Алматыда 3 қала маңындағы жаңа автобус бағыты іске қосылды
Алматы агломерациясы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін 1 қарашадан бастап үш жаңа қала маңы маршруты іске қосылды:
• N245 маршрут: Ұзынағаш – Төле би-Яссауи автобекеті, сыйымдылығы үлкен 25 автобус, қозғалыс уақыты: 5:45 - 23:00.
• N254 маршрут: Қаскелең – «Сәлем» базары, 16 автобус, қозғалыс уақыты: 5:50 - 23:00.
• N239 маршрут: «Б.Момышұлы» метро бекеті – Долан ауылы, 18 автобус, қозғалыс уақыты: 5:30 - 23:01.
Барлық маршрутта жол жүру құны 120 теңге, «Onay» жүйесі қолданылады. Маршруттар сынақ режимінде іске қосылып, қозғалыс сызбасы мониторинг нәтижелеріне сәйкес түзетіледі.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен өткен жылы 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңы маршруты ашылды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды.
Facebook | Instagram | Telegram | TikTok