ISLAMIC FINANCE - қазақша


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Economics


Анонимді сұрақтар үшін:
http://t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=znFLVR
🔹Процент
🔸Кредит
🔹Бизнес
🔸Қарыз
🔹Аренда
және т.б.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Economics
Statistics
Posts filter


РАМАЗАН АЙЫНЫҢ СОҢҒЫ 10 КҮНІ

құрметіне орай

📈 «Ислам және экономика»
💰 «Ислам және қаржы»

атты авторлық эл.кітапшаларға 50% жеңілдік 🤩🥳

Байланысу үшін:
Ерлер - @Turedin
Қыздар - @Ifqaz


Қаржылық сауаттылықтың мақсаты


📈 Қаржылық сауаттылықтың басты мақсаты – табыс пен шығысты дұрыс басқару арқылы қаржылық тұрақтылыққа жету. Ислам тұрғысынан қаржылық тұрақтылық тек материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілу ғана емес, сонымен бірге харамнан аулақ болу арқылы Алланың ризашылығына жету.

Қаржылық тұрақтылықтың маңыздылығы


Харамнан сақтану: Риба, құмар ойындар және басқа да харам жолдардан аулақ болу.
Зекет пен садақа беру: Табыстың бір бөлігін мұқтаждарға бере алатындай дәрежеге жету.
Отбасын халал жолмен қамтамасыз ету.
Қарыздан аулақ болу: Қарыз – мұсылман үшін ауыр жүк. Қаржылық тұрақтылық арқылы қарызға кіруден сақтануға болады.
Болашақ күтпеген жағдайға дайындалу.


Байлық пен қанағат


Көп адамдар қаржылық тәуелсіздікті байлыққа жету деп түсінеді. Алайда Исламда байлықтың мағынасы тереңірек: ол тек материалдық игілік емес, сонымен бірге ішкі қанағат пен Алланың ризашылығына жету.

Исламда байлық деген не?


Байлық – Алланың берген нығметі. Оны дұрыс пайдалану – мұсылманның міндеті.
Нағыз байлық – бұл жүректегі қанағат. Артық дүние жинауға емес, Алланың бергеніне шүкіршілік етуге мән беріледі.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:
"Нағыз байлық – бұл дүние мүлкінің көптігі емес, нағыз байлық – бұл жүректегі қанағат." (Бұхари, Муслим)

Байлық пен қанағаттың айырмашылығы


1. Байлыққа ұмтылу – харам емес, егер ол халал жолмен келсе және зекет пен садақа берілсе.
2. Қанағат – бұл азға разы болу, бірақ кедейлікті қабылдау емес.
3. Байлық – сынақ. Байлық адамды жақсылыққа немесе жамандыққа жетелеуі мүмкін.

Мұсылман үшін ең дұрысы – байлық пен қанағаттың арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Дүние жинауға ұмтылғанда жүрекке қанағат орнатып, табыстың бір бөлігін садақа мен зекетке жұмсау – нағыз қаржылық тәртіптің белгісі.


КІРІСПЕ


🤔Қаржылық сауаттылық деген не және ол не үшін маңызды?


Қаржылық сауаттылық – бұл жеке қаржыны тиімді басқару қабілеті. Ол табыс, шығыс, жинақ, инвестиция және қарыз сияқты негізгі қаржылық аспектілерді түсінуді қамтиды. Қаржылық сауаттылық адамның өз ақшасын саналы түрде басқаруына, болашаққа жоспар құруына және күтпеген қаржылық қиындықтардан қорғануына көмектеседі.

🌙 Ислам тұрғысынан қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы:


✅ Дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау – бұл аманат.
✅ Харамнан аулақ болып, халал табыс табу.
✅ Жинақ пен инвестиция арқылы болашаққа дайындалу – отбасы мен ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
✅ Қарызды уақытылы қайтару.


💰 Неге қаржылық сауаттылық маңызды?


✅ Қаржылық тәуелсіздікке жетуге көмектеседі.
✅ Қарыздан құтылуға және оны болдырмауға үйретеді.
✅ Жинақ жасау мен инвестициялауды үйретеді.
✅ Табыс пен шығысты теңгерімді ұстауға көмектеседі.
✅ Отбасылық қаржыны дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.


