👉
#АНТИХАЙП: FREEDOM, ТЕКСЕРІСТЕР ЖӘНЕ ЖАПА ШЕККЕНДЕРFreedom-ның топ-менеджері клиенттерді алдады, сондықтан бүкіл компанияға сенбеу керек деген шу күшейіп келеді. Кейбір медиа бұл дауды тым белсенді таратып жатыр. Маған тікелей жазып, пікірлердің астында сұрақ қойып жатқандар көп. Демек #АнтиХайп режимін қосатын уақыт келді. Соңғы екі күн бойы жағдайды зерттеп, барлық материалдарды оқып шықтым. Айтарым бар.
ШЫНДЫҒЫНДА АРРФР (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі) Freedom компаниясына құжаттық тексеру жүргізіп жатыр. Бұған жеке тұлғалардан түскен төрт шағым себеп болды. Олардың айтуынша, бұрынғы топ-менеджер олардың құқықтарын бұзған. Қаржы нарығының жұмысын білетіндер үшін бұл қалыпты процесс: егер шағым түссе, реттеуші орган міндетті түрде тексеру жүргізеді.
ҚАЛАЙ БОЛДЫ? Компанияның ішкі тексерісі көрсеткендей, сол кезде атқарушы директор лауазымын атқарған Виталий Световой
(айта кетейік, атқарушы директорлар Freedom-да көп, сондықтан бұл аса жоғары лауазым емес) қызметін асыра пайдаланып, клиенттердің сеніміне кірген. Ол адамдарға ақшаларын компанияның ресми шотына емес, өзіне жеке аударуға кеңес берген, өйткені “оларды тиімдірек инвестициялаймын” деп уәде еткен. Бірақ, шын мәнінде, ол ақшаны жеке мақсаттарына жұмсап отырған. Оның бұл әрекеті компания басшылығынан жасырын жүргізілген. Ішкі тексеру аяқталған соң компания оны қызметінен босатты, ал жиналған материалдар құқық қорғау органдарына берілді.
Қазақстанда бұл жаңалық па? Өкінішке қарай, жоқ. Бұған дейін де қаржы секторында қызметкерлер тарапынан жасалған алаяқтық аз болмаған. Өткен жылы Маңғыстау облысында банк қызметкері клиенттердің шотынан 90 млн теңге ұрлап, букмекерлік кеңсеге жұмсаған. Ол 5 жылға сотталды. Павлодарда Kaspi Bank-тің кредиттік бөлім басшысы клиенттерге “залогтағы мүлікті арзанға алып беремін” деп, он миллиондаған теңгемен қашып кеткен.
Қызылордада банк қызметкері екі жыл бойы халатының жеңіне ақша жасырып, 600 млн теңгені қолды қылған.
Қаржы институттары арасында алаяқтық оқиғалар аз ба? Жоқ, өкінішке қарай олай емес. Бұл жерде басты айырмашылық — істің әлі сотқа жетпегені. Қалған аспектілер басқа банктер мен қаржы ұйымдарындағы оқиғалармен бірдей. Егер бұл компания деңгейінде ұйымдастырылған алаяқтық схема болса, жапа шеккендер бүкіл ел бойынша мыңдап саналар еді.
Компания алаяқ қызметкердің ісіне жауапты ма? Иә және жоқ. Freedom ішкі тергеу жүргізіп, алаяқтық жасаған қызметкерді анықтап, полицияға тапсырды. Бірақ клиенттер өз еркімен ақшаларын жеке адамға берген, яғни олардың әрекеті де маңызды фактор. Компания өз қызметкерлеріне қатаң бақылау орнатуы тиіс — бұл дұрыс. Клиенттер құжаттарды мұқият оқып, ақшаларын сенімді арналар арқылы басқаруы тиіс — бұл да дұрыс.
Freedom басшылығы бұл алаяқтық схеманы ұйымдастырды немесе оған қатысы бар деп айыптауға негіз жоқ. Компанияның қызметкерлерін қатаң бақылауға алып, ішкі тексерістерді жиілеткені жөн болар, бірақ кез келген ұйымның ішінде алаяқтардың пайда болуынан ешкім толықтай сақтандырылмаған. Ең ірі банктер де, ең беделді брокерлер де, тіпті қаржы нарығын реттеуші органдар мен құқық қорғау құрылымдарының өздері де жемқорлыққа және алаяқтық әрекеттерге ұшырап жатады.@FINANCEkaz