қар қызы


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


қар және мен, бізде шексіз махаббат 🤍

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Әуелде Құдай адам баласына кеудесіндегі сезімдерді, ойындағы құбылыстарды дөп басып жеткізсін, солайша бір-бірімен түсініссін деп сөз деген нығметті нәсіп етіпті.

Шынында бір ауыз сөздің құдіретімен талай жүректер жібіген, талай соғыстар доғарылған, талай тағдырлар түзелген. Осының бәрін кері етіп, ойрандауға да әлеуеті бар. Құдірет қой. Тек көбімізге сол Құдай берген нығметті жөнімен, жақсылыққа пайдалануды үйрену керек.


Бір ғана ауыр сөз адамның жүрегіне қатты тиеді. Бір ғана сөз адамның бір күндік көңіл-күйіне қатты əсер етеді. Қанша жерден бетке тіке айту, шыншыл болу - жақсы болғанымен, көңілге қарап сөйлеу - үлкен мəдениеттіліктің белгісі.

Бір түсінгенім, адамдарға нашар көңіл-күй сыйлап, уын шашатын адам - жаман емес, тек ол бақытсыз. Өмірге деген өкпесі қара қазандай. Ішкі күйі көңілсіз болғандықтан, өзгелерге де соны шашады. Ең алдымен, адамдарға ренжуді емес, түсінуге талпынып көр.

Мына жалғанда сыйластықтан артық ештеңе жоқ. Бір ғана жылы сөз - жаралы жүрекке ем. Бір-бірімізге жылы-жылы сөйлейік. Сөйлей алмасақ, үндемейік!


Біреуге тіпті ойыңмен болсын зияныңды тигізбе.

Ол тіпті адам сүйер қылығы жоқ болса да, мейлі. Құдай әркімді өзінше сүйіп, өзінше жазалайды. Біреудің қателігін талқылап, орнына қоятын біз Құдай емеспіз.


Саған біреу ұнамайды ма? Мейлі, қоя сал. Егер ұнамаса сен оған міндетті түрде ауыр сөз айтып, сыртынан жамандау керексің деген сөз емес. Ол да саған ұнауға міндетті емес, сен үшін өмір сүріп жүрген жоқ қой. Әр адам әртүрлі, дәл солай өмірге деген көз қарасы да әртүрлі. Бірақ саналы түрде түсіністікпен қарап үйрену керек. Мысалы, саған менің бір мінезім ұнамауы мүмкін, бірақ ол менің жаман екенімді, жамандауға тұрарлық екенімді білдірмейді. Демек, сен менің жақсы жағымды әлі көрмедің.


Адамдар кейде мәдениеттіліктің не екенін ұмытып кететіндей. Аузына келгенді айтып, не өксіп тұрғанын білмей қалады. 32 тістің арасынан шығатын әрбіз сөзіңіз үшін жауап беретініңізді ұмытпағайсыз.


Қанша жылы жүздерді ауыздарынан шыққан сөздері сүйкімсіз етуде..


Ең жаман ауру - жаман мінез бен ащы тіл. "Ашуланған сәтін тексермейінше, адамның мінезіне сенім артпа" деген екен сахаба Омар ибн әл Хаттаб (оған Алла разы болсын). Мінезі жаман адам саған ашуланса, сыйластығыңды жоққа шығарады, жақсылығыңды ұмытады, сырыңды елге жаяды, тіпті, сенің бойыңда жоқ нәрсені айта бастайды...


бұл қиын емес. өте оңай…

көлікпен жүргенде аялдамадағы адамға шалшық суды шашыратып жібермеу үшін жылдамдықты сəл бəсеңдету – оңай. cонда оның жаңа жейдесі де, сенің арың да таза болады.

ойыншығын сындырып алған балаға ойыншықты емес, құнды дүние сындырып алғандай айқайлап ұрысудың орнына "жә, ештеңе етпес. бұл – жақсылыққа" деп жұбату – оңай.

анаңа "сосын" емес, бүгін хабарласып, қал-жағдайын сұрау – оңай.

