ТҮРІК ТІЛІ / @turikshe


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Linguistics


Айнұр Божанмен бірге Түрік тілі және Түркияда оқу🇹🇷

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Linguistics
Statistics
Posts filter


Фериттің жағдайындағы эмоцияларды түрік тілінде айтып үйренейік🇹🇷


🇹🇷А1 деңгейіндегі сөздерді - В2 деңгейіндегі сөздермен алмастыр🖇️

1. A1: çok (көп)
B2: sayısız (сансыз)

«Çok» сөзін жиі қолданатын болсаңыз, оның орнына «sayısız» деп айтсаңыз, сөзіңіз байи түседі.
2. A1: güzel (әдемі)
B2: göz alıcı (көздің жауын алатын, әдемі)

«Güzel» деп айту әдеттегідей болса, «göz alıcı» деп айтсаңыз, әсеріңіз күшті болады!
3. A1: çok yoruldum (қатты шаршадым)
B2: tükenmiş hissediyorum (шаршадым, қажыдым)

Әдеттегі «çok yoruldum» сөзінің орнына, «tükenmiş hissediyorum» деп айтсаңыз, сөздеріңіз әлдеқайда терең болады.
4. A1: seviyorum (сүйемін)
B2: hayranım (сүйіктім, өте жақсысаған тамсанамын)

«Seviyorum» деп айту қалыпты, бірақ «hayranım» деп айтсаңыз, сезіміңізді айқынырақ жеткізе аласыз.
5. A1: üzgünüm (кешір, көңілім қаяу)
B2: keyfim yok (күйім жоқ, көңіл-күйім жоқ)

«Üzgünüm» орнына «keyfim yok» деп айтсаңыз, әсері терең әрі мәнді болады.
6. A1: çok hızlı (өте тез)
B2: göz açıp жұмuncaya kadar (көзді ашып-жұмғанша)

Қарапайым «çok hızlı» орнына «göz açıp yumuncaya kadar» деген фраза қолдансаңыз, сөйлеуіңіз қызықты әрі әсерлі болады.
7. A1: tamam (жақсы, болады)
B2: anlaştık (келістік, шештік)

«Tamam» деп айту оңай, бірақ «anlaştık» деп айтсаңыз, сәл ресми әрі сенімді көрінесіз.

Бұл сөздер мен сөз тіркестері сіздің түрік тіліндегі деңгейіңізді жоғарылатып, сөйлегенде өзіндік ерекшелігіңізді арттырады.


Егер сіз де түрік тілін терең меңгергіңіз келсе, менің курсыма жазылып, тіл деңгейіңізді В2-ге көтеріңіз!

http://wa.me/77471363635


🎓Түркиядағы ең жақсы жоғары оқу орындары: рейтинг пен ерекшеліктері

1. Boğaziçi Üniversitesi (Босфор университеті)
Түркияның ең үздік университеттерінің бірі. Жоғары академиялық деңгейі мен халықаралық бағдарламалары белгілі.
2. Koç Üniversitesi
Түркияда білім алу үшін ең танымал жеке университет. Жоғары сапалы зерттеу мүмкіндіктері мен инновациялық әдістемелер.
3. İstanbul Teknik Üniversitesi (Стамбұл техникалық университеті)
Инженерлік және технология саласындағы білімді таңдаған студенттер үшін ең үздік таңдау.
4. Sabancı Üniversitesi
Бірегей білім беру жүйесі мен интердисциплинарлы бағдарламалар ұсынады, шығармашылық пен инновацияға басымдық береді.
5. Hacettepe Üniversitesi
Медицина, ғылым және өнер саласындағы үлкен жетістіктерімен танымал.

Түркияда оқуды жоспарлап жүрсіз бе? Осы университеттер сізге үлкен мүмкіндіктер ашады!

Егер сен дайындықты жүйелі жүргізгің келсе, менің “Түркияда оқу + түрік тілі” курсым дәл саған лайық!
Практика, грамматика, тестке дайындық — бәрі бар.
Жазылу үшін👇🏻
http://wa.me/77471363635




Nasrettin Hoca Fıkraları.pdf
279.8Kb
Түрік ертегілерінің сиқырлы әлемі: Насреддин Ходжа 🇹🇷🌙✨
Насреддин Ходжа – түрік әзілінің және даналығының символы, ғасырлар бойы тапқыр әрі дана оқиғаларымен шабыттандырып, қуантады.
Okumaktan zevk alın📌




🇹🇷Түрік тілін үйренудің 6 себебі:
Түркияда білім алу үшін ең маңызды факторлар🖇️

1. Түркиядағы білім беру жүйесіне ену🇹🇷
Түркияда оқу үшін түрік тілін білу үлкен артықшылық. Көптеген университеттер түрік тілінде оқытады, және егер сіз түрік тілінде еркін сөйлей алсаңыз, академиялық өміріңіз әлдеқайда жеңілдейді.

2. Жергілікті тұрғындармен қарым-қатынас жасау🤝🏻
Түрік тілін білу арқылы жергілікті тұрғындармен еркін сөйлесіп, күнделікті өмірде өзіңізді жақсы сезінесіз. Түркиядағы шынайы достар мен таныстарды табу үшін тіл маңызды құрал.

