бұрын айна алдындағы әр процесс үшін қуанамыз. Сол үшін де ерекшеміз. Ал сүюдің нағыз құнын білген адам, ол өзін-өзі сүйе алған адам.


Адам үшін ең ауыр азап - оған қателесуге мүмкіндік қалдырмау.

Ешкімді бір қалыпқа салма. Өзіңді де. Сен адамсың, сен тірісің, сенің әрлі-берлі жүруің, басыңды тау мен тасқа ұруың, құлауың, қателесуің - қалыпты. Бастысы құлаған жеріңде қалып қалмауға күшің болса болды.

20 last posts shown.