ТҮРІК ТІЛІ / @turikshe


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Linguistics


Айнұр Божанмен бірге Түрік тілі және Түркияда оқу🇹🇷

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Linguistics
Statistics
Posts filter


🇹🇷Aşk Gününüz Kutlu Olsun!

🇰🇿Ғашықтар күні құтты болсын!

Бүгін – жүрек сөйлейтін, сезімдер шынайы айтылатын ерекше күн.
Махаббат пен нәзіктікке толы түрік тіліндегі сөздер:



Aşk – махаббат
Gerçek aşk beklemeyi bilir.
Шынайы махаббат күте біледі.

Sevgi – сүйіспеншілік
Sevgi, kalpten kalbe giden en güzel yoldur.
Сүйіспеншілік – жүректен жүрекке апарар ең әдемі жол.

Sevgili – сүйікті, жаным
Sevgili olmak bir seçim değil, bir his.
Сүйікті болу – таңдау емес, бұл – сезім.

Aşık olmak – ғашық болу
Sana ilk bakışta aşık oldum.
Сені алғаш көргеннен-ақ ғашық болдым.

Kalp – жүрек
Kalbim hep seninle.
Жүрегім әрдайым сенімен.

Özlemek – сағыну
Seni özlemek bile güzeldi.
Сені сағынудың өзі әдемі еді.

Canım – жаным / қымбаттым
Canım, sensiz bir hayat düşünemem.
Жаным, сенсіз өмірді елестете алмаймын.


Махаббат – жай сөз емес. Ол – үнсіз түсіну, сезіммен бөлісу, ештеңе күтпей жақсы көру.
Бүгін – соны айтуға, сезіндіруге себеп.

Сүйіңіз. Сағыныңыз. Құшақтаңыз. Себебі махаббат – өмірдің ең нәзік тілі❤️‍🩹


🇹🇷Türkiye Bursları бағдарламасының 2-кезеңіне аз уақыт қалды

Türkiye Bursları сұхбатына қалай дайындалу керек?

Сұхбат
– сенің осы шәкіртақыға лайық екеніңді дәлелдейтін сәт. Міне, дайындыққа көмектесетін 5 нақты кеңес:

1️⃣ Өзіңді таныстыруды жаттап алма – еркін, сенімді сөйле.
2️⃣ Мотивацияңды нақты айт:
Неге Түркия? Неге осы мамандық? Оқуды бітірген соң не істейсің?
3️⃣ Өтініш берген мамандығың мен елдегі жағдайды зерттеп бар.
4️⃣ Сұрақтарға шынайы, нақты және логикалық жауап бер.
5️⃣ Сабыр сақта, жымиып сөйле, өз-өзіңе сен!



Сұхбатта не сұрайды? Қалай жауап беру керек?
Осының бәрін менімен бірге толық талдап, дайындалғың келсе —
“2 айда түрік тілі+Түркияда оқу бағдарламалары” курсына қосыл!

– Жеке консультация
–2 айлық түрік тілі курсы
– Практикалық дайындық және кері байланыс
Қатысу үшін 👇🏻
http://wa.me/77471363635


Üniversitede okurken bir Türkçe cümleyi çok beğenmiştim.
Şöyle bir sırayla söyleniyordu:
«Aklımı ve kalbimi sana veriyorum.»

Çok basit ama çok güçlü bir cümle.
Gerçekten çok hoşuma gidiyor.
Buraya bırakıyorum❤️‍🩹


🇹🇷Түркияға Академиялық Ұтқырлықпен барғың келе ме?

🎓Түркияда тегін оқу — бұл жай ғана арман емес, нақты мүмкіндік!
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы 1 семестр немесе 1 жыл Түркия университеттерінде оқи аласың. Бірақ ол үшін дұрыс дайындық қажет.

Сен үшін арнайы 5 пайдалы лайфхак:

1. Университетіңнің халықаралық бөлімімен байланыс орнат.
Оларда барлық ресми ақпарат бар. Жыл сайын бағдарлама шарттары өзгеріп отырады.

2. Мотивациялық хат шаблон емес, сенің хикаяң болсын.
Неліктен Түркияда оқығың келеді? Қандай салада терең білім алғың келеді? Бұл сұрақтарға шынайы жауап бер.