ХАБАРЛАНДЫРУ


Ин ша Аллаһ, ертеңнен бастап күніне 2 пост шығатын болады. Таңертең шамамен 8:00-10:00 арасында Ислами фильтрмен қаржылық сауаттылық және экономикалық жаңалықтар тақырыбында, ал кешкі 18:00-20:00 арасы әдеттегідей кітап бойынша тақырыптар шығады.

Бұл ойға қалай қарайсыз? Басқа қандай ұсыныстарыңыз бар?

👍 - жақсы идея
🤔 - керек емес


Ассалаумағалейкум, құрметті бауырлар!

Баршаңызға Рамазан айы мүбәрак болсын 🌙🙂

Тілеген дұға-тілектеріңіз, жасаған амал-құлшылықтарыңыз қабыл болсын 🤲🏻 🌙


УАҚФТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РӨЛІ

(2/2 бөлім)

🌐 Омар رضي الله عنهم уақфты мемлекеттің кірісін және экономикалық қуатын арттыру үшін қолданған. Ол мұсылмандардың басшысы болып, жаңадан жауланған жерлерді жауынгерлерге олжа ретінде бөліп бермей, барлық мұсылманға уақф ретінде қалдырды. Бұны "Егер Ирак пен Шам жерін барлығына бөліп берсек, онда шекараны қай қаражатқа қорғап, жетім мен жесірлерге нені қалдырамыз?" деп түсіндірген.

Уақф — кедейлік және ауру-сырқау сияқты қоғамдық мәселелердің шешімі болуы қажет. Зекетте шарттарды сақтау керектігі сияқты, уақфта да сондай мәселелерді ескеру керек. Мысалы: қайырымдылық уақф бай немесе (өз қолымен табыс таба алатын) күші жетіп тұрған адамға берілмеуі.

Егер уақфқа шамадан тыс қатынас жасалса, онда бұл тоқырауға (застой) алып келеді. Мысалы: бір кісі уақфқа деп жер телімін беріп, бірақ уақф басқарушылары ол жерді игере алатындай шамада болмаса, онда ол жер текке тұрып қалып, ақысы толық өтелмеген болып саналады. Сондықтан уақфқа берілетін мүліктің өзін оңды-солды шашуға болмайды.


7


УАҚФҚА ҚАРСЫ ПІКІРЛЕР


1️⃣ «Уақф мүлікті қолдануға шектеу қойып, экономикалық тоқырауға (застой) ұшыратады. Оданда сол қаражатты айналымға (оборотқа жіберсе, көбірек пайда болар еді»

Иә, экономикалық тұрғыдан айналымға жіберу көбірек пайда береді. Алайда уақфты тек экономикалық обьект ретінде қабылдамауымыз керек. Жоғарыда айтылған тезис бәлкім уақытша уақф-қа айтылса жөн болады, алайда ұзақ мерзімді уақф та қоғам үшін үлкен пайда әкеледі.

2️⃣«Уақф белгілі бір тараптың меншігі болмағандықтан оған тән тиесілі көңіл бөлінбей, уақыт өте келе құндылығын жоғалтады»

Иә, жеке меншікті басқару қоғамдық меншікті басқаруға қарағанда оңайырақ. Алайда әрбір мүліктің өз функциясы және қолдану аясы болғандықтан, бұл тезисті жалпы ортаға ала алмаймыз. Сонымен қатар, қазіргі заманда мүліктің иесіне қарағанда мүлікті жалдаушы тарап жақсырақ қарым-қатынас жасайтындығын көреміз. Және соңында қосарымыз, уақфтың иесі - Алла. Ал Ол басқарушылардың ең жақсысы.

3️⃣ «Уақф өзіне тиесілі болған топқа зиян тигізіп, оларды жалқау қылады» (яғни оларды асырайтындығына үйреніп қалады)

Бұны тек уақфтық садақаға емес, кез келген садақа түріне қолдануға болады. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ "садақаны бай адамға және күш-қуаты бар сау адамға беруге болмайды" деген¹.

¹ Абу Дауд, 1634-хадис


УАҚФТЫ ЖАЛҒА БЕРУГЕ БОЛАДЫ МА?


🌐 Негізінен көпшілік ғалымдар уақф мүлігін ұзақ мерзімге жалға беруді дұрыс емес деп санаған¹: «тұрғын үйді немесе сауда орнын - 1 жылдан артық, егістікті - 3 жылдан артық мерзімге жалға беруге болмайды²». Себебі экономика тұрақсыз заманда, ұзақ мерзімді келісімшарттар белгісіздік (ғарар) тудыруы мүмкін. Сондықтан бұндайдың алдын алу үшін қолданылған шара.

