Forward from: ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚМГ басшысы «Рожков» кен орнын дамыту мәселесіне қатысты жиын өткізді
📍 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің (УОГ — «Рожков» газ конденсатты кен орнының операторы) қызметіне арналған отырыс өткізді.
📈 Кәсіпорынның бас директоры Аман Имандосов биылғы 11 айда компания жұмысының негізгі көрсеткіштері туралы айтты.
📊 Биыл УОГ «Рожков» кен орнын игеру жобасының бірінші кезеңін іске қосты. Жыл басынан бері конденсат өндіру көлемі — 215 мың тоннаны, ал газ өндіру — шамамен 290 млн текше метрді құрады.
⚡️ Барлық ұңғыманы іске қосу тәулігіне 1,5 млн текше метр газ өндіру деңгейіне шығуға мүмкіндік береді, бұл жыл сайын 500 млн текше метрден астамды құрайды. Компания өндірілген газдан айына 6 мың тоннадан аса сұйытылған көмірсутек газын шығарып, оны Батыс Қазақстан облысының қажетіне және ішінара Атырау облысына жөнелтеді. Осылайша, УОГ еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып отыр.
🗣Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов «Рожков» кен орнын игеру бойынша едәуір жұмыс атқарылғанын атап өтті. Сондай-ақ ҚМГ басшысы 2025 жылы газ өндіру жоспарын орындау үшін және жобаның екінші кезеңін одан әрі іске асыруға қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.
📱 ҚазМұнайГаз

Анықтама:
«Рожков» газ конденсатты кен орны 2023 жылдың 21 желтоқсанда өнеркәсіптік пайдалануға берілген. Кен орнының операторы — «Урал Ойл энд Газ» ЖШС. «Орал Ойл энд Газ» ЖШС-нің үлескерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%), Мажарстанның MOL Caspian Oil and Gas Plc. (27,5%) және Қытайдың Sinopec компаниясының еншілес ұйымы — First International Oil корпорациясы (22,5%).
📱 ҚазМұнайГаз