3. Тіл деңгейіңді дәлелде.
Сертификатың болмаса да, дайындық қажет. Университет ішіндегі тестке де мұқият дайындалу керек.

4. Қай университетпен келісім бар — нақтылап ал.
Көп студент кез келген университетті таңдай береді. Бірақ тек келісімшарт жасасқан оқу орындары ғана қабылдайды.

5. Құжаттарды ерте баста.
Ұсыныс хат, транскрипт, мотивациялық хат, CV — бұлардың бәрін бір күнде жасап үлгеру мүмкін емес.


Менің Академиялық Ұтқырлық бағдарламасына дайындық курсы басталады✨

Бұл курста:
❗️Мотивациялық хат жазып үйренеміз
❗️Сұхбатқа дайындық жүргіземіз
❗️Толық қолдау мен дайын шаблондар берем

Қатысқың келсе — маған жаз.
“Түрік тілі және Түркияда оқу” курсына жазылу👇🏻
http://wa.me/77471363635


🇹🇷Стамбул Ghibli форматында ✨


🇹🇷Түркияға академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барғың келсе🎓, университетте түрік тілінен тест тапсыру міндетті болуы мүмкін. Міне, сол тестке тиімді дайындалу үшін қысқаша әрі нақты кеңестер:

1. Грамматиканы қайтала 💡
– Етістіктерді (шақтар, етіс түрлері), септік жалғауларын, сын есім шырайын жақсылап меңгер.
– A2-B1 деңгейіндегі грамматика жеткілікті болады.

2. Академиялық сөздерге назар аудар🔍
Başvuru, belge, bölüm, sınav, başkanlık, mezuniyet сияқты ресми сөздерді жатта.
– Университет терминологиясын қарастыр.

3. Тыңдап түсіну қабілетіңді жақсарт🎧
– Түрік жаңалықтарын, деректі видеоларды, TEDx Istanbul секілді контенттерді тыңда.
– Тестте аудио болуы мүмкін.

4. Тесттің құрылымымен таныс📝
– Кейбір университеттер Yunus Emre, TÖMER форматына ұқсас тест қолданады.
– Сол форматта жазылған сынақ тесттерді шешіп көр.

5. Практика, практика, практика!🗣️
– Түрік тілінде қысқа эссе жазуға дағдылан.
“Түркияда не себепті оқығың келеді?” “Арманың қандай?” сынды тақырыптарға түрікше дайындық жаса.
– Досыңмен түрікше сөйлесу, оқытушыңнан кері байланыс алу — үлкен плюс.

Бонус:
Егер сен дайындықты жүйелі жүргізгің келсе, менің “Түркияда оқу + түрік тілі” курсым дәл саған лайық!
Практика, грамматика, тестке дайындық — бәрі бар.
Курсқа жазыл, бірге дайындалайық!
http://wa.me/77471363635


Базарда және сауда-саттықта жиі қолданылатын түрікше-қазақша сөздік. Бұл сөздер сізге Түркияда базар аралап, сауда жасағанда өте пайдалы болады:

Жалпы сөздер:
• Alışveriş – сауда жасау
• Satıcı – сатушы
• Müşteri – сатып алушы
• Fiyat – баға
• Ucuz – арзан
• Pahalı – қымбат
• İndirim – жеңілдік
• Pazarlık – саудаласу
• Kilo – келі
• Gram – грамм
• Yarım kilo – жарты келі
• Poşet – пакет
• Ürün – өнім
• Taze – жаңа, балғын
• Organik – табиғи
• Lezzetli – дәмді



Жеміс-көкөніске қатысты:
• Sebze – көкөніс
• Meyve – жеміс
• Domates – қызанақ🍅
• Salatalık – қияр🥒
• Soğan – пияз🧅
• Patates – картоп 🥔
• Elma – алма🍎
• Muz – банан🍌
• Portakal – апельсин🍊
• Üzüm – жүзім🍇




Sezen Aksu – Biliyorsun
Бұл ән — жүрек түпкіріндегі сезімді шертетін сыр. Сөздері көп айтылмайтын сезімдер жайлы: өкіну, мойындау, бірақ тым кеш…
Beraber olamayız benim gibi biliyorsun — деген жолы, жүректің ең терең жерін түртіп өтеді.
Бұл әнді тыңдағанда, әркім өзінің жоғалтқанын, айтылмай қалған сөздерін еске алады…
Тыңда да, жүрегіңмен сез…




🇹🇷Түрікше тез үйренудің 7 лайфхагы💡

Түрік тілін жылдар бойы оқудың қажеті жоқ! Егер дұрыс әдістерді қолдансаң, екі айда-ақ сөйлеп, түсіне аласың!

