SDU University Official


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


✨Since 1996
🚀Арманыңа анық бас!

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


⚜️Бүгін университетімізде Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің
ұйымдастыруымен, «Бас редакторлар клубының» қолдауымен «Жасанды интеллект және қазақ медиасының трансформациясы» атты форум өтті.

Шараға Бибігүл
Жексенбай, Нұрбол Төлебаев, Марат Тоқашбаев
және басқа да беделді медиа өкілдері қатысты.

Форум аясында құрметті
қонақтар SDU студенттерімен жүздесіп, жасанды интеллекттің қазақ медиакеңістігіне ықпалы, журналистиканың жаңа форматтары, цифрлық медиадағы трендтер
мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

#ЖасандыИнтеллект
#медиа
#форум


Қайырлы күн, ДОСТАР✌🏻 Жаңа апта жақсылығымен келсін✨ Өткен сауалнама нәтижесі бойынша ЕҢ КӨП дауыс жинаған екі факультет арасынан жеңімпазымызды анықтап алайық🔝
Poll
  •   🏆faculty of ENGINEERING and natural sciences✔️
  •   🏆faculty of EDUCATION and humanities✔️
634 votes


Университетімізде CLUB FAIR шарасы өтіп жатыр✨

Университет қабырғасында оқудың ең қызықты бөлігі – қоғамдық өмір💙

CLUB FAIR-ге 40-қа жуық клуб қатысып, таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

Жаныңа жақын бағытты таңдау мүмкіндігін жіберіп алма!


Қабілетіңді аш, SDU-дың қоғамдық өмірінде белсенді бол💫

#CLUBFAIRсенікүтеді
#sdudent


SDU университетінде “Қазақ тілі және әдебиеті” білім беру бағдарламасының 20 жылдығына орай түлектер форумы өтті✨

Бұл форум осы бағдарлама аясында білім алып, түрлі салаларда жетістікке жеткен түлектерді біріктірді.

Форумның басты мақсаты – «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 20 жылдық тарихын атап өту, түлектер арасындағы байланыстарды нығайту және олардың кәсіби тәжірибелерімен бөлісу болды.

Шара аясында құрметті қонақтардың қатысуымен пленарлық мәжіліс өткізілді. Бұл мәжіліске әр жылдары аталмыш білім беру бағдарламасын тәмамдаған танымал түлектер қатысты. Олардың қатарында, кәсіби коуч және бірнеше кітаптың авторы Азамат Скаков, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бас сарапшысы Самат Жұмабеков, жазушы әрі аудармашы Шразаддин Кайниязов және жекеменшік мектеп директоры Бексеит Қадырбай және SDU университетінің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Жайнагүл Дүйсебекова болды.

Спикерлер өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.


Қайырлы күн, достар✌🏻 Ең белсенді факультетті анықтау мақсатында сауалнама жүргізсек деп отырмыз. Сіз қай факультеттен боласыз?✨ Өзіңіздің сүйікті ФАКУЛЬТЕТіңізге дауыс беріп өтіңіз🔝
Poll
  •   BUSINESS school✅
  •   Faculty of ENGINEERING and natural sciences✅
  •   Faculty of EDUCATION and humanities✅
  •   Faculty of LAW and social sciences✅
328 votes

6k 0 28 22 91

SDU гранты сені күтеді! 🎓✨

SPT (SDU Proficiency Test) – 4️⃣ жылдық оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігі!
Біліміңді дәлелде, арманыңдағы университеттің бір бөлігіне айнал! 🤗

📢 Тіркелу басталды! Тіркеліп, мүмкіндігіңді жіберіп алма!


🔗 https://t.me/sdu_admissions

⚡️⚡️⚡️

Гранты SDU ждут тебя! 🎓✨

SPT (SDU Proficiency Test) – возможность выиграть 4️⃣ года обучения на гранте!
Докажи свои знания и стань частью университета мечты! 🤗

📢 Регистрация уже открыта! Подай заявку и не упусти свой шанс!

🔗 https://t.me/sdu_admissions

#SPTолимпиадасы


⚜️Үндістан елшісі SDU университетінде

2025 жылдың 28 қаңтарында университетімізге Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Т.В. Нагендра Прасад ресми сапармен келді.

Бұл сапар Қазақстан мен Үндістан арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болды.

Елші SDU University басшылығымен, соның ішінде ректор, проректор және халықаралық бөлім өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында SDU мен Үндістан университеттері арасындағы бірлескен білім беру және ғылыми жобалар бойынша ынтымақтастық орнату мүмкіндіктері талқыланды.

Бұл кездесу Қазақстан мен Үндістанның білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын айқындады. Ортақ бастамаларды талқылау халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болып, SDU студенттеріне білім мен ғылыми зерттеулер саласында жаңа мүмкіндіктер берді.


Visit of University Polytechnic Hauts-De-France

On January 27, SDU University had the honor of hosting a delegation from University Polytechnic Hauts-De-France and Institute Sorbonne Kazakhstan.

The delegation: Mrs. Bousset, Director of the Institute Sorbonne Kazakhstan and the Centre Géo-énergies. Prof. Morin, Director of the International Office and full professor at INSA, Prof. Schwerter, full professor and co-director of the Master’s degree in Translation Studies, as well as the head of international relations for the Languages, Literature and Arts Academic Unit, Ms. Cécile Garçon, International Cooperation Project Officer.

During the visit, discussions centered around exploring potential cooperation between SDU University and University Polytechnic Hauts-De-France, with a focus on academic exchange, joint research initiatives, and expanding international partnerships.



9 last posts shown.