Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ерлан Қарин есірткі жазасын жеңілдету жайлы: Басты мақсат – жасөспірімдерді қылмыстан қорғау
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай аясында 2024 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
Жастар арасында интернет арқылы жеңіл-желпі табыс табумен айналысу әдетке айналып бара жатыр. Осыған қатысты биыл Ұлттық құрылтайда көтерілген күрделі мәселелердің бірі – «есірткі тасымалдаған» балалардың жазасын жеңілдету. Бұндай бастаманы заңгер Айман Омарова ұсынды.
«Біріншіден, Мемлекет басшысы есірткі өндірушілерге қатысты тапсырма берді. Екіншіден, құрылтайға қатысушылар тарапынан жарнамаға алданып, есірткі таратумен айналысқан жасөспірімдерді жазалау мәселесін қайта қарау ұсынылды. Ұзақ уақыт бойы бірнеше талқылау өтті. Соның нәтижесінде жаза жеңілдетіліп, оларды сақтандыру мақсатында осындай шара қабылданды. Бірақ өндірушілер және сатумен айналысқандарға жаза қатаңдатылды, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр»,-деді Ерлан Қарин.