📌 1. Күн сайын кемінде 30 минут түрікше тыңда

YouTube-тан түрікше влогтар, сабақтар, музыка, подкасттар тыңда. Құлақ үйренсе, тіл де тез шығады!

📌 2. Жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді жатта

Әуелі күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздерді үйрен. “Merhaba, nasılsın?, teşekkür ederim, ne yapıyorsun?” деген секілді қарапайым тіркестерді күнде пайдалан.

📌 3. Өзіңді түрікше ортаға енгіз

📲 Телефоныңның тілін түрікшеге ауыстыр, түрікше фильмдер мен сериалдарды субтитрмен қара.

📌 4. Күн сайын түрікше сөйлеуге тырыс

📹 Өзіңді видеоға түсіріп, түрікше сөйлеп үйрен. Немесе түрік достармен чат жаз. Қателесуден қорықпа!

📌 5. Түрікше ойлауды баста

Бір затты көргенде, оны түрікше атауға тырыс. Мысалы, үй, су, кітап деген сөздерді тек ана тіліңде емес, түрікше ойла.

📌 6. Түрік тілінде кітап, пост, мақалалар оқы

Күнде 5-10 минут түрікше блогтар, Instagram посттары, балаларға арналған кітаптар оқып тұр.

📌 7. Сабақ жүйелі болуы керек!

Ең бастысы – жүйелі оқу. Кез келген тілді дұрыс әдіспен оқысаң, нәтиже жылдам шығады.

🚀 Егер түрікше тез үйренгің келсе, менің ЖЕҢІЛДІКПЕН 2 айлық курсым дәл саған арналған!
📩 Курсқа жазылу үшін http://wa.me/77471363635


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Sevgili İSTANBUL 🇹🇷


Түркияға оқуға барған студенттің 5 міндетті дәстүрі 🇹🇷🎓

Түркияға барған студенттер осы нәрселерді жасамай қоймайды! Сен де жасайсың, дайындал!

1️⃣ Босфорда шай ішу

📌 “Мен Түркияда оқимын” деген статус алу үшін, міндетті түрде Босфор жағасында шай ішіп, фотоға түсу керек. Әйтпесе, сенің Түркияға келгеніңді ешкім мойындамайды! 😂

2️⃣ Стамбулда адасу

📌 Карта бар, интернет бар, бірақ сен бәрібір “қайда келдім?” деп сұрап жүресің.
📌 Dolmuş, metro, otobüs – бәрін шатастырып, белгісіз бір ауданда қалып қойған студенттер жетерлік.

➡️ Өмірлік лайфхак: Түркияда жүргенде “Yandex Maps” пен “Google Translate” өміріңді құтқарады!

3️⃣ “Öğrenci indirimi” іздеу

📌 Студенттің басты қабілеті – жеңілдіктерді табу.
📌 Түркияда студенттер үшін:
✅ Көлік 50% арзан
✅ Университет асханасы 5-10 лира
✅ Кейбір музейлер тегін

➡️ Өмірлік лайфхак: “Öğrenci indirimi var mı?” деген сұрақты жаттап ал!

4️⃣ Түрік сериалдарына басқаша қарау

📌 Бұрын түрік сериалдарын қарап, жылап отыратын едің…
📌 Түркияға келген соң, сериалдағы актерлердің айтқан сөздеріне тілдік анализ жасап отырасың. 😅

5️⃣ Түрікше сөйлеп көру (және ұялу) 😂

📌 Алғаш рет түрікше бірдеңе айтқанда “Акцентім қандай екен?” деп өзіңді тыңдап көресің.
📌 Бірақ сөйлей бастағанда “çok güzel konuşuyorsun!” деген мақтау сөздерді жиі естисің!

➡️ Қорықпа! Түріктер сені қателеріңмен де түсінеді!



