🔸Бүгін Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің басшысы Булат Джукенов Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы ұйымдастырған «Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы басты тірегі – жастар» атты ашық пікірталасқа қатысты.
🔸Шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлін күшейту және адалдық құндылықтарын білім мен тәрбие арқылы қалыптастыру мәселелеріне арналды. Сонымен қатар, қоғамның құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
🔸Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, облыстық және қалалық құрылымдардың өкілдері, прокуратура мен құқық қорғау органдарының мамандары, ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар шақырылды. Университеттің оқытушылары мен қызметкерлері, «ЖАС ҚЫРАН» жастар ұйымының мүшелері, «ЖАҢАРУ» РҚБ-ның белсенділері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де белсенді түрде қатысты.
🔸Шара ашық диалог алаңына айналып, әртүрлі саланың өкілдері жастарды жемқорлықтан адал қоғам құру үдерісіне тартудың маңыздылығын талқылауға және дәл осы жас ұрпақтың елдегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етудегі шешуші рөлін атап өтуге мүмкіндік алды.
🔸Өз сөзінде департамент басшысы шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және көтерілген тақырыптардың өзектілігі үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғысын білдірді. Ол мұндай кездесулердің азаматтық ұстаным мен жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастырудағы маңыздылығын ерекше атап өтті.
🔸Сондай-ақ, ол студенттерге сот жүйесінің кадрлық саясаты туралы жан-жақты айтып берді. Әсіресе әділеттілік, кәсібилік және ашықтық қағидаттарына негізделген қызметкерлерді іріктеу мен қызметте ілгерілету процестеріне назар аударды. Жастарға арналған мансаптық өсу мүмкіндіктері, жеке және кәсіби қасиеттердің маңызы, сондай-ақ үздіксіз өзін-өзі дамыту қажеттілігі жайлы айтылды.
🖋️Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі