📈
Қазақстаннан Өзбекстанға ақша аударымдары рекордтық деңгейге жетті2024 жылы Қазақстаннан Өзбекстанға жіберілген ақша аударымдары 795 млн АҚШ долларын құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 35%-ға артты. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш.
🔹 Жалпы, 2024 жылы Қазақстаннан шетелге аударылған қаражат көлемі 789,9 млрд теңгені құрады. Оның 29,7%-ы Өзбекстанға бағытталған – бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары үлес.
🔹 Дүниежүзілік банк мәліметінше, 2024 жылы еңбек мигранттарының аударымдары Өзбекстан ЖІӨ-сінің шамамен 14%-ын құрады. Бұл қаражат елдегі көптеген отбасылардың негізгі табыс көзіне айналып отыр.
Толығырақ:
kz.kursiv.media🗞
https://t.me/qazkursiv