Жария сот отырысы.
Аудан әкімдігі қызметкері алаяқтық жасауға оқталғаны үшін сотталды.
Сотта қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауға оқталғаны үшін аудан әкімі аппаратының қызметкері Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы).
Б. шаруа қожалығының басқарушысы А.-дан залал сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап бермеу үшін 2 млн. теңге сомасында ақшалай сыйақы талап еткен.
Сотта ескіру мерзімінің өтуіне байланысты Б.-нің сотқа талап қоюға құқығы болмағаны анықтады. Бұдан басқа, бұрын сот шешімімен залалды өтеу туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылғаны Б.-ға белгілі болған. Осылайша, Б., өзінің қызмет бабын пайдаланып, А.-ны адастырды.
1 млн. теңге алу кезінде ол ұсталған.
Сотқа іс прокурор мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісімін жасаумен түсті.
Жаза тағайындауда шынайы өкiнуiн және Б.-да үш жас баланың болуын сот жеңiлдететiн мән-жайлар ретінде, ал қабылданған антын бұза отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны ауырлататын мән-жайлар деп ескерді.
Сот үкімімен Б.-ға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, ұрланған мүліктің 7,5 есе мөлшерінде (15 млн,тенге) айыппұл тағайындалды.
Заңнама мен қылмыстық-жазалау әрекеттері үшін жауапкершілікті түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында үкімді жария ету ауыл округтерінің әкімдері мен аудан әкімдігі аппаратының бөлім басшыларының қатысуымен өтті.
https://t.me/Aqmola_sottary