«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) берген мәлімет бойынша маусымда жаңа автомобильдер саудасы мамыр айымен салыстырғанда 30,2% өсіп, 16 688 жеңіл көліктер мен коммерциялық техникалар сатылған. Барлығы алты айда 83 145 автомобиль сатылды, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішінен 0,1% төмен (83 220 бірл.).
Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Жаңа автомобильдер саудасы өткен жылмен шамалас деңгейде, алайда “сұр” каналдар арқылы тексерістен, сертификаттаудан өтпей-ақ, бақылаусыз көлік жеткізу елдің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, тұтынушылар да қиындыққа тап болуы мүмкін. “Сұр” импорт алақол сатушыларды қолдан құжат жасап, міндетті төлемдер мен салықтан жалтаруға ынталандырады. Автомобиль аларда оның бүкіл салығы төленгеніне және заң тұрғысынан тазалығына көз жеткізіңіздер».