Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтті. Алқалы жиын Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылды. Форумға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков қатысты.
«Мемлекет басшысы форумда сөйлеген сөзінде агроөнеркәсіп кешеніне бөлінетін қаржы көлемі едәуір артқанын айтты. Диқандар енді көктемгі егін егу және жиын-терін жұмыстарына 5 пайыз мөлшерлемемен тікелей жеңілдетілген несие ала алатынын және мұндай несиелеу көлемі алғаш рет жарты триллион теңгеден асқанын, алдағы уақытта бұл көрсеткіш бір жарым триллион теңгеге дейін жеткізілетінін атап өтті. Біздің міндет бөлінген қаржыны тиімді игеріп, фермерлерді қаржыландыру жұмыстарын жеделдету», - деді Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.
Мелекет басшысы Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын дер кезінде қаржыландыру мәселесіне тоқталған еді. Аграрлық несие корпорациясы келесі жылғы егін егу науқанын ерте қаржыландыру үшін биыл қараша айында фермерлерден өтінім қабылдауды бастап кетті.
«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын дер кезінде қаржыландыру – мол астық жинаудың кепілі екенін атап өтті. Көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдетілген несие биылғы желтоқсан айынан бастап берілетінін және соның нәтижесінде диқандар жанар-жағармайды, қосалқы бөлшектерді, басқа да қажетті тауарлар мен қызметтерді уақытында сатып ала алатынын да жеткізді. 2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыру үшін біз өтінімдерді фермерлерден қабылдауды қараша айының бірінде бастап кеттік. Желтоқсан айында қаржыландыруды бастаймыз. Бұл өз кезегінде фермерлердің егін егу науқанына ерте дайындалуларына мүмкіндік береді», - Корпорация төрағасы.