Тᴀң ɯᴀᴨᴀғᴀты☀️


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Көргенің мен көкейдегің хатқа түспесе көң басып кебініңмен бірге кетеді, ал жазылып қалса — жан азығы.
— И.Бунин✍️
Әдебиет пен мәдениет
Дін мен дәстүр
Мейірім мен махаббат ұштасқан арнаға қош келдіңіз, құрметті оқырман!✨

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Жанымды мұңлы етер,
Айтыңыз, кімсіз, тіптен?
Махаббат өледі екен,
Елеусіз үнсіздіктен...


"Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға."

— Абай Құнанбайұлы📚


Осы екі арнаға тіркеле кетіңіздер)




«Алланың рақымынан күдер үзбеңдер. Шынында, Алла барлық күнәларды кешіреді. Өйткені, Ол – аса жарылқаушы, ерекше мейірімді».
[Аз-Зумар, 39:5]
#аяттар


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Жыламау мүмкін емес🥹




Реакциялары да өздері сияқты әдемі😍❤️


«Туған жерге тағзым»

Көктемменен қарсы алып жыл құстарын,
Сөзбен тізу мүмкін бе жан құштарын!?
Ақын біткен жыр жазып тауса алмайтын,
Түркінің түп қазығы — Түркістаным!

Үш ғасыр қазағымның астанасы
болған десем ешкімнің жоқ таласы
Құдайдың нұры түскен байтақ елім,
Тәуелсіздігімнің де бастамасы!

Ерекше шат-шадымен жаным бүгін,
Өзіңде өткен ай, апта, сағым жылым,
(Қос ғашықтың атымен аталатын)
Шәмші әнімен тербелген Шәуілдірім!

(Білсең ғой ақыныңның оты барын)
Сен жайлы ойға батып отырамын.
Алты ай бойы алдырмай Шыңғысханға
Отқа оранды орасан Отырарым!

«Туған жер» десе біреу тебіренем,
Сенде жыр күтесің-ау тегі менен.
Туған жер, мен өзіңмен бақыттымын!
Алыстасам болғаны еміренем!

Өзіңде батырлар бар туылған мың,
Сезсең ғой саған айтар сырым барын.
«Ақыным жырламады», деп қамықпа
Мен сені жырлау үшін туылғанмын!

© Шапағат Ерғалиқызы


"Жүректі таза ұста, ақылға ерік бер,
Білім ізде, қайрат қыл – сонда жеңерсің!"

— Сұлтанмахмұт Торайғыров📚


Мұңсыз адам — дымсыз адам!

— Абай




«Ақиқатында, Алла бір қауымның жағдайын олар өздерін өзгертпейінше өзгертпейді».
[Ар-Ра'д, 13:11]
#аяттар


Санасы бардың бағасы бар


"Сөз мәнісін білмеген – өзі де, сөзі де түкке тұрмайды."

— Ахмет Байтұрсынұлы📚

277 0 2 18 21

Ақындар арасында топ ашпақпыз. Топқа қосылғысы келетін жас ақындар болса төмендегі аккаунтқа «+» жіберіңіз: @Ayazhanmka
Ескерту❗️
Тек 10-25 жас аралығындағы ақындар ғана топқа қабылданады.


Арнамнан қашан осындай реакция көреді екенмін 🫠

271 0 0 10 51

Forward from: 𝙈𝙪𝙯𝙖𝙜𝙖 𝙢𝙖𝙝𝙖𝙗𝙗𝙖𝙩𝙥𝙚𝙣❤️‍🩹
Күніңді босқа өткізбе!
Сен қадірін білмеген бүгінгі күн - кеше әлдекімнің көрсем деп үміттенген ертеңі болатын.


Зікірлер✨
(бірнеше рет оқы)


Аллаһу әкбар

Субханаллаһ

Әлхамдулилләһ

Астағфируллаһ

Лә илаһа иллаллаһ

Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ

Субханаллаһи уә бихамдиһи, субханаллахил-азыйм

Хасбуналлаһу уә ниғмал уәкил


Алла сауаптардан жазсын🤲


Forward from:

20 last posts shown.