🔥 Егер сен Түркияға қиналмай бейімделгің келсе, түрікше үйренуді кешіктірме!
📩 2 айлық курсыма жазылып, түрікше еркін сөйлеп, түсінуді үйрен!

http://wa.me/77471363635


Кешкі Стамбул🇹🇷❤️


🇹🇷Түркияға оқуға бара жатсаң, мына 7 кеңесті есте сақта! 🎓

Түркияға оқуға қабылдандың ба? Құттықтаймын! 🎉 Бірақ, бұл – тек бастамасы. Жаңа елге, жаңа өмірге дайындалу үшін мына кеңестерді ұмытпа!



1️⃣ Құжаттарыңды ретте 📑

✅ Паспорт, виза, қабылдау хаты, медициналық сақтандыру, банк анықтамасы – бәрінің көшірмесін жаса!
✅ Түркияға барған соң Ikamet (ықтиярхат) алу керектігін ұмытпа.

👉 Құжаттарың түгел болмаса, бірінші күннен-ақ қиналасың!



2️⃣ Түрікше үйрен! 🇹🇷🗣️

✅ Университетте лекция, күнделікті өмір, банктік істер – бәрі түрікше өтеді!
✅ “Ағылшынша сөйлеп жүре беремін” деп ойласаң, қателесесің!

👉 Түрікше сөйлей алмасаң, қиындықтар басталады. Алдын ала үйреніп бар!



3️⃣ Ақшаңды жоспарла 💰

✅ Алғашқы айда тек қажетті заттарға жұмсауды үйрен – басында бәрі қызық болып, ақша тез кетеді.
✅ Түркиядағы өмір сүру құнын зертте, өзіңе бюджет жаса.

👉 Соңғы апталарда “ақшам таусылды” деп жүрме!



4️⃣ Банк картасын ашу қажет 💳

✅ Түркияда Ziraat Bank, İş Bank, Vakıfbank сияқты банктер шетелдік студенттерге ыңғайлы.
✅ Қазақстандық картаны қолдансаң, конвертация мен комиссия шығыны көп болады.

👉 Түрік картасын ашсаң, төлемдеріңді жеңілдетесің!



5️⃣ Түркиядағы көлік жүйесін зертте 🚎

✅ Қалаларда студенттік жол жүру картасы бар, оны алғаның жөн!
✅ Google Maps, Moovit сияқты қосымшалар саған үлкен көмекші болады.

👉 Автобусқа немесе метроға бірінші рет мінбей тұрып, маршрутты зертте!



6️⃣ Түрік мәдениетіне дайын бол 🇹🇷

✅ Түркия – өте қонақжай ел, бірақ кейбір мәдени айырмашылықтарды ескер:
☕ Түріктер шай ішуді жақсы көреді, саған да ұсынса – бас тартпа!
🤝 Түріктер жылы сөйлейді, бейтаныс адамдар да сенен хал-жағдай сұрауы мүмкін.
🚫 Қоғамдық орындарда шамадан тыс дауыс көтерме, түріктер оны ұнатпайды.

👉 Жергілікті мәдениетті түсінсең, түрік достарың көбейеді!



7️⃣ Басқа студенттермен байланыс орнат 🤝

✅ Университеттің шетелдік студенттер клубына қосыл.
✅ Түрік студенттерімен араласуға тырыс – олар саған көп көмектеседі.

👉 Жаңа ортаға тез үйрену үшін, өзіңді жалғыз қалдырма!



🔥 Ал түрікше білмесең, барғанда қиналып қаласың!

📩 2-айлық “Kolay Türkçe“ курсына жазылу үшін http://wa.me/77471363635


🇹🇷Түріктер жай ғана «Мен сені сүйемін» демейді… ❤️

🇰🇿: Мен сені сүйемін.
🇹🇷: Seni seviyorum.

Бірақ түріктер сезімдерін одан да әсерлі жеткізеді! 🥰

🔹 Bütün dünyam sensin – Сен менің бүкіл әлемімсің.
🔹 Kalbimin tek sahibisin – Сен менің жүрегімнің жалғыз иесісің.
🔹 Sensiz hayat düşünemem – Сенсіз өмірді елестете алмаймын.

Осындай әдемі сөздерді үйренгіңіз келе ме? 💫

📌 2 айлық “Kolay Türkçeкурсына қосылыңыз! Түрік тілін оңай, қызықты әрі тез үйреніңіз!