3. Түркиядағы стипендиялар мен гранттар🎓
Түркия Бурслары
сияқты бағдарламалар шетелдік студенттерге түрік тілін меңгерген жағдайда көп мүмкіндіктер береді. Стипендиялар мен гранттар алу үшін тіл деңгейі жоғары болуы маңызды.

4. Саяхат жасау жеңілдігі ✈️
Түрік тілін білгенде, Түркияның түрлі қалаларын және өңірлерін аралағанда жергілікті тұрғындармен жақсы байланыс орнатасыз. Бұл саяхаттау кезінде көптеген қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

5. Түркиядағы ресми құжаттармен жұмыс істеу📝
Түрік тілін білу көптеген ресми құжаттармен жұмыс істегенде пайдалы болады. Виза, тіркеу, медициналық көмек сияқты мәселелерде түсінбеушіліктерден аулақ боласыз.

6. Түркияда тұрақты
өмір сүру мүмкіндігі📍

Түрік тілін үйрену Түркияда ұзақ мерзімге тұрақты тұру үшін қажетті шарттардың бірі. Егер сіз Түркияда тұрақты тұрып, жұмыс істегіңіз келсе, түрік тілін білу сіздің өміріңізді жеңілдетеді.

Түрік тілін үйрену – бұл тек тіл меңгеру ғана емес, мәдениетке ену, жаңа мүмкіндіктерге қадам жасау және Түркияда табысты болу үшін қажетті құрал.






Arkadaşlar, каналда Түрік тілі мен Түркияда оқуға арналған ақпараттардан бөлек, бастапқы деңгейге арналған түрік тіліндегі кітаптар, әңгімелер, ертегілер, шығармалармен де тұрақты түрде бөлісіп тұратын боламын. Соның бірі👇🏻

🇹🇷“Kırmızı başlıklı kız”
🇰🇿“Қызыл телпек”


🇹🇷Түркияға академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барғың келсе🎓, университетте түрік тілінен тест тапсыру міндетті болуы мүмкін. Міне, сол тестке тиімді дайындалу үшін қысқаша әрі нақты кеңестер:

1. Грамматиканы қайтала 💡
– Етістіктерді (шақтар, етіс түрлері), септік жалғауларын, сын есім шырайын жақсылап меңгер.
– A2-B1 деңгейіндегі грамматика жеткілікті болады.

2. Академиялық сөздерге назар аудар🔍
Başvuru, belge, bölüm, sınav, başkanlık, mezuniyet сияқты ресми сөздерді жатта.
– Университет терминологиясын қарастыр.

3. Тыңдап түсіну қабілетіңді жақсарт🎧
– Түрік жаңалықтарын, деректі видеоларды, TEDx Istanbul секілді контенттерді тыңда.
– Тестте аудио болуы мүмкін.

4. Тесттің құрылымымен таныс📝
– Кейбір университеттер Yunus Emre, TÖMER форматына ұқсас тест қолданады.
– Сол форматта жазылған сынақ тесттерді шешіп көр.

5. Практика, практика, практика!🗣️
– Түрік тілінде қысқа эссе жазуға дағдылан.
“Түркияда не себепті оқығың келеді?” “Арманың қандай?” сынды тақырыптарға түрікше дайындық жаса.
– Досыңмен түрікше сөйлесу, оқытушыңнан кері байланыс алу — үлкен плюс.

Бонус:
Егер сен дайындықты жүйелі жүргізгің келсе, менің “Түркияда оқу + түрік тілі” курсым дәл саған лайық!
Практика, грамматика, тестке дайындық — бәрі бар.
Курсқа жазыл, бірге дайындалайық!
http://wa.me/77471363635


🇹🇷Mutlu son olmasın
Mutlu sonsuz olsun!

🇰🇿Бақыттың соңы болмасын
Бақыт соңсыз болсын✨




🇹🇷Aşk Gününüz Kutlu Olsun!

🇰🇿Ғашықтар күні құтты болсын!

Бүгін – жүрек сөйлейтін, сезімдер шынайы айтылатын ерекше күн.
Махаббат пен нәзіктікке толы түрік тіліндегі сөздер:



Aşk – махаббат
Gerçek aşk beklemeyi bilir.
Шынайы махаббат күте біледі.

Sevgi – сүйіспеншілік
Sevgi, kalpten kalbe giden en güzel yoldur.
Сүйіспеншілік – жүректен жүрекке апарар ең әдемі жол.

Sevgili – сүйікті, жаным
Sevgili olmak bir seçim değil, bir his.
Сүйікті болу – таңдау емес, бұл – сезім.

Aşık olmak – ғашық болу
Sana ilk bakışta aşık oldum.
Сені алғаш көргеннен-ақ ғашық болдым.

Kalp – жүрек
Kalbim hep seninle.
Жүрегім әрдайым сенімен.

Özlemek – сағыну
Seni özlemek bile güzeldi.
Сені сағынудың өзі әдемі еді.

