САПА БЕЛГІСІ – CHANGAN: ӨНДІРУДЕН БАСТАП СЕРВИС КӨРСЕТУГЕ ДЕЙІН
Changan Automobile Group көлік концерні мен Чунцин политехникалық университеті Қазақстандағы Changan Auto ресми сервистік орталықтарының сатудан кейінгі қызмет көрсету мамандарына арналған біліктілікті арттыру бағдарламасының таныстырылымын өткізді.
«Мұндай тренингтер – өңірлік нарықтардағы дистрибьюторларға арналған брендке жаһандық қолдау көрсету шараларының бөлігі. Changan өзінің жоғары технологиялылығымен, сапасымен және сенімділігімен Қытай шекарасынан алыс елдерде танымал және JD Power тәуелсіз талдау агенттігінің «Клиенттің көңілінің толуы» рейтингі бойынша Қытайдың өзінде жетекші орындарға ие, сондықтан бас компания сервистік қызмет көрсету сапасына соншалықты мұқият қарайды және өңірлік дилерлерді техникалық сараптама жүргізуге үйретеді», – деді Changan брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы болып табылатын «Астана Моторс» компаниясының еншілес компаниясы Silkway Auto Kazakhstan директоры Сергей Галкин.
Changan барлық өңірлік нарықтар үшін персонал біліктілігі бойынша жоғарғы кіру деңгейін қойып отыр: сервистік қызметтерді көрсету құқығын алу үшін барлық сервис қызметкерлерінің 80%-ы оқытудан және тестіден өтуге тиіс, лауазымы жоғары болған сайын тексеріс саны да өседі. Кепілдік жөніндегі инженер, мысалы, 4 теориялық блокты оқып, практикалық тестілер мен жалпы 4 емтихан тапсыруы керек. Сондықтан біліктілікті арттыру бағдарламасы қалыптасқан мамандардың деңгейін арттыру есебімен жасалған.
Қытай «автокөлік мектебіндегі» оқу қыркүйек айында басталады. Дистрибьютор Қазақстандағы Changan Auto-ның барлық дилерлік желісінен мамандарды жинайды. Бағдарламада теориялық және практикалық блоктар мен сертификат алуға міндетті емтихан қамтылады.
Жаңа «автокөлік мектебінің» арқасында Қазақстандағы Changan автокөліктерінің иелері де қызмет көрсету сапасы мен оған көңілінің толуы бойынша жаңа клиенттік деңгейге өтеді, себебі бас компания Changan брендінің жоғарғы стандарттарына өңірлік сервистердің 100 пайыз сәйкес келуін оқытудың мақсаты етіп қойып отыр.