🏠
Түрік балабақшасы жайлы ШОКСәкинаның балабақшаға барғанына бүгін тек 3-інші күн болды, бірақ мені қатты таңқалдырған жайт - қызымның балабақшаға кері қайтамын деп жылауы🥹🤍 ия, бұл қылығы бізге де өте сүйкімді көрінді
🕰️ Басында әдеттегідей үйге қайтып бара жатқан едік, үйге келгеннен кейін күртесін, сөмкесін шешкісі келмей кіреберісте жылап қалды. Бірінші күні ондай болмағаннан кейін өзім де түсінбей қалдым… соңыра сөмкесіндегі алғашқы жұмысын (жоғарыдағы кішкентай балапанды) байқағаннан кейін балабақша қатты ұнап қалғанын, қайта ойнағысы келіп тұрғанын сездім. Қызық, кеше ғана перзентханадан кішкентай 3 келілік бақытты көтеріп алып шыққан едік, ал бүгін құрбыларына үйренісіп, өз ортасына қайта барғысы келгенді түсіну өте ерекше…
ма ша Алла деп қойыңызБіздер әлі адаптация үстіндеміз, сонда да өзім секілді жас аналарға айтатын кеңесім «балапаным» деп бар құлатып шашқанын, ойыншықтарын жинауды кішкене-кішкенеден балаға үйрете беріңіз. Төккенін артынан шүберекпен сүрту, бананның қабығын қоқыс жәшігіне салу, кішкентай және үлкен моторикаларымен жұмыстаныңыз. Ин ша Алла өсе келе оның да бір жемісін/әсерін көресіз💯
Неге соныңда осындай түйін шығарғанымды айтайын ба? Комментарийге жазып кетіңіз