ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Алмат Әшірбеков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы Айдар Прашев және басқа да делегация өкілдері іссапармен Қарағанды облысына барды.
Онда Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономиканың нақты секторын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Алмат Әшірбеков «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бүгінгі таңда 2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 152 млрд теңгеден асатын 1 300 өтінім қабылданды. Оның ішіндегі 610 фермер 92,4 млрд теңгеден астам соманың несие қаржысын алып үлгерді.
Айта кетейік, биыл 29-қарашадан бастап «Кең дала-2» бағдарламасы бойынша егін егетін фермерлерді қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінген болатын. Өтінімдерді қабылдау, несиелерді беру жұмыстары жалғасуда.
«Биыл алғаш рет көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелеу 29-қарашадан басталды. Фермерлердің айтуынша, бұл олардың қаржылық тұрақтылығына және алдағы егін егу науқанына оң әсер етеді. Өйткені, тыңайтқыштарды, тұқымды және қажетті қосалқы бөлшектерді ерте сатып алуға мол мүмкіндік туып отыр. Осылайша, 2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясы арқылы 700 млрд теңге, ал Корпорацияның еншілес ұйымы «Қазагроқаржы» АҚ арқылы жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бағытталатын болады», деді Аграрлық несие корпорациясының басшысы.