📩 Тіркелу үшін бізге жазыңыз!
http://wa.me/77471363635


🇹🇷 Түркияға саяхаттағанда міндетті түрде жасау керек 5 ерекше нәрсе! 🏝️✨

Түркия – тек теңіз бен базар ғана емес! Егер шынымен ұмытылмас сапар жасағың келсе, стандартты туристік маршруттардан шығып, мына ерекше нәрселерді жасап көр!



1️⃣ Түріктерше таңғы ас іш! 🍽️

✅ Түрік таңғы асы – жай ғана тамақ емес, ерекше дәстүр!
✅ Нан, зәйтүн, бал, ірімшіктер, жұмыртқа, шәй – бәрі бір үстелде тұрады.
✅ Нағыз жергілікті атмосфераны сезіну үшін кафеге емес, жергілікті шағын мейрамханаларға бар!

👉 “Serpme Kahvaltı” деп аталатын дәстүрлі таңғы асты міндетті түрде сынап көр!



2️⃣ Көшедегі тәттілердің дәмін тат! 🍩

✅ Барлығы пахлава біледі, бірақ шынайы street food деген басқа!
✅ Simit (түрік бублигі), lokma (балға батырылған шағын пончиктер), boza (қыста ішетін дәстүрлі сусын) – бұларды басқа жерде таппайсың.

👉 Жергілікті дәмдерді байқап көрсең, Түркияның шынайы мәдениетін түсінесің!



3️⃣ Түрік хамамына (моншаға) бар! 🛁

✅ Нағыз түрік моншасын көрмей қайту – Түркияны толық сезінбеу деген сөз!
✅ Ыстық бу, сабынды массаж, демалыс бөлмесі – денең ғана емес, жаның да тынығады!

👉 “Hamam” немесе “Kaplıca” деп ізде, әйгілілері: Çemberlitaş Hamamı, Cağaloğlu Hamamı (Стамбул).



4️⃣ Басқа қалаларға саяхат жаса! 🚆

✅ Түркия тек Анталия мен Стамбулдан тұрмайды!
✅ Памуккале – ақ травертиндері бар ерекше жер.
✅ Каппадокия – әуе шарымен ұшып, табиғаттың ғажабын көруге тамаша орын.
✅ Эфес – әлемдегі ең жақсы сақталған ежелгі қалалардың бірі.

👉 Түркияның басқа қырларын да ашып көр!



5️⃣Түрікше бірнеше сөз үйреніп, жергілікті адамдармен сөйлес! 🗣️

✅ Түріктер өте жылы шырайлы халық, бірақ түрікше сөйлесең, олар одан бетер қуанады!
✅ Ең қарапайым сөздер саған еселенген құрмет пен жеңілдіктер әкелуі мүмкін!

👉 Мысалы:
• “Merhaba!” – Сәлем!
• “Teşekkür ederim!” – Рахмет!
• “Bu çok güzel!” – Бұл өте керемет!
• “Ne kadar?” – Бұл қанша тұрады?
• “Türkçem biraz var.” – Мен аздап түрікше білемін.

🔥 Түркияны шынайы сезінгің келсе, түрікше үйреніп бар!

📩http://wa.me/77471363635


Түркияға оқуға барғанда пайдалы лайфхактар 🇹🇷🎓

Түркияға академиялық ұтқырлықпен немесе толық оқу бағдарламасымен бара жатсаң, мына лайфхактар сенің жаңа ортаға тез бейімделуіңе көмектеседі!

📌 1. Түрік тілін үйреніп бар

Ағылшынша білемін деп ойлап қалма – Түркияда күнделікті өмірде түрік тілі өте қажет! Университетте, дүкенде, көлікте, жатақханада бәрі түрікше сөйлейді.

📌 2. Öğrenci Kart (Студенттік карта) ал

Студенттік карта саған қоғамдық көлікте жеңілдік береді. Оны алғаннан кейін метро, автобус, трамвайда арзан бағада жүре аласың.

📌 3. Банкте шот ашып, төлем картасын ал

Кейбір түрік банктері шетелдік студенттерге арнайы карталар ұсынады. Ақша аудару мен төлем жасау жеңіл болады.


📌 4. Бағасы қолжетімді жатақхана немесе пәтер ізде

Жатақханада орын шектеулі болғандықтан, ертерек броньдап қой. Егер пәтер жалдайтын болсаң, университетке жақын, қауіпсіз аудан таңда.

