ЖЕТІСУ СОТТАРЫ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Law


Жетісу облысы соттарының ресми арнасы/Официальный канал судов области Жетісу

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Law
Statistics
Posts filter


Forward from: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Поздравление Председателя Верховного Суда Асламбека Мергалиева с Международным женским днем

Уважаемые наши дамы!


Сердечно поздравляю вас с первым весенним праздником – 8 Марта.

В эти дни во всех коллективах и в каждой семье мы с уважением и восхищением говорим прекрасным мамам, женам, сестрам, дочерям и коллегам самые добрые и теплые слова.

Более половины судей и сотрудников судов нашей страны – женщины. Это во многом связано с тем, что вы умеете сочетать в себе настойчивость, мудрость, терпение, стремление примирить конфликтующих, отличаетесь терпением, взвешенностью и осторожны в решениях.

Дорогие женщины!

Пусть в ваших домах всегда царят благополучие, а сердца будут согреты теплом и уважением.

Желаем вам комфорта и счастья, достатка, исполнения всех заветных желаний и праздничного настроения!


Forward from: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті ханымдар!


Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күндері барлық ұжымда, әр отбасында аяулы аналарға, жарларға, әпке-қарындастарға, қыздарымыз бен әріптестерге деген ең ізгі, ең жылы лебізімізді құрметпен, қошеметпен айтамыз.

Еліміздегі судьялар мен сот қызметкерлерінің жартысынан астамы – әйелдер. Бұл көбінесе табандылық, даналық, шыдамдылық танытып, дауласушы тараптарды татуластыруға деген ұмтылыстарыңызға байланысты, сіздерге төзімділік пен байсалдылық тән және шешімдеріңізге мұқиятсыздар.

Құрметті ханымдар!

Шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүректеріңіз жылуға толсын және әрдайым құрметке бөлене беріңіздер.

Сіздерге амандық пен бақ-береке, ырыс пен ырыздық, барлық тілектеріңіздің орындалуын және мерекелік көңіл-күй тілейміз!


⚜️Борьба с наркоторговлей и наркоманией – важная задача

🔹Под председательством заместителя руководителя Департамента Судебной администрации Републики Казахстан по области Жетісу (далее – Департамент), уполномоченного по этике Абилсеита Тюлькиева состоялся семинар для государственных служащих Департамента и администраторов районных судов. Темой мероприятия стало предупреждение правонарушений, связанных с пребыванием государственных служащих в состоянии алкогольного или наркотического опьянения в общественных местах.

🔹В семинаре принял участие инспектор управления местной полицейской службы Департамента полиции области Жетісу, старший лейтенант полиции Улан Турсын.

🔹Выступая перед участниками, У. Турсын разъяснил профилактические меры по недопущению нахождения государственных служащих в состоянии алкогольного или наркотического опьянения в общественных местах, а также употребления наркотических и психотропных веществ в немедицинских целях. Особое внимание он уделил вопросу управления транспортным средством в состоянии опьянения. Инспектор подчеркнул, что на государственных служащих возлагается двойная ответственность за соблюдение закона, служебной и общественной дисциплины.

🔹Заместитель руководителя Департамента А. Тюлькиев подробно остановился на ключевых направлениях Комплексного плана по борьбе с наркоманией и наркобизнесом в Республике Казахстан на 2023–2025 годы, утвержденного постановлением Правительства. Основная цель документа – объединение усилий общества, гражданских институтов и всех государственных органов для повышения качества профилактической работы и сокращения числа наркозависимых.

🔹Кроме того, уполномоченный по этике напомнил участникам о тезисах Послания Главы государства народу Казахстана от 2 сентября 2024 года «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм», в котором также была затронута проблема наркоторговли и наркомании.

🔹В завершение мероприятия А. Тюлькиев выразил благодарность представителю управления местной полицейской службы за участие в семинаре и выразил уверенность в необходимости регулярного проведения подобных встреч.

🔹Подводя итоги, А. Тюлькиев призвал участников семинара строго соблюдать требования закона, а также нормы и принципы Кодекса этики государственных служащих в своей профессиональной деятельности.

Источник: Пресс-служба суда области Жетісу.


⚜️Есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес – маңызды міндет

🔹Бүгін Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әбілсейіт Түлкиевтің төрағалығымен Департамент және аудандық соттар әкімшілерінің қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілер арасында қоғамдық орындарда алкоголді масаң күйде болу және есірткі мен психотропты заттарды қолдану құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбына арналған семинар өтті.

🔹Іс шараға Жетісу облысының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының испекторы, полиция аға лейтенанты Ұлан Тұрсын қатысты.