Canım – жаным / қымбаттым
Canım, sensiz bir hayat düşünemem.
Жаным, сенсіз өмірді елестете алмаймын.


Махаббат – жай сөз емес. Ол – үнсіз түсіну, сезіммен бөлісу, ештеңе күтпей жақсы көру.
Бүгін – соны айтуға, сезіндіруге себеп.

Сүйіңіз. Сағыныңыз. Құшақтаңыз. Себебі махаббат – өмірдің ең нәзік тілі❤️‍🩹


🇹🇷Türkiye Bursları бағдарламасының 2-кезеңіне аз уақыт қалды

Türkiye Bursları сұхбатына қалай дайындалу керек?

Сұхбат
– сенің осы шәкіртақыға лайық екеніңді дәлелдейтін сәт. Міне, дайындыққа көмектесетін 5 нақты кеңес:

1️⃣ Өзіңді таныстыруды жаттап алма – еркін, сенімді сөйле.
2️⃣ Мотивацияңды нақты айт:
Неге Түркия? Неге осы мамандық? Оқуды бітірген соң не істейсің?
3️⃣ Өтініш берген мамандығың мен елдегі жағдайды зерттеп бар.
4️⃣ Сұрақтарға шынайы, нақты және логикалық жауап бер.
5️⃣ Сабыр сақта, жымиып сөйле, өз-өзіңе сен!



Сұхбатта не сұрайды? Қалай жауап беру керек?
Осының бәрін менімен бірге толық талдап, дайындалғың келсе —
“2 айда түрік тілі+Түркияда оқу бағдарламалары” курсына қосыл!

– Жеке консультация
–2 айлық түрік тілі курсы
– Практикалық дайындық және кері байланыс
Қатысу үшін 👇🏻
http://wa.me/77471363635


Üniversitede okurken bir Türkçe cümleyi çok beğenmiştim.
Şöyle bir sırayla söyleniyordu:
«Aklımı ve kalbimi sana veriyorum.»

Çok basit ama çok güçlü bir cümle.
Gerçekten çok hoşuma gidiyor.
Buraya bırakıyorum❤️‍🩹


🇹🇷Түркияға Академиялық Ұтқырлықпен барғың келе ме?

🎓Түркияда тегін оқу — бұл жай ғана арман емес, нақты мүмкіндік!
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы 1 семестр немесе 1 жыл Түркия университеттерінде оқи аласың. Бірақ ол үшін дұрыс дайындық қажет.

Сен үшін арнайы 5 пайдалы лайфхак:

1. Университетіңнің халықаралық бөлімімен байланыс орнат.
Оларда барлық ресми ақпарат бар. Жыл сайын бағдарлама шарттары өзгеріп отырады.

2. Мотивациялық хат шаблон емес, сенің хикаяң болсын.
Неліктен Түркияда оқығың келеді? Қандай салада терең білім алғың келеді? Бұл сұрақтарға шынайы жауап бер.

3. Тіл деңгейіңді дәлелде.
Сертификатың болмаса да, дайындық қажет. Университет ішіндегі тестке де мұқият дайындалу керек.

4. Қай университетпен келісім бар — нақтылап ал.
Көп студент кез келген университетті таңдай береді. Бірақ тек келісімшарт жасасқан оқу орындары ғана қабылдайды.

5. Құжаттарды ерте баста.
Ұсыныс хат, транскрипт, мотивациялық хат, CV — бұлардың бәрін бір күнде жасап үлгеру мүмкін емес.


Менің Академиялық Ұтқырлық бағдарламасына дайындық курсы басталады✨

Бұл курста:
❗️Мотивациялық хат жазып үйренеміз
❗️Сұхбатқа дайындық жүргіземіз
❗️Толық қолдау мен дайын шаблондар берем

Қатысқың келсе — маған жаз.
“Түрік тілі және Түркияда оқу” курсына жазылу👇🏻
http://wa.me/77471363635


🇹🇷Стамбул Ghibli форматында ✨


Базарда және сауда-саттықта жиі қолданылатын түрікше-қазақша сөздік. Бұл сөздер сізге Түркияда базар аралап, сауда жасағанда өте пайдалы болады:

Жалпы сөздер:
• Alışveriş – сауда жасау
• Satıcı – сатушы
• Müşteri – сатып алушы
• Fiyat – баға
• Ucuz – арзан
• Pahalı – қымбат
• İndirim – жеңілдік
• Pazarlık – саудаласу
• Kilo – келі
• Gram – грамм
• Yarım kilo – жарты келі
• Poşet – пакет
• Ürün – өнім
• Taze – жаңа, балғын
• Organik – табиғи
• Lezzetli – дәмді



Жеміс-көкөніске қатысты:
• Sebze – көкөніс
• Meyve – жеміс
• Domates – қызанақ🍅
• Salatalık – қияр🥒
• Soğan – пияз🧅
• Patates – картоп 🥔
• Elma – алма🍎
• Muz – банан🍌
• Portakal – апельсин🍊
• Üzüm – жүзім🍇



20 last posts shown.