📌 5. Қоғамдық көлікті пайдалануды үйрен

Trafi, Moovit сияқты қосымшаларды жүктеп ал. Бұл қосымшалар қоғамдық көліктің маршруттары мен уақытын көрсетеді.

📌 6. Түркиядағы жеңілдіктерді пайдалан

Студенттерге арналған музей, кинотеатр, саяхат билеттері бар. Барлық мүмкіндікті пайдаланып, Түркияны зертте!

🚀 Егер сен Түркияға дайындықты жеңілдеткің келсе, менің 2 айлық түрік тілі курсыма жазыл! Түрікше сөйлеп, күнделікті өмірде қиналмайсың!
📩 Тіркелу үшін http://wa.me/77471363635


Қазақстанда университетте оқып жүріп те Түркияға оқуға тапсыруға болады🇹🇷🎓

Түркияда 1-2 семестр оқып, жаңа білім мен тәжірибе алғыңыз келе ме? Академиялық ұтқырлық бағдарламасы сізге осы мүмкіндікті ұсынады!

📌 Академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары:

Жоғары сапалы білім – Түркияның үздік университеттерінде оқуға мүмкіндік.
Шетелдік тәжірибе – жаңа елде тұрып, халықаралық байланыс орнату.
Мәдени және тілдік орта – түрік мәдениетімен жақынырақ танысу.
Карьераға әсері – түйіндемеңізде шетелдік білімнің болуы сізге жаңа мүмкіндіктер ашады.

📌 Неліктен түрік тілін білу маңызды?

🟢 Түрік тілін білсеңіз, жергілікті тұрғындармен оңай сөйлесесіз.
🟢 Университетте оқуды жеңілдетесіз, себебі кейбір пәндер тек түрікше өтеді.
🟢 Түркиядағы күнделікті өміріңіз әлдеқайда ыңғайлы болады (дүкен, банк, көлік).
🟢 Түрік компанияларында практика немесе жұмыс табу мүмкіндігі артады.

🚀 Егер сіз Түркияда академиялық ұтқырлық арқылы оқуды жоспарласаңыз, түрік тілін қазірден бастап үйреніңіз!

📩 Менің 2 айлық курсым сізге қысқа уақытта түрікше сөйлеуді үйретеді! Тіркелу үшін маған жазыңыз!
http://wa.me/77471363635


🇹🇷2025 жылы Түркияда танымал болған жаңа сериалдар 📺

Түрік телехикаялары әлем бойынша үлкен сұранысқа ие болып, көрермендердің жүрегін жаулап алуда. 2025 жылы Түркияда жарыққа шыққан және көрермендер арасында танымал болған бірнеше жаңа сериалды назарларыңызға ұсынамыз:
1. “Bahar”
Бұл драма жанрындағы сериал 2025 жылы көрермендерге ұсынылып, жоғары рейтингтерге ие болды.
2. “İnci Taneleri”
Махаббат пен отбасылық құндылықтарды суреттейтін бұл сериал да 2025 жылы көрермендердің ықыласына бөленді.
3. “Kızılcık Şerbeti”
Әлеуметтік мәселелерді қозғайтын бұл драма 2025 жылы көрермендер арасында кеңінен танымал болды.
4. “Kızıl Goncalar”
Тарихи оқиғаларға негізделген бұл сериал 2025 жылы көрермендердің назарын аударды.
5. “Gecenin Kanatları”
Құпия мен интригаларға толы бұл сериал 2025 жылы үлкен қызығушылық тудырды.
6. “Aşkın Tarifi”
Романтикалық комедия жанрындағы бұл сериал 2025 жылы көрермендердің көңілінен шықты.
7. “Sonbahar Rüzgarı”
Мелодрама жанрындағы бұл туынды 2025 жылы көрермендер арасында танымал болды.
8. “Yalnız Kurt”
Экшн және драма элементтерін біріктірген бұл сериал 2025 жылы көрермендердің ықыласына ие болды.
9. “Mavi Ay”
Ғылыми фантастика жанрындағы бұл сериал 2025 жылы ерекше сюжетімен көзге түсті.
10. “Gizemli Ada”
Құпиялы оқиғаларға толы бұл сериал 2025 жылы көрермендердің қызығушылығын оятты.

Бұл сериалдар 2025 жылы Түркияда үлкен танымалдылыққа ие болып, көрермендердің көңілінен шықты.

20 last posts shown.