🤔ГЕОДЕЗИЯ НАРЫҒЫНДА АДАЛ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРНАҒАН БА?
Қазақстанның геодезиялық және картографиялық жұмыс нарығында ашық бәсекелестік орнамаған деп есептейді Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы компаниялар қауымдастығының қатысушылары.
Мысал ретінде, сарапшылардың пікірінше «Мемқалақұрылыскадастры» РМК үшін ерекше жағдайлар жасалып, басқа қатысушылар үшін тең емес жағдайға әкеп соққан. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер «Мемқалақұрылыскадастры» инженерлік-геодезиялық және топографиялық жұмыстарды орындау, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу үшін қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу кезінде елеулі артықшылықтар береді.
Қалыптасқан жағдайға байланысты бес жылдан астам уақыт бойы жеке компаниялар негізгі мемлекеттік тапсырыстар үшін елдімекендердің инженерлік желілерін түгендеу аясында топогеодезиялық және картографиялық қызметтер көрсету мүмкіндігінен айырылды.
Ұлттық палатаның мәлімдеуінше, саладағы жұмыс сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік реттеу жүйесі аясында заманауи пысықталған нормативтік техникалық және нормативтік құқықтық құжаттарды енгізу қажет. Бұл өз кезегінде бүкіл геодезиялық салаға деген сенімділікті арттыруы тиіс.
Жалғасы сайтымызда