қойылым біткен соң қошеметті тұрып көрсету - оңай. қорықпаңыз, сіздің аяғыңыз сынып кетпейді, ал қойылымда ойнаған əртістің көңілі жай табады, өйткені оның еңбегін көрермен бағалады.

бiрдеңемен келіспей жатсаңыз, өз ойыңызды ішіңізде сақтау – оңай. кейін дау-дамайға кететін күшіңізді жасампаздыққа жұмсауға болады.

қайырымды болып, сізге жақсылық жасағандардың бəріне "рақмет" деу – оңай. мейлі, біреу сізге орын бергені үшін бе, хабарламаңызға тез жауап қайтарғандықтан ба, əлде сізге түскі асының бөлшегін бөліп бергені үшін бе, бəрібір. себебі егер шындығын айтар болсақ, сіздің достарыңыз да, жұмыстастарыңыз да, ата-анаңыз да, балаларыңыз да сізге ештеңе істеуге тиісті емес. ешкім сізге ештеңе міндетті емес.

сізге жақын емес нəрселердің бəріне: зұлым адамдарға, өтірікші мен екіжүзділерге, қызықсыз кітаптарға «жоқ» деу - оңай. есесіне, сіздің өміріңіз біршама тазарып қалады.

өзгелерді ғана емес, өзіңізді де құрметтеңіз.
«жоқ» – сізді сындырып, құлататын нəрселердің бəріне, «иə!» — сізді бақытты қылатын нəрселерге.

кішкене болсын ережелерді бұзу, күлкілі көріну, маңызды жиналысқа ұйықтап қалу бұл ақымақтық емес, бұл – бақыт. бұл біртүрлі емес, шынайы көрінеді.

өмір – бір сəт. қызық, иə? бақытты болу қиын емес екен. сенсең, ол – оңай!


мұңаймашы... дәл қазір өзіңді жаман сезініп отыруың мүмкін. қызығушылық та, күш те, арман да жоқ. айналаңның бәрі сені шаршатып жіберді.

мен сенің көңіліңді көтерейін. астындағыларды мұқият оқы.

терең тыныс ал да, шығар. дем ала аласың, иә? кейбір адамдар дәл қазір арнайы аппаратпен ғана дем алады. тамақтың иісін және дәмін сезе аласың ба? онда қуануға себеп табылды.

көзіңді жұм. сосын аш. көре аласың ғой, иә? соқыр адамдар бұл әлемді тым болмаса бір рет көруді қалайды. аспанға қара. өзіңнің ерекшелігіңе қара.

ал, енді су ішіп кел. су да бар, иә? Рамазан айында ораза ұстағанын есіңде ме? дәл сол кездегі су саған өте дәмді болып еді. Үндістанда адамдар өздері жуынатын өзеннен су ішеді. ал сенде таза су бар.

сен ойлай аласың. шешім қабылдай аласың. мен сенің ерекше екеніңді білемін. саған тек қана өзіңе сенімдірек болу қажет. және дәл қазіргі барың үшін алғыс айтуды, шүкірлік етуді ұмытпашы. "егер, шүкір етсеңдер, арттырамын" дегенді ұмытпа.

мен сені жақсы көремін. иә, мен сені білмеймін. тек бір білетінім, сен - осы әлемдегі ерекше тұлғасың. сені бәрінен артық жақсы көретін ол бір Алла. Ол сенің барлық дұғаңды естуші, барлық сезіміңді білуші. тек шынайы дұға ет. күлімде. бәрі өтіп кетеді. бұл мұң да сенімен мәңгі болмайды ❤️‍🩹


қанша мәрте пікір алаңын ашып, жаптым. түсінгенім арнаның пікірсіз тұрғанын құп көреді екем. сондықтан енді осылай.

кері байланыс үшін: t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=jjmi2


Ешкім ешкімнен кем емес, бәрінің дәрежесі тең. Алайда әр адамды ерекшелейтін дүние ол - бойдағы қасиеттері. Барша пенде бар жағынан бірдей болса, не үшін біз таңдау жасап, қалау мен қаламаудың ортасында жүреміз?! Себебі Алла Тағала бізге таңдау мен әр пендеге өзіндік көркемдік берген. Соның ішінде нәзік жандыларды ерекшелегім келеді. Табиғаты мен жаратылысынан көркем етілген арулар үнемі өз бағасын біліп жүруі тиіс. Өмірдің қандай тосыны, әлемнің қанша адамы келіп қарапайым қатарға теңесе де, өз-өзіне әуел бастан қойып алған ерекшелігін ұмытпауы керек. Сөзбен емес, оған іштей сенуі қажет.