Сонымен қатар ұзақ мерзімге жалға берудің келесідей негативті факторлар бар:
1️⃣ Жалға алушы тараптың сипаты. Яғни оның құзыреті жоқ (некомпетентный) адам иемденуі мүмкін. Одан бөлек уақф иесі қайтыс болса, адамдар уақфтың иесі деп жалға алушы тараптың ойлап қалуы мүмкін.
2️⃣ Төлемнің құнсыздануы.
3️⃣ Төлемді есептеу қиыншылықтары.

¹ ибн Абидин, Хашия, 4-т., 408-б.
² Ахмад ибн Ибраһим, Муамалят, 344-б.


УАҚФ ШЫҒЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІ


1️⃣ Уақф құрушысының мүлкінен
2️⃣ Уақф берілген тараптың мүлкінен
3️⃣ Уақфтан түскен пайда
4️⃣ Басқа уақфтан түскен пайда
5️⃣ Осындай мақсатта ашылған қордың мүлкінен
6️⃣ Түскен пайдадан жиналған қор
7️⃣ Уақфтың (қалған бөлігін қамтамасыз ету үшін) бір бөлігін сатудан түскен пайда
8️⃣ Уақфты жалға беру (толығырақ келесі постта)
9️⃣ Қайырымдылықтан түскен пайда
1️⃣0️⃣ Уақф атынан қарыз алу


УАҚФТЫ АЛМАСТЫРУ (ЗАМЕНА)


⚠️ Мысалы: уақфтың ғимараты балалар үйі ретінде қолданылып, бірақ уақыт өте келе балалар үйіне қажеттілік туындамай қалса, осы ғимаратты сатып, балалар үйіне мұқтаж басқа өңірде ашуға болады ма деген сынды сұраққа жауап.

🌐 Алмастыру (ауыстыру) - мүлікті сақтау жолдарының бірі. Уақфтың сақталуы соған берілген мүліктің сақталуына байланысты. Алмастыру - уақфтың қолдану мақсатын сақтайды, бірақ сыртқы бейнесін емес. Сондықтан бұл жерде ғалымдардың бірнеше көзқарасы бар.

Бір топ ғалым алмастыруға түбегейлі қарсы болса, басқа топ өте қатаң шарттарды сақтау арқылы рұқсат еткен. Екінші топтың пікірінше, егер уақф ешқандай пайда әкелмесе ғана ауыстыруға болады, бірақ пайда әкелетін мақсатта ғана.

Бұл мәселеде қатаңдық танытқан адамдар уақф мүлігін тоздырмайтындай немесе барынша әдеппен қолдануды көздеген болса керек. Одан бөлек алмастыру кезінде уақф мүлігі өзінің әуелгі қалпына жоғалтып, тіпті жеке меншікке кетіп қалуы мүмкін деген көзқарасты ұстанды. Ал жеңіл көзқараста болғандар, уақфтан барынша көп пайда алынғанын қаласа керек.


УАҚФ

(2/2 бөлім)

🌐 Уақф-ты қолдану иелігіне уақыт шектеулігін қоюға болмайды. Сонымен қатар, уақф ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлікті беруге болады.


УАҚФ

(1/2 бөлім)

🌐 Араб тілінен «тоқтап қалу» деген мағынаны білдіреді. Ал терминдік мағынасы — мүлікті және одан түсетін пайданы қайырымдылық мақсатында алып қалу.

Бір пікір бойынша уақф-қа өткен заттың иелік құқығы Аллаға, басқа пікір бойынша уақф берілген топқа өтсе, үшінші пікір бойынша уақф-ты өткізуші адамда қалады.

Уақф-тың 2 түрі бар: мұрагерлік және қайырымдылық. Адамның тегі тоқтауы мен мұрагерлік уақф автоматты түрде қайырымдылық уақф-қа айналады. Сонымен қатар жалпы халыққа арналған уақфтар да бар. Оның қатарына мешіт, мектеп, аурухана, жол және т.б. әлеуметтік маңызы бар нысандар жатады.


Посттар жазуды қайтадан қолға алып отырмын 😁 Ин ша Аллаһ бүгіннен бастап 20:00 күнделікті шығуды жалғастырамын

P.S. суретте Байкен мешіті (Алматы қ.)


