Тұран жолбарысы популяциясының жандануы: Қазақстанда қандай жұмыс жүргізілді
📌 ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында республикада Тұран жолбарысының тарихи мекеніне жерсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
➡️ Ол жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты (415 мың га) құрылғанын атап өтті.
✔️ Жолбарыстың табиғи азық қорын қайта қалпына келтіру үшін 2018-2024 жылдар аралығында резерваттың аумағына 205 бас тоғай бұғысы әкелінді, 100-ден астам құланды қоныс аудару жұмыстары жүргізілді, еліктер мен қабандар популяциясы көбейтілді.
✔️ Биыл күзде Іле-Балқаш резерватында арнайы торлы қоршауда өсіру үшін Нидерландыдан 2 жолбарыс әкелінді. 2025 жылы Ресей Федерациясынан 3-4 жолбарысты алып келу күтілуде.
Жануарлардың қоныс аударуы және олардың бейімделуіне жағдай жасау Қазақстанның бірегей дала экожүйелерінің түрін сақтауға және табиғи тепе-теңдігін қалпына келтіруге ықпал ететіні атап өтілді.
📱 @KZgovernment

«Әкелінген жолбарыстардың тұқымдары Қазақстан аумағында 70 жылдан кейін қайта пайда болған алғашқы жабайы жолбарыстар болады деп үміттенеміз», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.