Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🤔Атыраулықтар енді қауіпсіз етті қайдан алады?
Мал базарында өлген малдан сібір жарасы ауруы шыққалы жергілікті халық ет алудан қорқып қалғаны жасырын емес. Мал базары мен ет сататын дүкеннен сауда жасау қаншалықты қауіпсіз? Тұрғындар енді еш алаңсыз етті қайдан алады?
Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі жауап берді:
🗣“Бұл мәселе қала тұрғындарын алаңдатып отырғаны мәлім. Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және ветеринариялық инспекция мамандары етті тасымалдайтын, соятын, сондай-ақ ет саудасымен айналысатын 66 нүктеден еттен бактериалдық сынама алды. Соңғы қорытынды бойынша ешқандай еттен оң сынама табылмады” дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
📌Демек, сынамадан алынған соңғы қорытынды бойынша сатылып жатқан еттер тұтынуға қауіпсіз.
Ескерте кетейік, қатаң режимді карантинге жабылған “Асыл агро” мал базарында қазіргі уақытта барлығы 200ге жуық мал бар.
🖊Хұсни ХАМЗА