Әйел адам әдемі. Қоғам оны аялағанда әдемі. Орта мен жекелеген адамдар сыйлағанда әдемі. Өзін-өзі сүйгенде әдемі. Даму мен білім жолында әдемі. “Аманатым” деп аялаған жан барда әдемі. Өз құндылығын өзі түсінгенде әдемі. Өзін-өзі күткенде әдемі.

Табиғатымыз солай. Жылтыраған әшекей мен жердегі жайқалған гүлге қарап қуанамыз. Өзің ұнатқан әтірдің әр тамшысы денеге тигенде қуанамыз. Шығардан бұрын айна алдындағы әр процесс үшін қуанамыз. Сол үшін де ерекшеміз. Ал сүюдің нағыз құнын білген адам, ол өзін-өзі сүйе алған адам.


Адам үшін ең ауыр азап - оған қателесуге мүмкіндік қалдырмау.

Ешкімді бір қалыпқа салма. Өзіңді де. Сен адамсың, сен тірісің, сенің әрлі-берлі жүруің, басыңды тау мен тасқа ұруың, құлауың, қателесуің - қалыпты. Бастысы құлаған жеріңде қалып қалмауға күшің болса болды.


Біреулер сенен «асып» кеткен болса, уайымдама. Басқадан артта не алда болу - ештеңені білдірмейді, себебі өмір жарыс емес. Әр адамның өмір жолы әр түрлі. Қызың/жігітің болмаса, уайымдама. Жақсырақ жұмыс іздеп жүрген болсаң, уайымдама. Жүргізуші куәлігің болмаса, уайымдама. Өз орныңды таппасаң да. Әлі де шеше алмай жүрген мәселелерің болса, ақша жинап жүрсең де, бәрі дұрыс. Сенің жасыңа келген құрдастарыңда жоғарыда айтылған нәрселері бар деп қызғанышпен қарама, онда бары менде жоқ деме. Олар оған жетер жолда не төзгендерін білмейсің, олар да сенікін білмейді. Алға басқан қадамдарыңды жоққа шығарма.


әрбір телегшінің заметкиі осындай болады деп ойлайм. бәрінікі демейм, әрине. бірақ менікі тура осылай. барлық ойымды бірінші заметкиге жазам. сосын оны мұқият оқып, өңдеп, ойларымды жинақтап, бір қалыпқа келтіремін. кейін барып қана арнаға салам. көріп тұрғандай бұнда тіпті болашақ жартыма арналған хаттарым бар..

жазғысы кеп жүрген жандарға бірінші барлығын заметкиге жазыңдар деп ұсынар ем. содан қалыптасады стилің. ал күнделік жүргізсеңдер вәщще кайф! бірақ өз басым күнделігіме жоспар, қорытынды, сезімдерімді жазам. ал заметкиге ойларымды ғана.

бүгін ақылды нәрсе жазбай, бір еркін нәрсе жазайыншы дедім. сооол жалпы :)


Өмірде адамдар сені керек емес ойларымен жеп жіберу мүмкін. Сол үшін қандай жағдай болмасын нақты ойың болсын. Өз ауыртпалығыңды өзіңнен артық ешкім сезіне алмайды. Қоғамның қалыптасып қалған ойлары саған керек пе? Өзіне нақты не керек екенін білген адамға өмір сүру жеңіл. Ешкім сенің өміріңді барып сүріп, қателігіңді жөндеп бермейді. Сол үшін барлық әрекетіңе өзің жауапкершілік алып үйрен. Дәл қазір саған не керек? Ойлан! Өзіңді таппай жүрген болсаң, үзіліс жасап, тыныштал да ойлан. Әркім байқасаңыз өз деңгейінде ғана ойлана алады. Бір жағдайдан екі адам екі түрлі ой түзейді. Сол үшін деңгейіңді өсіріп, өзіңді үнемі жетілдіріп отыр. Басқа адамның көзқарасына құрметпен қара. Себебі оның ойлану дәрежесі соған дейін жетті, болды, оның өз шындығы бар. Бірақ өз ойың болсын. Соңғы таңдауды тек өзің қабылда және таңдау соңы немен аяқталса да құрметпен қара өзіңе.