СҮЙІНШІ! АЛЛАҒА ШҮКІРЛЕР БОЛСЫН 🤲🏻

🇵🇸 Газадағы геноцид тоқтады. Екі тарап әскери әрекеттерді тоқтатуға келісім жасасты.

727 0 0 16 53

Ассалаумағалейкум, құрметті бауырлар!

Жеке өмірімде үлкен өзгерістер болып, отбасылық өмірге қадам басып жатырмыз. Ин ша Аллаһ жұмыс уақыт реттеліп, ұзақ демалыстан кейін каналды қайта қолға алуға ниеттеніп отырмын 😁

991 0 0 12 53

УӘСЫЯ — өсиет

(2/2 бөлім)

🌐 Фиқһта мынадай қағида бар: егер біреу қандай да бір затты ерте алуға асықса, оны одан айырып жазалайды. Яғни, өсиет қалдырған адамды қасақана өлтіріп қойса, әрі өлтірген адам өсиетте бар болса, оны алмайды.

Сонымен қатар, өсиет қалдырушы немесе алушы адам мұсылман болуы шарт емес. Мұсылман адам мұсылман емес адамды өсиетке жаза алады, және керісінше.

Өсиетте белгісіздік (неопределенность) жіберуге рұқсат, себебі бұл сауда келісімі емес, қайырымдылық келісімі болып табылады. Егер өсиет қалдырушының мұрагерлері болмаса, Ханафи мазхабы бойынша барлық мүлкін өсиет етіп қалдыруға болады. Алайда басқа мазхаб ғалымдары тек 1/3 бөлігін ғана өсиет етіп қалдыруға болады деген, ал қалған мүлікті мұсылмандар қазынасына жұмсайды.


УӘСЫЯ — өсиет

(½ бөлім)

🌐 Өсиет — бір адамның қайтыс болғанына байланысты қайырымдылық келісімі. Егер қоғамдық қажеттіліктерге немесе мұқтаждарға жұмсалса, ұнамды амал болып саналады. Егер аманатты қайтару немесе қарызды төлеу мақсатында болса, өсиет міндетті болып саналады. Ал егер Аллаға қарсы шығатын амал үшін өсиет етілсе, харам болып саналады.

Әбу Хурайрадан: Пайғамбарға ﷺ келіп «Уа, Алланың Елшісі! Қандай садақаның сауабы үлкен?» деп сұрағанда, Ол ﷺ «Өзің денің сау, мал-дүниені жақсы көріп, кедейліктен қорқып, баюды үміт етіп отырып садақа беруің. (Садақа беруді) кейінге қалдыма, жаның алқымға келгенде: «Пәленшеге мұнша, түгеншеге мұнша» деп айтасың, (ал ол кезде мал-мүлкің онсыз-ақ) пәленшенікі болады» – деді» – деген¹.

Қайтыс болған адамның өсиетін орындамас бұрын, ол адамның қарызын өтеу керек. Өсиеттегі мүлік мұрагерге берілмейді (тек басқа мұрагерлердің келісімі ғана болса болады), себебі бұл мирас үкіміне өзгеріс енгізеді. Бұдан бөлек, бұл мұрагерлер арасында түсініспеушілік, өшпенділік сияқты сезімдерді тудыруы мүмкін. Ал кейбір ғалымдар мұрагерге өсиет қалдыруға мүлдем болмайды, ал басқалар келіссе, олар тарапынан берген сыйлық болып саналады деген.

¹ Бухари, 1419


ХИБА — сыйлық


🌐 Хиба — ешқандай қарымтасыз иелік құқығын басқа тарапқа өткізу. Қарапайым тілмен айтқанда сыйлық сыйлау. Бұл келісімнің сауда және садақадан айырмашылығы — сыйлық сыйлар кезде екінші тарапқа оның көлемі, саны және т.б. сипаттамасын айту міндетті емес.

Сатуға болатын барлық затты сыйлауға да болады. Алайда кейбір ғалымдар сатуға болмайтын затты да сыйлауға болады деп санаған (мысалы: піспеген жемістерді).

Ал бұл мүлікке иелік құқығы екінші тарап сол мүлікті өзіне алғаннан кейін басталады. Малики мазхаб ғалымдары бұндай иелік келісім жасалған сәттен басталады деген. Сонымен қатар сыйлықтан бас тарту және қайтарып беру — рұқсат етілген, бірақ ұнамсыз амал.

20 last posts shown.