Тᴀң ɯᴀᴨᴀғᴀты☀️


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Көргенің мен көкейдегің хатқа түспесе көң басып кебініңмен бірге кетеді, ал жазылып қалса — жан азығы.
— И.Бунин✍️
Әдебиет пен мәдениет
Дін мен дәстүр
Мейірім мен махаббат ұштасқан арнаға қош келдіңіз, құрметті оқырман!✨
Байланыс үшін: @qalqataiymm

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Forward from: Айжᴀᴩық🌖
Бос уақыты бар адам — ең бақытсыз адам.
— Серік Сейітман📚




Forward from: 𝐀𝐪𝐲𝐧 𝐚𝐫𝐮🪽
Шынымен өмір өтіп барады ма,
Көктем нұрсыз, жылу жоқ демек сізден.
Жаураған жаным сонша жаралы ма,
Жас төккім де келіп жүр
себепсізден...


Forward from: Тᴀң ɯᴀᴨᴀғᴀты☀️
Адамның басы денесінде қандай орын алса, Иманда сабыр сондай орын алады.😍

©Мұхаммед(с.ғ.с)


Мұхтар Шаханов
«Ғашықтық ғаламаты»
поэмасынан үзінді
Оқыған: Шапағат Ерғалиқызы
@qalqataiymm


Аяғы лас адам есіктен төрге дейін былғайды,
Пейілі мас адам бесіктен көрге дейін былғайды.
Аяғың батпақ болсада,
Жүрегің аппақ болсын!

— Бақыт Беделхан📚


Бүкірейген адамдар тұратын елде тік жүру айып болады

— Бальзак🍃


Алланың бағасына алаңдармын,
Пендені болмысымен бағамдармын.
Мен жайлы ой-сөздері маңызды емес,
Мендей бола алмайтын адамдардың!

#өлең


Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе - дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл.

— Хәкім Абай📚




700-ге он қалыппыз иә🌚
Оғанда жетерміз, Инша Алла🤲

712 0 1 21 27

Лүпілдерің мен пікірлеріңді аямаңдар😌❤️


«Жырла жүрек»

"Жыласа жырламасын неге жүрек?"
— Ершат Қайболдин


Өлеңім жатыр жұртқа сыр ұрлатып,
Алыстан ұстатпайды бұлдыр бақыт.
Толған айды бетке алдым түн ішінде,
Толғанайын жүректен жыр тулатып.

Сырым бар, тыңда жүрек, түсіне біл!
Сенемін асыл сөздің күшіне кіл.
...Ақын жазар өлеңді күйіп-жанып,
Ал өзгелер үңілмес ішіне бір.

Жан аңсаған керемет күнге жетіп,
Керемет күндерді де күрделі етіп.
Көңілімнің көлемі тарылғандай,
Тар жолмен жүріп келем түнделетіп.

Түн
Түн
Түн
Тағы да түн, тым тырыс маң,
Өлең туар түндегі бұлқыныстан.
Тыныштықтың құшағын аңсағандай,
Шабыт қолын бұлғайды бір бұрыштан.

Жыр жазамын жүрсем деп аман қалып,
Аман болып жүрейін амалданып,
Түнді күтіп жүргенде жырлау үшін.
Қалмасыншы тағдырың тәмәмдалып...

— Шапағат Ерғалиқызы
@tan_shapagaty


Кейде ойлаймын да,
Басты тіл деп қазақ тілін қойған еді Елбасымыз, орыс тілін емес!
#таратуғатұрарлық


Иманымды әлсіретпей ұстап тұрған арнаның бірі🌼
https://t.me/kztasbih


Мен ештеңе талап етпеймін😄
Кірген кірер, шыққан шығар, оқыған түсінер, түсінбегендер ойланар...


Оқып қана қоймай реакция қалдырып отырған жандарға рақмет! Реакция қалдырып оны тағы қосымша бөлісіп жатқандарға Алла разы болсын!🤍


Кейде ойлаймын да
Адамдар шүкір етсе өмірі гүл болар еді деп...


Ренжи беріп жаманға,
Айналмағын наданға.
Ар-намысың адамдық,
Жоғалмасын санаңда.
Алыстамай сабырдан,
Абыройды сақта қалайда.
Сөз ұқпайтын ессізден,
Жеңілген Ұлы Абайда...

— Нұржан Қаржауұлы🍃


Қатені өзінен іздеген адам дұрысты жүрегінен табады.
— Мәулана🍃

20 last posts shown.