🔹Жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілі Ұ. Тұрсын өз сөзінде күн тәртібіндегі мәселеге қатысты мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік масаң күйде болуының, сондай-ақ есірткі құралдары мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың, көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарудың алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар жөнінде айтты. Сондай-ақ, ол әрбір мемлекеттік қызметкер үшін заң талаптарын, қызметтік және қоғамдық тәртіпті сақтауда екі есе жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

🔹Департамент басшысының орынбасары Ә. Түлкиев Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында айқындалған негізгі бағыттарға тоқталды. Құжаттың негізгі мақсаты – қоғамның, азаматтық институттардың және барлық мемлекеттік органдардың нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстарының сапасын арттыру және жалпы нашақорлар санын азайту бойынша күш-жігерлерін біріктіру болып табылады. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес мәселесіне қатысты айтқан сөздерін қатысушылардың назарына жеткізді.

🔹Шара соңында Ә. Түлкиев семинарға арнайы қатысқан жергілікті полиция қызметі басқармасының өкіліне алғыс айтып, алдағы уақытта қоғамдағы мұндай өзекті мәселелер бойынша бірлескен семинар-кездесулердің жиі өткізілетініне сенім білдірді.

🔹Жиынды қорытындылай келе, Ә. Түлкиев барлық қатысушыларды заң талаптарын, жұмыс барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің қағидаттары мен нормаларын қатаң сақтауға шақырды.

Дереккөз: Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Forward from: Aqorda 🇰🇿


Forward from: Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекке жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды

⚡️Президент вручил высокие государственные награды ряду женщин за их вклад в развитие страны

t.me/aqorda_resmi


🔹Председатель Алакольского районного суда Э. Асубаева совместно с прокурором Алакольской районной прокуратуры Е. Ондабаевым провели встречу с руководством, педагогами и учащимися Казахской гимназии имени Ы. Алтынсарина, а также средних школ имени Абая, М. Мынбая и И. Жансугирова. Темой обсуждения стало влияние синтетических наркотиков и их последствия.

🔹Цель мероприятия – повысить осведомленность подростков о пагубном воздействии наркотических веществ и предостеречь их от роковых ошибок.

🔹Открывая встречу, Э. Асубаева подчеркнула масштабность проблемы наркомании, ее разрушительные последствия и правовые аспекты, связанные с незаконным оборотом наркотиков. Она рассказала о вовлечении молодежи в преступную деятельность через роли «курьера», «гранатчика» и «закладчика». Часто в эти схемы втягиваются школьники и студенты, не осознающие всей серьезности происходящего и рискующие разрушить свое будущее в погоне за легким заработком.

🔹Особое внимание было уделено тому, что распространение наркотиков сегодня активно ведется через телеграм-боты и другие интернет-ресурсы. Несмотря на меры по блокировке таких площадок, новые сайты появляются стремительно, а их выявление усложняется тем, что организаторы зачастую находятся за границей.

🔹Прокурор Е.К. Ондабаев подробно разъяснил школьникам, что преступления, связанные с наркотиками, не остаются безнаказанными, а их употребление и распространение влекут за собой уголовную ответственность. Он также напомнил, что при обнаружении подозрительных случаев, связанных с незаконным оборотом наркотиков, необходимо незамедлительно обратиться в полицию.

🔹В завершение участники встречи ответили на вопросы школьников и подчеркнули важность ведения здорового образа жизни, занятий спортом и продуктивного времяпрепровождения.

Алакольский районный суд


🔹Алакөл аудандық сотының төрағасы Э.О. Асубаева Алакөл ауданы прокуратурасының прокуроры Е.К. Ондабаевпен бірге Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ гимназиясының, сондай-ақ Абай, М. Мынбай және І. Жансүгіров атындағы орта мектептердің басшылығы, ұстаздары және оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында синтетикалық есірткілердің адам денсаулығына тигізетін әсері мен олардың салдары талқыланды.

🔹Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді есірткінің зияны туралы ақпараттандыру және оларды қайғылы қателіктерден сақтандыру.

🔹Кездесуді аша отырып, Э. Асубаева нашақорлықтың ауқымды проблемасын, оның ауыр салдарын және есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты құқықтық аспектілерді атап өтті. Ол жастардың «курьер», «гранатшы», «қалташылар» секілді қылмыстық әрекеттерге қалай тартылатыны туралы айтып берді. Көп жағдайда мұндай схемаларға мектеп оқушылары мен студенттер тартылып, жағдайдың маңыздылығын түсінбей, жеңіл табыс табуға ұмтылып, өз болашағына қауіп төндіреді.

🔹Ерекше назар есірткі таратудың қазіргі таңда телеграм-боттар мен басқа да интернет-ресурстар арқылы белсенді түрде жүзеге асырылатынына аударылды. Мұндай платформаларды бұғаттау шараларына қарамастан, жаңа сайттар тез пайда болып, оларды анықтау қиындай түсуде, өйткені ұйымдастырушылар көбіне шетелде орналасқан.