егер саған бірдеңе ұнамаса, ж а с а м а! өзгенің таңдауына құрметпен қара жəне басқаның таңдауын талқылауға сенің ақың жоқ. біреудің таңдаған киімін, тыңдайтын əуенін, таңдаған адамын талқылайтын - сен емес.

кейде ойлаймын... "қазақ" десең, өзіңе тиеді. Қазақстанның дамуына əлі қанша жыл бар екен деп ойлап қоямын. қазақтар қатып қалған жүйеге үйреніп қалғаны сонша, жүйеден сəл ауытқыса, көтере алмайды. жаңашылдыққа дайын емес. мысалы, жақында менің бір танысым өзінен бірнеше жас үлкен қызға үйленді. бүкіл туысқандар қарсы шығып, өз пікірлерін білдірді. олардың пікірлері кімге керек? əр адамның таңдау мүмкіндігі бар жəне əркім өзі біледі. олардың пікірінше, ақша табу, бай болу өте қиын. оңай жолмен келген ақшаны адал ақша деп қабылдамайды. таңның атысы мен кештің батысына дейін қара жұмыс жасап, ақша табуды адал ақша деп ойлайды. таңғы сегізде барып, кешкі алтыда қайтатын жұмысты мінсіз, нағыз жұмыс деп ойлайды жəне солай қабылдайды. қыздар жиырмадан сəл асса, тұрмысқа беруге асығады. ерте тұрмысқа шығып кетсе, "əлі жас қой, сабақ оқымай ма" дейді. кештеу шықса, "отырып қалды" деп тағы айтады. бірақ олай емес қой.

түйін: əр адам əртүрлі. əркімнің талғамы бөлек, ойлауы, сана-сезімі бөлек. олардың пікіріне құлақ асатын болсаң, өмір сүрмей-ақ қой. өмірге бір рет қана келесің. өз таңдауыңды, өз пікіріңді, өзіңді сыйла!

ИТ ҮРЕДІ, КЕРУЕН КӨШЕДІ.


Бұл арна - менің күнделігім. Менің жан дүнием мен жүрегім жатқан жер. Толық болмаса да, үлкен бір бөлшегі осында. Сол жүректі сыйлап, жақсы көріп, ұнатып, қызық көріп, қолдау көрсетіп жүрген жандар ол - сіздер. Кейбір жандар менің ортам, енді бірі ортамнан бөлек, ал кейбірі мен үшін мүлде таныс емес. Алайда пендені пендемен табыстыратын, жарастыратын - сөз. Сондықтан бар жазбамды оқып, байланыс орнатып, уақытын арнап жүрген әрбір жанға құрметім, сыйластығым әрдайым ерекше.

жақсы көремін, жүректерім 🫶🏻

753 0 9 16 42

Ең пайдалы өмірлік дағдылардың бірі - барлық жамандықты тез ұмыта білу: қиыншылықтар туралы ойламау, ренішпен өмір сүрмеу, ашуланбау, кек сақтамау.

Сен жаныңа түрлі қоқысты жинамауың керек 🙌🏿


Жақында бірден біршама арнаға тіркеліп алдым. Әрбір арнаның өз мінезі бар сияқты. Кіріп, оқыған кезде нәзік адаммен, батылдау қызбен, кейде ашулы, енді бірде тым ақылды жанмен тілдескендей әсер алып жүрмін.

#күй


Сен оқыған кітаптарыңнан, көретін фильмдеріңнен, уақытыңды бірге өткізетін адамдардан, айтатын әңгімелерден құраласың. Жүрегіңді немен қоректендіретініңді мұқият таңдап үйрен.

20 last posts shown.