Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады▪️Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.
▪️Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.
▪️Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты.
t.me/aqorda_resmi