🔹Аудан прокуроры Е.К. Ондабаев мектеп оқушыларына есірткіге қатысты қылмыстардың жазасыз қалмайтынын, ал олардың қолданылуы мен сатылуы заңмен қудаланатынын түсіндірді. Сондай-ақ, ол кәмелетке толмағандар арасында немесе мектеп қабырғасында есірткі сату және қолдану фактілері анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттігін ескертті.

🔹Кездесу соңында қатысушылар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, салауатты өмір салтын ұстанудың, спортпен шұғылданудың және бос уақытты тиімді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Алакөл аудандық соты




▪️Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.-ға қатысты кісі өлтіру және бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша (ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігі 1,5-тармақтары) қылмыстық іс қаралды.

▪️Сотпен анықталғаны?
2024 жылғы қазан айында А. Талдықорған қаласында танысы Б.-ны кездестіріп қалады. Б. асығып тұрғанын айтып, А.-ға көлігіне отыруды ұсынады.

▪️Әңгіме барысында А. Б.-дан жалға алған шаруа қожалығы (фазенда) туралы сөз қозғалады. Алайда, Б. оны сатуға ниетті емес екенін айтады.

▪️Оған жауап ретінде А. талап қояды: «Сатпайтын болсаң, 5 ай ішінде төлеген 2 миллион теңге ақшамды қайтарып бер». Осыған байланысты олардың арасында жанжал туындайды. Жанжал күшейе бастағанда, Б. көлікті тоқтатып, А.-ның бет тұсына бір рет жұдырықпен соққы жасайды.

▪️А. ашуға бой алдырып, аяқ астында жатқан пышақты алып, Б.-ның мойны мен ішінен екі рет ұрады. Б.-ның қайтыс болғанына көз жеткізгеннен кейін, оны көліктің артқы орнына жатқызып, оқиға орнынан бой тасалайды.

▪️Кейін А. оқиға орнына қайта оралып, Б.-ның өмірлік белгілері жоқ екеніне көз жеткізеді. Содан кейін қылмыстық іздерді жою мақсатында Б.-ның денесі мен көлігін Талдықорған–Қарабұлақ тасжолы бойындағы орман алқабына апарып, бензин құйып, толықтай өртеп, ізін суытады.

▪️Тараптардың ұстанымы
Прокурор А.-ны кінәлі деп танып, оны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленуші тараптың өкілі қылмыскерді заңның барынша қатаң талабына сай жазалауды талап етті.
Қорғау тарабы мен айыпталушы ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

🔺Сот неге және қандай жаза тағайындады?
Қылмыстық кодекске сәйкес, бұл қылмыс үшін 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Айыпталушының кінәсі оның мойындауынан бөлек, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен және іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен расталды.

🔻Сот үкімімен А. барлық баптар бойынша кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ, сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 27 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық шығын өндіру туралы шешім шығарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты




▪️В СМУС области Жетісу рассмотрено уголовное дело в отношении А., по факту убийства и умышленного уничтожения чужого имущества (ст.99 ч.1, ст.202 ч.2 п.1,5 УК)

▪️Что установлено судом?
В октябре 2024 года А. случайно встретил в городе Талдыкорган своего знакомого Б., который торопился и предложил А. сесть в его автомобиль.

▪️В ходе разговора А. затронул тему арендуемого у Б. крестьянского хозяйства (фазенды). Однако Б. заявил, что не собирается его продавать.

▪️В ответ на это А. потребовал: «Если не продаёшь, тогда верни мне 2 миллиона тенге, которые я выплатил за 5 месяцев». Между ними разгорелся конфликт. Видя, что ссора накаляется, Б. остановил машину и нанёс А. один удар кулаком в область лица.

▪️А., охваченный яростью, схватил нож, лежавший у него под ногами, и дважды ударил Б. — в шею и в живот. Убедившись, что Б. скончался, он уложил тело на заднее сиденье автомобиля и скрылся с места преступления.

▪️Позже А. вернулся на место происшествия, чтобы убедиться, что Б. не подаёт признаков жизни. Затем, чтобы уничтожить следы преступления, он вывез тело и автомобиль Б. в лесной массив вдоль трассы Талдыкорган–Карабулак, облил машину с телом бензином и полностью сжёг, после чего скрылся.

▪️Позиция сторон:
Прокурор просил признать А. виновным и назначить ему наказание в виде 15 лет 6 месяцев лишения свободы.
Представитель потерпевшего просила наказать по всей строгости закона.
Сторона защиты и подсудимый просили минимальное наказание.

🔺Почему и какое наказание назначил суд?
Максимальное наказание за совершенное преступление предусматривает лишение свободы от 8 до 15 лет.
Вина подсудимого помимо признания вины доказывается показаниями свидетелей, заключениями судебных экспертиз и другими собранными по делу доказательствами.

