Атырауда сапасыз салынған жол қайта жасалды
“Жыл басынан бері орталық инженерлерінің тексеру қорытындысы нәтижесінде 9700 шаршы метр жол негізі, 21 336 шаршы метр асфальтбетон қайта салынды. Ал, сапасы талапқа сәйкес келмеген 3323 тонна жол құрылысына қажетті материал өндірістік жұмыстан алынды”-дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлан Жантурин.