🔻Приговором суда А., признан виновным по всем статьям и ему назначено наказание окончательно в виде лишения свободы сроком на 15 лет 6 месяцев.
С подсудимого в пользу потерпевшего взыскано свыше 27 миллионов тенге в счет возмещения материального и морального вреда.

Приговор не вступил в законную силу.

СМУС области Жетісу




Forward from: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Председатель Верховного Суда провел встречу
с Председателем суда МФЦА
 
◾️Председатель Верховного Суда Казахстана Асламбек Мергалиев провел встречу с Председателем Суда МФЦА Лордом Бернеттом. В мероприятии также приняли участие Регистратор Суда МФЦА и МАЦ Кристофер Кэмпбелл-Холт.

◾️В ходе встречи А. Мергалиев отметил, что в рамках Меморандума о сотрудничестве между судебной системой Казахстана и Судом МФЦА активизирован процесс передачи споров в Суд МФЦА и МАЦ. Обсуждены механизмы признания и исполнения решений этих судов за рубежом, а также оказано содействие в продвижении Суда МФЦА и повышении осведомленности о его статусе в СНГ.

◾️Председатель ВС подчеркнул, что Верховный Суд заинтересован в том, чтобы МФЦА стал центром притяжения для инвесторов и бизнеса, что, в свою очередь, повысит доверие и инвестиционную привлекательность Казахстана.

◾️Л.Бернетт, в свою очередь, проинформировал о деятельности Суда МФЦА и арбитражного центра МАЦ в рамках реализации Меморандума о сотрудничестве с Верховным Судом.

◾️Стороны обсудили проведение ряда совместных мероприятий и выразили уверенность в том, что такое взаимодействие будет способствовать расширению деятельности судебных органов МФЦА.
 
Из справки:
Меморандум о сотрудничестве был подписан в 2021 году руководителями Верховного Суда Казахстана, Суда МФЦА и Международного арбитражного центра МАЦ. Он направлен на реализацию совместных инициатив по продвижению общих стандартов правосудия.
Участники Меморандума запланировали изучение и обмен опытом в области разрешения коммерческих споров, проведение консультаций, оказание взаимной поддержки и выработку общих позиций в рамках международных программ, многосторонних контактов и связей, а также образовательных и научно-исследовательских мероприятий, взаимный обмен правовой информацией и судебной практикой.


Forward from: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Жоғарғы Сот Төрағасы АХҚО Сотының Төрағасымен кездесті
 
◾️Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев АХҚО Сотының Төрағасы Лорд Бернеттпен кездесті. Іс-шараға сондай-ақ АХҚО сотының және ХАО Регистраторы Кристофер Кэмпбелл-Холт қатысты.

◾️Кездесу барысында А.Мерғалиев Қазақстанның сот жүйесі мен АХҚО Соты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында дауларды АХҚО соты мен ХАО қарауына беру үдерісі жанданғанын атап өтті. Шетелде аталған соттардың шешімдерін тану және орындау тетіктері талқыланып, АХҚО Сотын ілгерілетуге және оның ТМД елдеріндегі мәртебесі туралы ақпараттандыруға көмек көрсетілді.

◾️ЖС Төрағасы Жоғарғы Соттың АХҚО инвесторлар мен бизнесті тарту орталығына айналуына мүдделі екенін, бұл, өз кезегінде, Қазақстанның сенімі мен инвестициялық тартымдылығын арттыратынын атап өтті.

◾️Л.Бернетт, өз кезегінде, Жоғарғы Сотпен Ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында АХҚО Соты мен ХАО төрелік орталығының қызметі туралы хабардар етті.

◾️Тараптар бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуді талқылады және мұндай өзара іс-қимыл АХҚО сот органдарының қызметін кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.
 
Анықтама:
Ынтымақтастық туралы меморандумға 2021 жылы ҚР Жоғарғы Сотының, АХҚО Сотының және Халықаралық арбитраж орталығының (ХАО) басшылары қолқойған. Ол сот төрелігінің бірыңғай стандарттарын ілгерілету бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Меморандумға қатысушылар халықаралық бағдарламалар, көпжақты қарым-қатынастармен байланыстар, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу іс-шаралары, құқықтық ақпаратпен сот практикасымен өзара алмасу аясында коммерциялық дауларды шешу саласында зерттеу және тәжірибе алмасу, консультациялар жүргізу, өзара қолдау көрсету және ортақ ұстанымдарды дамытуды жоспарлаған.






Forward from: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
«Зарубежное судейское сообщество высоко оценило казахстанскую систему отправления правосудия»

🎥 телеканал «24kz»


Forward from: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
«Сот жүйесіндегі реформаны халықаралық ұйым жоғары бағалады»

🎥 телеканал «24kz»

20 last posts shown.